Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ: Тәртіптің тамаша мектебі-отбасы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Т.Әубәкіров атындағы ЖОМ
Педагог-психолог: Күмісбекова М
Тренинг сабақ
Тақырыбы: «Тәртіптің ең тамаша мектебі-отбасы !» тренинг
Мақсаты: ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастарды жақсартуға мотивация қалыптастыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,слайд
Керекті құрал – жабдықтар: айна,слад, орамал
Әдісі: топпен жұмыс (ата-анамен жұмыс)
Тренингтің барысы:
а) Тренинг ережесін бекіту
1.Тындай білу
2.Сөзді бөлмеу
3.Белсенділік таныту
4.Көңілді отыр
5.Ойын ашық ортаға салу
Психолог сөзі:
Сіздерді бүгінгі «Тәртіптің ең тамаша мектебі-отбасы !» атты психологиялық тренинг жаттығуларына қатысып отырғандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Яғни бұл ойын жаттығудан сіздерге берерім бала тәрбиесінде
І.Таныстыру
Нұсқау: Бірінші өз есіміңізді айтып,қасыңыздағы көршіңіздің атын еркелетіп айтып таныстырасыздар.Ойын әрі қарай жалғаса береді.
Психолог сөзі:
Керемет! Яғни өз есімдеріңізді еркелетіп айтқанда көңіл –күйлеріңіз бір серпіліп қалды деп ойлаймын.Сондықтан балаларыңыздың көңіл-күйлеріне баса назар аударуларыңызды сұраймын. Мысалы : кейбір ата-аналар болады , балалары сабақтан келгенде кезде бүгін неше алдың деп жағасынан алып жатады.Әрбір ата –ана ең бірінші баланың көңіл-күйімен бөліссеңіздер ,бала бойында ата-анам мені жақсы көреді,мен ата-анама керек екенмін деген деген жағымды ойлар арқылы психологиялық дамуына эмоционалдық жағынан көректендіре аламыз. Яғни балаға ата-ана мейрімділігін ,қамқорлығын көрсете алмаса, онда балада эмоционалдық проблемалар мен қатар мінез-құлықда ауытқулар пайда болып,тіпті психикалық жүйке ауруларына да ұшырайды.
ІІ. «Айна, айна мен қандаймын?» жаттығу
Нұсқау: Қатысушы ата-аналар шеңбер бойына орналасады. Ортаға ойыншы шығып «Айна,айна мен қандаймын?» деген сұрақ қояды.Қатысушылар ойыншының бойындағы жақсы қасиеттерін айту керек.
Психолог сөзі:
Көңіл-күйлеріңіз қандай? - деп сұрақ қойылады. Мінекей өз бойларыңыздағы жағымды қасиеттерді естіген жағдайда көңіл-күйлеріңіз көтеріліп, ішкі ойларыңызға керемет әсер қалдыратынын сезіндіңіздер.
Адам баласы өмірінде ұрпағының тәрбиелі үлкен азамат болғанын армандап жүреді. ең бірінші отбасынан сосын бала бақшадан,мектептен, әлеуметтік ортадан қалыптасады екен. Бала дүниеге келгенде ақ парақ сияқты пәк таза болып келеді.Оның бойында үш түрлі мінез қалыптасады екен. Бірінші мінез-ол ата- анасынан,екіншісі ұстазынан,үшінші достарынан.Яғни бала үш мінездің біреуін ғана таңдап қалыптасатындығын айтуымызға болады.
ІІІ. «Ашулы шарлар» жаттығуы
Нұсқау : І топ қатысушылары ортаға шығып шарларды үрлеп, оларды байлайды. Шарлар адамның денесін бейнелейді, ал оның ішіндегі ауа – сезімін. Қатысушылар аяқтарымен шарды жару керек.
Кері байланыс:
1. Шарды жарғанда қандай сезімде болдыңыздар?
2. Ашудың осылай шыққаны дұрыс жол ма?
Нұсқау: ІІ топ қатысушылары да шарларды үрлейді. Бірақ байламай ұстап тұрады. Бұл шарлар ашу толы сезімді білдіреді. Шарды жайлап аузынан жарты ауасын жіберу керек. Шар кішірейеді, бірақ жарылмайды. Қатысушылар шардағы ауаны толығымен шығарады.
Кері байланыс:
1.Бұл нені білдіреді?
2. Шардағы ауаны жайлап шығарғанда қандай сезімде болдыңыздар?
Психолог тұжырымдамасы:
- Қатты жарылған шар ол агрессияны білдіреді , ол – қатерлі жол.
- Егер біз ашуды бақылап шығарсақ , ол ешкімге зақым келтірмейді.
ІV. «Бала мүсіні» көрініс
Психолог: баланың роліне ата-аналардың бірін шақырамын. Қатысушыларға әр топтан көрініс кезінде айтылатын тыим сөздерді естерінде сақтап, орамалмен байлап тұру тапсырылады.
Менің кішкентай қызым бірінші сыныпта оқиды. Біз екеуміз мектепке асығып келеміз,автобусқа үлгеріп келуіміз керек. Менің қызым өте қозғалғыш,бәрін білгісі кеп тұрады,тіпті автобусқа асығып келе жатқанда да көп сұрақтар қояды.Мен қызымның қолынан алдым да,жүгіре жөнелдік.
-
Мама,анау не,қарашы!-деді қызым.
-
Уақыт жоқ,аяғыңның астына қара,сүрінесің де жүресің!Неге жан-жағыңа алақтай бересің? Жолға қара. ЖАН-ЖАҒЫҢА ҚАРАМА!-деп жауап бердім мен. Сол сәтте қызым сөздерді тура мғынасында түсініп, менің бұйырғанымдай көзін жұмды. (орамалмен көзін байлаймыз) Біз әрі қарай мектепке асығып кетіп барамыз.Автобусқа мініп,мен онда өзімнің құрбымды кездестірдім.Екеуміз кешегі күнді талқылай бастадық.Қызым мұхият тыңдап, содан соң былай деді.
-
Мама,мама,құстың сайрағанын естимісің? Сағат деген ағай кім?-деді.
-
Мен, неге сен үлкендердің әңгімесіне жағаласасың? Құлағыңды түріп алыпсыңғой,үлкендердің әңгімесін тыңдауға ұялмайсың ба? ТЕЗ ҚҰЛАҒЫҢДЫ ЖАП! (орамалмен қызымның құлағын байлаймыз)
Біз а втобустан түсіп, жолмен жүгіріп келеміз.Мен кешігіп қаламыз ба деп
қайта-қайта сағатыма қарап келемін.
Бүгін қандай күн,тамаша болады!Мама мен Малика күтіп отырған шығар
,мен оған фантик әкелемін дегенмін,анау ше..... –деді.
-
Қойшы! Не былшылдап кеттің ,уақыт жоқ,онсызда кешігіп келеміз.Осы сен үндемей жүре алмайсың ба? ТЕЗ АУЗЫҢДЫ ЖАП! (орамалмен аузын байлаймыз). Баламды қолынан ұстап алдымда,әрі қарай жылжыдық.Қызым үндемей келеді,бірақ жерден бір бұтақты көтере бастады. Мен оның тілазар екенін айтып,қолынан салып жібердім.
-
Осы сенің қолдарыңа тыным жоқ екен.Таста дедім мен саған. ТАРТ ҚОЛЫҢДЫ! (орамалмен қолдарын байлаймыз) Осы кезде секеңдеп, аяғын жан-жаққа сермей бастады. Менің төбе шашым тік тұрып,оған айқайладым.
-
Сен мұндайды қайдан үйренгенсің? Бұл немене тағы?Секеңдегеніңді қой! ТҮЗУ ТҰР! (орамалмен аяқтарын байлаймыз) Мен сағатыма қарап,кешігетінімізге ашуланып, баланы сілкілей бастадым.
-
Неғып былжырап келесің, аяғыңды бас тезірек,жүруді де ұмытып қалғансың ба, Бол тез! Әкел қолыңды! Қолы қол емес имек сиақты,я дұрыс жаза алмайды, я дұрыстап ұстай алмайды. Жолыңа қара,сүрінбей,соқырға ұқсап келе жатқанын қарашы!Неғып үндемей қалдың,мен сенімен сөйлесіп тұрмынғой керең неме! Қызым жыламсырай бастады. Мен одан сайын даусымды көтеріп айқайлады.
-
Неге жылайсың? Неге жылайсың деймін мен саған.Жылайтындай не болды? Мені ұятқа қалдырдың ғой ! Мен кімге айтып тұрмын. ЖЫЛАМА! (осы сөздерден кейін ішін қатты байлаймын) Сөйтіп,әрі қарай қызымды қолынан дым келмейтіндігі үшін сөгуді жалғастыра бердім. Яғни мен оның бала екенін және оған менің көмегім керек екенін ұмытып, оның істеген істеріне көңілім толмай жүре бердім.
Ата-аналардың ой пікірлерін тыңдау
-
Сіздердің осы оқиғадан түйген ойларыңызбен бөліссеңіздер?
-
Ата –ана бала көзімен болғанда қандай әсер алдыңыз?
-
Кішкене болсада бала тәрбиесінде кетіп жатқан қателіктеріңізді түзетуге түрткі бола алды деп ойлайсыздар ма?
Жақсы! Керемет ой білдірдіңіздер!
Атақты жанұялық терапевт Вирджиния Сатир балаңыздың дұрыс қалыптасуына күніне бірнеше рет құшақтаудың оң әсер беретінін айтқан. Яғни балаңыздың өмір сүруі үшін 4 рет құшақтау өте қажет болса,ал өзін жақсы сезіну үшін кем дегенде 8 рет құшақтау керек деп есептеген.Ал баланың интеллектуалдық жағынан дамуы үшін- күніге 12 рет құшақтау қажет деген. Ересектер үшінде өте қажет екенінде айтқан. Бала өзі ата-ана құшағынан өзі шықпайынша итеріп жіберуге болмайды.Бала өзін риясыз қабылдайтынын сезініп өсу керек.
V. «МЕН СҮЙКІМДІМІН» релаксация
Әуеннің ырғағымен слайдтағы суреттер көрсетіледі. Ата-аналарды сергіту мақсатында жүргізіледі.
VІ. Соңғы сөзді маған қалдыр......
Стикер таратылады,әр ата –ана тренингтен алған әсерлерімен бөліседі.
Қорытынды сөз:
Бүгінгі «Тәртіптің ең тамаша мектебі-отбасы !» атты тренинг жаттығуларына қатысқандарыңыз үшін үлкен алғыс білдіремін. Өсіп келе жатқан балаларыңыз сіздердің көз куаныштарыңз болып жүре берсін.
Жүсіпбек Аймауытовтың мынадай нақыл сөзі бар Психология ғылымы .......