Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ: Тіл – тарихтың айнасы. Әліпби. Тілдік бағдар
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ
№16 КОЛЛЕДЖ МКҚК
«КЕЛІСІЛДІ» «БЕКІТЕМІН
Директордың оқу ісі жөніндегі №16 колледж директоры
орынбасары ___________ Е.Билалов ____________ М. Тәшімбет
« ___» _________2021 ж «____» __________ 2021 ж
АШЫҚ САБАҚ
Тіл – тарихтың айнасы. Әліпби. Тілдік бағдар
Пәні: Қазақ тілі
Оқытушы: М.Тунгушбаева.
Шардара
-
Курс ТҰ-43 топ «12» қараша.
Сабақтың жоспары №
Сабақтың тақырыбы: Тіл – тарихтың айнасы. Әліпби. Тілдік бағдар.
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары.
- мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу;
- мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу;
Сабақ мақсаттары:
Барлығы: Білім алушылар мәтін үзінділері бойынша болжам жасап, тиісті ақпаратты анықтай біледі.
Көпшілігі: Мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады.
Кейбірі: - мәтін үзінділері бойынша болжам жасайды.
Бағалау критерийлері:
1) мәтін үзінділері бойынша болжам жасайды.
2) Білім алушылар мәтін үзінділері бойынша болжам жасап, тиісті ақпаратты анықтай алады.
3) мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады.
Тілдік мақсаттар:тарих, тайғақ,мәдениет, әліпби,көсем, шешен т.б.
Құндылықтар:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбек етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.
Пәнаралық
байланыс:
қазақ әдебиеті, қазақстан
тарихы
Осыған дейін меңгерілген білім:
"Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама"
Сабақтың басы: 10 минут
Слайд 1
Сұрақтармен жұмыс.
1. Қазақ елінің тарихында қандай ірі тарихи оқиғалар орын алды?
Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама","Ашаршылық"."Саяси қуғын сүргін".
2. «Қаратаудың басынан көш келеді» әнінің шығу тарихын білесіңдер ме?
3.Халықты атақонысынан айырған тағы қандай тарихи оқиғаларды білесіңдер?
«Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама","Ашаршылық".
4.«Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама» қай кезеңді бейнелейтін ұғым?.
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» – қазақ халқының жоңғар шапқыншылығы
(1723–1725) салдарынан басынан кешкен ауыр қасіретін,босқыншылыққа ұшыраған кезеңін
бейнелейтін ұғым.
5. Жоңғар ханы Цеван Рабтан қазақ жеріне қандай қарумен басып кірді?
Отты қарумен, зеңбірек, мылтық.
6. «Қазақ қайың сауғанда, қырғыз Ғиссар ауғанда» деген тарихи сөз неден шықты?.
«Қазақ қайың сауғанда, қырғыз Ғиссар ауғанда» деген тарихи аталмыш оқиғаның екі халықтың тағдырына үлкен ауыртпалық әкелгендігін айғақтайды.
Қазақ шешендік өнерінің көрнекті өкілдерінің нақыл сөздерін сәйкестендіріңдер.
Тақырыппен байланысын анықтаңдар.
Б өлтірік шешен Еділ бол да, Жайық бол,
Ешкімменен ұрыспа!
Жолдасыңа жау тисе,
Жаныңды аяп тұрыспа!
Асан қайғы
Малыңды бер де, басың қос,
Басыңды қос та, бек сыйлас!
Күндердiң күнi болғанда
Басың жауда қалар ма?!
Шалкиіз жырау Бiлектiң күшiнде кеткенiңдi
Бiлiктiң күшiмен қайтардым.
Найзаның ұшында кеткенiңдi
Тiлдiң ұшымен қайтардым.
Ә йтеке би Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт берекең – атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат,
Мейірімді апаң қымбат.
Қазыбек би Біз үш жүз керіспейік, келісейік!
Егер керісе қойсақ, бізге
Хандық түгіл ондық та жоқ.
Сабақтың ортасы 75 минут
- Біз топты алдын ала жеребе тастау арқылы шағын 2 топқа бөлдік. Оқушылар топтарына алдын ала ат қойып, топ басшыларын тағайындаған. Өздеріңізді таныстырып өтсеңіздер:
2 топ өздерін таныстырады:
1- Топ: «Білім», топ басшы –
2-Топ: «Болашақ» топ басшы –
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Тіл-тарих айнасы. Әліпби. Тілдік бағдар.
Сабағымызды бастамас бұрын әр топ өзге топтарға өздерінің жақсы пікірлерін білдіріп өтсеңіздер.
Жаңа сабаққа көшпес бұрын бұл тақырып бойынша білімдерін бір тексеріп көрейік. Өйткені 10-11-сыныпта өздеріңіз білетіндей 1-9-сынып арасында өткен тақырыптардың барлығын қайталау болып табылады. Сондықтан Блиц- турнир сұрақтары арқылы есімізге біраз түсіріп алайық.
Сұрақтары:
-
Дыбыстарды зерттейтін тіл білімінің саласы (фонетика)
-
«Ұ» әрпінің сыңары. « Ү»
-
Араб әліпбиі қай жылға дейін қолданылды (1929ж)
-
«Төте жазу» деп аталатын жазу түрі ( араб жазуы)
-
Әліпбидегі рет саны бойынша 13 әріп (Й)
-
ҚР тілдер күні мейрамы қашан аталып өтеді? (22 қыркүйек)
-
Құранды дыбыстар қатарын атаңыз (ю,я,е)
-
ҚР-ның тіл мәртебесі қандай? (Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ресми тіл)
-
Руна жазуларында бейнеленген шығарманың атауы «Күлтегін»)
-
Риторика дегеніміз не? (Шешендік өнер)
Тіл – тарихтың айнасы екендігі жайлы мағлұмат беру.
Тіл – таңбалар жүйесінің ерекше түрі. Тіл – адам баласының бойындағы баға жетпес байлық. Ол адам болып жаратылғаннан бастап туа біткен қасиет. Алғашқыда тілдің қалыптасуына адамдардың ұжымдасуы, бастарының бірігуі түрткі болғаны. Шағын аумақтағы жинақы топ үлкейе келе, ортақ тіл қалыптастырды. Сөйлеу тілі жаратылыста тек адамға ғана тән ерекше қасиет.
Жамбыл Жабаев «Ленинградтық өренім»
Жауда қалып
Ленинград,
Жаралған жоқ көнгелі!
—
Жасағамын
өмірді
Жау біткенді
жеңгелі;
(-Балалар бұл шумақта не туралы айтылып тұр? Яғни, тіл арқылы өткен тарихымызды таңбалап, болашақ ұрпақтың кім екендеріне, қалай қалыптасқандарын, қазіргі қолдарында бар байлықтың қандай еңбекпен келгендігін таныту болып табылады.Өткен кезеңде болған оқиғалардың барлығы – тарих!)
Тілдік бағдар дегеніміз – тілдегі лексикалық, грамматикалық, сөзжасамдық нормаларын, дұрыс сөйлеу этикасының нормаларын сақтап сөйлеу.
Тақырып бойынша пікір білдіру. (Топ басшылары 3 хаттың бірін таңдап, ішіндегі тақырыпқа топ болып пікірлерін білдіреді )
-
Тарих дегеніміз тек өткеннің сабағы ғана емес, ол – болашақтың да көрінісі
-
Халықтың тілінде оның тарихының іздері айқын көрінеді
-
Тіл – әрі тарих, әрі мәдениет көрсеткіші.
-
Бабаларын қалтқысыз қастерлей алған халық балаларының болашағын да қапысыз қамдай алмақшы.
Әліпби тарихы жайында шолу жасау.
Әліпби сөзі араб алфавитінің алғашқы екі әрпі- «алиф» пен «би» атауларының бірігуінен жасалған. Әліпби жазуда қолданылатын әріптердің рет тәртібі дегенді білдіреді. Қазақ халқының жазу – сызуына Қазақстанға мұсылманның діннің, ислам мәдениетінің таралуына қатысты араб әліпбиі негіз болды.
Алайда, Қоғамдағы әр-түрлі саяси – әлеуметтік өзгерістерге байланысты қазақ халқы араб әліпбиінен 1929 жылы латынға, ал 1940 жылдан бастап орыс әліпбиіне көшті. Әліпбиде көрсетілген таңбалар – әріптер. Әріп- дыбыстың жазудағы таңбасы. Әліпбидегі әріптер белгілі бір тәртіппен орналасады. Түрлі сөздіктерді пайдалану үшін, әліпбидегі әріптердің орын тәртібін жақсы білу керек., сонда сөздіктерден керек сөзді тез тауып алуға болады. Орыс әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиінде қазақ тіліне тән дыбыстарды белгілейтін 9 әріп бар (ә, ғ, ң, ө, ұ, ү, һ, і). Қалғандары – орыс тілі мен қазақ тіліне ортақ.
-Сіздерге үйге алдын ала қазақ тарихында болған әліпбилер туралы ақпарат жинап, жоба жасау тапсырмасы берілген. Қазір қысқаша ғана сол жобаларыңызды қорғап өтсеңіздер.
(2 топ Жобаларын қорғайды «Білім» тобы «Араб әліпбиі», «Болашақ» тобы қазақ-кирил жазуы, латын әліпбиі).
Түркі дүниесінде де ертеден қалыптасқан жазу мәдениеті, әліпби жүйесі болған. Оған дәлел Орхон-Енисей, талас жазба ескерткіштерінде бейнеленген жазу түрі. Бұл жазу құпиясы осыдан 128 жыл бұрын 1893 жылы қараша айының 25 күні даниялық лингвист, палиглот Вильгельм Томсон алғаш рет көне түркі жазуының кілтін тауып, ғылым әлемінде айрықша жаңалық ашқан.
Көне түркі әліпбиі – Орхон-Енисей жазуы немесе Руна жазуы деп аталып жүр. Көне ескерткіштерде тарихи оқиғалар тізбегі Ұлы қағандардың жорықтары шешен тілмен баяндалған.
Соның бірі - «Күлтегін» жазуы.
Сұрақтармен жұмыс."Гамма"ойыны арқылы.
«Білім» тобына арналған сұрақ:
-
«Қазақ-кирил әліпбиі басқаша қалай аталады?
-
Қазақ әліпбиінің негізін жасаған кім? (Кирилица, Ы.Алтынсарин)
-
Қазіргі ұсынылып отырған Латын әліпбиі неше әріптен тұрады? (1929 жылдан 1940 жылға дейін, 32 әріптен тұрады)
«Болашақ» тобына арналған сұрақ:
-
Араб әліпбиінде барлығы неше әріп бар?
-
Басқа әліпбилерден қандай ерекшелігі бар?
-
Бұл әліпбиді басқаша қалай атаған? (29 әріп және бір белгіше бар, оңнан солға қарай жазылуы. «Төте жазу» деп атаған)
-
Қазақ халқы араб әліпбиінен 1929 жылы латынға, ал 1940 жылдан бастап қандай әліпбиге көшті? (орыс әліпбиіне)
-
Жақсы балалар, жауаптарыңызға рахмет.
1-тапсырма: Тақтамен жұмыс .
-
Қате берілген тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазыңдар.
-
1-топ: Түрүк қаһанаты – Түрік қағанаты
-
арап жазуі - араб жазуы рунна жазуы – Руна жазуы
-
тамыры терен тариқ - тамыры терең тарих
-
2-топ: Орхан-енесей – Орхон - Енисей
-
Евразиа - Евразия
Ахмет Байтұрсұнұлының әліббиі – Ахмет Байтұрынұлының әліпбиі латиница әліпбиі – латын әліпбиі
2-тапсырма Дәптермен жұмыс.
Жоғарыда берілген әліпбиді пайдалана отырып сөйлемдерді кирилицада жазу.
Jyl mezgilderi
1-топ:Ár mezgil: kóktem, jaz, kúz, kys óz sulýlyǵymen tańdaı qaqtyrarlyqtaı keremet. Әр мезгіл: көктем, жаз, күз, қыс өз сұлулығымен таңдай қақтырарлықтай керемет.
2- топ: Кóktemde jylǵalardan sý aǵyp, ósimdik ataýy búrshik atady.
Көктемде жылғалардан су ағып, өсімдік атауы бүршік атады.
№3-тапсырма:
Суреттерде берілген әліпби нұсқаларының қазақ тарихымен қандай байланысы бар? Өз пікіріңді сабақ тақырыбымен ұштастырып, тұжырымдап жаз.
Дескриптор:
- Суреттерде берілген әліпби нұсқаларының қазақ тарихымен байланысын анықтайды.
-Өз пікірін сабақ тақырыбымен ұштастырып жазады.
№4-тапсырма:
Берiлген мақалдар мен нақыл сөздерді оқып, мағынасын таратып айт. Олардың қайсысы мазмұны жағынан бір-бірімен үндеседі? Ойыңды дәлелде. Тыныс белгілерінің қойылу себептерін түсіндір.
Оқылым-айтылым:
І. 1) Тiл тас жарады, тас жармаса, бас
жарады. 2) Жақсы сөз – жарым ырыс. 3) Сөз жүйесiн тапса, мал иесiн
табады. 4) Жанды жаралайтын да сөз, емдейтiн де сөз. 5) Шешеннiң
сөзi ортақ, шебердің бізі ортақ. 6) Тау мен тасты жел бұзар,
адамзатты сөз бұзар. 7) Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей
шешен боларсың.
ІІ. 1) Сөзге тапқырлық – жақсы адамгершілік қасиет
(Әл-Фараби). 2) Шешендік қасиет – екінің бірінде кездесе бермейтін
қасиет (Ж. Баласағұн). 3) Сөз өнері адам санасының үш негізіне
тіреледі: ақылға, қиялға, көңілге (А. Байтұрсынұлы). 4) Шешендiк
батылдықты тiлейдi (П.С.Пороховщиков). 5) Шешендiк – ақылмен билеу
өнерi (Платон). 6) Басымда ойым көп, бiрақ шешен болмағандықтан,
оларды айтып бере алмаймын дейтiн адам – өзiн-өзi түсiнiп алмаған
адам (М.Монтень). 7) Ойдағы қателiк сөздегi қателiктi тудырады,
сөздегi қателiк iстегi қателiктi тудырады (Д.И.
Писарев).
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың оқылым және айтылым дағдысы қалыптасады.
Дескриптор:
- Берiлген мақалдар мен нақыл сөздерді оқиды.
-мағынасын таратып айтады.
- Олардың қайсысы мазмұны жағынан бір-бірімен үндесетінін ажыратыды.
-Ойын дәлелдеп, тыныс белгілерінің қойылу себептерін түсіндіреді.
Сабақтың соңы 3 минут
«Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі арқылы сабақты қорытындылайық:
-
Сонымен қандай тақырыпты өттік?
-
Не білдіңіздер?
-
Нені үйрендіңіздер?
Рефлексия
Смайликтер арқылы сабаққа пікір білдіру
-
Сабақтан көп қажетті ақпарат алдым
-
Бірден түсініп алдым
-
Түсінбегендерім болды
Бағалау 1 минут
Үйге тапсырма: 1 минут
Белгілі ғалымдардың көне түркі жазуларына қатысты айтқан сөздерін тауып келу.