Материалдар / Ашық сабақ "Үшбұрыш және оның түрлері (1-сабақ)" 7-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ "Үшбұрыш және оның түрлері (1-сабақ)" 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ "Үшбұрыш және оның түрлері (1-сабақ)" 7-сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Маусым 2018
4575
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы : Мектеп : Қаратөбе мектеп-гимназиясы
Үшбұрыштар
Күні: Мұғалімнің аты жөні: Кажгалиева Гульаим Кайратовна
Сынып: 7

Сабақ тақырыбы
Үшбұрыш және оның түрлері (1-сабақ)

Осы сабақта қолжеткізетін оқу мақсаттары
7.1.1.13 үшбұрыштардың түрлерін ажырату;

Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар:
Үшбұрыштардың түрлерін біледі;
Үшбұрыштардың түрлерінің анықтамасын тұжырымдай алады;
Оқушылардың басым бөлігі:
Үшбұрыштардың түрлеріне берілген есептерді шығара алады;
Кейбір оқушылар:
Үшбұрыштар туралы күрделі есеп құрастыра алады;


Бағалау криитерийі
Үшбұрыштардың түрлерін біледі, ажыратады, үшбұрыштар түрлерінің анықтамасын тұжырымдайды;
Үшбұрыштар туралы есептерді шығарады, өзара талдайды;
Үшбұрыштар туралы күрделі есептер құрастырады, дәлелдейді, талдайды;


Тілдік мақсаттар
Пәндік мақсат: Оқушылар үшбұрыш және оның түрлері тақырыбы бойынша негізгі ұғымдарды, терминдерді, шешу жолдарын білетін болады;
Тілдік мақсат: үшбұрыш және оның түрлері туралы түсініктерін сипаттай алады, анықтамаларын дұрыс тұжырымдай алады, есептердің шығарылуын түсіндіре алады;
Пәнге тән лексика мен терминология: бұрыш, қабырға, үшбұрыш, теңбүйірлі үшбұрыш, теңқабырғалы үшбұрыш, әртүрлі қабырғалы үшбұрыш, тікбұрышты үшбұрыш, катет, гипотенуза, доғал бұрышты үшбұрыш, сүйір бұрышты үшбұрыш
Диалогқа қажетті тіркестер:
Үшбұрыш деген не?
Үшбұрыштың қандай түрлері бар?
Күнделікті өмірден үшбұрыштарға мысал келтір
Ол үшбұрыштың қай түріне жатады?


Құндылықтарға баулу
Мәңгілік Ел жалпыұлттық идеясының құндылықтарына сай, Жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығы. Ынтымақтаса жұмыс істеуге, бірін-бірі құрметтеуге, өмір бойы білім алуға тәрбиелеу


Пәнаралық байланыс
Өзін-өзі тану

Алдыңғы білім
Негізгі ұғымдар туралы, үшбұрыш, бұрыш туралы негізгі түсінік қалыптасқан, фигуралардың периметрін есептей алады


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар

Сабақтың басы



3 минут















5 минут








Ұйымдастыру кезеңі
-оқушылармен амандасу;
-жоқ оқушыларды белгілеу;
-оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
Өзгертулерді тап! жағымды психологиялық ахуал қалыптастыратын ойсергек
Оқушыларды ортаға шығарып, жұптарға бөлу (оқушылардың өз еркінде)
Шарты: оқушылар жұптарға бөлінгеннен кейін оларға мынандай тапсырмалар беріледі:
Жұбыңызға қарама-қарсы тұрып, бір-біріңізге 10-15 секундтай қарап алыңыздар;
Енді сырт айналып, бір-біріңізге арқа беріп тұрыңыздар. Сыртқы пішініңізге (киіміңізге, шашыңызға) қандай да болмасын 3 өзгерту (немесе 1 өзгерту) енгізіңіз.
Бұл жерде оқушылар шаштарының жатуын өзгертіп, сыртқы киімін, сағат, сырға немесе көзілдірігін шешіп немесе киіп, сыртқы пішіндерін өзгертулері керек.
Екі жақ та өзгертулерді аяқтағанда, бір-біріңізге қараңыздар да, сол өзгертулерді табыңыздар.
Мақсат: Оқушылардың қаншалықты қырағы, байқампаз екенін байқау, есте сақтау қабілетін жақсарту
Топқа бөлу. Стикердегі диалог
Топқа бөлу әрі өткен тақырыптарды бекіту
Жауап: градустық шамалары бойынша
Сұрақ: Сәуле деген не?
Жауап: түзудің берілген нүктесінен оның бір жағында орналасқан нүктелердің жиыны
Сұрақ: Толықтауыш сәулелер дегеніміз не?
Жауап: бастапқы нүктелері ортақ болып келген әртүрлі сәулелер
Сұрақ: Бұрыш деген не?
Жауап: бастапқы нүктелері ортақ болатын әртүрлі жарты түзулерден құралған фигураны айтады
Сұрақ: Аксиома деген не?
Жауап: дәлелдеусіз қабылданатын тұжырым
Сұрақ: Теорема деген не?
Жауап: дәлелдеуді қажет ететін тұжырым
Сұрақ: Үшбұрыш деген не?
Жауап: бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктеден және осы нүктелерді қосатын үш кесіндіден тұратын фигура
Сұрақ: Параллель түзулер дегеніміз не?
Жауап: жазықтықтағы қиылыспайтын, яғни ортақ нүктесі жоқ түзулер
Сұрақ: Түзулердің параллельдік аксиомасын тұжырымда
Жауап: түзуде жатпайтын нүкте арқылы жазықтыққа осы түзуге параллель тек бір ғана түзу жүргізуге болады
Сұрақ: Сыбайлас бұрыштар деген не?
Жауап: бір қабырғасы ортақ, ал өзге екі қабырғасы бір-біріне толықтауыш сәулелер болатын бұрыштар
Сұрақ: Вертикаль бұрыштар деген не?
Жауап: бір бұрыш қабырғалары екінші бұрыш қабырғаларының толықтауыш сәулелері болатын бұрыштар
Сұрақ: Перпендикуляр түзулер деген не?
Жауап: тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер
Сұрақ: Бұрыштың түрлерін ата
Жауап: доғал, сүйір, тік, жазыңқы
Сұрақ: доғал, сүйір және тік бұрыштарды қалай ажыратамыз?

Стикерлер түстері бойынша 3 топқа бөлінеді

ҚБ: Мұғалімнің мадақтауы (Өте жақсы! Жарайсыңдар! Сендер таптыңдар! Керемет! Дұрыс!... )














Сұрақтар және жауаптар жазылған стикерлер
3 түсті стикерлер



Сабақтың ортасы
















10 минут












2 минут







7 минут






























4 минут
















3 минут

















7 минут














2 минут
Сараланған тапсырмалар

Үшбұрыштар жалпы екі топқа бөлінеді:
1) үшбұрыш қабырғаларының ұзындықтарына байланысты (теңбүйірлі, теңқабырғалы, әртүрлі қабырғалы);
2) үшбұрыш бұрыштарының шамаларына байланысты (сүйір бұрышты үшбұрыш, доғал бұрышты үшбұрыш, тік бұрышты үшбұрыш);

Үшбұрыштың қабырғаларына байланысты түрлері:1) қабырғаларының ұзындықтары әртүрлі болатын үшбұрыш әр қабырғалы үшбұрыш;2) екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш тең бүйірлі үшбұрыш;3) үш қабырғасы өзара тең болатын үшбұрыш тең қабырғалы үшбұрыш;Үшбұрыштың бұрыштарына байланысты түрлері:1) үш бұрышы да сүйір болатын сүйір бұрышты үшбұрыш;2) бір бұрышы тік болатын тік бұрышты үшбұрыш;3) бір бұрышы доғал болатын үшбұрыш доғал бұрышты үшбұрыш деп аталады.

І.Топтық жұмыс. Қазына іздеу жолында әдісі.
Шарты: оқушыларға тек тақырып, бағыт беріледі. Оқушылар берілген тақырыпты аша білулері керек. 3 топқа А3 формат, стикерлер мен маркерлер таратылады. Тапсырмаға 5 минут беріледі. Уақыт болған кезде топ мүшелері постерлерін қорғайды.

І топ тапсырмасы:
Теңбүйірлі үшбұрыш
ҚБ: Бағдаршам


ІІ топ тапсырмасы:
Теңқабырғалы үшбұрыш
ҚБ: Бас бармақ

ІІІ топ тапсырмасы:
Тікбұрышты үшбұрыш
ҚБ: Шапалақ

Бізді қоршаған әлемдегі үшбұрыштарға мысалдар келтіру



ІІ. Топтық жұмыс. Қарқын әдісі (деңгейлік тапсырмалар) Өкіл
Әр топ мүшелері жеке орындайды. Содан соң сағат тілі бағытымен топ ішінде өзара талдайды. Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып, есептің берілгенін жазып, шығарады.

А деңгейі
№ 34.14 АВС үшбұрышының АВ қабырғасы 17 см-ге тең. АС қабырғасы АВ қабырғасынан екі есе үлкен, ВС қабырғасы АС қабырғасынан 10 см-ге кіші. АВС үшбұрышының периметрін табыңдар.
Бер: АВС – кез келген үшбұрыш
АВ=17 см
АС=2*АВ
ВС=АС-10
Т/к: Р=?
Шешуі: АС=2*АВ=2*17=34, АС=34
ВС=АС-10=34-10=24, ВС=24
Р=АВ+АС+ВС=17+34+24=75
Жауабы: 75 см
В деңгейі
№ 34.15 Үшбұрыштың периметрі 48 см және бір қабырғасы 18 см. Егер қалған екі қабырғасының айырмасы 10 см болса, онда осы қабырғаларды табыңдар.
Бер: АВС – кез келген үшбұрыш
Р=48 см
АВ=18 см
АС-ВС=10 см
Т/к: АС=? ВС=?
Шешуі: Р=АВ+АС+ВС=48
18+АС+ВС=48

30-ВС=10+ВС
2ВС=20
ВС=10 АС=20
Жауабы: 10 см; 20 см

С деңгейі
№ 34.16 Үшбұрыштың периметрі 54 см. Егер қабырғаларының қатынасы 2:3:4 болса, онда үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар.
Бер: АВС – кез келген үшбұрыш
Р=54 см
АВ:АС:ВС=2:3:4
Т/к: АС=? ВС=? АВ=?
Шешуі: Р=АВ+АС+ВС=54
x – қандай да бір сан
2x+3x+4x=54
9x=54
x=6
АВ=12, AC=18, BC=24
Жауабы: 12 см; 18 см; 24 см

ҚБ: Сағат тілі бағытымен тексеру. Топтағылар өзара бағалайды.

Әр топтың өкілдері тақтаға есеп жазып жатқан уақытта, басқа оқушылар келесі тапсырманы орындайды:

Суреттерде қанша үшбұрыш көрсетілген?





Ойсергек Арқаға жазылған комплименттер
Әр оқушының арқасына түйреуішпен (не скотчпен) А-4 форматындағы қағаз бекітіледі. Оқушылар сынып ішін аралап жүріп, бір-бірінің арқаларындағы қағаздарға жылы, жұмсақ сөздер жазып, бірін-бірі мақтайды. 2-3 минуттан кейін олар қағаздарын алып, шағын топ ішінде бір-біріне жазылған комплименттерді оқып береді.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары:
Бағалау критерийі:

Үшбұрыштардың түрлерін біледі, ажыратады, үшбұрыштар түрлерінің анықтамасын тұжырымдайды;
Үшбұрыштар туралы есептерді шығарады, өзара талдайды;
Үшбұрыштар туралы күрделі есептер құрастырады, дәлелдейді, талдайды;

Ойлау дағдыларының деңгейі:
Білу, түсіну, қолдану

1-тапсырма. Сәйкестікті анықта.

Дескриптор: Білім алушы:
-үшбұрыштардың анықтамасын біледі;
-үшбұрыштарды сәйкесінше орналастырады.

2-тапсырма.
№34.17 Үшбұрыш пішіндес жер телімінің периметрі бойынша бір-бірінен 2 м қашықтықта қарақат түптерін отырғызу керек. Егер жер телімінің қабырғаларының ұзындықтары 16 м, 24 м, 20 м болса, барлығы қанша түп отырғызуға болады?
Дескриптор: Білім алушы:
-есептің шартын жазады;
-үшбұрыштың периметрін табады;
- нәтижесін есептейді.

3-тапсырма.
Үшбұрыш түрлеріне байланысты есеп құрастыру

Дескриптор: Білім алушы:
-есеп құрастырады;
- нәтижесін есептейді, дәлелдеп, тексереді.

Ертегі – сұрақ: Бірде барлық үшбұрыштар орман алаңқайында жиналып қай үшбұрышты патша сайлаймыз деп кеңесті. Олар ұзақ уақыт айтысып, бір тоқтамға келе алмады. Сонда бір үлкен үшбұрыш Бәріміз үшбұрыштар патшалығына жолға шығайық, қай үшбұрыш патшалыққа бірінші болып кірсе, соны сайлайық депті. Барлық үшбұрыш осыған келісіп, жолға шығады. Жолда келе жатса алдарынан өзен шығып: менен тек барлық бұрыштары сүйір үшбұрыштар ғана өтеді дейді. Сонымен үшбұрыштардың кейбіреуі өте алмай жағада қалады, қалғандары өтіп әрі қарай жолға шығады. Жолда келе жатса, алдарынан тау шығады, ол айтады тек екі қабырғасы тең үшбұрыштар өтеді деп, бұл өткелден өткен үшбұрыштар одан әрі жүріп отырады. Олар бір кезде тік жарға кездеседі, онда өте тар көпір тұрады. Көпір менен тек барлық қабырғалары тең үшбұрыш өте алады дейді. Сонымен көпірден бір үшбұрыш өтіп үшбұрыштар патшалыға барады, патша болады.

Сұрақ:
Қай үшбұрыш патша болды?
Қай үшбұрыш негізгі қарсылас болып көпірге дейін келді?
Жарыстан бірінші шығып қалған үшбұрыш түрі қандай?












А3 форматты қағаздар, стикерлер, маркерлер
слайд
Математика-7
Авторлары:
Ә.Н. Шыныбеков
Д.Ә. Шыныбеков
Алматы Атамұра 2017




слайд



















Математика-7
II бөлім
Авторлары:
А.Е.Әбiлқасымова
В. А. Смирнов
Т. П. Кучер
В.Е.Корчевский
З.Ә.Жұмағұлова
Е. А. Тұяқов
Алматы Мектеп 2017

























Скотч, маркерлер, А-4 форматтағы қағаз











Слайдтан тапсырма көрсетіледі


Математика-7
II бөлім
Авторлары:
А.Е.Әбiлқасымова
В. А. Смирнов
Т. П. Кучер
В.Е.Корчевский
З.Ә.Жұмағұлова
Е. А. Тұяқов
Алматы Мектеп 2017



Слайдтан тапсырма көрсетіледі











Сабақтың соңы
2 минут
Кері байланыс. Бес саусақ тәсілі
Бас бармақ - басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай болды?
Балалы үйрек -бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?
Ортан терек - ойлану. Мен бүгін қандай тәжірибе мен білім алдым?
Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ маған үнады ма? Неліктен?
Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?
Слайд
Үлестірме қағаз –
бес саусақ


Саралау
Бағалау
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқушыларды сабаққа дайындап алу үшін, оқушылардың қырағылық, байқампаздық қабілетін, есте сақтау қабілетін арттыру үшін Өзгертулерді тап! ойсергегін қолданамын.
Оқушыларды топқа бөлу үшін әрі өткен материалды бекіту үшін Стикердегі диалог әдісін қолданамын. Топтық тапсырмалар берілгенде топ ішіндегі әр оқушы өз рөлдерін анықтап, қабілеттеріне қарай сараланады. Постермен, жеке, жұптық, топтық жұмыстармен айналысады. Топтық жұмысты орындау барысында Қазына іздеу жолында әдісін, деңгейлік тапсырмалар бергенде Өкіл әдістерін пайдаланамын. Оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында қосымша тапсырмалар беремін.
Саралау әдістерінің барлығын (тапсырма, дереккөздер, қарқын, қорытынды, диалог және қолдау көрсету, бағалау және жіктеу) қолданамын.
Бес саусақ әдісі арқылы кері байланыс аламын.
Қалыптастырушы бағалау түрлері: Мадақтау, Бағдаршам, Бас бармақ, Шапалақ, Сағат тілі бағытымен тексеру әдістері. Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары арқылы бағаланады.
Оқушылардың партада түзу отыруын, топқа бөлініп отырғанда парталардың ыңғайлы болуын ескеремін;
-Денсаулық сақтау үшін әрі көңіл – күйді көтеру үшін Арқаға жазылған комплименттер ойсергегін өткіземін;
-АКТ-ны уақытында қосып, сөндіруді қадағалаймын.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!