Материалдар / Ашық сабақ "У дыбысы мен әрпі"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ "У дыбысы мен әрпі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ "У дыбысы мен әрпі" Мақсаты: У дыбысы мен әріпімен таныстыру. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге үйрету. Білімділігі:У дыбысы мен және әрпімен таныстыру, сөз ішіндегі ерекшелігін меңгерту. Дамытушылығы: дыбыстардың дауысты, дауыссыз екенін ажырату Дыбыстық талдау жасауға баланың ойлау қабілетін сөздік қорын дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қазан 2022
258
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған оқу іс – қызметінің

технологиялық картасы

Сабақтың тақырыбы: “ У” дыбысы мен әріпі
Мақсаты: У дыбысы мен әріпімен таныстыру. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге үйрету. 
Білімділігі:У дыбысы мен және әрпімен таныстыру, сөз ішіндегі ерекшелігін меңгерту.
Дамытушылығы: дыбыстардың дауысты, дауыссыз екенін ажырату
Дыбыстық талдау жасауға баланың ойлау қабілетін сөздік қорын дамыту.
Әдісі: түсіндіру, ойын әдісі.
Көрнекілігі: У дыбысы мен әрпі,текшелер, аңдар суреті.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:

Балалар бүгін сабаққа  ұстаздар қонаққа келіп отыр, бүгінгі сабақ ерекше болмақ қонақтарымызбен амандасып алайық.
-Балалар бүгінгі көңіл күйлерің қандай?

Тамаша ендеше осындай тамаша көңіл күйімізбен оқу іс-әрекетімізді бастайық.
I. Балалар мен сендердің білімдеріңді тексерейін,ол үшін менің сұрақтарыма мұқият назар аударыңдар:

1.Дыбыс дегеніміз не?

2.Дыбыстар нешеге бөлінеді?

3.Әріп дегеніміз не?

4.Сөз нелерден құралған?

5.Сөйлем нелерден құралған?

Жарайсыңдар, біз өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
«h» дыбысымен.
    Қандай дыбыс? Дауысссыз дыбыс. «h»дыбысына байланысты сөз айт.
II. Балалар бүгін сауат ашу сабағына жабайы аңдар да қонаққа келіпті, сендердің білімдеріңді, біліктіліктеріңді білгілері келеді екен.Олай, болса  білімімізді көрсетейік. Балалар мына суреттен нені көріп тұрсыңдар?
Жабайы аңдар сендерге тапсырмаларын алып келіпті. Мынау қандай аң?
Қоянның тапсырмасы: Балалар қоян бізді бір дыбыспен таныстырмақшы екен, ол үшін экранға назар аударайық. Экранда «У» дыбысы видео.
Аюдың тапсырмасы. Аю сендерге көк сандықты  алып келіпті, оның ішінде не бар екенін табу үшін жұмбақ шешу.
Бір нәрсе жер мен көктің арасында,
Көрінбейді өзі түгіл қарасы да.
Білінбей жер үстінде жүрсе дағы,
Пайдалы адамзаттың баласына.
Ауа.
Қасқырдың тапсырмасы:
Бүгін біз У дыбысымен танысамыз. Міне мынау  У дыбысының әріп  таңбасы. У дыбысы басқа дыбыстар сияқты емес бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыстар қатарына жатады. У дыбысын бәріміз бірге айтайық.
VI .«Cөз ойла тез ойла» ойыны.
Тау, су, ауа, тауық, уық, аққу.
У дыбысы сөздің басында ортасында аяғында кездеседі.
Жолбарыстың тапсырмасы.

Екі топқа болу, топпен жұмыс:

1топ.У дыбысы бар сөздерді тауып алу

2топ.Дыбыстық талдау жасау


Түлкінің тапсырмасы.
Сергіту сәті.

Орманға біз барайық,

Жан- жағымызға қарайық

Аю шықты қорбаңдап,

Қасқыр шықты ырылдап

Р-Р-Р-Р-Р

Қоян шықты секіріп,

Түлкі шықты майысып,

Қорықпаңдар, балалар,

Қарап, қарап алыңдар.

Арыстанның тапсырмасы:«Буын жалғастыр»ойыны.
Ал-ма, мек-теп, ай-на, са-ғат, сә-біз, та-рақ.
«Мен бастаймын сен аяқта»
Айгүл гүлге су құйды.
Мен тауыққа жем шаштым.
VII. Дәптермен жұмыс.
У дыбысын ауада жазу,құмда, күрішпен, тастармен,ермексазбен жазу.
Жаңылтпаш айтқызу.
Тау бар, тау бар
Тауда бау бар.
VIII. Қортынды.
Балалар  біз жабайы аңдарға өткен сабақта алған білімімізді, жаңа сабақта алған білімімізді көрсеттік.
Аңдар сендерге  ризашылық білдіріп жатыр.
Қандай дыбыспен таныстық?
У дыбысы қандай дыбыс?
Мадақтау.
Нәтиже. Балалар сабаққа қызығып қатысты.Тапсырмаларды орындауға ұмтылды. Балалардың ойлау қабілеті дамыды























Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!