Ашық сабақ Тірі организмдердің тіршілік ортасына бейімделуі 4 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Тірі организмдердің тіршілік ортасына бейімделуі 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сынып оқушыларына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ғ. Молдашев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі













Ашық сабақ


Тақырыбы: Тірі организмдердің тіршілік ортасына бейімделуі.

Сыныбы: 4 «а»

Пәні: Дүниетану










Өткізген: Ермекова Д.Е







2017-2018 оқу жылы

Күні: 13.12.17

Тақырыбы: Тірі организмдердің тіршілік ортасына бейімделуі

Мақсаты: а) оқушыларға тірі организмдердің тіршілік ортасына қалай

бейімделетіндіктері туралы мағлұмат беру. Қоршаған ортада

өмір сүріп жатқан тірі организмдерге қамқорлық жасай білуге

үйрету

ә) қоршаған ортаға деген сүйіспеншліктерін дамыту, ойларын

шыңдау

б)жан-жануарларды қорғауға, табиғатты аялауға тіршілік ортаға

қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ

Әдісі: түсіндіру, топтық жұмыс, талдау

Көрнекілігі: презентация

Барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық даярлық

Сәлеметсің бе,алтын Күн,

Сәлеметсің бе,көк аспан,

Сәлеметсің бе,туған жер,

Сәлеметсіз бе, қонақтар!

Оқушылар көңіл-күйіміз қалай?

Ауа райына көңіл-күй стикерлерін ілу. Олай болса осындай жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастаймыз. Стикерлер арқылы топқа бөлу.

1-топ. Табиғаттағы су айналымы

2-топ. Ауа –Жердің қорғаны

3-топ. Ауа райы


2.Өткен тақырыпқа шолу

«Серпілген сауал»

1-топ Табиғаттағы су айналымы

1.Табиғаттағы су қалыпты жағдайда тұрады ма, қандай өзгерістерге ұшырайды?

2. Су булары жиналып, ауаға көтерілгенде аспанда не түзіледі?

3. Бұлттағы су тамшылары бір-бірімен қосылғанда бұлтта қандай жағдай орын алады?

4. Жерге түскен жауын қайда кетеді?

2-топ Ауа-Жердің қорғаны

1. Жер шарын не қоршап тұрады?

2. Ауаны сипатта

3. Ауа Жерді қандай зиянды нәрселерден қорғайды?

4. Ауаның құрамын ата

3-топ Ауа-райы

1. Ауа-райы дегеніміз не?

2. Ауа-райы болжамын жасаумен кімдер айналысады?

3. Қандай белгілер арқылы температураны бақылап отырады?

4. Жауын ұзақ уақыт жаумаса табиғатта қандай өзгерістер болады?


3.Жаңа сабақ

Жұмбақтар арқылы және сөзжұмбақ арқылы тақырып ашу

Асты тас, үсті тас

Ортасында жанды бас. (тасбақа)


Санай алмай шаршадым,

Найзасы бар қанша мың.

Батыр емес бырақта,

Қашып жүрер жырақта. (кірпі)


Өзі ширақ, өзі қу,

Жүрген жері айқай-шу (түлкі)

Айбат берген жалым бар,
Қайрат берген тәнім бар.
Күркіреймін ақырсам,
Қайсы аңмын,табыңдар. (арыстан)

1 .құмырсқа

2.жолбарыс

3. дельфин

4. арыстан

5.жылқы

6. жираф

7.жылан

8.аққу

9. маймыл

10. қыран

Бүгінгі біздің жаңа сабағымыз: «Тірі организмдердің тіршілік ортасына бейімделуі»

Жануарлар туралы видеороликтер көрсету.

Оқулықпен жұмыс. Берілген мәтінді тізбетеп оқу арқылы әр жануарға жекелей тоқталып өту.

Сергіту сәті.

топтық жұмыс

Жануар

Мекен ететін жері

Немен қоректенеді

Қалай қорғанады

Тасбақа




түлкі




қарсақ







Венн диаграммасы



  • Қорытынды. Жұптық жұмыс.

  • Дұрыс нұсқаны таңдап, сұрақтарға жауап беріңіз.

  • 1. Жануарларға тіршілік ету ортасында өмір сүруге қажетті нәрселерді көрсетіңіз.

  • А) ауа-райы және орман

  • Б) температура, судың және қажетті қоректің болуы

  • В) қорек және температураның жоғары болуы

  • С) қорек тізбегі, ағаш, судың болуы

  • 2. Жыртқыштарға тән қасиеттерді көрсетіңіз.

  • А) қырағы көру, иіс сезу, жақсы есту

  • Б) айналаны көру, жақсы есту

  • В) тәбеттің жақсы болуы, жақсы көру

  • С) жан-жақты қырағы көру, иіс сезу

  • 3. Жемтіктерге тән қасиеттерді көрсетіңіз.

  • А) қырағы көру, иіс сезу, жақсы есту

  • Б) тәбетінің жақсы болуы, жақсы көру

  • В) жан-жақты қырағы көру, жақсы есту, бүркену

  • С) сауытының болуы, қырағы көру

  • 4. Қысқа қарай түгі қалыңдайтын жануарды көрсетіңіз.

  • А) шағала

  • Б ) үкі

  • В) үйрек

  • С) ор қоян

  • 5. Жыл мезгілі ауысқан кездегі қарлығаштардың әрекетін көрсетіңіз.

  • А) Жылы климат іздеп, алысқа ұшып кетеді.

  • Б) Өліп қалады.

  • В) Ұйқыға кетеді.

С) Суыққа тез бейімделеді.

Үйге тапсырма. Жойылып кеткен жануарлар туралы мағлұмат жинап келу

Бағалау. Аю, тасбақа, қобылан суреттері арқылы.




Picture 3 Picture 5




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.06.2018
910
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі