Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ Уақыт 1 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Пән: математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: |
Мектеп: Шамалар. Уақытты бағдарлау. |
|||
Күні:07.06.2018ж. Сынып:1 |
Мұғалімнің аты-жөні: Хайдарова А.С. Қатысқандар саны:20 Қатыспағандар саны:0 |
|||
Сабақтың тақырыбы: |
Сағат. |
|||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.1.3.5 циферблат бойынша 12 сағаттық форматта уақытты анықтау: сағат /уақытты бағдарлау: минут, сағат, күн, апта, ай, жыл; 1.1.3.1 ұзындық/ масса/ көлем (сыйымдылық) /уақыт шамаларын ажырату; оларды өлшеу үшін өлшемдер мен құралдарды таңдау, өлшемдер жүргізу; |
|||
Сабақ мақсаттары |
1) циферблат бойынша уақытты анықтайды, минут пен сағаттың айырмашылығын ажыратады; 2)уақыт шамаларын ажыратады, оларды өлшеу үшін өлшемдер мен құралдарды таңдайды ; 3)Уақыт өлшемдерін салыстырады, өлшемдер жүргізеді; |
|||
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге тән лексика мен терминология. • минут, сағат, циферблат • бұрын кейін, содан соң, ары қарай, нәтижесінде • қанша уақыт/қаншалықты ұзақ, қашан, дейін Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Оқушылар 1 минут, 1 сағат, секілді уақыттың белгілі бір шегінде орын алатын жағдайларды талқылайды; -1 минут пен 1 сағаттың айырмашылығы неде? -бүгін нешеде ояндың? |
|||
Құндылықтарды дарыту
|
Ынтымақтастық:топтық,жұптық жұмыста көрінеді. Еңбек пен шығармашылық:циферблат арқылы аталған сағатты құрастырады. |
|||
Пәнаралықбайланыстар |
Көркем еңбек: сағат моделін құрастыру |
|||
Бастапқы білім |
Уақыт өлшембірлігі минутты біледі. |
|||
Сабақбарысы |
||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||
Сабақтың басы 2 мин |
Ұйымдастыру бөлімі: Ширату кезеңі -балалар ұйқыдан тұрғанда қандай әрекет жасаймыз, сосын қайда қараймыз? -сабақтың басталатын уақытын қайда қарап білеміз? -түскі ас мезгілін, кешкі ас мезгілін қалай білеміз? -бір жаққа баратын болсақ қайда қараймыз? -сонымен бүгінгі тақырыбымыз не туралы болмақ? Сабақтың мақсатымен таныстырамын: -Бүгін уақыт өлшембірліктерінің тағы бір түрі сағатпен танысамыз. |
с ағаттың түрлері |
||
Сабақтың ортасы 2 мин 7 мин 2 мин 4 мин 4 мин 2 мин 7 мин 5 мин |
Жаңа сабақ: Нұсқау беру және айту арқылы бірдей екі мaйшaммен eкi құмсағат алып, eкі майшамды біpдeй уақытта жағамын. Бір минут өткен соң бірінші майшамды сөндіремін, екінші мaйшaм сaбaқ бaрысында жaнып тұра береді. -1 минуттa қaншa жaнды? -жaңa мaйшaмнан aйырмaсы бaр мa?Tәжірибe арқылы минут пен сағаттың ұзақтығы туралы aйтaмын. Жеке жұмыс. Көрсетілім және модельдеу арқылы «Bilimland.kz» сайтынан уақыт өлшембірліктері туралы бейнефильмді көрсету. Әр оқушыға A, В, С, D жазылған стикерлерді таратамын. Әрбір сұрақты тақтадан оқығаннан кейін 20сек. кідіріп, тест жауабына сәйкес әріпті көтерулері сұралады.Тест сұрақтарына жауап алу арқылы кері байланыс орнатылады. 1.Бейнефильм не туралы екенін көрсетіңіз А)уақыт өлшембірліктері В)ұзындық өлшем бірліктері С)масса бірліктері Д)көлем бірліктері 2.Бір жарым сағат қанша минут болатынын көрсетіңіз А)60 минут В)90 мин С)120 мин Д)150 мин 3.Екі тәулікте қанша сағат бар екенін табыңыз А)24 сағ В)26 сағ С)48 сағ Д)44 сағ 4.Бір жылда қанша ай бар екенін көрсетіңіз А)60 ай В)24 ай С)7 ай Д)12 ай 5.қатені көрсетіңіз А)2 мин =120секунд В)3 сағ = 180 секунд С)2 апта= 14 тәул Д)1 тәул = 24 секунд ҚБ технологиясы: Оқушылардың әр жауаптарынан кейін тақтада дұрыс жауап көрсетіліп, «АВСД» арқылы өзін-өзі бағалаулары жүзеге асырылады. Oқулықпен жұмыc: (20 бет) Жұптық жұмыста көрсету арқылы тапсырманы орындайды. 1-тапсырма.Сaғaттaр қай уaқытты көрсетіп тұр? Атап бер. Есте сақта: 1 сағ=60 мин Жарты сағ=30 мин ҚБ: мұғалімнің қолпаштауы Жеке жұмыс: Қорытынды бoйыншa сaрaлaу. Бағалау критерийлері: -Уақыт шамаларын ажыратады; Сұрақ қою және талқылау әдісінде «Дұрыс, дұрыс емес» ойынын ойнатқанда оқушылар егер жауап дұрыс болса жасыл нүкте, ал қате болса қызыл нүкте салады. 1)Уақыт өлшембірліктері секунд, минут, сағат, тәулік, жыл, ғасыр. 2)Минут-ең қысқа уақыт өлшембірлігі. 3)Бір сағат дегеніміз 60 секунд 4)Минутта үлкен уақыт- сағат. Дескриптор: -уақыт өлшембірліктері; секунд, минут, сағат, тәулік, жыл, ғасыр; -минут-ең қысқа уақыт өлшембірлігі емес; -бір сағат дегеніміз 60 секундқа тең емес ; -минуттан кейінгі үлкен уақыт-сағат Жұптық жұмыс.Дәптepмен жұмыс: (16 бет) Қорытынды бойынша саралау. Сұрақ қою және талқылау арқылы орындату. Сағат моделін құрастыр. Сағат моделіндегі сағат тілдерін жылжыта отырып, мыналарды көрсет: -Ceн бүгін нeшeдe oяндың? Бiрiншi cабақ нешеде бacтaлды? - Сүйiктi тeлeбaғдарламаң caғaт нешеде басталады? Ол сағат нешеге дейін болады? - Сабақ нешеде басталады, неше сағаттан кейін аяқталады? ҚБ техникасы: Әр жұп бір-бірінің жұмыстарын тексеріп, «Бутерброд» әдісі арқылы бағалайды. Бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру; Сергіту сәті: Барлық оқушылар циферблат болып тұрып, ортада 5 оқушы кезектесіп шығып аталған 7:00, 5:00, 1:00, 18:00, 10:45 уақыттарын екі қолымен сағаттың минуттық және сағаттық тілін жасап көрсетеді . Топтық жұмыс:Оқушыларды құрылымдалған топқа топшамадағы өрнектердің мәні арқылы бөліп, тапсырма бойынша саралау. Гүлсезім далада 1 сағат ойнады, ал Томирис одан 20 минут кем ойнады? Томирис аулада неше минут ойнады? Сен қалай білдің? А) Гүлсезім аулада неше минут ойнайтынын табады; В)Томирис аулада неше минут ойнайтынын табады; С)Гүлсезім мен Томириске ойнауға барлығы неше минут кеткенін табады. ҚБ:әр топ бір-бірінің жұмыстарын тексеріп, «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма: Бағалау критерийі • уақыт өлшемдерін салыстырады • циферблат бойынша уақытты белгілейді 1-тапсырма. Бір сағатты және жарты сағатты минутқа айналдырып жаз. 1 сағ = мин жарты сағ = мин Дескриптор -1сағатта 60 мин бар; -жарты сағатта 30 мин бар; 2-тапсырма Жазылған уақытты циферблатта белгіле сағ 5:00 сағ 7:00 сағ 12:30
Дескриптор -циферблат бойынша сағат 5:00 көрсетеді; -циферблат бойынша сағат 7:00 көрсетеді; -циферблат бойынша сағат 12:30 көрсетеді; |
Майшам,
Минуттық және сағаттық құмсағаттар.
https://imektep.kz/kz/figuralar
https://imektep.kz/kz/game#quiz-1011
https://imektep.kz/kz/game#true_false-1355
|
||
Сабақтың соңы 5 мин
|
Қорытынды жұмыс: Екінші құм сағатқа қарап, жанып тұрған майшамды сөндіріп, нәтиже шығару. Екі майшамды салыстырып, уақыттың ұзақтығы туралы ойларын жетілдіру. Бір сағат көлемінде оқушылар қандай жұмыстар атқарғандығын айтып, талқыға салады. ҚБ: Өз ойын толық жетілдіріп, майшамдарға қарап нәтиже шығараған оқушыны «жұлдызша» арқылы мұғалімнің бағалауы. «Серпілген сауал»оқушылар бір-біріне доп лақтыру арқылы уақыт өлшембірлігін айтады, келесі оқушы сол уақытта қандай әрекеттер жасауға болатынын айтады. Секунд- көзді ашып жұмамын Минут- сүт піседі, Сағат- ет піседі. -1 сағатта неше минут бар? -1 сағаттың жартысы неше минутқа тең? Рефлексия: Оқушылар жұмыс дәптеріндегі «жетістік баспалдағы арқылы» бойынша өз-өзін бағалайды. Жоғары баспалдаққа стикерін жапсырған оқушылар сабақты өте жақсы меңгерген. Ортаңғы баспалдаққа стикерін жапсырған оқушылар сабақты жақсы түсінгені. Төменгі баспалдаққа стикерін жапсырған оқушылардың жаңа сабақ бойынша сұрақтары бар. Ол оқушылармен келесі сабақта қосымша тапсырмалар беру арқылы жұмыстанамын. |
|
Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы |
А) Гүлсезім аулада неше минут ойнайтынын табады; С)Гүлсезім мен Томириске ойнауға барлығы неше минут кеткенін табады. |
«АБСД» әдісі арқылы –өзін-өзі бағалау «Бутерброд» әдісі арқылы бір-бірін бағалау; «Шапалақ» арқылы әр топ бір-бірін бағалау; «Жұлдызша » әдісі арқылы мұғалімнің бағалауы Дескриптор арқылы өзін-өзі бағалау; |
Сергіту сәті; Партаға дұрыс отыру ережесі; |
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |