Материалдар / Ашық сабақ: «Теңдесі жоқ Ұлы Жеңіс!»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: «Теңдесі жоқ Ұлы Жеңіс!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ: «Теңдесі жоқ Ұлы Жеңіс!» «Балғын ұрпақ, сенің болашағыңды, Біле білсең, мына біздер сақтаған!» «Мен соғысты жек көрем!»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2021
457
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Балғын ұрпақ, сенің болашағыңды,

Біле білсең, мына біздер сақтаған!»


«Мен соғысты жек көрем!»

Ажар Елубаевна Беримова,

Мамандандырылған «Жанұя» кешені.

Дефектолог, логопед.

Алматы қаласы


Тақырбы: «Теңдесі жоқ Ұлы Жеңіс!»


Мақсаты:

Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту.

Жас ұрпақты Отан сүйгіштікке, балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге елжандыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: үнтаспа, Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар.

Жүргізуші: Қайырлы күн, қадірменді соғыс ардагерлері, ұстаздар, ата -аналар, оқушылар.!

Бүгінгі 6-сынып ұйымдастырған «Теңдесі жоқ Ұлы Жеңіс!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Жасасын жеңіс, еңбегі барлық солдаттың,

Болашаққа ұрпақ ерлігін айтар жалғап мың.

Қаншама адам ерліктер жасап майданда,

Қазақтың атын, халықтың атын самғаттың.

Фашистік Германияның мақсаты – бүкіл кеңес халқын құлға айналдырып, жер бетін басып алу еді. Сұрапыл соғысқа талай қазақ аттанып, үйлеріне оралмады.

Ән: «Катюша»

Жүргізуші: Кешегі күндей күркіреп өткен Фашистік Германияға қарсы қазақ жауынгерлері небір ерлік көрсетті. Солардың бірі де біргейі-Бауыржан Момышұлы еді.

1-оқушы: Жасасын жеңіс! Бақытты елім күле бер!

Тәуелсіз болып болашағыңа жүре бер.

Болмасын соғыс, болмасын соғыс, былмасын,

Осылайша барша халық тілер ел!

2-оқушы: Соғыста бір-ақ заң бар мен білетін,

Кеудеңмен қорғап қалу жердің бетін.

Жас қаның туған жерде босқа ақпасын,

Онсыз сен еөре алмайсың жердің бетін.

3-оқушы: Жанымдай сүйем халықты,

Ерлері мәңгі даңқты.

Өнеге тұтып өсемін,

Әлия, Мәншүк, Мәлікті.

Жүргізуші: Әлия Молдагұлова Нұрмұхамедқызы/ шын есіміӘлия\, 1924 жылы 25 қазанда Ақтөбе обласы, Қобда ауданы, Бұлақ ауылында дүниеге келген. Ата-анасы қайтыс болғаннан кейін нағашысы Әубәкір Молдағұловтың қолында тәрбиеленіп, Ленинградтағы№9 орта мектепте оқыды. 1942 жылы өз еркімен Қызыл Әскер қатарына алынып, мергендердің әйелдер мектебін бітіреді. Cоғыста мергендігімен қөзге түседі. Новосокольники темір жол станциясы маңында болған ұрыста Әлия шешуші шайқаста қаһармандықпен қаза табады.

Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызы- Кеңес Одағының батыры. 1922 жылы Гурьев обласы, Орда ауданыңда туған. Азан шақырып қойған аты- Мәнсия. Бес жасынан бастап оны әкемінің немере інісі Ахмет Мәметов және әйелі Әмина асырап алады. 1941 жылы ҰОС басталғанда Мәншүк 18 жаста болатын. Ол соғысқа бару туралы шешім қабылдайды. 1943 жылы Нева қаласында шайқаста басына оқ тиіп қатты жараланды. Соңғы күштерін жинап, жауға оқ жаудырып ерлікпен қаза табады.

Көрініс.

Радио үні «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! 1941 жылы, 22 маусым, Фашистік Герамания Кеңес Одағына тұтқиылдан соғыс жариялал, елімізге басып кірді»

Командир; Тік тұр, Германия басқыншылар елімізге соғыс жариялады. Отанымызды қорғау үшін қан майдаға аттанғалы тұрмыз. Елімізді жаудан қоргау біздің парызымыз. Сондықтан, жауынгерлер, алға! Алға бас!

Жүргізуші: Уа, халқым, күн туды сенің басыңа

Жау кірді сенің жеріңе,

Сұм фашистен қорғауға,

Аттан, халқым, майданға!

4-оқушы:

Солдаттың көкірегі толы арманы,

Оқ жаңбыр астында да жоғалмады.

Отан мен анасы үшін алға деді,

Амал не, көпшілігі оралмады,

Туын жықпай қорғады,

Азаттықтың жемісін.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»

5-оқушы: Соғыс жалмап аға-іні юауырды,

Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.

Жалғызынан айырыпты ананы,

Әкесінен айырыпты баланы. Би: «Көк орамал»

6-оқушы: Мен соғысты жек көрем!

Көкем айтып отырса

Кім қасірет шекпеген.

Кім көз жасын төкпеген.

Талай өткен ғасырлар

Еш соғыссыз өтпеген.

Мен соғысты жек көрем

Күні ертен-ақ ер жетем

Туған жерді әлпештеп

Кірпік ілмей тербетем.

7-оқушы: Ұлы соғыс төрт жыл адам төзгені

Дерт пен ыза тірі дене сезгені,

Төрт жыл үдай көздемеппіз, атпаппыз

Екі аяқты елдестен өзгені.

Ет қызуы енді бір сэт басылған,

Баксаң егер, ажалына бас үрған.

Ел зұлматы жер астанда өртеніп,

Күн көзімен, күн сүйегін жасырған.

Көрініс (жұмыс жасап жатырға әйелдер)

1-әйел: Мынаны қараща, ұлымнан қара қара қағаз келді.

Көзімнің қарашығындай жалғаз ұлымнам айрылдым. Енді қалай өмір сүремін? ( Жылайды)

2-әйел: Сен ол қағазға сенбе. Бәлкім ұрыста адасып кеткен шығар. Көр де тұр. Ұлың аман-есен келеді әлі,жылама.

1-әйел: Соғыс, сұрапал соғыс. Қанша үйдің әкесін алда, каншама үйдің ұл-қыздарын жалмады. Қаншама аналар зар илеп, балаларынан айырылып, жесір қалды.Бұл соғыс қашан бітеді? ( Музыка)

Қан майданның жүретке жарасы бар,

Қайғасы мен зілі бар,наласы бар,

Арамызда жүретін алшаң басып

Ардагерлер азайып барасыңдар.

Қастерлейді халқымыз қаһарманын

Жүр есінде сан жарық, сапарларың

Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер

Қалды-ау сиреп бүгінде қатарларың.

Ән: «Ел қорғауға өзірміз»

Қөрініс: «Жеңіс». Музыка.

Радио: Тыңдаңыздар! Тыңданыздар! Сөйлеп тұрған Москва! 1945 жылы 8 мамырда Германияның жоғарғы командованиесі жеңілгендігін мойындап актіге қол қойды.

9 мамыр жеңіс күні ( Жауынгерлер бастарын орап, таяқ үстап келе жатады)

Ән: « Көк тудың жедбірегені». Көгершін ұшырылады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!