Материалдар / Ашық сабақ Тіктөртбұрыш пен шаршының ауданын табу (3 сынып) / Есептер шығару (2 сынып)
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Тіктөртбұрыш пен шаршының ауданын табу (3 сынып) / Есептер шығару (2 сынып)

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ ШЖМ біріктірілген сыныптарға. Ұсынылып отырған сабақ жоспары жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша 2,3-сыныпқа математика пәнінен құрастырлды. Сабақтағы көзделген мақсат бағдарламаға сай, сабақтың жақсы нәтижесіне жету үшін жетістік критерилері қойылған. Бұл сабақтың негізгі мақсаты түсіндіру, сұрақ –жауап, ойын және СТО элементтері арқылы сабақты оқушыларға жеткізу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Ақпан 2021
962
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп: «Мәдениет қазақ-орыс орта мектебі» ММ

Мұғалім: Тлеуова Айгуль Сериковна

Пәні: Математика

3 сынып

2 сынып

Бөлімі:

Аудан. Шамалар.

Санды және әріпті өрнектер.

Тақырыбы:

Тіктөртбұрыш пен шаршының ауданын табу.

Есептер шығару.


Қатысқандар: 3

Қатыспағандар саны: 0

Қатысқандар: 3

Қатыспағандар саны:0

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.3.1 Ауданы болатын нысандарды атау және ауданды өлшеуге арналған өлшемдер мен құралдарды таңдап алу;

3.3.1.3 Шаршы,тіктөртбұрыш ауданы формуласын: S=а*а, ( S=a2), S=a·b шығарып алу және қолдану;

3.1.3.2 см², дм², м² өлшем бірліктерін пайдаланып, ұзындықтарын өлшеу.

2.1.1.1 1-ден 100 –ге дейінгі сандардың реттілігін

2.1.1.3 Сандық кесіндіде екі таңбалы санның орнын анықтау

2.1.1.4 Екі және үш таңбалы сандардың разрядтарын анықтау, бұл сандарды салыстыру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

  • Сабақ соңында ауданы болатын нысандарды атау және ауданды өлшеуге арналған өлшемдер мен құралдарды таңдап алады.

Бірқатар оқушылар үшін:

  • Тіктөртбұрыштың S=a·b, шаршының S=a2 ауданын табуға формуласын құрастырады және қолдана алады.

Кейбір оқушылар үшін:

  • Тіктөртбұрыш пен шаршының ауданын табу формуласын қалай құрастыруға және қолдануға болатынын түсіндіре алады.

Барлық оқушылар үшін:

  • Көптаңбалы сандарды ондықтармен, жүздіктермен, тура және кері ауызша санайды.

Бірқатар оқушылар үшін:

  • Көптаңбалы сандарды оқи алады, екі таңбалы және үштаңбалы сандарды салыстырады.

Кейбір оқушылар үшін:

  • Көптаңбалы сандарды разрядтарға жіктеп айта алады.


Жетістік критерилері

Оқушылар тіктөртбұрыш пен шаршының ауданын табу формуласын қалай құрастыруға және қолдануға болатынын түсіндіре алып, есептесе, мақсатқа жетеді.

Оқушылар 100- ге дейін дөңгелек сандардың орналасу ретін анықтай алса, екітаңбалы және үштаңбалы сандарды салыстырса, мақсатқа жетеді.

Тілдік мақсаттар

Периметр, аудан, формула, сантиметр, метр, дециметр, периметр.

Бірлік, ондық, жүздіктермен сана, разрядтарға жіктеу.

Құндылықтарды дарыту

Сабақ барсында оқушылардың бір – бірін тыңдау, көмектесу, бірлесіп тапсырма орындау, диалогтық сөйлесу мәдениеті қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек, музыка, АКТ

АКТ қолдану дағдылары

Математика CD-диск+bilim land, iMektep.kz (видео, тест, «дұрыс-дұрыс емес» ойыны).

Презентация , сергіту сәті

Алдыңғы меңгерілген білім

Аудан туралы тұрмыстық түсінік.

Көптаңбалы сандарды ондықтармен, жүздіктермен, мыңдықтармен тура және кері ауызша санады.

Сабақ барысы

  1. Кіріктірілген бөлім.

Психологиялық дайындық 1 мин. Слайд 3

Айналаға алақанмен,

Жылулықты шашайық,

Сәттілік тілеп, күлімсіреп

Біз сабақты бастайық!

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Мұғалімнің нұсқаулығымен орындалатын тапсырмалар 3мин.

Блум таксаномиясы (жіңішке сұрақтар). «Бармақпен» бағалау жүргізіледі.

Мына төмендегі сұрақтарға қарап , егер дұрыс болса «иә» деп, дұрыс болмаса «жоқ» деп жауап береді.

а=9cм а=7см

S=81см2 Р=14 см

(58-58)•6=6 2сағ=60мин

700см=70дм 6ц=6кг

Математикалық диктант.
1.Ең кіші екі таңбалы санды жаз
2. 17 – ні 3 – ке арттыр
3. 45 – тен 15 – ті азайт
4. 60 болу үшін 20 – ны қаншаға арттырамыз?
5. 85, 40 – тан қанша артық?
6. 49 – дан кейінгі санды жаз.
7. 61 – дің алдындағы санды жаз.

Слайд 4,5




3 сынып-ауызша, 2 сынып-карточка

Сабақтың ортасы

  1. Сараланған бөлім.

Мұғалімнің нұсқаулығымен орындалатын тапсырмалар

Оқушының өзіндік жұмысы

5 мин.

  • Мына фигура туралы не айтуға болады?

  • Бұл –шаршы. Оның барлық қабырғалары тең, АК=ОМ= АО = КМ.

  • Ауданы S = 8 · 8 = 64 см²

  • S = a · a формуласы, демек S², сондықтан а-ны екі бірдей сан деп қарастырамыз.

  • Ал мына фигура туралы не деуге болады?

  • Бұл- тіктөртбұрыш. Оның қарама-қарсы қабырғалары тең.

  • АВ=DС, AD=BС.

  • Ауданы S = 6 · 3 = 18 см²

  • S=a*b – формуласы, демек оның іргелес жатқан екі қабырғасының көбейтіндісіне тең.

Оқулықпен жұмыс.

(Ж.Ж) Есептерді бөліп шығарады. (Есептерін ауыстырып, бір-бірінің дұрыс жауабын слайд арқылы тексереді)

1-оқушы. а) Жеміс салатын сауытта 3 алма және одан 2 есе артық алмұрт бар. Сауытта неше алмұрт бар?

2-оқушы. ә) Әлия жылыжайдан 12 сары және одан 2 есе кем қызыл қызанақ жинады. Әлия неше қызыл қызанақ жинады?

3-оқушы. б) Әлияның ата-анасы дүкеннен 6 кг алма және 12 кг алмұрт сатып алды. Әлияның ата-анасы алмаға қарағанда алмұртты неше есе артық сатып алды?

Оқулық

70 бет № 2

С
лайд 6,7



Слайд 8

Оқушының өзіндік жұмысы

10 мин.

Мұғалімнің нұсқаулығымен орындалатын тапсырмалар

(Т.Ж) СD дисктағы тапсырманы орындайды. Тіктөртбұрыш пен шаршының ауданын мен периметрін табады және өлшем бірліктерін жазады. Критерийлер:

-Формуларын дұрыс анықтау;

-Формуланы дұрыс қолдана отырып, есептеу;

-Аудан мен периметрін өлшем бірліктерін дұрыс таңдап жазу.

S=a*b P=(а+ b)/2

S=10*8=80 см²

P=(10+8)*2=36 см

Бейнефильм көрсету. «Аудан дегеніміз не?»

(Ұ) Интерактивті тақтамен жұмыс.

1.Қысқаша жазылуы және сызбасы бойынша есеп құрастыр.

Рисунок 2

Рисунок 4

2. Есептің сұрағын екі амалмен шығатындай өзгерт.

Рисунок 6

Рисунок 7

Рисунок 8

СD диск,

Оқулық

71 бет № 4

Слайд 9




Прямоугольник 1


iMektep.kz

Мұғалімнің нұсқаулығымен орындалатын тапсырмалар

Оқушының өзіндік жұмысы

5 мин.

Тест. (берілген төрт жауабынан, бір жауап дұрыс).

Ұзындығы 8 см, ені 3 см болатын тіктөртбұрыштың ауданын көрсетіңіз.

Ауданы 27 шаршы см, ұзындығы 9 см тіктөртбұрыштың енін табыңыз.

Ауданы 36 шаршы сантиметр болатын шаршының қабырғасының ұзындығын көрсетіңіз.

Қабырғасының ұзындығы 7 см болатының шаршының ауданын көрсетіңіз.

Ауданы 45 шаршы сантиметр, ені 5 см болатын тіктөртбұрыштың ұзындығын табыңыз.

Ұзындығы 8 см, ені 4 см болатын тіктөртбұрыштың ауданын көрсетіңіз.

(Ж.Ж)

1.Берілген сандарды өсу және кему ретімен орналастыр.

20,40,10,90,200,100,70,500,300.


2.Екі таңбалы сандарды үш таңбалы сандармен салыстыр.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!