Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Тасымал 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың танымдық ой – өрісі кеңейеді, сөздік қорлары молаяды, өзіндік пікір айта білу қабілеттері дамиды.Ой қорытуға, ойын әдеби тілмен жеткізуге дағдыланады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

103 жалпы орта мектебі















Ашық сабақ



Тақырыбы: Тасымал



  1. «Б» сынып













Орындаған: Сегізбай Эльмира





Сабақ: Сауат ашу

Мектеп: №103 жалпы орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің есімі: Сегізбай Эльмира

Сынып: 1 Б

Қатысқандар саны: 27 Қатыспағандар саны: -

Сабақтың тақырыбы

Тасымал.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Топқа бөлу.


Шаттық шебері













Сабақтың ортасы

8 минут



Өткен сабақты пысықтау. Оқушылар өткен сабақтар бойынша сұрақ –жауап әдісін жүргізеді. 7 тапсырма жазылған қима қағаздарды алып сұрақтарға жауап беріледі.

1-оқушы:

  • Буын дегеніміз не?

2-оқушы:

  • Сөз буынға бөлінеді.

3-оқушы:

  • Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.

  • Мысалдар келтіріледі.

Үйге берілген 5-жаттығуды талқылау.Сөйлемдерді көшіріп жазып, көкөністер мен жемістерден жасалатын тағамдарды атап олардың пайдасы туралы білгендерін айту.

Сұрақтарға жауап бергеннен соң қима қағаздардан «тасымал» сөзі құралады.

Балалар, өздерің көріп отырғандай бүгінгі жаңа сабағымыз Балалар жауап береді: «Тасымал» деп аталады.

Мұғалім:

Жазу жолына сыймаған сөз буынға бөлініп тасымалданады.Сөздердің тасымалданбаған бөлігінен соң, сызықша (дефис) қойылады. Мысалы:жүгері – жү-гері,жүге-рі.

Тыңдалым. 1-жаттығу Өлеңді тыңда.

«Қайдан келдің, бауырсақ!»

1-топ. Тізбектеп оқу.


Қайдан келдің бауырсақ?

Дастарханда шашылып,

Жатты аппақ бауырсақ.

Бауырсаққа қызығып,

Қарап тұрып көзін сап:

-Қайдан келдің, Бауырсақ?-

Деп сұрады қуыршақ.

-Дүкеннен келдім нан сатқан,

- Деді оған Бауырсақ.

-Дүкенге келдің қай жақтан?

- Наубайдан келдім нан жапқан.

-Наубайға келдің қай жақтан?

- Диірменнен келдім ұн тартқан.

- Диірменге келдің қай жақтан?

- Даладан келдім –жан-жақтан.

Жер анам менің көсілген,

Диқандар мені өсірген.

Арғы тегім – ақ бидай,

Тәттімін, жеп көр, бақшимай!

Жесең , өзің байқарсың,

Рахмет айтарсың.

Айырылмас дос болайық,

Адамға достық лайық!

2-топ.

Рольге бөліп оқу.


Ұлсана қуыршақтың ролінде

Аруна бауырсақтың ролінде

Әділет автордың ролінде










































3-топ. Сахналау.

Ханшайым – автор

Аянат - бауырсақ

Жібек - қуыршақ

2-жаттығу

Сөздерді тасымалдап жаз.

Бидай, дастархан,диқандар.

Үлгі : Ба-уыр-сақ, бауыр-сақ.

Тақтамен, дәптермен жұмыс.

1-топ бидай, 2-топ дастархан, 3-топ диқандар сөзін тасымалдап тақтаға жазады.Әр топ бір- бірін бағалайды.

3-жаттығу

Мына сөздерді тасымалдауға болады ма?

Ай , күн, тай, бұлт, жент.

Әр топ өз жауаптарын айтады.




































Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
























































































Дәптермен жұмыс.

Сергіту сәті

1 минут

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Аяқталуы

16 минут


Қызықты тапсырма

8 минут



4-жаттығу

Үлгіге қарап, жарнама жазып көріңдер.

Shape1

Жарнама

Өз сыныптарыңда кафе бұрыннан ашқыларың келсе, біз көмек беруге дайынбыз.








Әр топ плакатқа өз жарнамаларын жасайды және жарнамалайды.


Оқулық, дәптерлер


Плакаттар, маркерлер

Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді стикерге жазып, ағаштағы жапырақтарға жапсыру арқылы бағалау.



Стикер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Ең жақсы өткен нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1.Өлеңді рөлге бөліп оқыды.

2.Сөздерді буынға бөліп, тасымалдай біледі.


Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.Топпен жұмыс

2.Тапсырманы түрлендіріп өту.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1: Тапсырамаларды түрлендіру:

2: Сұрақтарға жауап беруге қиналған оқушыларға көмектесу үшін жеңілдетілген тапсырмаларды беру.

Үйге тапсырма.

11 сабақ.5-жаттығу.




Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.01.2019
4011
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12