Ашық сабақ "Үй жануарлары"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Үй жануарлары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге балабақшаға керек сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:Үй жануарлары қалай дыбыстайды?

Мақсаты: Балаларды халық ауыз әдебиеті шығармашылығына баулу.

Дыбыстардың дұрыс айтылуын, байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру.

Білімділік міндет: «М, р» дыбыстарына артикуляциялық жаттығу жасату.

Дамытушылық міндет: Үй жануарларымен таныстыру. Жануарлардың дауыстары жазылған үнтаспаны тыңдату арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік міндет: Жануарларға қамқорлық жасау керектігін түсіндіру.

Көрнекіліктер: үй жануарлары бейнеленген сурет, ойыншықтар (сиыр, жылқы, қой, түйе), үй жануарларының дыбыстары жазылған үнтаспа.

Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық






Балаларды шеңберге тұрғызып,«Төлдер» әнін тыңдатады, қошақанның суретін тақтаға іліп қояды:

Қошақаны қойдың,

Қайда қалып қойдың?

Бұлтиып тұр бүйірің,

Қай өрістен тойдың?

Қошақанға және бір-бірімізге ым-ишарамен амандасайық.







Ұйымдастырушылық

ізденістер

Балалардың көңілін суретке аударады.

Балалар, кәне, бәріміз мына суреттерге қарайықшы! Суреттен нелерді көріп тұрмыз? (Балалар білгенінше атап шығады). Бұларды үй жануарлары деп атаймыз. Себебі оларды адамдар бағады, тамақ беріп баптайды, күтеді. Олардың сүтін ішеміз, етін жиміз, жүні мен терісінен киім тоқимыз.


Суреттен көрсетіп, жылқының, сиырдың, қойдың түстері сұралады. Үй жануарларын қайдан көргендері туралы сұралады.

Топта ойыншық үй жануарлары бар ма екен? (Көрсетеді, оларды сипаттауды сұрайды).

Түсінуге тырысады. Сұрақтарға жауап беруге талпынады. Сипаттауға ұмтылады.

Мынау – сиыр, түсі қара, үлкен т.б.

Әкелген құлыншақ, ботақан, қой, сиыр ойыншықтарын алып, енді осылардың қалай дыбыстайтынын айтып жаттығамыз деп ұсыныс жасайды.

Қой: «мә-мә», – деп маңырайды;

Сиыр: «мө-мө», – деп мөңірейді;

Түйе: «бө-бө», – деп боздайды;

Жылқы: «иһо-иһо», – деп кісінейді.

Сергіту сәті.

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып аламыз.

«Дауысынан таны?» дидактикалық ойыны. Үнтаспадағы жануарлардың дауысынан қай жануар дыбыстап жатқанын табады. Бірге қайталайды.

Дауыстарын салады.

2. «Төлдерді енесімен қос!». Суреттен үй жануарлары мен олардың төлдерін сәйкестендіреді. Үй жануарлардың аттарын айтады, сызық арқылы қоса отырып, енесіне қалай дыбыстап баратынын айтады.

Балалармен артикуляциялық жаттығу жасау «М-м-м мөөө», «м-м-м мәәә»







Балаларға дауыстарын айтқызып қайталатады.

Рефлексиялық – түзетушілік

Маңырайды, мөңірейді сөздерін айтып үйренеді.

Балалар түрлі дауыстар салып, жаттығып үйренеді.


Күтілетін нәтиже:

жасайды: үй жануарларының аттарын;

түсінеді: сәйкестендіру тапсырмасын дұрыс орындау дағдысын;

қолданады: үй жануарларының пайдасы туралы түсінікті.

Қорытынды:



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.12.2020
346
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі