Материалдар / Ашық сабақ: Ынтымағы жарасқан отбасы. Алдыңғы, кейінгі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: Ынтымағы жарасқан отбасы. Алдыңғы, кейінгі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ: Ынтымағы жарасқан отбасы. Алдыңғы, кейінгі. Мақсаты: Балаларға алдыңғы және кейінгі тұрған заттарды анықтау. Отбасы түсініктерін кеңейту. Мектепалды даярлық
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қаңтар 2022
713
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім:

Менің айналамда кімдер бар?

Педагоктің аты-жөні:

Сахова Ж.Е

Күні

16.11.2021ж

Пәні:

Математика негіздері

Сынып:

МАД «Б»

Сабақтың тақырыбы:

Қатарға тұрамыз. Ынтымағы жарасқан отбасым. Алдыңғы. Кейінгі

Оқу бағжарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

Кез келген санды бір санға арттырса одан кейінгі сан шығатынын түсіну. Кез келген саннан бір санды кемітсе одан бұрынғы (алдындағы) сан шығатынын түсіну.

Сабақтың мақсаты:

Барлық тəрбиеленушілер:

-кез келген санды бір санға арттырса, одан кейінгі сан шығатынын түсінеді

Көпшілік тəрбиеленушілер: -кез келген сан үшін алдыңғы жəне кейінгі санды атайды.

Кейбір тəрбиеленушілер:

-оның алдындағы жəне одан кейінгі санды біле отырып, санды анықтайды.

Ойлау дағдыларының деңгейлері

өзінің сұрақтарын қойғанда жəне педагог пен тəрбиеленушілердің

сұрақтарына жауап берген кезде сөйлемде лексика мен терминологияны пайдалана алады.

Бағалау критерийлері

Реттік санауды дұрыс айтқан балаларды мадақтайды

Тілдік мақсаттар

-неше?, реті бойынша нешінші? - алдыңғы, кейінгі.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел!» идеясын іске асыру

Бір-бірімен татулықпен карым- катынаста болу

Құрмет, ынтымақтастық,ашықтық

Пәнаралық байланыс

Таным

Бастапқы білім

Заттардың сандық ұғымы туралы білім, геометриялық фигуралар

мен денелердің атауы

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынталандыру.

Педагог балаларды өздерінің отбасы туралы əңгімелеулерін сұрайды. «Отбасы» сөзінің мағынасын түсіндіреді.

Өзектендіру. Педагог балалардан отбасы деген не, оның бала өміріндегі маңызы қандай деп сұрайды. Əрбір адам үшін отбасы – бұл бала кезімізден бері бізбен бірге болған туған адамдар. Отбасында адамның жеке басы, оның тəрбиесі қалыптасады. Сондықтан əдетте адамның кім болатыны отбасының қандай болуына байланысты.

Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды

Бас бармақ арқылы бағалау




Отбасы суреттері




Сабақтың ортасы

Үйренгенді бекіту Балалар педагогпен бірге 20-ға дейін санамақ-əнді орындайды.

Педагог балаларға əліппе-дəптердегі 1-суретке қарауды ұсынады. Балалар отбасы мүшелерін, содан кейін олардың вагондарға орналасу тəртібін атайды.

Педагог балаларға сызықпен вагонды оның реттік нөміріне сəйкес келетін цифрмен біріктіруді ұсынады.

Сергіту сəті.

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.


Бұрын үйренгенді бекіту

Əліппе-дəптердегі 2-тапсырманы орындау ұсынылады. Балалар қалдырылған цифрды тауып, оны төмендегі карточкалармен сызып қосып, бояйды. Осы тапсырманы орындау реттік санау жəне цифрлық бейнені санның сандық сəйкестігімен беттестіру білімін бекітуге ықпал жасайды.


Əртүрлі заттардың кезектілігін көрсету үшін педагог №6-8 электрондық жиынтық полотноны немесе үлестірмелі материалды қолдана алады.

Ол балаларға бірінші не, екінші не бейнеленгенін айтуларын сұрайды. Реттік санауды дұрыс айтқан балаларды мадақтайды. Бүгінгі сабақта реті бойынша тұрған заттарды дұрыс атауды үйренетіндерін айтады.


Əліппе-дəптердегі 3-тапсырмада балалар реттік тəртіппен цифрларды сызып біріктіреді

Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды









Балалар сергіту сәтін орындайды












Балалар Реттік санайды



Бас бармақ арқылы бағалау







Мадақтау Қошеметтеу


Оқулық, жұмыс дәптері.

Әліппе дәптері

















Әліппе дәптері











үлестірмелі материал





Әліппе дәптері

Сабақтың соңы

Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады.

Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликті салуға болады.

Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады.

Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.

Рефлексия жасайды.

Бас бармақ арқылы бірін-бірі бағалайды.

әліппе-дәптер түрлі түсті қаламдар











Қ.Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейі







Ашық сабақ



Математика негіздері





Тақырыбы: Қатарға тұрамыз. Ынтымағы жарасқан отбасым. Алдыңғы. Кейінгі









Сынып жетекшісі: Сахова Ж.Е

Күні: 16.11.2021ж









Шымкент қаласы 2021жыл

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!