Ұйымдастыру
кезеңі
Қызығушылықты
ояту.
(5 мин)
|
- Сәлеметсіздер ме, құрметті
оқушылар. Бүгінгі алғашқы сынып сағатымызды бастамас бұрын
тақтадағы сөзжұмбақты шешіп алайық.
1) Елордамыз Астананың
көрнекті орны, Астана нышаны.(Бәйтерек)
2) Жиындарда орындалатын
салтанатты әуен. (әнұран)
3) Әр елдің мемлекеттік
нышаны. (ту)
4) Көк байрағымыздың авторы.
(Ш. Ниязбеков)
5) Қазақстанның бұрынғы
астанасы. (Алматы)
6) Қазақстанның қазіргі
елордасы (Астана)
7) Елтаңба авторы. (Ж.
Мәлібеков)
8) Қазақстанның тұңғыш
президенті. (Назарбаев)
9) ШҚО әкімі (Даниал
Ахметов)
10) Тәуке ханның заңдар жинағы
қалай аталады? («Жеті жарғы»)
11) Кіші жүздің биін ата?
(Әйтеке би)
- Қандай сөз
шықты? (тәуелсіздік)
|
Оқушылар мұғаліммен
амандасып,сөзжұмбақты шешеді
|
сөзжұмбақ
|
Тақырыпқа
ену
(5 мин)
|
Ой
қозғау.
Мұғалім:
- Тәуелсіздік деген қандай
ұғым? Тәуелсіздік дегенде ойларына не
оралады?
- Биыл тәуелсіздік алғанымызға
неше жыл толып отыр? (30 жыл)
- Тәуелсіз ел деп қандай елді
айтады? (Тәуелсіз ел ешкімге, ешқандай елге тәуелді, бағынышты
болмайды. Өз жері, шекарасы, әскері, мемлекеттік рәміздері, ұлттық
ақшасы, мемлекеттік тілі, өз Ата Заңы бар
ел)
-Оқушылар қандай өлең жолдарын
білеміз Отан,Қазақстан,Тәуелсіздік жайлы?
Көк туымды
қолыма
Бүгін берік
ұстадым
Түсті бақыт
жолыма
Менің
Қазақстаным
Бабамның да
арманы,
Осы еді ғой
аңсаған,
Тәуелсіздік таңдары
Бақ береді
баршаға!
Тәуелсіздік – тартуы ол
тәңірдің,
Тәуелсіздік – маңдайдағы
бағым бұл.
Тәуелсіздік – сыбағасы
халқымның,
Тәуелсіздік –
таймайтұғын тағым бұл.
|
Оқушыллар сұрақтарға
жауап береді
|
өлең жолдары
|
Негізгі
бөлім
(20 мин)
|
- Ендеше, балалар, бүгінгі
сынып сағатымыз тәуелсіздік жетістіктеріне арналмақ. «Тәуелсіздік
жетістіктері» атты сынып сағатымыздың мақсаты тәуелсіздік қасиетті
ұғым екеніне көз жеткізу, еліміздің қысқаша тарихы туралы
мағлұматтар алу, осы тәуелсіздіктің қадірін
білу.
Биылғы жылы Қазақстан
Республикасының Тәуелсіздігінің және Семей полигонының жабылуының
30 жылдығымен тұспа –тұс келіп тұр.
Тағыда айта кететін жайт
қазақтың халық ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы, қазақтың
педагог-ағартушысы, жазушы,
фольклоршы, қоғам қайраткері,
ғалым-этнограф Ыбырай Алтынсаринның туғанына 180 жыл, Қазақстанның
көрнекті саяси қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығы,
Қазақ КСР-ы Халық әртісі кеңес және қазақ мемлекетінің музыка
танушысы, композитор, дирижер ақын Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына,
Қазақ ақыны әрі жазушысы, аудармашы Мұқағали Мақатаевтың 90
жылдығына арналған бұқаралық іс-шаралар жоспарланып
отыр.
- Онда келесі кезекті
Тәуелсіздік жетістіктеріне арналған видеороликті
көрейік.
- Тәуелсіздік - ең басты
құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол
жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің
қатарына қоса алдық. 30 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін
қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз.
Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер
танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш елбасымыз
Нұрсұлтан Әбішұлындай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін
және әрқашанда айтып өтеміз.
- 1991 жылы 16 желтоқсанда
Қазақстанның жоғарғы кеңесі Қазақстанды Тәуелсіз Республика деп
жариялады
- 1991 жылы 10 қазанда қазақ
халқының тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров ғарышка
самғады.
__________________
- 1992 жылы 4 маусымда
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы, елтаңбасы және әнұраны
бекітілді.
Өзіндікі, туын
да,
От пен ауа, суын
да
Жаса
Қазақстаным!
Белді, бекем, буын
да.
______________
- 1993 жылы 28 қаңтарда
Қазақстан Республикасының тұңғыш Ата Заны қабылданды. 5 қарашада
төл теңгеміз алғаш реет айналымға түсті.
Көк туым, көтерілді бағым
жанып,
Елтаңбам төрде әлемге танылды
анық.
Шырқадым әнұранды бар
дауыспен,
Арманым Ата заңым
қабылданып.
________________
- 1996 жылы 30 тамызда
Қазақстан Республикасының Конституциясына 1 жыл болды. 17-ші
желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 5 жылдық
мерекесі атап өтілді. Тәуелсіздік монументі
орнатылды.
_________
- 1998 жылы Ақмола атауы
Астана деп өзгертілді. Астанада алғаш рет Бәйтерегіміз
салынды.
___________
-Ең алдымен ел егемендігінің
көрінісі, құндылығының бірі болып саналатын мемлекеттік тілді,
қазақ тілін меңгеру – баршамыздың міндетіміз. Тіл – ұлттық белгі,
халықтық мұра, дүниетаным құралы. Халықтың тарихта қалуы тіліне
байланысты. Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті,
болмысы. Адамдық мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі.
Біздің осындай халықтық қасиетіміз – ана
тіліміз
|
Оқушылар видеоролик
тамашалайды
|
Видеоролик «Тәуелсіз
Қазақстан»
Суреттер
Слайд
|
Қорытынды
(5 мин)
|
- Балалар, осымен біздің
тәрбие сағатымыз да аяқталып қалды. Енді сабақ соңында айтындаршы,
бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар, сендердің рөлдерін
қаншалықты болды деп ойлайсыңдар бүгінгі
сабақта?
- «Ата – бабаларымыз аңсаған
азатттық пен тәуелсіздікті алдық. Негізгі мәселе соны ертеңгі,
келесі ұрпаққа, болашаққа, Қазақстанның осы тәуелсіздігін
аманаттау» деген болатын Елбасымыз. Дана халқымыздың «Білегі мықты
бірді жығады, білімі мықты мыңды жығады»
деп атағандай, қиялынан қанат
біткен, ойы ұшқыр, білімді жастар сендерсіңдер. Әрқайсысыңның
жүрегің елім деп соғады, олай болса елге, жерге деген
сүйіспеншілігімізді арттырып, ел үшін, халқығ үшін қызмет етуге
барлығымыз міндеттіміз дегім келеді сабақ
соңында.
Тәуелсіз 30 жыл туыңды биік
ұстадың,
Көтерді халық уақыттың қатал
қыспағын.
Көшіңді бастап бақытты
болашағыңа,
Жасай бер, жаса, Тәуелсіз
Қазақстаным!
|
|
|