Материалдар / Ашық сабақ Ұлы Жібек Жолы 4-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Ұлы Жібек Жолы 4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы Жібек Жолының пайда болуын және тек сауда мен шаруашышылықты дамытушы ғана емес халықаралық қатынастар мен мәдиниетті таратушы жол ретінде мағызын ашып көрсету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Наурыз 2022
372
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақжайық ауданы

Шабдаржап ауылы

Харькин ОЖББМ

Бигельдиева Г.Т.

2. Еңбекке баулу. 2 сынып.

Сабақтың тақырыбы: Шырша ойыншықтарын жасау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың алған білімдерін тәжірибе арқылы байланыстырып, түрлі-түсті қағаздан құрастыру арқылы шырша ойыншықтарын жасауға үйрету.

Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, көркемдік шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: өз Отанына сүйіспеншілігін арттару, оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, ұқыпты-лыққа, үнемшілдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: иллюстративті-түсіндіру; сұрақ –жауап; жеке дара, топтық сарамандық жұмыс,

Көрнекіліктер: 1/ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың портреті, Мемлекеттік Рәміздердің суреттері, Рәміз авторларының суреттері.

2/Шырша, Аяз ата,Ақшақар суреттері.

3/Оқушыларға арналған тапсырмалар.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану,музыка.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

а/Сәлемдесу.

ә/Оқушылардың құрал-жабдықтарын тексеру.

ІІ. Өткенді қайталау.

-Қазір жылдың кай мезгілі?

-Қыс мезгілінде неше және қандай айлар бар?

-Желтоқсан айында еліміздің қандай атаулы мерекелері бар? /Тұңғыш Президент күні, Тәуелсіздік күні,Жаңа жыл/

Иллюстративті сұрақ-жауап.

-Мына суреттерге назар аударайық. Бұл суреттердің артыңда осы желтоқсан айында өткен тақырыптар бойынша сұрақтар бар. Сұрақтарға толық жауап бергеннен кейін бүгінгі жаңа сабақтың тапсырмасын тауып, орындаймыз.

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың портреті.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев-Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті. «Елбасы» титулының иегері.1991 жылы желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасының Президентінің жалпыхалықтық сайлауында жеңіске жетті.

Сұрақ: Табиғи материал түрлерін ата? /жапырақтар, дәндер, өсімдік сабақтары, ағаштың бұтағы, тамыры, безі, қабығы, тастар, кепкен гүлдер т.б./

2.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері.

Сұрақ: Табиғи материалдарды өңдеуге қолданылатын құрал- жабдықтар мен материалдар. /инелер, жіп, сым, ермексаз, біз, пышақ, қайшы, қысқаш, балға, қылқалам, ермексазға раналған қалақша, тақтайша, ПВА желімі, үтік./

3.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының авторы-Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков.

Сұрақ: Ағаштан алынатын табиғи материалдардың түрлері? / бұтағы, діңі, безі, жапырағы, қабығы, тамыры/

4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңасының авторлары- Жандарбек Мәлібекұлы Мәлібеков, Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан.

Сұрақ: Ағаш материалдарын қалай кептіреді? /Тазалайды,қабығын аршиды, артық бөлігін кеседі, кебу үшін құрғақ жерге қояды./

5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының авторлары:

сөзін жазған-Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов

әнін жазған- Шәмші Қалдаяқов.

Сұрақ: Жапырақты үтікпен кептіру үшін не істейді? /ол үшін жапырақты қағаздың арасына салып, оның үстінен екі жағынан да қыздырылған үтікпен 2-3 минут басады./

6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңасының суреті.

Сұрақ: Флористика деген не? / өсімдік жапырақтары мен гүлдерден жасалған жапсырмалау.

Сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушыларға қар суреттері беріледі. Тақтадағы суреттерді түгел алғанда, шыршаның суреті ілініп тұр.

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.

Шырша республикамыздың салқын аймақтары мен таулы өлкелерінде өседі. Шыршаның жапырақтары ине тәріздес болады. Сондықтан шыршаны «қылқан жапырақты ағаш» деп айтады.

Шыршаның бүрі ұзынша, жұмыр болып өседі. Шырша өте баяу өседі, отыз жылда толық өсіп-жетіледі. Ол қорғауға алынған, кесуге рұқсат етілмейді.

Жаңа жылдық шырша ағашы сұлу әрі сәнді болуы үшін неше түрлі ойыншықтарды ілеміз.

Олай болса , ойыншықтарды өзіміз жасап үйренейік.

ІV.Сарамандық жұмыс.

1ойыншық.Түрлі-түсті қағаздан шаблонның көмегімен радиусы 4см тең дөңгелектер дайындап аламыз. Бізге мұндай дөңгелектердің төртеуі керек. Ол үшін 10 см шаршы тәрізді қағазды екіге бүктейміз, оны тағы екіге бүктейміз. Алдыңғы бөлшегіне шаблонның көмегімен шеңбер сызамыз, оны қиып аламыз. Төрт дөңгелек дайын болды.

Осы дөңгелектерді ортаңғы сызығы бойынша бүктеп , әр дөңгелектің жарты беті келесі дөңгелектің жаты бетіне беттестіріп желімде. Бір-біріне жартылай беттескен 4 дөңгелектен төрт қырлы ойыншық пайда болады.

2 ойыншық. Түрлі түсті қағаздан тіктөрбұрыш дайында . Арақашықтығын 1-2 см-ден қатпарлап бүкте . Қатпарланған қағазды дәл ортасынан жіппен буып, екі жағындағы шеткі қатпарларды біріктіріп желімде.

Шынжыр жасау.Түрлі түсті 8 см шаршы тәрізді қағазды екіге бүктеп , бүктеген жерден қайшымен қиямыз. Қиылған қағазды екіге бүктеп тағы ортасынан қайшымен қиямыз.Шыққан қағазды тағы екіге бүктеп тағы ортасынан қайшымен қиямыз. Бізде 8 бөлік қағаз жолақтары шығады. Әр оқушы 3 сыныптастарына 2 қағаз жолақтарын беріп , басқа түсті 6 қағаз жолақтарын сыныптастарынан алады. Түрлі түсті шынжыр жасайды. Жасап болғасы бір –бірімен бекітеді. Қызғалдақ Абылайдың шынжырымен, Абылай Тоғжанның шынжырымен т.с.с.

Жасалған ойыншықтар мен шынжыр тақтадағы шыршаға ілінеді.

V.Сабақты бекіту.

Шыршамызға әдемі ойыншықтар іліп, шынжырмен безендірдік. Енді әндерімізді айтып Аяз Ата мен Ақшақарды шақырайық.

Жаңа жыл

Жаңа жылды қарсы алып

Барлық бала ән салып

Ақшақар жүр би билеп,

Қол соғады барша жұрт.

Шыршамыз да керемет,

Ойыншықтар да тағылған

Алыс жақтан келіп тұр

Аяз-Ата сағынған.

Бүбіш Қанапияқызы.

Ақшақар сұрақтары:

1.Шырша ағашы республикамыздың қандай жерлерінде өседі?

2.Шыршаның жапырақтары қандай болады?

3.Шыршаны қандай мерекеге әшекейлейді?

4. Шырша ойыншығын қандай геометриялық денеден жасадық?

5.Неше дөңгелек дайындадық?

VІ.Бағалау.

Аяз Атаға жинаған қарларыңды беріп, қар санына байланысты бағаларын алады.

VІІ.Үйге тапсырма беру.

74 беттегі көрсетілген шығармашылық үлгілерге қарап шырша ойыншықтарын жасап келу.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!