Материалдар / Ашық сабақ "Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару" 6-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару" 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұсынылып отырған сабақ жоспары 6-сыныптағы «Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару» тақырыбына арналған. Бұл материал жас мұғалімге көмек ретінде берілген. Оқушыларға мәтінді есептерде шығаруда есеп шартын түсініп, нені табу керек екенін , шамалардың байланысын анықтай алу мақсатын қояды. Бір айнымалысы бар теңдеуді құра біліп, шешімін таба алу дағдыларын арттырады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қазан 2020
814
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: І тарау

Күні:

Сынып: 6


Мектеп: М. Ломоносов атындағы №5 ОМЛ

Мұғалімнің аты-жөні: Нугербекова А.И.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.5.1.6 мәтінді есептерді сызықтық теңдеулерді құру арқылы шығару

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін: Есептің шартын түсінеді,нені табу қажеттігін анықтайды,теңдеу құра алады.

Оқушылардың басым бөлігі үшін: Есептің шартына сәйкес сызықтық теңдеу құра біледі және шеше алады.

Кейбір оқушылар үшін: Мәтінді есепті теңдеудің көмегімен шығарады, түсіндірмесін береді.

Жетістік критерийлері

Есептің шартын түсінеді, нені табу керек екенін анықтай алады.

Шамалардың байланысын анықтайды.

Бір айнымалысы бар теңдеуді құра алады, шешімін таба біледі.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология:

Мәтін есептердің шешімдерін түсіндіре алады, талқылайды, өз ойын басқаларға жеткізе алады,қорытынды жасайды Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Оқушылар: - мәтін, мәтін есеп, есептің шарты,объектілер арасындағы байланыс

- мәселе есепті шешу үшін ... - ... есепті шешу үшін есептің шартын түсіну ... - есептің шарты бойынша ... құрастыру; - бұл мәтін есептерді шешуде ..... қолдандым; - белгісіз айнымалыларды ... ;

Құндылықтарды дарыту

Өндірісті дамыту, сапалы өнім шығару,еңбек және шығармашылық, өмірбойы білім алу.

Пәнаралық байланыс

информатика сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Визуальды ақпараттық дереккөздер ұсыну үшін слайдтар ұсынылады.

Тілдік құзыреттілік

Мәтін есептердің шешімдерін түсіндіре алады, талқылайды, өз ойын басқаларға жеткізе алады,қорытынды жасайды

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут


Топқа бөлу


Сұрақ қою және талқылау тәсілі арқылы белсенді оқуға тарту









Алгоритмдік қадам" тәсілін пайдаланып тапсырма орындайды




"Бағдаршам" әдісі арқылы бағалау


Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу. Психологиялық ахуал туғызу.

Оқушылардан өздерінің көңіл- күйлеріне сәйкес келетін смайликті таңдауды ұсынады.

Миға шабуыл әдісі арқылы сұрақтар қою

Өткен сабақта мәтінді есептерді сызықтық теңдеулерді құру арқылы шығаруды қарастырғанбыз.

Балалар, сендер мәтінді есептер дегенді қалай түсінесіңдер?

Бүгінгі сабақта нені үйренеміз деп ойлайсындар? Оқушылар өздері тақырыпты ашып, мақсаттарын анықтайды.

Ширату жаттығулар

Мақсаты: Сабаққа зейінін шоғырландыру, ынталарын арттыру, оқушылардың ойлау дағдылары мен бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын арттыру , оқу мақсатына жетелейтін қажетті материалдарды қайталау

Нәтижесінде: Осы әдіс арқылы оқушылардың қызығушылықтарын артады, оқу мақсатына жетелейтін қажетті материалдарды қайталайды. Оқушылар бірлесе жұмыс жасайды.

1.Ең қысқа найзағай мен ең ұзын найзағайдың ұзындықтары-

ның қосындысының мәні 158 км. Ал ең қысқа найзағайдың ұзындығы ең үлкен найзағайдың ұзындығынан 140 км-ге қысқа. Ең қысқа және ең үлкен найзағайдың ұзындығын табыңдар.

- Есепте не берілген? 1-қадам

- Нені табу керек? 2-қадам

- Ең қысқа және ең үлкен найзағайдың ұзындығын табу үшін не істейміз? 3-қадам

- Қандай амалдар орындаймыз? - 4-қадам

Шешуі. Ең қысқа найзағайдың ұзындығын х км ең ұзын найзағайдың ұзындығы + 140) км деп белгілейік. х + (х + 140 ) = 158 теңдеуін құрамыз.

+ 140 = 158 немесе 2х = 18, х = 9. ең қысқа найзағайдың ұзындығы 9 км, ал ең ұзын найзағайдың ұзындығы 149 км Жауабы:9 км,149км.


Шаттық шеңбері
















Қосымша

Сабақтың ортасы

20 минут


"Ойлан , жұптас, бөліс!" әдісі /жеке,жұптық, топтық жұмыстар /























Топтық жұмысты орындау барысында саралаудың «Диалог және қолдау» тәсілімен оқушы -оқушыға бағыт бағдар береді сол арқылы сараланады











Қорытынды тәсілі арқылы саралау жүргізу


Сергіту сәті

Оқушылардың белсенді оқуын ұйымдастыра отырып, есептің шартын жеке оқып түсініп, жұптасып талқылап алгоритмін құру,есептің шартына байланысты теңдеу құрып, топ ішінде және топтар арасында жауаптарымен бөлісуді ұсынам.

Оқушылар тапсырмалардың алгоритмдерін ауызша құрады, сұрақтар дайындап, есептеп табады..

1-топ № 887.Теңдеу құрып шығарыңдар.

Бір бөлігі екіншісінен 1 м ұзын болатындай етіп ұзындығы

8,6 м жіпті екі бөлікке бөлу керек. Әрбір бөлікте қанша метр жіптен шығады?

2-топ.№ 890 Теңдеу құрып шығарыңдар.

Спорт лагеріне келген туристердің -ін қонақ үйге, -ін жазғы үйлерге, ал қалған 75-ін шатырға орналастырды. Спорт лагеріне қанша турист келген?

3-топ. № 891 Теңдеу құрып шығарыңдар.

Жайылымды құрғату үшін үш арық қазылды. Бірінші арық үш арықтың барлық ұзындығының -ін, ал екіншісі ін құрайды. Ал үшінші арықтың ұзындығы 4,8 км. Бірінші және екінші арықтардың ұзындығын табыңдар.

Бағалау критерийлері :

- есептің шартын түсіндім;

- қандай өлшемдер берілгенін анықтай алдым;

- белгісіз шамаларды анықтадым;

-Не түсініксіз болды?

Топтарға ортақ тапсырма беремін. Оқушыларға есептерді шешу үшін сұрақтар дайындауды, дайындалған сұрақтарды топтарда талқылауды ұсынамын.

893 Теңдеу құрып шығарыңдар .

Бірінші автокөлікке екіншіге қарағанда 0,6 т бидай артық тиелді. Егер бірінші көлікке 1,2 есе, ал екіншіге 1,4 есе артық бидай тиелсе, онда екі көліктегі жүк бірдей болады. Әрбір көлікке қанша тонна бидай артқан?

Критерийлер:

- Есептің шартын түсіну

- нені табу керек екенін анықтай алу

- шамалардың байланысын анықтап,теңдеу құру

Не түсініксіз болды?

Дескриптор: Білім алушы

- есептің қысқаша шартын жазады;

- екінші автокөлікке тиелген бидайды белгілейді;

-б ірінші автокөлікке тиелген бидайды белгілейді;

- қанша бидай тиелгенін табу үшін теңдеу құрады;

- белгісіз айнымалыны табады;

-арифметикалық амалдар қолдана отырып,теңдеуді шешеді;

- әр автокөлікке тиелген бидайды табады

Берілген критерийлерді басшылыққа алып,дескрипторға сүйене отырып орындаған жұмыстарын өздері бағалайды

Математика

6- сынып оқулығы

"Мектеп" баспасы

Авторлар А.Әбілқасымова

Т.П.Кучер

З.Ә.Жұмағұлова



Сабақтың соңы

7 минут

Қызықты тапсырма


Топтарға шығармашылық тапсырма:

Теңдеуді құрып, шешіңдер, түсіндірмесін беріңдер.

I топ

Коля Дәуреннен 2 жас үлкен, ал Сәуле Колядан 3 жас кіші. Коля, Дәурен, Сәуленің жастарын қосса 37 шығады. Дәуреннің жасын табыңдар.

II топ

Әкесі мен оның қыз және ер баласының жастарын қосса 47 шығады. Әкесінің жасы ұлының жасынан 5 есе артық, ал қарындасы ағасынан 2 жас кіші. Ер баланың жасын табыңдар.

III топ

15 үшбұрыш пен төртбұрышта 53 бұрыш болса, үшбұрыш және төртбұрыш бұрыштарының санын табыңдар.

Қорытындылау.



слайд




Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.

Бас бармақтар









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!