Ашық сабақ Ұлт бірлігі - ұлы байлық.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Ұлт бірлігі - ұлы байлық.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сынып сағаты, "Ұлт бірлігі - ұлы байлық" , жас мамандарға көмек болады деген ойдамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Іс-шара  тақырыбы: «Ұлт  бірлігі – ұлы байлық»

Сабақтың мақсаты: көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Безендірілуі: «Ұлт  бірлігі – ұлы байлық» сөзі жазылған плакат, суреттер, шарлар, жалаушалар, суреттер, видеомаериал.

Іс-шараның барысы:

Мұғалім: Армысыздар құрметті қонақтар, қадірлі балалар! 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне арналған «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» атты сынып сағатымызға қош келдіңіздер!

1мамыр – Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі мерекесі құтты болсын!

Мерекелік іс – шарамызды бастамастан бұрын, алдымен амандасып алайық. Барлықтарыңыздың тұруларыңызды сұрап, түрлі халықтар қалай амандасатынымен танысып, солар сияқты амандасып алайық.

Қазақтар – қол алысады

Италияда – құшақтасады

Бразилияда – бір – бірінің иығын қағады

Зимбабада – арқасымен амандасады

Македонияда – шынтақпен

Жапонияда – иіліп сәлем береді.

Австралияда шапалақ, немесе секіреді екен.

Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Олардың салт-дәстүрлері, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасалған.

Қазақстанда жүзден аса ұлттар мен ұлыстар тұрады. Олардың барлығы дерлік еліміздің ашық аспаны мен көкшіл туының астында бейбіт өмір кешіп жатыр. Түріне, нәсіліне қарамастан теңдей білім алып, Қазақстан Республикасының Ата заңы негізінде өздерінің Отанына айналған қазақ еліне барынша қызмет етіп, беделін үстем етіп келеді. Кеңпейілді қазақ халқының дархан даласы жайлаған барша ұлт өкілдері қазақ жерін «Отаным» дейді.

 Құрметті қонақтар, біздің алдымызға бүгін 4 түрлі ұлт өкілдері келіп отыр. Олар орыстар, қазақтар, украиндер және өзбектер. Құттықтау сөзін оларға берейік.

1.Әр ұлт өз тілдерінде құттықтау сөздерін айтады.

Қазақтар:

Аружан: 

Сырдың бойы ежелден – ақ жайлаған

Орыс, қазақ қатар қонған бай далам,

Халықтардың достығының айғағы

Бүгінгі күн мерекеде жайнаған.

Балым: Тәуелсіздік кеңдігі

Кескен халық бірлігі.

Ынтымағы барша елдің,

Нұрын шашқан күн бүгін.



Орыстар:

Айару: С днем Единства поздравляем

Счастья, радости желаем!

Жалғас: Процветай наш Казахстан

Будем дружно жить мы там!



Өзбектер:

Ерсаян:

Эльвира: Биринчи мой халықлар бирлик куни барданник қутлуә булсин!

Абылайхан: Байрам мубарак булсин хадирли дустлар!



Украйндер:

Жәмила: Щіро вітаю зі святом, любий друже, желаю щоб краще в світі жилося!

МадинаБожаю всьего найкращего!



-Ал енді балалар сендерге мынандай сұрақ сендер осы елдер туралы не білесіңдер? Таныстырып өтсеңдер.





2.Әр ұлт өздерін таныстырады.

Қазақтар:

Қазақстан! Біздің туған жеріміз осылай аталады. Қазақ жері ұлан-байтақ. Қазақстан дүние жүзіндегі көптеген мемлекеттер таныған ел. Оның өз Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар. Еліміз өз егемендігін 1991 жылы 16 желтоқсанда алды. Еліміздің халқының саны 19 миллионнан астам. Қазақстанда 136 ұлт өкілдері тұрып жатыр. Қазақстанның бас қаласы-Астана.

Қазақтардың ұлттық тағамы бешбармақ, қуырдақ, бауырсақ.

Қазақтың ұлттық ойындары: Алтыбақан, қыз қуу, аударыспақ,көкпар, сақина салу, арқан тартыс т.б. Ұлттық валютасы-теңге. Мемлекеттік тілі- қазақ тілі.



Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман.





Өзбектер.

Өзбекстан - көп ұлтты мемлекет. Өзбекстанда өзбектерден басқа көптеген басқа ұлт өкілдері бар.

Өзбек халқы өте қонақжай және өз үйінде қонақ болуды абырой деп біледі.

Өзбекстанда жүзім, қауын, өрік, алмұрт, алма, шие, анар, лимон, інжір және құрма сияқты жемістер өте көп өседі. Көкөністер де өте көп, мысалы баклажан, бұрыш, репа, қияр және керемет қызанақ. Сондай-ақ көкөністердің аз танымал түрлері - жасыл шалғам, сары сәбіз және ондаған асқабақ пен асқабақ сорттары.

Ең танымал өзбек тағамы - палау. Оны қуырылған ет, пияз, сәбіз және күрішпен дайындайды. Кейде мейіз, бөріқарақат, ноқат немесе басқа жемістер қосылады.

Шай - ең жақсы шығыс дәстүрлеріндегі құрметті сусын; бұл қонақжайлылықтың сусыны. Шай алдымен қонақтарға, содан кейін отбасы мүшелеріне беріледі.


Орыстар.

Ресей көпұлтты елдер қатарына жатады, мұнда 160 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. 100-ге жуық ұлттар мен ұлыстар Ресейдің; байырғы халқына жатады. Саны жөнінен басымы — орыстар, олар Ресей халқының 80%-ын құрайды.

Астанасы – Мәскеу. Мемлекеттік құрылымы – федерациялы республика. Заң шығарушы орган – Мемлекеттік Дума. Мемлекеттік тілі – орыс тілі. Ұлттық валютасы – рубль.

Ресейде жоғары дамыған ауыл шаруашылығы дәнді дақылдары, химия, құрылыс, машина жасау. Ресейдің Солтүстік-Батыс экономикалық ауданының ең ірі қаласы – Санкт-Петербург



Украина

Украина - Еуропада толық орналасқан ауданы бойынша ең ірі мемлекет. Украинаның астанасы – Киев. 6-10 ғасырлар тоғысында құрылған Еуропадағы ең көне қалалардың бірі.

Украиндықтардың дәстүрлі киімдері қолдан тоқылған кенептен жасалған шалбар, жейде, белдеулік және кеуделік киім, сыртқы киім, баскиім, аяқкиім, әшекей бұйымдардан тұрады.

Нанды қышқыл қамырдан домалақ, ұзынша қалыпта (паляница, хлібина, бохан) пісірген. Ішіне түрлі нәрселер салынған бәліштер мен жұқа нандар (перепічки, opішки, пампушки) кеңінен таралған.

Украиндықтардың әйгілі тағамы борщ. Оның түрлі дайындау тәсілдері бар. Күнделікті тағамдар ішінде сүт тағамдары көп. Ұлттық тағамдар тұрып жатқан аймақтардағы тағамдар есебінен толығып отырады. Кубаньда украиндықтар адыгей ірімшігін, Башқұртстан мен Қазақстанда – қымыз және айран жасайды.



Әр ұлттың өзінің, салт – дәстүрі болады. Біздің қонақтарымыз да бос қол келмепті. Олардың өнерлерін тамашалайық!



3.Әр – ұлттың өнерін тамашалау.

Қазақтар: «Қара жорға биі» Арнұр,Нұрислам, Балым,Аружан

Орыстар:  «Частушки» айту Жалғас, Ахмад, Айару, Дария

Өзбектер: «Нозли гулим» биі, Айсулу

Украйндер: «Ты ж мэнэ педменула», Жамиля, Дина, Мадина, Қанат



4. «Бейбітшілік символы»  көгершінге тілек жазу.

Мұғалім: Ал қазір, сіздерге көгершіннің суреті беріледі, соған әр ұлт өздерінің тілектерін жазып, тақтаға жабыстырады.

- Балалар көгершіндерге жазған тілектерің орындалып, әрқашан Қазақстанның туы көкте желбірей берсін, халықтар арасындағы татулық, бірлік, ынтымақ ешқашан бұзылмасын.

«Егеменді Қазақстан» әнімен аяқтау.

Мұғалім: Құрметті қонақтар, балалар сіздерге шексіз алғысымды айтамын. Осымен Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне арналған сынып сағатымыз аяқталды. Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын.
















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.05.2024
424
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі