Материалдар / Ашық сабақ "Тізбек бөлігі үшін Ом заңы" 8-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Тізбек бөлігі үшін Ом заңы" 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
материал физика пәнінің мұғалімдеріне арналған қысқа мерзімді жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қырқүйек 2018
4369
20 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 8.4А

Күні:

Сынып: 8


Мектеп: №1 орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Көбеева М.Қ.

Қатысқандар: 12

Қатыспағандар: 0

Сабақтың тақырыбы:


Тізбек бөлігі үшін Ом заңы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.2.6 – тізбек бөлігі үшін Ом заңын есептер шығаруда қолдану

Сабақтың мақсаты:


  • Тізбек бөлігі үшін Ом заңын есептер шығаруда қолданады;

  • Формулаларды түрлендіріп, есептер шығаруда дұрыс қолданады;

  • Ом заңының өмірде қолданылуына мысалдар келтіреді;

Ойлау дағдысының деңгейлері:

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийі

  • Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділігін түсіндіреді;

  • Формулаларды түрлендіреді, есептер шығаруда дұрыс қолданады;

  • Берілген есептердің алгоритмін құрады, шығару жолын түсіндіреді;

Тілдік мақсаттар

Ом заңының физикалық мағынасы мен тұжырымдамаларын ауызша айта алады. Ом заңының формуласын жаза алады (оқылым, айтылым, жазылым)

Пән лексикасы және терминология

Ом заңы, кедергі, кернеу, ток күші.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер

Тізбек бөлігіне арналған Ом заңының тұжырымдамасы ...; ток күші кернеуге _______ пропорционал, кедергіге ________пропорционал.

Құндылықтарға баулу

Еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алуға топтық және жұптық жұмыс арқылы дарытамын

Пәнаралық байланыс

Сызба сызуда сызу пәнімен, Ом заңының формуласын қолданып есептер шығаруда математика пәнімен байланыс орнатамын. Зертханалық жұмыс арқылы зерттеушілік жұмыс жасатамын.

Алдыңғы білім

Ток күші, кернеу, электр тізбегі, меншікті кедергі ұғымдарын біледі.


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

8 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Топтарға бөлу.

Себетпен түрлі түсті жапырақтар әкелу. Оқушыларға себеттен жапырақ алуларын сұраймын. Жапырақтың түстеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.

1-топ «Ампер» тобы – сары жапырақтар

2-топ «Вольт» тобы – жасыл жапырақтар

3-топ «Ом» тобы – қоңыр жапырақтар

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Оқушыларға «Данышпан мен адам» атты аңызды әңгімелеп беру.
«Данышпан мен адам»
Ертеде бір данышпан өмір сүріпті. Ол бәрін біледі екен. Ал бір адам оны көре алмапты. Елдің көзінше оның да бірдеңені білмейтінін дәлелдегісі келіпті. Бірде көп адамдар отырған жерде әлгі адам алақанына бір көбелекті қысып ұстап тұрып, данышпаннан «- Айтшы данышпаным, менің қолымдағы қандай көбелек, тірі ме? өлі ме?» - деп сұрайды. Ол өзі ішінен «Егер тірі десе - мыжып жіберемін, ал егер өлі десе - онда қоя беремін.» деп ойлап тұрады. Данышпан болса, сәл ойланып тұрып «бәрі сенің қолыңда» депті.
Аңызда айтылғандай баланың (оқушының ) өзін табысты, алғыр сезінуінің бәрі біздің қолымызда екен.

Бүгінгі сабақтың да қалай өтуі, нені меңгеретіндерің де өздеріңе байланысты.


Оқушыларды сабақ барысында жасалатын іс-әрекеттер және әдіс-тәсілдермен қысқаша таныстыру /анонс/



Shape1

Бүгінгі сабақта...



  • «Сәйкесін тап» өткен тақырыптардағы материалдарға шолу;



  • Тәжірибе жасау. Ток күші қандай шамаға және қалай тәуелді екенін анықтау мақсатында;



  • «Джигсо» әдісі. Есептер шығару.



  • «Құпия сөз» ойыны. Сергіту сәті.



  • «Кластер» әдісі . Сабақта өтілген материалдарды тиянақтау.



  • «Рефлексия пирамидасы» кері байланыс.



  • Үйге тапсырма.



  • Бағалау.









































(I)«Сәйкесін тап» әдісін пайдаланып оқушыларға өткен тақырыптарға байланысты сәйкестендіру тапсырмасы беріледі. Бұл жеке жұмыс. Тапсырманы орындату арқылы оқушылардың өткен тақырып бойынша білім деңгейін анықтаймын.


Атауы


Анықтамасы

1

Электр қозғаушы күш

a)

Кернеуді өлшейтін аспап?

2

Ток күші

b)

Ток күшін өлшейтін құрал?

3

Электр кернеуі

c)

Еркін электр зарядтарын тасымалдаушылардың реттелген

4

Амперметр

d)

Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасы

5

Вольтметр

e)

Бөгде күштер жұмысының орын ауыстыратын электр зарядына қатынасына тең шама

6

Электр тогы

f)

Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасы


Дескриптор:

  • Физикалық шамаларды анықтамаларын дұрыс ажыратады;

  • Шамаларды анықтамаларымен дұрыс сәйкестендіреді;


Қалыптастырушы бағалау: мұғалім →оқушыны, «смайликтер» арқылы

Рисунок 3 Рисунок 14 Рисунок 16






Себет

Түрлі-түсті жапырақтар

«Ампер», «Вольт», «Ом» сөздері жазылған картондар

Сабақтың ортасы

20 минут






(G) Жаңа материалды біліп, түсінуге жол көрсету мақсатында оқушыларға ашық және жабық сұрақтар қоямын. Мысалы; токтың әрекетін реттеуге бола ма? Ток күші қандай шамаға және қалай тәуелді?

Оқушылар әр түрлі жауаптарын ұсынады.

Жауаптарының дұрыс не бұрыстығын дәлелдеу және проблеманы шешу дағдысын дамыту мақсатында эксперимент жасайды. Әр топ электр тізбегін жинап, АВ өткізгіші арқылы ток өткізеді. Амперметрмен АВ өткізгішіндегі токты, ал вольтметрмен өткізгіштің ұштарындағы кернеуді өлшейді. Ток көздерін ауыстырып және тәжірибені қайталағанда тізбектегі токтың да, өткізгіштің ұштарындағы кернеудің де өзгергенін көреді. АВ өткізгішінің ұштерындығы кернеу қанша есе артса, өткізгіштегі ток та сонша есе артады деген қорытындыға келеді: I~U. Егер АВ өткізгішін басқа өткізгішпен алмастырып, одан кейін ток көздерін ауыстыра отырып олармен дәл осы тәжірибені жасаса, онда да токтың өткізгіштің ұштарындағы кернеудің шамасына пропорционал екенін көруге болады.


Shape2

A

A B

Shape10 Shape8

Shape11

V


Shape14



+ -


Тәжірибеден алынған ток күшінің кернеуге тәуелділігін көрсететін нәтижелердің математикалық өрнегін былай жазуға болады: .

Дескриптор:

  • Оқушылар тізбекті дұрыс жинайды;

  • Ток күші мен кернеуді өлшейді;

  • Ток күшінің кернеуге тәуелділігін зерттейді;


Қалыптастырушы бағалау: топтық бағалау, «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша.

Кері байланыс: ауызша «Жарайсыңдар», «Өте жақсы», «Жақсы» т.б. сөздермен.


Оқулық,

мәтіндер, физикалық құралдар







(G) Оқушылардың тізбек бөлігіне арналған Ом заңын түсінген, түсінбегенін анықтап, адан әрі білімдерін жетілдіру мақсатында «Джигсо»әдісін пайдаланып есептер шығартамын. Бұл әдіс оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттыруға, сын тұрғысынан ойлау және топпен жұмыс істеу, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Сонымен қатар, тілдік мақсат бойынша оқылым, жызылым, айтылым, тыңдалым дағдылары қалыптасады.

Тапсырма 1

1-топ

  1. Өткізгіштен 0,40 А ток өткенде өткізгіштің ұштарындағы потенциалдар айырымы 8,0 В болды. Өткізгіштің кедергісі неге тең?

  2. Электр су қайнатқышы 4А ток күші мен 120В кернеуге есептелген. Су қайнатқыштың қыздыру элементін дайындау үшін қажет нихром сымының ұзндығын табыңдар. Көлденең қимасының ауданы 0,39 мм2. Нихром сымының меншікті кедергісі 1,05·10-6 Ом·м.


2-топ

  1. Электрбұрғы орамының кедергісі 20 Ом. Егер электрбұрғы 19 А ток күшіне есептелген болса, онда оған қандай кернеу берілуі тиіс?

  2. Теңіздегі мұнай мұнарасын жағамен жалғайтын алюминий электр сымының көлденең қимасының ауданы 0,15 см2. Жағадағы операторлық басқару орнында амперметр 4А-ді, вольтметр 30В-ті көрсетсе, электр сымының мұнай мұнарасынан жағаға дейінгі ұзындығын табыңдар.




3-топ

  1. Электр сорғыту қондырғысының кернеуі 45 кВ. Су мен мұнай араласқан қоспаның кедергісі 15 кОм болса, қоспа арқылы өтетін токтың шамасын есептеңдер.

  2. Ұзындығы 20м болатын ұзартқыш диаметрі 1,2мм мыс сымнан жасалған. Ұзартқыштың кедергісі қандай? Егер онымен 10А ток өтсе, ондағы кернеудің түсуі қандай болады?



Дескриптор:

  • Есептердің шартын дұрыс құрастырады;

  • Шамалардың өлшем бірліктерін бір жүйеге келтіреді;

  • Ом заңының формуласын қолданып, есептеулер жүргізеді;

  • Меншікті кедергінің формуласын ескеріп, формуланы түрлендіреді;



Қалыптастырушы бағалау. Әр топтан сайланған эксперттер есеп шығарған оқушыларға баға береді. Сол бойынша ең жақсы атсалысқан оқушыларды «от шашу» әдісімен өзара мадақтайды.


Кері байланыс: ауызша «Жарайсыңдар», «Өте жақсы», «Жақсы» т.б. сөздермен.


Қосымша 2.


Есептер жазылған үлестірме қағаздар


(W) «Құпия сөз» ойыны арқылы оқушыларды әрі сергітіп, әрі сабақ үстіндегі өтілген материалдарды бір қайталап алуына ықпал етемін (ортаға 1 оқушы шығады. Мұғалім сол оқушының басына сөз жазылған картонды ұстайды. Отырған оқушылар сол сөздің сипаттамасын немесе анықтамасын айтады. Ал ортадағы оқушы жасырылған сөзді табу керек).

Құпия сөздер: электр тізбегі, ток көзі, вольтметр, амперметр, ЭҚК, заряд, токтың жұмысы т.б.


Қосымша 3.


Құпия сөздер жазылған парақшалар

Сабақтың соңы

12 минут

(G)«Кластер» әдісі бойынша оқушылар сабақта өтілген материалдарды тиянақтайды. Бұл әдістің көмегімен оқушылардың ақпаратты жинау және сын тұрғысынан ойлау дағдысын дамытамын.



Ток күші

Кернеу

Кедергі

Белгіленуі




Өлшем бірлігі




Тізбекке жалгануы




Өлшейтін құрал




Шартты белгісі





Дескриптор:

  • Ток күшінің параметрлерін жазады;

  • Кернеудің параметрлерін жазады;

  • Кедергінің параметрлерін жазады;


Қалыптастырушы бағалау: «Сэндвич» тәсілі бойынша топтар бір-бірін бағалайды.

Кері байланыс: ауызша «Жарайсыңдар», «Өте жақсы», «Жақсы» т.б. сөздермен.


Қосымша 4.

Плакаттар



«Рефлексия пирамидасы» арқылы оқушылар бүгінгі сабақ бойынша кері байланыс береді.



Үйге тапсырма: Ом заңының қолданылуы жайлы эссе жазу

§38, 18-жаттығу.


Бағалау. Дескрипторлар арқылы


Сабақтың кезеңдері

Дискрипторлар

Ұпай

Ия

Жоқ

«Сәйкесін тап»

  • Физикалық шамаларды анықтамаларын дұрыс ажыратады;

  • Шамаларды анықтамаларымен дұрыс сәйкестендіреді;

[2]




[1]



Тәжірибе жасау.

  • Оқушылар тізбекті дұрыс жинайды;

  • Ток күші мен кернеуді өлшейді;

  • Ток күшінің кернеуге тәуелділігін зерттейді;

[2]


[1]


[1]



«Джигсо» әдісі

  • Есептердің шартын дұрыс құрастырады;

  • Өлшем бірліктерді бір жүйеге келтіреді;

  • Негізгі формуланы қолданып, есептеулер жүргізеді;

[1]


[1]


[2]



«Кластер» әдісі

  • Ток күшінің параметрлерін жазады;

  • Кернеудің параметрлерін жазады;

  • Кедергінің параметрлерін жазады;

[1]


[1]


[1]




14-10 – «Өте жақсы»

9-6 – «Жақсы»

5-3 – «Орташа»

3-тен төмен – «орташадан төмен»








Кері байланыс пирамидасы


Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Саралаудың "Тапсырма",

«Дереккөздер», «Қарқын», тәсілімен

үлкен қолдауға мұқтаж оқушыларды саралаймын.



Күрделі тапсырмаларды орындай алатын оқушыларды «диалог және қолдау» көрсету арқылы саралаймын.


Дескриптор

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

«Смайликтер» әдісі

«От шашу» әдісі

«Рефлексия пирамидасы»

Кері байланыс


Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары


Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?































Қосымша 1.

Атауы


Анықтамасы

1

Электр қозғаушы күш

a)

Кернеуді өлшейтін аспап?

2

Ток күші

b)

Ток күшін өлшейтін құрал?

3

Электр кернеуі

c)

Еркін электр зарядтарын тасымалдаушылардың реттелген

4

Амперметр

d)

Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасы

5

Вольтметр

e)

Бөгде күштер жұмысының орын ауыстыратын электр зарядына қатынасына тең шама

6

Электр тогы

f)

Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасы



Дескриптор:

  • Физикалық шамаларды анықтамаларын дұрыс ажыратады;

  • Шамаларды анықтамаларымен дұрыс сәйкестендіреді;

















Қосымша 2.

1-топ

  1. Өткізгіштен 0,40 А ток өткенде өткізгіштің ұштарындағы потенциалдар айырымы 8,0 В болды. Өткізгіштің кедергісі неге тең?

  2. Электр су қайнатқышы 4А ток күші мен 120В кернеуге есептелген. Су қайнатқыштың қыздыру элементін дайындау үшін қажет нихром сымының ұзндығын табыңдар. Көлденең қимасының ауданы 0,39 мм2. Нихром сымының меншікті кедергісі 1,05·10-6 Ом·м.


2-топ

  1. Электрбұрғы орамының кедергісі 20 Ом. Егер электрбұрғы 19 А ток күшіне есептелген болса, онда оған қандай кернеу берілуі тиіс?

  2. Теңіздегі мұнай мұнарасын жағамен жалғайтын алюминий электр сымының көлденең қимасының ауданы 0,15 см2. Жағадағы операторлық басқару орнында амперметр 4А-ді, вольтметр 30В-ті көрсетсе, электр сымының мұнай мұнарасынан жағаға дейінгі ұзындығын табыңдар.






3-топ

  1. Электр сорғыту қондырғысының кернеуі 45 кВ. Су мен мұнай араласқан қоспаның кедергісі 15 кОм болса, қоспа арқылы өтетін токтың шамасын есептеңдер.

  2. Ұзындығы 20м болатын ұзартқыш диаметрі 1,2мм мыс сымнан жасалған. Ұзартқыштың кедергісі қандай? Егер онымен 10А ток өтсе, ондағы кернеудің түсуі қандай болады?



Дескриптор:

  • Есептердің шартын дұрыс құрастырады;

  • Шамалардың өлшем бірліктерін бір жүйеге келтіреді;

  • Ом заңының формуласын қолданып, есептеулер жүргізеді;

  • Меншікті кедергінің формуласын ескеріп, формуланы түрлендіреді;















Қосымша 3.

электр тізбегі

ток көзі

вольтметр

амперметр

ЭҚК

Заряд

ток жұмысы



Қосымша 4.


Ток күші

Кернеу

Кедергі

Белгіленуі




Өлшем бірлігі




Тізбекке жалгануы




Өлшейтін құрал




Шартты белгісі








Дескриптор:

  • Ток күшінің параметрлерін жазады;

  • Кернеудің параметрлерін жазады;

  • Кедергінің параметрлерін жазады;









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!