Тәуелсіздік бізге оңай келмеді1 жүргізушіҚұрметті ұстаздар, оқушылар. Сіздерді еліміздің ең атаулы мерекесі – 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық тілейміз!Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де ұмыттылмайтын оқиғалар болады. Ұмытылмайтыны – оның тағдырымен байланыстылығында. 1986 жылғыЖелтоқсан көтерілісі де ауыл-үйдің әңгімесі емес, дүмпуі алып құрлықты аралап кеткен ғалам тарихи оқиғалардың бірі.2 жүргізуші1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі – ХХ ғасырдағы айтылуы оқиға. Ол халық жүрегінде мәңгі сақталады. Сол желтоқсан батырлары Ләззат Асанова, Сабира Мухаметжанова, Қайрат Рысқұлбеков, Елбол Сыпатаеватарды ( проекторда олардың суреті көрсетіледі), тағы басқа қаза болған ержүрек ұл-қыздарымызды орындарыңыздан 1 минут үнсіз тұрып, еске алуды сұранамыз. Рахмет.3 жүргізушіБұрқатып өткен бұл халық мұны,Бір дәуір сынды жыл болды ұлыЖелтоқсан таңы жадырап қайтаҒасырдың бүгін нұрланды күні.4 жүргізушіЖелтоқсан таңы дірілдеп ызғарЖүректе жылы үміт пен ізгі арАқ құстай бейбіт орманы самғапАлаңға шықты жігіттер, қыздар. 1 жүргізуші:Желтоқсан басталуы – ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір елесі.2 жүргізуші:16 желтоқсан! Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы, қасіретті күн еді.3 жүргізуші: Дауылға желтоқсанның желі айналады,Ашу мінді Алатау кәрі, айбарлы,Күтпеген іс ақыры не болды, депКүллі әлем Алматыға қарай қалды.4 жүргізуші: Кез емес жаугершілік «аттан» атты,Алаңның исеруі емес салтанатты,Қытымыр қыстық басы сол бір айдаЖелтоқсан әлемі әлемді жалт қаратты.« Қасқалдақ » әні орындалады. Сөзі: Е Раушанов. әнін жазған І АмановКөрініс (Сахнаға екі студент шығады бірі жігіт, бірі қыз .Қолдарында конспект дәптерлері бар.)2- жүргізуші: 1986 жыл 16 желтоқсан. Қайрат Рысқұлбеков өз курстасы Жанармен кездеседі.Жанар. Қайрат , сен естідің бе ? Кеше Қонаев ағамыз орнынан алыныпты дейді.Қайрат. Қойшы, рас айтасың ба? Кімнен естідің?Жанар. Кеше куратор ағайдан естідім . Бүгін Брежнев алаңына көп адам жиналысып жатыр дейді.Қайрат. Неге? Неліктен?Жанар. Қонаевтың орнына Ресейден бір орыс келіпті дейді. Халық наразылық білдіріп жатқан көрінеді . Куратор ағай ол жаққа бармаңдар деп ескертті.Қайрат. Қой ,біздің мұнда тығылып қалғанымыз дұрыс болмас. Жүр кеттік! Тез барайлық.3-жүргізуші. Сол бір суығы ерте түскен қыс кездерінде, тоқырау тажалының ызғарында аяусыз тапталған ар - намыстың ышқынған дауысы құлағымызда әлі де шыңылдап тұрғандай.4- жүргізуші. Желтоқсан .Алматыда ақ қарадаАлма бақтар ақ қырауға батқанда,Күнірене күн күркіреп тау жақтан ,Жайдың оты жалаң қақты шатқалда .1- жүргізүші. Аппақ қала , аппақ ғаламО,тоба !Найзағайлар қар жалап тұр жотады.Бұлтты иітіп боздайды боз шынарларБұйдаланған ұқсас жетім ботаға. 2- жүргізүші.Кім көріпті озаман да ,бұ заман ,Найзағайды көк аязға құлағанКеуделерді үрей –бөрі ұлыды.Болсайшы аман , мына ғалам, дін аман!«Желтоқсан желі» әні орындалады. Сөзі: Асылбеков А. әнін жазған Тінәлиев Ә.Көрініс