7-сынып, биология
Тақырыбы: Ұлулар типі. Басаяқты
ұлулар класы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі
– ақпараттық технология мен сын тұрғысынан
ойлау технологиясын пайдалана отырып, басаяқты ұлулар
класының құрылысы және маңызы жайлы білімдерін
кеңейту.
Дамытушылығы
– оқушылардың іс – әрекетін
басқару арқылы ой таласын туғызу, оқу материалдарының
мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы оқушының білім – біліктілігін
дамыту.
Тәрбиелілігі
– табиғатты, тірі жәндіктерді қорғауға, аялауға
үйрету, сүйіспеншілік, қамқорлық сезімін
ояту.
Құрал-жабдықтар: интерактивтік тақта, слайд, тірек –
сызбалар, плакаттар, кітап
Сабақтың
типі: аралас сабақ
Сабақтың
түрі: топтық сайыс
Сабақтың
әдісі: анықтау, салыстыру, суреттеу,
жинақтау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі
Сәлемдесу. Оқушыларды
түгендеу. «Жартыңды
тап»
әдісі бойынша оқушыларды топқа
бөлу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
кезеңі
I «Миға
шабуыл» бөлімінде, үйге
берген тапсырманы пысықтау барысында «Менен сұрақ, сізден
жауап» сұрақ – жауап әдісін
пайдалану.
I
– топ.
-
Ұлулардың дене құрылысы неден тұрады?
(бастан, тұлғадан, аяқтан, бақалшақтан және бақалшақ
қалдығынан).
-
Ұлулардың буылтық құрттардан негізгі
айырмашылығы? (денесі буылтықтарға бөлінбейді).
-
Ұлулардың негізгі қозғалу мүшесі?
(аяқ).
-
Ұлулардың қаны? (түссіз, көгілдір ұлулар да
бар).
-
Ұлулардың тыныс алу мүшесі: (құрлықта –
өкпемен, суда – желбезектермен).
-
Түрленіп даму дегеніміз не? (жұмыртқадан
дернәсіл дамиды, ал дернәсілден ересек жәндік
өседі).
-
Қосжақтаулы ұлулар деп аталу себебі?
(бақалшағы ашып – жабылатын екі жақтаудан
тұрады).
II – топ.
-
Ұлулардың кластарын ата: (бауыраяқтылар,
қосжақтаулылар, басаяқтылар).
-
Тұлғадан қандай ерекше қатпарлы қабат
түзіледі? (шапанша «мантия»).
-
Ұлулардың қантарату жүйесі қандай?
(ашық).
-
Ұлулардың жүрегіне сипаттама бер: (жүректе
бір немесе екі құлақша, бір қарынша болады. Жүректі жүрек қабы
қаптайды).
-
Тура даму дегеніміз? (жұмыртқадан тікелей,
пішіні ересектеріне ұқсас жас ұлулар дамиды).
-
Қосжақтаулы ұлулар класының өкілі?
(айқұлақ).
-
Теңізде және құрлықта тіршілік ететін
жәндіктер? (бауыраяқты ұлулар класы).
II «Қызығуды
ояту» бөлімінде, сурет және анықтауыш сөздер арқылы
ұлудың ішкі құрылысын жазып, кроссворд
шешу.
ҰЛУДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ. АЙҚҰЛАҚТЫҢ
ҚҰРЫЛЫСЫ.
ІІІ. Жаңа материалды
түсіндіру.
«Мағынаны
тану» бөлімінде жаңа сабаққа проблемалық
сұрақ қою арқылы көшу. Бауыраяқты, Қосжақтаулы, Басаяқты ұлулар
класы деп аталуының себебі? (Аяғы бауырын толық қамтитындықтан,
бақалшағы екі жақтаудан тұратындықтан,аяғы (қармалауыштары) басында
болғандықтан.)
Оқушыларды 2 топқа бөліп, мәтін
бойынша тапсырмалар бөліп беру.
I топ
Олар – ең жоғары құрылымды жәндіктер. Бұларда
бақалшақ жойылып кеткен. Суы тұзды және оңтүстіктегі теңіздерде,
мұхиттарда ғана өмір сүреді. Басаяқты ұлулар – өте ірі жәндіктер.
Мысалы, тереңсу кальмарының ұзындығы – 18 м, мұның 10 метрі
қармалауыш.Қармалауыштың жуандығы 20 см. Басаяқтылардың денесі
бастан және тұлғадан құралады. Ауыз төңірегінде өте күшті 8 – 10
қармалауыштар болады. Қармалауыштардың ішкі жағында бірнеше қатар
сақиналанған сорғыштар бар. Сегізаяқтар қармалауыштардың
жәрдемімен су түбінде жүріп, корегін аулайды. Сөйтіп бұлардың
басындағы қармалауыштар аяқ қызметін де атқарады. Каракатица және
кальмар өте баяу жүру үшін қармалауышы мен басын алдыға қаратып
жүзеді. Өте шапшаң қозғалу қажет болған жағдайда денесінің артқы
бөлігімен реактивті қозғалады. Аяғы (қармалауыштары) басында
болғандықтан, бұл жәндіктер басаяқты ұлулар класына жатқызылады.
Басаяқтылардың қазіргі кезде 800 – ге жуық түрлері
бар.
II топ
Басаяқты ұлулардың бір өкілі
– кальмар. Шеміршекті бассүйегінде ми орналасады. Бұл
– оның басы. Бастың екі жағында үлкен көздері бар. Оның құрылысы
адам көзінің құрылысына ұқсас. Бір қызығы: көздің біреуі бір затты,
екіншісі екінші затты жеке – жеке көре алады. Кальмарлар су
тереңінде сағатына 50 шақырымдық жылдамдықпен жүзіп, қорегін
аулайды.
Каракатица да – басаяқты ұлу. Ол су түбін ала
тіршілік етеді. Құмда жасырынып жатқан асшаянды аулайды. Жемін
аулау үшін құмға бас бөлігіндегі ойыстан су атқылатады. Құм жан –
жаққа ұшып, асшаян көрініп қалады. Енді оны ұстан жеу каракатицаға
қиындық келтірмейді.
Сегізаяқ су түбінде баяу қозғалады. Өзге басаяқтылар
тәрізді сегізаяқ жауынан сиялы сұйықтығын шашып, құтылып кетеді.
Бір қызығы сегізаяқты «сиқырлап» ұйықтатуға болады. Ол үшін
сегізаяқтың аузын жоғары қаратып, қармалауыштарын төмен салбыратса
болды. Ол дереу ұйқыға батады. Енді оған не жасаса да сезбей,
ұйықтай береді.
IV.Басаяқтылар туралы қызықты
ақпарат. INSERT. Түртіп алу жүйесі.
Біз білеміз
|
Біз үшін жаңалық
|
Бізді таңқалдырды
|
|
|
|
Сергіту сәті. Жұмбақ
шешу.
Аяғы, тұлға, басы
бар,
Аяғы бар басы жоқ,
Сыртында сауыт тасы
бар.
Тұлғасы бар қарны тоқ.
Ойланып көр
балалар,
Екі жақтау қорғаны,
Шешуін оның
табыңдар.
Ол болмаса сорлады.
(Ұлу)
(Айқұлақ)
Бақалшағы жоқ
сыртында,
Ұлудың сыйы өзгеше,
Үккісі бар
ұртында.
Адам
алар көздесе.
Корегін ұстар
таяғы,
Қолға түспес асыл зат,
Арқанға ұқсас
аяғы
(Сегізаяқ)
Судың ішін кезбесе
(меруерт)
-
Бекіту.
«Құпия сан»
ойыны. Берілген сөйлемдерді әр өкілінің тұсына
сандармен белгілеу.
-
Бастың екі жағында үлкен көздері
бар.
-
Су түбінде баяу
қозғалады.
-
Құмда жасырынып жатқан асшаянды
аулайды.
-
«Сиқырлап» ұйықтатуға
болады.
-
Сағатына 50 шақырымдық жылдамдықпен
жүзіп,
қорегін аулауды.
-
Жемін аулау үшін құмға бас бөлігіндегі
ойыстан су атқылатады.
-
Шеміршекті бассүйегінде ми
орналасады.
-
Оның құрылысы адам көзінің құрылысына
ұқсас.
Каракатица
Кальмар
Сегізаяқ
3, 6,
1, 5, 7, 8,
2, 4,
Капитандар жарысы. Қағаз қималарында
берілген ұлулар типінің өкілдерін кластарға
бөлу.
Жүзім ұлуы, тоспаұлу, жалаңаш шырыш, қошқармүйіз, айқұлақ,
мидия, кемеқұрт, устрица, сегізаяқ, кальмар,
каракатица.
-
Қорытындылау.
Биологиялық
диктант. Сөйлемдегі қалдырып кеткен сөздерді орнына қойып,
толықтырып жазу.
1-топ
....... – ең жоғары құрылымды жәндіктер.
Бұларда ....... жойылып кеткен. Суы тұзды және оңтүстіктегі .......
, ....... ғана өмір сүреді. Терең су кальмарының ұзындығы - .......
м, мұның ....... метрі қармалауыш. ....... жуандығы – 20
см.
2-топ
Басаяқтылардың денесі ....... және .......
тұрады. Ауыз төңірегінде өте күшті 8-10 ....... бар. Сегізаяқтар
қармалауыштардың көмегімен су түбінде жүріп, ....... аулайды.
Қармалауыштар ........ қызметін де атқарады. Басаяқтылардың қазіргі
кезде ....... жуық түрі бар.
Рефлексия «Екі жұлдыз, бір
тілек»
VII. Үй
тапсырмасы. Ұлулар типі. 208-бет. Сынақ
сұрақтар.
VIII. Бағалау.
Бір-бірін
бағалау