Материалдар / Ашық сабақ тіл дамыту "Қайдан келдің бауырсақ"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ тіл дамыту "Қайдан келдің бауырсақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға нан туралы білім беру. Балалардың нан туралы түсінігін ертегі арқылы жеткізе отырып, өлеңнің мазмұнын айтып беруге жаттықтыру, үлкендердің еңбегін ардақтап, бағалай білуге тәрбиелеу. Жаңа сөздер: наубай-нан пісіретін орын; диірмен-ұн тартатын жер; дала-егін өсіретін алқап; диқан-егін өсіретін адамдар; қырман-астықты жинайтын орын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Сәуір 2018
1061
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақ: Тіл дамыту.

Тақырыбы: «Қайдан келдің, бауырсақ?».

Мақсаты: Балаларға нан туралы білім беру. Балалардың нан туралы түсінігін ертегі арқылы жеткізе отырып, өлеңнің мазмұнын айтып беруге жаттықтыру, үлкендердің еңбегін ардақтап, бағалай білуге тәрбиелеу.

Жаңа сөздер: наубай-нан пісіретін орын; диірмен-ұн тартатын жер; дала-егін өсіретін алқап; диқан-егін өсіретін адамдар; қырман-астықты жинайтын орын.

Көрнекі құралдар: нан туралы әр түрлі суреттер, нанның дастарханға қалай келетіні жайлы, ертегі бойынша суреттер.

Әдіс-тәсілдер; түсіндіру,оқу, әңгімелеу, жаңа сөздер мағынасын түсіндіру.

Сабақтың барысы:

-Балалар бүгін біз сендермен «Қайдан келдің, бауырсақ?» өлеңімен танысамыз.

-Өлең Өтебай Тұрманжановтікі.

-Сендерге мен тамаша бір ертегі айтып берейін сендер мұқият тыңдаңдар, ертегі не жайлы екен.

-Бәріміз мына сыйқырлы тақтаға қарайық.

- Ертегінің аты «Бауырсақ пен тышқан».

- Ертеде тауық пен тышқан керемет дос болыпты.

- Бір күні тауық бір уыс бидай тауып алады да, досы тышқанға бидайды үгітіп беруін сұрайды.

-Ал тышқан болса мен үгіте алмаймын дейді.

-Амалсыздан бидайды тауық өзі үгітеді.

-Диірменнен шыққандай мап-майда ұн жасап, одан қамыр илейді.

- Илеген қамырдан енді бауырсақ пысыр дейді- тышқанға.

-Әлгі еріншек тышқан өзің пісіре салшы дейді

-Содан тауық бір табақ қылып бауырсақ пысырады.

-Әлгі табаққа салынған бауырсақты жоғары көтеріп- бауырсақты кім жейді- дейді?

-Мен, мен,-деп тышқан жүгіріп келеді.

-Сонда тауық:

-Бидайды үгітуге де, бауырсақты пысыруға да ешқандай үлес қосқан жоқсың. Еңбек етсең ерінбей- тояды қарының тіленбей,- дейді де тышқанды үйінен қуып шығады.

-Содан бері тауықтар тышқанды көрсе, үрке қарайды екен.

-Балалар ертегі үнады ма?- ия.

-Ертегі не туралы айтылған?- «бауырсақ» дұрыс

-Ендеше балалар біз бүгін сабақта «Қайдан келдің бауырсақ» өлеңімен танысамыз.

  • Д астарханда шашылып,

Жатты аппақ бауырсақ,

Бауырсаққа қызығып,

Қарап тұрды көзін сап;

-Қайдан келдің бауырсақ?-

Деп сұрады қуыршақ

- Дүкеннен келдім нан сатқан,-

Деді оған бауырсақ.

- Дүкенге келдің қай жақтан?




-Наубайдан келдім нан жапқан.

-Наубайға келдің қай жақтан?




- Диірменнен келдім ұн тартқан

-Диірменге келдім кең жақтан

Жер- анам менің көсілген,

Диқандар мені өсірген.

Балалар өлең не туралы айтылған?

-Бауырсақ

-Балалар дастарханға бауырсақ қалай келеді?

-Дүкеннен

-«Дүкенге қалай келеді»?

-Наубайдан.

-«Наубайға қайдан келеді?»

-Диірменнен

-«Диірменге қайдан келеді?»

-Диқаннан

-Дұрыс балалар.

Балалар сендердің үйлеріңде бауырсақты апаларың мен мамаларын неге пысырады?

- Пешке от жағып, қазанға май құйып пысырады.- Дұрыс.

Сергіту: Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

Ойын: «Қайдан келдің бауырсақ»

Мақсаты: Балалардың ойынға деген қызығушылықтарын арттыру, ойын арқылы сабақты бекіту, ретімен орналастыруға үйрету.

Ойын барысы: Бауырсақ қайдан келгені жайлы барлық суреттерді шығарып бауырсақты домалап бару арқылы ойынды ойнату. Балаларға сұрақ қойып, жауап алу.

-Балалар кәне бәріміз сиқырлық тақтаға қараймыз.

-Сендердің алдарыңда сыйқырлы тақтада карточкалар тұр. Сол карточкаларға қарап сөйлем құрайық.

DrawObject2 DrawObject1

DrawObject3



DrawObject4

ӨDrawObject6 DrawObject5 те жақсы балалар дұрыс.

Сөйлем құрай алдыңдар.

-DrawObject7 Тағы сыйқырлы тақтаға қарайық?

-DrawObject9 DrawObject8 Сендердің алдарыңда әртүрлі суреттер тұр

-Қайсысының бауырсаққа қатысы бар.

- Дұрыс қазан

-Қазан не үшін керек?

-Жақсы бауырсақ пысыру үшін

-Балалар бүгін сабақа өте жақсы қатыстыңдар.

-Қандай өлеңді тыңдадыңдар

-«Қайдан келдің бауырсақ?»

-Өте дұрыс

-Ойынды да ынталы ойнадыңдар. Сабақ аяқталды.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!