Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ. Тыныс алу
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың тақырыбы: Тыныс алу
Мақсаты: Қорғаныштық режимін қалыптастыру, алдағы сабаққа ынталандыру. Дұрыс тыныс алуын қалыптастырып, сөйлеу ережесін, сөйлеу тілін қалыптастыру. Еркін сөйлеуге үйрету. Сөйлеу мүшелерінің қимыл - қозғалысын белсендіру. Дененің бұлшықеттерін және артикуляциялық аппаратты ерікті түрде меңгеру біліктеріне үйрету. Сөйлеудегі дем алуды, әртүрлі дауыс ырғағын және дауыс кірісін қалыптастыру. Сабырлы болуға және денені шынықтыруға баулу.
Сабақтың түрі: Жеке
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, тыныс алу жаттығулары, сергіту сәті, логоритмика.
Диагноз: ЗПР
Сабақ барысы |
||
Сабақ бөлімі |
Жоспарланған іс-шаралар |
Баланың іс-әрекеті |
Қызығушылығын ояту |
Релаксация: Көздеріңді жұмып, бірнеше рет демалып, дем шығарыңыз. Денені бос ұста. Біз теңіз жалауында жүрміз деп ойлаңыз. Теңіз толқындары мен шағалалардың баяу дауыстарын естіп тұрсыз ба? Жалаң аяқ астында жұп-жұмсақ құмды сезесіз бе, теңіз үстінде алыстан бір қара нүктені байқадыңыз, ол не екен? ... ол дельфин, дельфин жүзіп сізді теңіз түбіне саяхатқа алып бару үшін келіп тұр. Жайлар оның арқасына отырып алыңыз да саяхатқа шығыңыз. Теңіз түбіне сүңгіп кеткен дельфин досыңыз сізге бар ыңғайды жасап келеді. Мөп- мөлдір суастында сіз өмірі көрмеген түрлі- түсті өсімдіктер мен балқтың бірнеше түріне тап болдыңыз. Алдыңызда үлкен балықтар өтіп жатыр, ал анау алыстағы Сегіз аяқ болады. Керемет, неткен тыныштық пен сұлулық десеңізші... Кәдімгі көк экрандағыдай көрініс. Осы жағдайда сәл бола тұрыңыз. (мұғалім бірнеше секунд үнсіз тұрады). Ал енді жоғарыдағы өз әлемімізге қайту үшін дайындалыңыздар. Жан- жағыңызға мұқият қарап алыңыз. Неткен тыныштық, неткен сұлулық, осы тыныштықтың сізге қалай әсер ететіндігін есте сақтаңыз. Дельфин жер бетіне қайтпақшы, сіз жағалауға келдіңіз. Дельфиннен түсіп, оны маңдайынан сипап, саяхат үшін оған ризашылығыңызды білдіріңіз. Бөлмеге келіп, өз орныңызға да жеттіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашасыз, бірақ осы тыныштық сезіміңізді сақтап қалуға тырысыңыз. |
Бала барлық жағымсыз ойларын ұмытып, керемет әлемге тап болғандай өзін жақсы сезінуі керек. |
Ұйымдастыру іздену |
-Балалар, сабақта жақсы сөйлеу үшін, тілге арналған жаттығуларды жасап жіберейік! «Күрекше» – жалпақ тілді шығарып астыңғы ерінге ұстап тұру керек. «Мысық» – ауызыңды жартылай ашып, тілдің екі жақ шетін жоғары азу тістерге жапсырып, тілдің ұшын астыңғы тіске тіреп ұстау. «Сағат» – тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек. «Әткеншек» – жіңішке тілді ауыздан шығарып біресе мүрынға созып, біресе иекке созу жаттығуды жасағанда ауыз ашық болу керек. Осылай 10-15 рет қайталау керек. «Тәтті тосап» – жалпақ тілді шығарып жоғары ерінді жалап, тілді ауыз қуысына тереңірек апару. «Ат шауып келеді» – ауызды кең ашып тілді таңдайға жапсыру – айыру немесе таңдай қағу. Аталған жаттығулардан тек әр дыбысқа керекті жаттығулар алынады. Әр жаттығуды 10 рет қайталау. Тыныс алу жаттығуы: «Ауамен ойын» Мұрнымызбен терең, асықпай тыныс алып, тынысты ұстап тұрамыз да 1,2,3-ке дейін санап тынысты жібереміз; Мұрнымызбен терең, асықпай тыныс алып, тынысты ұстап тұрамыз да 1,2,3,4-ке дейін тынысты аузымызбен асықпай жібереміз. Тыныс алып 1,2,3,4,5,6,7,8-ге дейін санап тынысты ұстап үйренеміз. «Дауысты дыбыстармен ән» Терең тыныс алып, «АААААААААА» дыбысын айтып әндетеміз, ең алдымен сыбырлап, екінішісінде дауысымызды шығарып әндетеміз, үшінші рет әндеткенде даусымызды сәл қатты шығарып әндетіп айтамыз. Солай А,У, И, О дауысты дыбыстарын әндету арқылы тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Сергіту жаттығуы Біз арыстанды аулаймыз, одан қорықпаймыз! (біз сөз ырғағына ілесіп, тізені алақанмен шапалақтаймыз) Бізде үүүлкееен мылтық бар: вжик-вжик, Өткір қылыш бар, шик-шик! (біз саусақтардың ұштары бір-біріне тиетін етіп, қылыштың шетін бейнелейтін қолымызды бүктеп, қылыштың ұшын әр иыққа кезекпен тигіземіз) Алда не күтіп тұр? (біз алақанды маңдайға қойдық, алысқа көз жібергендей) -Алдымызда қатты ыстық, сары түсті, ештеңе өспейді, көп құм, ол не? -Шөл дала. -Дәл солай, шөл дала. Біз оның үстінен өте алмаймыз, (біз қолымызбен жоғарыдан доға көрсетеміз) Біз оның астынан өте алмаймыз, (қолымызбен төменнен доға көрсетеміз) Біз оны айналып өте алмаймыз, (біз доғаны екі қолмен көрсетеміз) Жол түзу (қолды алға қарай бағыттау) Барайық! (біз солдаттардың жүрісін саламыз) Фуух, кеттік! (маңдайдан терді сүрткендей) «Раушан гүлі» тыныс алу жаттығуы. (Мұрнымызбен терең тыныс алып, асықпай сөйлемді айтамыз, қарапайым сөйлемнен басталып, күрделене береді.) Қолымызға гүлді алып, оның хош иісін иіскеп: -Раушан гүлі. -Менің қолымда раушан гүлі бар. -Менің қолымда хош иісті раушан гүлі бар. -Менің қолымда әдемі, хош иісті раушан гүлі бар. -Менің қолымда әдемі, хош иісті, ақ түсті раушан гүлі бар. -Менің қолымда әдемі, хош иісті, ақ түсті, керемет раушан гүлі бар. -Қолымдағы әдемі, хош иісті, ақ түсті, керемет раушан гүлін анама сыйладым. -Қолымдағы әдемі, хош иісті, ақ түсті, керемет раушан гүлін 8-наурыз мерекесінде анама сыйладым. Ипполитова бойынша тыныс алу жаттығуы: Ауыз-Мұрын Ауыз-Ауыз Мұрын-Ауыз Мұрын-Мұрын А.Н. Стрельникованың тыныс алу методикасы:
|
Артикуляциялық жаттығуларды айнаға қарап, ереже сай орындайды. Тыныс алу жаттығуларын денені бос ұстап, асықпай терең тыныс алу арқылы орындайды. Гүлдің иісін құмарлана иіскеп, мәнерлер сөйлеуге дағдыланады. Тыныс алу жаттығуын ережеге сай орындайды. Бейне таспаға қарап тыныс алу жаттығуын орындайды. |
Баланың іс-әрекетін бағалау және қортындылау |
-Әдемі сөйлеу үшін қандай ережелерді есте
ұстаған жөн: Оқушыны бағалау: -Құрметті, Нұрперзент! Сабақта өзіңізді еркін ұстап, мақсат қойып, сол мақсатқа жете білгеніңіз үшін, «Ең керемет дауыс» деген белдікпен марапатталасыз!
Нұржан |
Ережені түсініп, оны өмірде пайдалануы тиіс. |
Педагог-логопед: Самартаева К