Ашық сабақ "В дыбысы мен әрпі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "В дыбысы мен әрпі"

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепалды даярлық топтары мен сыныптарының тәрбиешіліріне арналған көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Сауат ашу

Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Дәрумендер.

«В» дыбысы және әрпі.

Мақсаты:

1.Дәрумендердің адам ағзасына пайдасы туралы әңгімелеу. «В» дыбысы және әрпімен таныстыру.

2.Сөйлеу тілі мен дыбыстарды ажырату қабілеттерін дамыту.

3.Дәрумендерді қолдану арқылы салауатты өмір салтына тәрбиелеу.


Әдісі: сұрақ-жауап, салыстыру, топпен жұмыс, жеке жұмыс.

Көрнекілігі: АКТ, кеспе әріптер, суреттер, әліппе-дәптерлер, әліпби жинағы, В әрпі, ойыншықтар, буын сөздер.

Күтілетін нәтиже: суреттегі заттардың атын атай алады, сөздегі в дыбысының орнын ажыратады.

Блингвальді компоненті:

Дәрумен – витамин – vitamin

Жеміс – фрукты – fruit

Көгөніс – овощ – vegetable


ҰОҚ

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

І. Дұрыс әсерлі көңіл-күй орнату.





ІІ. Мақсатты болжам.

Жылулық шеңбері:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Тәрбиелі баламыз,

Шынығып бір аламыз.


-Слайдтан пойыздың суретін көрсету.

Бүгін біз пойызбен саяхатқа шығамыз.

Бір-біріңнің артыңнан ұстап, пойыздың дауысына келтіріп тізбектеліп жүріңдер.

-Жарайсыңдар, орындарыңа отыра қойыңдар.

Жұмбақ:

-Аспай піскен,

Қайнамай түскен. (Жеміс)

-Бақшада өседі,

Көп өнім береді. (Көгөніс)

-Блингвальді компонент:

Дәрумен – витамин – vitamin

Жеміс – фрукты – fruit

Көгөніс – овощ – vegetable




-Бәрі ортаға шығып жылулық шеңберін орындайды.



-Балалар тізбектеліп, алдыңғы бала «Вук-вук-пыс-с!» - деп дыбыстайды.


-Орындарына отырады.






-Шешуін табады.


-Қайталап айтады.

ІІІ. Жаңа сабақ

Дид/қ ойын:

«Бақшада ма, бауда ма?»

Шарты: тақтаға жемістер мен көгөністердің суреттері ілінеді. Балалар көгөністерді бақшаға, жемістерді бауға орналастырады.

-Суретпен жұмыс.

Суреттегі дәрумендердің адам ағзасына пайдасы туралы әңгімелесу.


В әрпімен танысайық.

Педагог өлең жолын мәнерлеп оқып береді.

Таяқшаға таянып,

З тірелді В болып.

Өлеңді суретті көрсете отырып айтады.


Педагог тақтаға В әрпінің баспа түрін іліп қояды. Балалар өлеңнің мазмұны бойынша В әрпімен танысады.

В – ұяң дауыссыз дыбыс, себебі ол ауыз қуысынан кедергіге ұшырап барып шығатынын айтып түсіндіремін.

В әрпінің баспа түрін ауада жазады.

Әліппе – дәптермен жұмыс.

-Суретке қарап сөйлем құрастырады, сөздерді буынға бөледі.

-Тақтамен жұмыс.

Автобус, вирус, вагон, витамин суреттері тақтаға ілінеді.










-Суреттегі сөздерге дыбыстық талдау жасатамын.

-Тіл ұстарту жаттығуы.

Ша-ша-ша – есік алды бақша.

Із-із-із – бақшадағы сәбіз.

Ет-ет-ет – алма толы себет.

-Әліппе-дәптердегі үлгіге қарап отырып, В әрпін жазғызу.


-Сергіту сәті.

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.


Топпен жұмыс

Түстер арқылы (қызыл, сары, көк) үш топқа бөлемін.

Iтоп – Вагон

ІІ топ – Вирус

ІІІ топ – Витамин

Топтық тапсырмалар беремін.

І топқа – кеспе әріптерден сөз құрайды.

ІІ топқа – дыбыстық талдай жасатамын.

ІІІ топқа – сөздерді оқып, буынға бөледі.

Дидактикалық ойын: «Мен режиссёр боламын»

Шарты: көгөністер мен жемістер туралы балалар өз ойларынан ертегі құрастырып, сахналайды.


-Үлгерімі нашар балаларға жеке жұмыстар беремін.

Мысалы:

Суретке қарап әңгіме құрату.








уреттегі заттың атын атайды. В дыбысын тауып айтады.







-Интонациямен жұмыс.

Жаңылтпашты қайтала.

Асан басқа жақтан

Ақ сабақ асқабақ әкелді.

Басқа жақтан

Басқарақ асқабақ әкелді.




-Ойынды ойнайды. Жемістер мен көгөністерді ажыратады.


-Дәрумендердің адам ағзасына пайдалы екенін түсінеді.


-Өлең жолдарын қайталап айтады.




-В әрпімен танысады.




-Ауада жазып үйренеді.


-Суретке қарап әңгімелейді.











-Суреттегі сөздерді атайды.












-Дыбыстық талдау жасайды.





-Тілдерін жаттықтырады.


-Үлгіге қарап отырып жазады.





-Қимыл-қозғалыс арқылы көрсетеді.



-3 топқа бөлінеді.







-Топтық тапсырмаларды орындайды.



-Ертегіні сахналайды.






-Жеке тапсырмаларды орындайды.


















-Жылдам айту арқылы тілдерін жаттықтырады.



ҰОҚ-ның қорытындысы.

-Қорытындылау.

Доп лақтыру арқылы «Сұрақ-жауап» әдісімен қорытамын.

-Дәрумендерге нелер жатады?

-Дәрумендер адам ағзасына пайдалы ма?

-Бүгін қандай әріппен таныс болдық?

-В қандай дыбыс?

-В әріпі қай әріпке ұқсас?

-В әрпі кездесетін көліктерді атап беріңдерші.

Рефлексия.

- Бағдаршам әдісі арқылы.







-Бағалау, мадақтау.

Жұлдызшалар тарату арқылы мадақтаймын.










-Балалар сұрақтарға жауап береді.









-Стикерлер жапсыру арқылы сабақты бағалайды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.06.2018
2678
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі