Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ "Тік белдемшені модельдеу" 8 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы,Мұқыр ауылы Ә.Жангелдин ЖОББМ Технология пәнінің мұғалімі Арыстанова Айсұлу Жанболатқызы
8сынып өткізілген ашық сабақ
Пәні. Технология 8-сынып |
Күні: 27.11.17 |
|||||||||||||||||||||||||||
Тақырыбы: |
Тік белдемшені модельдеу |
|||||||||||||||||||||||||||
Мақсаты: |
Тік белдемшенің модельдеу туралы ақпарат бере отырып, әдіс тәсілдерді меңгерту арқылы тігін машинасымен жұмыс жасап үйрету. |
|||||||||||||||||||||||||||
Күтілетін нәтиже: |
Белдемше тігу әдістерін,тігін машинасымен жұмыс жасап үйренеді. |
|||||||||||||||||||||||||||
Керекті жабдықтар: |
Оқулық, нұсқаулық, ресурс, парақтары,жұмыс дәптері , тігін машинасы. |
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақ кезеңдері |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
||||||||||||||||||||||||||
Кіріспе Ұйымдастыру бөлімі Үй тапсырмасын тексеру. «Менен-сұрақ, сізден-жылдам жауап» |
Оқушылармен амандасу,түгендеу.
А) Белдемше
дегеніміз не? В) Белдемшелер қандай маталардан тігіледі. Г)Тігін машинасының түрлерін атаңыз?
Тік белдемше
Қиықты белдемше
Күліш (кеңейтілген) белдемше түрлері
а- күліш; б- үлкен күліш; в- кішкентай «конус тәрізді белдемше»; г-орташа «конус тәрізді белдемше»; д-үлкен «конус тәрізді белдемше»; е-«жарты күн»; ж- «күн»; |
Мұғаліммен амандасады. Сұрақтарға жауап береді. Интерактивті тақтада белдемше суреттерін жасырып, бетіне сұрақтар қоямын. Әр сұраққа жауап берген сайын белдемше суреттері ашылады. |
||||||||||||||||||||||||||
Тұсаукесер «Хан жарлығы» әдісі арқылы (оқушыларға парақшалар таратылады,парақтарды оқып болған соң бір-бірімен алмастырып жаңа тақырыппен танысады) Жаңа сабақты түсіндіру. |
Модельдеу-жаңа үлгілерді жасаудың шығармашылық үдерісі. «Моделдеу» термині –«модель» ,яғни үлгі сөзінен алынған,моделін,үлгісін жасау дегенді білдіреді,әрі қарай бұл үлгілердің негізінде тігін кәсіпорындарында бұйымдар тігіледі. Кез келген бұйымды жасау процесі,яғни,болашақ модельдің суретін салу эскизінен басталады.Бұл кезең көркемдік модельдеу деп аталады. Әрі қарай жоспар бойынша модельдердің ерекшелігі:қолданылуы,атауы,матасы,силуэті,стилі,бөлшектерімен әрлеушінің ерекшелігіне қарай эскизді жасайды. Модель эскизін салған соң,фасон жасауға-негізгі пішімді өзгертуге ,яғни техникалық моделеуге кіріседі.Модельдеудің бұл түрі қосымша бөлшектер,фасондық және құрылымдық сызықтар жүргізу арқылы пішімді дайындау және өзгерту,жаңа фасонды дайындаудан тұрады. Бұйымды көркемдеп әрлеу-модельдеудің маңызды тәсілі.Оған тігім,түйме,қапсырма,түймелеу,шілтер,жиектеу,кесте жапсырмалар жатады. Техникалық модельдеудің негізгі тәсілдері: 1.Бүкпелердің орынын ауыстыру,бұйым ұзындығын өзгерту. 2.Негізгі құрылымдық сызықтардың қалпын өзгерту. 3.Қынама деңгейін өзгерту үшін киім бөлшектеріннің бөлшектерін айыру. 4.Құрылымдық негіз бөліктерін біріктіру арқылы жаңа пішім жасау. 5.Параллель және конус тәрізді кеңейту тәсілдері. Әртүрлі фасонды белдемшелердің көптеген фасондарын:тар және кең ,ұзын және қысқа,артқы және алдыңғы жағына иініш салу,әртүрлі пішінді қатпарлар мен тіліктер салып моделдеуге болады. Бұл ретте белдемше сызбасының негізін кез келген жерінен қиюға болады,тек бұйым ұздығымен бел сызығындағы енін сақтап қалу қажет.
Модельдеудің екі
түрі болады: Киімді модельдеудегі үш
негізгі принципі |
Қажетті ақпараттарды дәптерге жазады. Оқыған ақпаратын оқушыларға түсіндіреді.
|
||||||||||||||||||||||||||
Негізгі бөлім Жұпқа бөлу «Мозайка» әдісімен |
Қауіпсіздік ережелері
Тігін машинасымен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік іс- шаралары мен санитарлы- гигиеналық талаптар 1. Мұғалімнің рұқсатынсыз тігін машинаның алдына отыруға болмайды. 2. Шаштарынды жинап, жеңдеріңді қайырыңыздар, аксессуарлар мен әшекейді жинап қойыңыз. 3. Тігін машинасының платформасынан және станинасынан бөтен заттарды алыңыз. 4. Жұмыс алдыңда матадан түйреуіштер мен инелерді алыңыздар. 5. Тігін машинасын белбеу арқылы пышақ жетегімен тоқтатушы болмаңыздар. 6. Жіпті машина инесінеөткізген кезде аяқты педальға баспаңыздар. 7. Машинаның қозғалып және айналып жатқан бөліктеріне жақын еңкеймеңіздер. 8. Машина алдына тек таза қолмен отырыңыздар. 9. Қол мен аяқтың дұрыс қалыпта болғанын қадағалаңыз. 10. Жарық алдыңан немесе сол жақтан түсіп тұруы тиіс. 11. Жұмыс барысында алаңдамаңыз. 12. Ине Сіздің алдыңыздаболуы тиіс, сондықтан үстелді ыңғайлы етіп қойыңыз. 13. Машина алдында тіке, үстелде толық отыру керек. 14. Бұйымдар жұмыс істеп отырған адамның көзінен 30-40 см арақашықтықта болуы тиіс. Тігін машинасында жұмыс істеудің басталуы мен аяқталу ережелері Машинаны жұмыс істеуге дайындау. 1.Машинаны жұмыс істеуге арнап қою. 2. Инені және жіп тартуды жоғарыға қарай жағдайға көтеру. 3. Табан астынан мата үстіндісін алу. 4. Жоғарғы және төменгі жіпті ішіне қарай салу. Жұмыстың басталуы. 1.Табан астына жұмыс үшін арнап дайындалған матаны салу және оны инемен тесу. 2. Жіптің соңын артқа қарай шектеу. 3. Табанды түсіру және жұмысқа кірісу. Жұмыстың аяқталуы. 1. Инені және жіп тартушыны жоғарыға көтеру. 2. Табанды көтеру және матаны сол қолымен артқа қарай апару. 3. Машинада ұзыңдығы 10-15 см болатын соңдарын қалдыра отырып жіптерді кесу. 4. Табан астыңа мата үзіндісін сала отырып, оны түсіру. 5. Бос жүріске машинаны қалдыру. Сарамандық жұмыс: тік белдемшені модельдеу әртүрлі фасонды белдемшелердің ұзындығын қысқартып,машинаға салып тігеді. Бейнефильм тамашалайды. Бейнефильмде көрсетілген құрылымдық негіз бөліктерін біріктіру арқылы жаңа пішімді жасап модельдеп, жұптық жұмыс орындайды. Модельдеу бөлшектерге
өзгерістер негізу әдістері көрсетілген нұсқаулық карта бойынша
орындалады. |
Қауіпсіздік ережені дәптерге жазады.
|
||||||||||||||||||||||||||
Қорытынды |
Модельдеу дегеніміз
не? |
Оқушылар сұраққа жауап беру арқылы, ортақ пікір білдіреді |
||||||||||||||||||||||||||
Бағалау |
Бағалау парақшасымен бағаланады: Пән-------------- Сынып-------------- Жұптар бірін-бірі бағалауы.
|
Жұптар бірін-бірі бағалайды.
|
||||||||||||||||||||||||||
Үйге тапсырма
|
Шығармашылық жоба «Классикалық үлгідегі белдемше»
«Кері байланыс » парағы
|
Кері байланыс парағын толтырады. Үй тапсырмасын күнделікке жазады.
|