ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ
БАСҚАРМАСЫ» ММ
«ТАЛДЫҚОРҒАН
АГРО-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК
КЕЛІСЕМІН
Колледж
әдіскері:
М.Б.Балтабаева
___________
БЕКІТЕМІН
Директордың оқу
ісі
жөніндегі орынбасары:
А.Р.Жуманбаев
_______________________
«Ұйым
экономикасы»
пәні бойынша ашық
сабақтың
Ә д і с т е м е л і к ә з і
р л е м е с і
Сабақтың
тақырыбы: «Ұйымның бизнес-жоспары,
негізгі бөлімдері бойынша жұмыс»
Дайындаған: арнайы пәндер
педагогі:
С.К.
Калияскарова
Экономикалық, бухгалтерлік және
экологиялық
пәндік–циклдік
комиссия отырысында
қарастырылып,
бекітілген.
Хаттама №3 «01» 11.
2021ж.
ПЦК
төрайымы:
______________Г.М.Иманбаева
Талдықорған қаласы, 2020-2021
оқу жылы.
Кіріспе
Бұл
берілген әдістемелік әзірлемесі 0518000 "Есеп және аудит" мамандығы
бойынша «Ұйым экономикасы» пәнінен ашық сабаққа арналған.
Сабақтың
мақсаты- бизнес-жоспарды құру
мақсатын, мәнін білу, маркетингтік жоспарды құрастыру негізінде
ұйымның бизнес-жоспарының бөлімдері бойынша бизнес-жоспар құруды
үйрену, нарықты зерттеу. Белгілі бір бизнес идея бойынша стартап
негізінде бизнес идеяның ережелері мен бизнес-модель канвасының
элементтерін ескере, бизнес-жоспардың мәнін және оның құрылымын анықтау,
бизнес-жоспарлардың жіктелуі және олардың әр түрлерінің
ерекшеліктеріне назар аудару.
Ұйым қызметінің сипаттамасы бойынша әкімшілік, өндірістік,
маркетингтік, қаржылық бөлімдері бойынша топтастыру олардың
бөлінулерін өндірілетін ізгі және игі қызмет көрсетулерде ұйғаруға
талпыныс жасау арқылы берілген топтастыру ұйымның бөлімше
құралдары, өндірістік факторларының белгілері бойынша топтастыруы
кәсіпорынның еңбек, капитал, материал, ғылыми сыйымдылықтарын
қарастырады. Құқықтық мәртебе бойынша Қазақстан Республикасында
ұйымдық-құқықтық формаларын
анықтайды.
Тәжірибелік сабақтың
технологиялық картасы №12
Пәннің атауы: Ұйым
экономикасы
Сабақтың тақырыбы:
«Ұйымның бизнес-жоспары, негізгі бөлімдері бойынша жұмыс»
Топ: 373
Күні:17.11.2021ж.
Сабақтың түрі:
Тәжірибелік сабақ
Сабақтың әдісі:
баяндау сабағы, жеке, топтық жұмыс, сұрақ-жауап, зерттеу-ізденіс
жұмысы.
Сабақтың
мақсаты: бизнес-жоспарды құру мақсатын,
мәнін білу, маркетингтік жоспарды құрастыру негізінде ұйымның
бизнес-жоспарының бөлімдері бойынша бизнес-жоспар құруды үйрену,
нарықты зерттеу. Белгілі бір бизнес идея бойынша стартап негізінде
бизнес идеяның ережелері мен бизнес-модель канвасының элементтерін
ескере, бизнес-жоспардың мәнін және
оның құрылымын анықтау, бизнес-жоспарлардың жіктелуі және олардың
әр түрлерінің ерекшеліктеріне назар аудару.
Бағалау критерийлері:
-
Маркетингтік жоспарды
құрастыру, нарықты зерттеу;
-
Бизнес-жоспарды құру мақсатын,
мәнін білу;
-
Ұйымның бизнес-жоспар
құрылымына қатысты бөлімдерді қамту;
-
Қаржылық көрсеткіштерді
есептеу;
-
Қоғамда болып жатқан проблемалық жағдайларға
байланысты қорытынды шығарып талдау жасау.
-
Жеке стартаптары
үшін бизнес-жоспар жасай білу.
Нәтижесі:
-
Бизнес жоспардың бөлімдері
жайлы, бизнес-жоспарды құру мақсатын,
мәнін біледі;
-
Жоба барысында қаржылық
көрсеткіштерді есептеуде өлшем бірліктерді
қолданады;
-
Жоспардың орындалуының
маңыздылығын талдайды;
-
Маркетингтік жоспарды
құрастыру, нарықты зерттейді;
-
Ұйымның бизнес-жоспар
құрылымына қатысты бөлімдерді қамтиды;
-
Қаржылық көрсеткіштерді
есептей алады;
-
Қоғамда болып жатқан проблемалық жағдайларға
байланысты қорытынды шығарып талдау жасайды.
-
Бизнес-жоспардың негізгі бөлімдерін
талдайды;
-
SWOT сараптама жасайды, бизнес-жоспар құрылымын
анықтайды;
Пән аралық
байланыс: «Қаржылық есеп», «Бухгалтерлік есеп теориясы»,
«Математика», «Экономикалық талдау»
Пәнішілік
байланыс: Басқарудың ұйымдастырушылық
құрылымы мен құрамын анықтау.
Сабақтың
жабдықталуы: Интерактивті тақта,
тақырыптық слайдтар, бизнес-жоспар
үлгілері.
Сабақты жүргізу кезеңдері:
I.
Ұйымдастыру кезеңі:
1.
Білім алушылармен сәлемдесу.
2.
Сабаққа қатысуын тексеру.
3.
Топтың сабаққа дайындығын тексеру.
II. Үй тапсырмасын тексеру: (8-10 мин)
-
CLIL әдісі бойынша
өткен тақырыптың термин сөздіктеріне түсініктеме беру.
-
Қазақ тілінде
|
Орыс тілінде
|
Ағылшын тілінде
|
Стратегия
|
Стратегия
|
Strategy
|
Өткізу
арналары
|
Каналы сбыта
|
Sales channels
|
Бизнес-модель
|
Бизнес-модель
|
Business model
|
Бизнес-идея
|
Бизнес-идея
|
Business idea
|
Ұйым
|
Организация
|
Organization
|
Серіктестер
|
Партнеры
|
Partners
|
Тұтынушылар
|
Потребители
|
Consumers
|
Бизнес-жоспар
|
Бизнес план
|
business plan
|
2. Венн диаграммасымен жұмыс
жасау.
Тапсырма:
1) Бизнес идеяға тән ерекшеліктерін
жазыңыз.
2) Бизнес жоспарға тән ерекшеліктерін
жазыңыз.
3) Екі терминнің ортақ белгілерін
жазыңыз.
4) Венн диаграмасына атау
беріңіз.
III.
Тәжірибелік жұмыс барысы
БІЛУ.
(5
мин)
Бизнесті бастағанда бастапқыда барлығы жақсы көрінеді. Бірақ
ертеңге, болашаққа жоспар жасап үйрену қажет.
Марк
Стивен
Бизнес-жоспар— бұл кәсіпкерлік қызметтің барлық негізгі аспектілері
сипатталатын құжат, кәсіпкер тап болуы мүмкін басты проблемаларға
талдау жасалып және осы проблемаларды шешудің негізгі тәсілдері
айқындалады.
Бизнес-жоспар не үшін қажет?
Бизнес жоспар:
-
кәсіпкерлер
үшін
-
несие алу үшін
-
инвесторлардың
қаражаттарын тарту үшін
-
біріккен кəсіпорын үшін
-
жаңа қызметкерлер тарту
үшін
-
басқа компаниямен бірігу
үшін керек
Бизнес-жоспардың
құрылымы:
1. Түйіндеме
2. Кәсіпорын
сипаттамасы
3. Өнімнің (қызметтің)
сипаттамасы
4. Ұйымдастыру
жоспары
5.
Өндірістік-технологиялық үдеріс
6. Маркетинг
стратегиясы
7. Қаржылық жоспар
8. Әлеуметтік –
экономикалық тиімділігі және қоршаған ортаға ықпалы
9. Тәуекелдерді
бағалау
ТҮСІНУ.
(15 мин)
«EGG DROP» ойыны.
Ойын барысында ресурстарды дұрыс пайдалану қаншалықты маңызды
екенін түсіне аласыз. Бастапқы кезде сізде табысқа жетудің бірдей
мүмкіндіктері болады. Тек сіз өзіңіздің - қаржылық, материалдық,
адами, зияткерлік ресурстарыңызды қалай дұрыс басқара алатыңызға
байланысты, тапсырманы да солай сәтті орындай алатыңызды анықтай
аласыз.
Ойын ережелері
Сізде бар виртуалды ақшаны (5000 алтын) пайдалана отырып, сіз бұдан
әрі қажет болатын ресурстарды сатып алуыңыз керек. Алынған
ресурстар арқылы, сіз адам бойына тең биіктіктен жұмыртқаны
тастағанда, ол жұмыртқаның жарылмауына мүмкіндік беретін
конструкцияны салуыңыз керек.
Ресурстар
Бастапқы капитал: 5000 алтын.
Ресурстар құны:
1 м.
скотч – 1000 алтын, қағаз құжаттарды сақтауға арналған файл – 800
алтын, пластикалық түтік – 300 алтын, кеңсе резеңкесі – 100
алтын.
Ойын барысы
1.
Командаларға бөлініңіз;
2.
Әрбір команда ресурстарды сатып алуға болатын виртуалды 5000 алтын
алады. Жұмыртқаның жарылуына мүмкіндік бермейтін конструкцияны салу
үшін сізге қандай ресурстар қажет екенін команда ішінде талқылаңыз
- 5 минут.
3. Енді
сіз өз конструкцияңызды құруға кірісе аласыз - 10 минут.
4.
Ішінде жұмыртқасы бар сіздің конструкцияңыз дайын болған соң,
мұғалім оның беріктігін тексеру үшін оны өз бойына тең биіктігінен
лақтырады.
Ойыннан не түсіндіңіз?
Егер сіз тапсырманы орындай алсаңыз - сізді құттықтаймыз! Сіз –
тамаша командасыз, және сіздің табысыңыз – ол сіздің
ұйымшылдығыңыздың және барлық қолда бар ресурстарды шебер
пайдаланудың жемісі. Егер сіздің жұмыртқа жарылып қалса –
көңіліңізді түсірмеңіз және қайта ойыннан қандай тұжырым алуға
болатынын ойланыңыз. Сіздің қатеңіз неде болды? Сізде екінші
мүмкіндік болғанда, сіз оны қалай түзететін едіңіз? Сіз командалық
жұмысыңызды басқаша ұйымдастырар ма едіңіз?
ҚОЛДАНУ
(25
мин)
Жаңа сабақты өткен тақырыппен байланыстыру мақсатында «Бизнес
идеяның 5 ережесі» мен «Бизнес-модель канвасының» 9 элементтерін
қамти отырып, өз стартаптары бойынша бизнес жоспардың 9 бөлімін
негізге алып, бизнес жоспар жасау.
1-топ:
Әкімшілік бөлімі (1, 2, 3 бөлімдері бойынша жұмыс жасау)
2-топ:
Өндірістік бөлімі (4, 5 бөлімдері бойынша жұмыс жасау)
3-топ:
Маркетингтік бөлімі (6, 7 бөлімдері бойынша жұмыс жасау)
4-топ:
Қаржылық бөлімі (8, 9 бөлімдері бойынша жұмыс жасау)
ТАЛДАУ
(20
мин)
Тапсырма
Өз
идеяларыңызды жүзеге асыру үшін нақты қадамдарды сипаттап, құрылған
бизнес жоспарды қорғау.
ЖИНАҚТАУ
(5
мин)
Кез келген ұйымның алға жылжуы, мақсатқа жетуі, қаржылық
тұрақтылығы «4Р маркетинг-миксқа» байланысты болғандықтан, бизнес
жоспар құрылымы бойынша нарықтағы рөлін оларды
ұйымның мақсатты клиенттердің қажетін өтеу үшін, бәсекелестерден
ерекшелену, тұтынушыларды ұстап қалу үшін қалай пайдалана
алатындығын жіктеу.
1топ
PRODUCT (Өнім)
2топ PRICE
(Баға)
3топ PLACE
(Бөлу)
4топ PROMOTION
(Алға жылжыту)
Рефлексия:
Сабақты қорытындылау: (5 мин)
-
«3Б стратегиясын» қолдану:
- біздің артықшылығымыз;
- біздің кемшілігіміз;
- біздің жетістігіміз.
-
Сабақ бойынша қорытынды
шығару, студенттердің жауаптарын бағалау,
-
Студенттердің сұрақтарына
жауап беру.
YIII. Үйге тапсырма: (2 мин)
-
Далалық зерттеуді пайдаланып, бизнес жоспарды
толықтыру.
-
Бизнес жоспар құрылымын
қолдануды жүзеге асыру.