Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ; Зейнетақы түрлері.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Жамбыл политехникалық колледжі
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
0201000 «Құқықтану» мамандығы бойынша
«Еңбек құқығы және әлеуметтік қорғау құқығы» пәнінен
«Зейнетақы түрлері»тақырыбы бойынша құрылған оn-line сабақ әзірлемесі
САБАҚ ЖОСПАРЫ
ОҚЫТУШЫ: Сейталиева Лаура Алтайқызы
ПӘННІҢ АТЫ: «Еңбек құқығы және әлеуметтік қорғау құқығы»
ОҚУ ТОБЫ: 3ПВ-14-1
ӨТЕТІН КҮНІ: 18.01.2017 жыл.
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Зейнетақы түрлері.
САБАҚТЫҢ ТҮРІ: Жаңа білім беру сабағы.
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
-
БІЛІМ БЕРУШІЛІК: студенттерге зейнетақы түрлері мен оларды тағайындау жолдары жайлы, соның ішінде зейнетақы төлеудің жалпы ережелері, тағайындау мерзімдері мен төлеуді тоқтата тұру туралы түсінік беру;
-
ДАМЫТУШЫЛЫҚ: білімге қызығушылықтарын, дербестігі мен шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту;
-
ТӘРБИЕЛІК: өздігінен жұмыс істеуге, өзара тексеруге, ұйымшылдыққа, жауапкершіліке, өзгенің еңбегін бағалай білуге, табиғатты сүюге, заңды білуге, рәміздерге құрметпен қарауға, қоршаған ортаны таза ұстауға, еңбексүйгіштікке, өзгенің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
ОҚЫТУ ӘДІСІ: ауызша білім беру, слайдтар, көрнекілік.
ПӘН АРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС: Құқық салалары.
САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ.
ҚОЛДАНЫЛАТЫН КӨРНЕКІ ЖӘНЕ ОҚЫТУДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ: Кесте күйіндегі көріністер, схемалар.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: Қазақстан Республикасының Конститутциясы, Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексі», Қазақстан Республикасының «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңы
Сабақты жүргізу кезеңдері |
Уақыт мөлшері |
1.Ұйымдастыру кезеңі |
3 мин |
- Сәлемдесу - Студенттерді түгелдеу - Аудитория тазалығына назар аудару |
|
2. Өткен тақырыпты қайталау. 1.Еңбек стажының түсінігі 2.Арнайы еңбек стажы 3.Еңбек стажына енетін жұмыс кезеңдері 4.Үздіксіз еңбек стажы 5.Зейнетақы тағайындау үшін қажеті стаждың болуын растау 6.Куәлардың еңбек стажының болғаны туралы көрсетулер |
15 мин |
3.Жаңа тақырыпты баяндау. |
45 мин |
Тақырыбы: Зейнетақы түрлері І Зейнетақылар түрлері туралы жалпы сипаттама
|
|
4.Жаңа тақырыпты бекіту. |
15 мин |
Тақырып бойынша кесте күйіндегі көріністер. Ойын: Шарты ұяшыққа сурет немесе сұрақ қойып, студенттерге таңдатып, жауап алу. Тест сұрақтары |
|
5.Сабақты қорытындылау. Терминдік сөздік бойынша. |
|
6.Үй тапсырмасы. 1. Сабақты қорытындылау және білімді бағалау 2. Үй тапсырмасы. Д.Ә.Жампейісов, «Еңбек құқығы және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы» 15- тарау, 156-170 беттер. |
2 мин |
ІІ.ӨТКЕН ТАҚЫРЫПТЫ ҚАЙТАЛАУ.
Тақырып: Еңбек стажы.
-
Еңбек стажының түсінігі
-
Арнайы еңбек стажы
-
Еңбек стажына енетін жұмыс кезеңдері
-
Үздіксіз еңбек стажы
-
Зейнетақы тағайындау үшін қажеті стаждың болуын растау
-
Куәлардың еңбек стажының болғаны туралы көрсетулер
1.ЕҢБЕК СТАЖЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
Еңбек стажы - бұл зейнетақы төлеу кезінде есепке алынатын жұмыс пен өзге де қызмет кезеңдерінің қосынды ұзақтығы.
Алайда, еңбек стажы тек ұзақтығымен ғана емес, сонымен қатар жұмыстың сипатымен және еңбек қызметі өткен жағдайлармен де сипаталады.
Еңбек қызметінің ұзақтығына және сипатына қарай еңбек стажы жалпы, арнайы және үздіксіз болуы мүмкін.
Жалпы еңбек стажы-бұд жұмыс орнына, уақтына және орын алған үзілістерге қарамастан адамның бүкіл өміріндегі еңбек қызметінің жалпы (жиынтық) ұзақтығы. Жалпы еңбек стажының маңызы өте зор. Ол әрбір қызметкерді зейнетақылық қамсыздандырдағы басты жағдай болып табылады. Тағайындалатын зейнетақылардың мөдшері оның ұзақтығына тәуелді болады.
2.АРНАЙЫ ЕҢБЕК СТАЖЫ
Арнайы еңбек стажы - бұл белгілі бір жағдайлардағы (ауыр, зиянды, қауіпті және т.б) белгілі бір лауазымдардағы, белгілі бір табиғи-климаттық жағдайлардағы, радиоктивтік ластануға ұшыраған аумақтардағы және жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары ұшін төленетін зейнетақылармен жеңілдетілген қамсыздандыруға жататын кезеңдердегі жұмыстың ұзақтығы. Аранайы еңбек стажы жұмыстың жалпы стажынан ажыратылады. Арнайы еңбек сажының жеңілдетілген жағдайларда, еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақылар тағайындауда маңызы зор.
3.ЕҢБЕК СТАЖЫНА ЕНЕТІН ЖҰМЫС КЕЗЕҢДЕРІ
Еңбек стажына енетін жұмыс кезеңдері. Зейнетақы тағайындау үшін еңбек стажын есептеу кезінде мыналар есепке алынады:
-
Еңбек шарты бойынша жеке және заңды тұлғалар ақы төлейтін жұмыс
-
Әскери қызмет
-
Құқық қорғау органдарындағы қызмет
-
Мемлекеттік қызмет
-
Кәсіпкерлік қызмет
4.ҮЗДІКСІЗ ЕҢБЕК СТАЖЫ
Үздіксіз еңбек стажы - бұл қывзметкердің бір жұмыстан екіншісіне ауысқан кездегі үзіліс заңдарда белгілінген мерзімдерден аспаған және қызметтен босату қызметкердің кінәсінан болмаған жағдайдағы үздіксіз еңбек стажы зейнетақылар тағайындау кезде үлкен рөлді иеленбейді.
5.ЗЕЙНЕТАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУ ҮШІН ҚАЖЕТІ СТАЖДЫҢ БОЛУЫН РАСТАУ
Зейнетақы тағайындау үшін қажет стаждың болуы не құжаттармен, не куә көрсетулермен дәлелденеді.
Еңбек стажын ратсайтын құжаттарға мыналар жатады;
-
еңбек кітапшасы (болған жағдайда);
-
жеке еңбек шарты;
-
жұмысқа алу және одан босату туралы выписка;
6.КУӘЛАРДЫҢ ЕҢБЕК СТАЖЫНЫҢ БОЛҒАНЫ ТУРАЛЫ КӨРСЕТУЛЕР
Еңбек стажының болғаны туралы құжаттар болмаған не оларды алу мүмкін болмаған, сонымен қатар архив мәліметтері болмаған жағдайда еңбек стажы өтініш берушіні бірге жұмыс істегеніне қатысты көрсету беріп отырған кезеңдегі өз жұмысы туралы құжаттарға ие екі немесе одан да көп куәлардың көрсетулерінің негізінде анықталады. Бұл ретте заңдар құжаттардың жоқ болуының, сақталмауының себептьеріне екі негізгі топқа бөледі:
-
Әскери әрекеттерімен, табиғат зардаптарымен, апаттарымен және өзге де төтенше жағдайлармен байланысты;
-
Кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның таратылуымен немесе өзге де себептер бойынша архив мәліметтерінің жоқ болуына байланысты.
БІРІНШІ ЖАҒДАЙДА - еңбек стажы және оның ұзақтығы белгілі бір кезеңде бір кәсіпорында, мекемеде, ұйымда немесе бір жүйеде бірге істеген жұмысы бойынша өтініш берушіні білетін кем дегенде екі куәнің жеке көрсетулері бойынша анықталады.
ЕКІНШІ ЖАҒДАЙДА - еңбек стажы және оның ұзақтығы бір кәсіпорында, мекемеде, ұйымда немесе бір жүйеде біргше істеген жұмысы бойынша өтініш берушіні білетін және аталған орнында және аталған кезеңдегі жұмысы туралы құжаттарға ие кем дегенде екі куәнің жеке көрсетулері бойынша анықталады.
ІІІ.ЖАҢА ТАҚЫРЫПТЫ БАЯНДАУ.
Тақырып: Зейнетақы түрлері.
І Зейнетақылар түрлері туралы жалпы сипаттама
-
Зейнетақылар түсінігі
-
Зейнетақы түрлері
-
Зейнетақыт тағайындау тәртібі
-
Жасына байланысты зейнетақы
-
Асыраушысынан айрылуына байланысты зейнетақы
-
Мүгедектігіне байланысты зейнетақы
1.ЗЕЙНЕТАҚЫЛАР ТҮСІНІГІ
«Зейнетақы» сөзінің орысша баламасы «пенсия» сөзі төлем деген мағы-наны білдіреді. С.И. Ожеговтың орыс тілінің түсіндірме сөздігінде «зейнетақы» сөзіне мынадай анықтама берілген: «еңбек сіңірген жылдары үшін, мүгедектігіне, еңбекке жарамсыздығына және т.б. байланысты ақшалай ақысыздандыру».
Кеңестік кезеңнің заң әдебиетінде «зейнетақы» сөзіне түрліше анықтама берілген. Алғаш рет зейнетақы сөзіне 1946 жылы Е.И. Астрахан анықтама берді. Оның пікірінше, зейнетақы – бұл «қызметкерді, жұмысшыны не оның отбасын оның еңбек қызметінің белгілі бір үлкен циклының аяқталуына немесе оның толыққанды қызметкерлер қатарынан өмір бойына немесе ұзақ мерзімге шығуына орай материалдық қамсыздандыру мақсаттарында әлеу-меттік сақтандыру қаражаты есебінен жүзеге асырылатын мерзімдік төлемдер».
«Зейнетақы» сөзінің өзге де анықтамалары негізінен «зейнетақы алу құқығы туындау үшін алғышарт болып тұрақты немесе ұзақ мерзімдік еңбекке жарамсыздық табылады, сол себепті өмір сүрудің негізгі көзі ретіндегі жалақының орнына ақшалай төлемдер төленеді» деген пікірлерге негізделеді.
Қазіргі кезде зейнетақы қандай да бір себептермен еңбекке қабілетін жоғалтқан, белгіленген жасқа толуына, мүгедектігіне, асыраушысынан айырыл-уына және т.б. себептерге орай еңбек міндеттерін орындауды тоқтатқан немесе оны тоқтату құқығына ие тұлғалар үшін тағайындалады. Басқаша айтар болсақ, зейнетақыны тағайындау объективтік, сонымен қатар субъективтік сипаттағы белгілі бір талаптармен байланысты.
Біздің пікірімізше, зейнетақыны мемлекеттің сыйы ретінде, қайырымды-лық әрекеті ретінде қарастыруға болмайды. Зейнетақы – бұл әрбір азаматтың еңбегімен табылған жеке меншігі, оның зейнетақыға қатысты құқығы заңдар мен қорғалады. Зейнетақы мынадай қағидаға жауап беруі тиіс: адам өз өмі-рінде қалай жұмыс істесе, ол солай зейнетақы алуы тиіс.
Одан әрі еңбек зейнетақыларын алудың жағдайларын өзгерту көзделуде – белгілі бір жасқа толумен қатар қандай да бір зейнетақы қорына зейнетақы жарналарын міндетті түрде төлеу қажет болады.
Сонымен, зейнетақы – бұл тұлғаларға заңдарда белгіленген жасқа тол-ған жағдайда, сонымен қатар еңбек сіңірген жылдары үшін, мүгедектігіне байланысты, асыраушысынан айырылған жағдайда Орталықтан немесе жинақтаушы зейнетақы қорларынан өмір сүрудің негізгі көзі ретіндегі ақша қаражатын ұзақ мерзімге ай сайын төлеу.
2.ЗЕЙНЕТАҚЫ ТҮРЛЕРІ
Қазақстан Республикасында зейнетақылардың келесі түрлері төленеді:
1. Еңбек зейнетақылары
2. Әлеуметтік зейнетақылар
ЕҢБЕК ЗЕЙНЕТАҚЫЛАРЫ, ӨЗ КЕЗЕГІНДЕ, КЕЛЕСІ ТҮРЛЕРГЕ БӨЛІНЕДІ:
-
жасына байланысты зейнетақылар;
-
мүгедектігі бойынша зейнетақылар;
-
еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақылар;
-
асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылар.
Жасына байланысты еңбек зейнетақысы және мүгедектігі бойынша еңбек зейнетақысы екі бөліктен тұрады: негізгі және жинақтаушы.
Еңбек зейнетақысы – бұл азаматтарға жалақасын немесе өзге де табысын өтеу мақсаттарында төленетін ай сайынғы ақшалай төлем. Еңбек зейнетақысына қатысты құқық зейнетақы заңдарының шарттарымен және нормалары мен анықталады.
Еңбек зейнетақысына қатысты құқықты Қазақстан Республикасының азаматтары ҚР «ҚР-да зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңның шарттарын сақтаған жағдайда иеленеді.
Жоғарыда аталған азаматтардың отбасыларының еңбекке жарамсыз мүшелері заңдарда көзделген жағдайларда асыраушысынан айырылуына байланысты еңбек зейнетақысына құқықты иеленеді.
Егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар да зейнетақы алуға құқылы.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әртүрлі зейнетақылар алуға құқығы бар азаматтарға олардың таңдауы бойынша бір зейнетақы тағайындалады.
3.ЗЕЙНЕТАҚЫЛАРДЫ ТАҒАЙЫНДАУ ТӘРТІБІ
Жасына, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақылар осы тұлға белгіленген жасқа толған кезде және еңбек стажы (жалпы немесе арнайы) болған жағдайда, сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жағдайда тағайындалады.
Еңбек және өзге де қоғамға пайдалы қызметпен байланысты зейнетақылар орташа белгіленген нормалар бойынша жалақыдан есептеледі. Зейнетақы қатаң сомада тағайындалады.
Әлеуметтік зейнетақылар қандай да бір себептермен зейнетақының өзге түрлерін алу құқығын иеленбеген азаматтар үшін тағайындалады. Әдетте, әлеуметтік зейнетақылар зейнетақылық жасқа жеткен, бірақ қажетті еңбек стажы жоқ тұлғаларға тағайындалады. Мұндай жағдайда, зейнетақы жалақыдан есептеле алмайтындықтан, ол тиісті зейнетақы ең төменгі мөлшерінде белгіленеді.
Зейнетақылық қамсыздандыруды халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы арыз зейнетақы төлемдерін есептеу үшін қажетті стажы мен табысын растайтын құжаттармен қоса азаматтың тұрғылықты жері бойынша зейнетақы төлемдерін тағайын-даушы органға беріледі.
Орталықтан зейнетақы төлемдері зейнетақы тағайындауға өтініш берілген күннен бастап тағайындалады. Арыз бен қажетті құжаттарды зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органға бір мезгілде берген күн Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш берген күн болып есептеледі. Арыз бен қажетті құжаттарды поштамен жіберген жағдайда Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш берген күн болып бұларды поштадан жібер-ген күн есептеледі. Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауды зейнетақы төлемдерін тағайындаушы орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізеді. Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауға арналған құжаттарды қарауды халықты әлеуметтік қорғау органы құжаттар табыс етілген күннен бастап 10 күн мерзімнен кешіктірмей жүзеге асырады. Зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органы тиісті шешім шығарылғаннан кейін 5 күннен кешіктірмей бұл туралы арыз берушіге хабарлайды.Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тартылған жағдайда зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органы бас тартудың себептерін жазбаша түрде негіздеп, табыс етілген құжаттарды арыз берушіге қайтаруға міндетті. Орталықтан зейнетақы төлемдері өткен ай үшінде төленеді. Зейнетақының мөлшері өзгеруі мүмкін. Зейнеткер қайтыс болған жағдайда оның өліміне орай алынбаған зейнетақы төлемдері зейнеткердің мұрагерлеріне жалпы негіздер бойынша төленеді. Қайтыс болған зейнеткердің жерлеуін ұйымдастырған оның отбасы мүшелеріне жерлеуге қатысты ақша олар мұрагерлікті қабылдаған кезде төленеді.
4. ЖАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ
Жасына байланысты зейнетақы ретінде азаматтардың белгілі бір жасқа толған кезде және онда қажетті еңбек стажы болған жағдайда алатын зейнетақыны атайды.
Еңбек зейнетақысын алуға құқық беретін жас және еңбек стажының ұзақтығы заңдарда анықталған.
Сонымен, жасына байланысты еңбек зейнетақысына екі белгі тән; зейнетақылық жасқа толу және белгілі бір ұзақтағы еңбек стажының болуы. Бұл ретте еңбек зейнетақысын тағайындалғаннан кейін көптеген зейнеткерлердің өзінің еңбекке қабілетін сақтап, еңбек қызметін әрі қарай жалғастыруына рұқсат беріледі. Яғни, оларға одан кеиінгі