400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ:Алғыр физик

Материал туралы қысқаша түсінік
7-11 сынып арлығындағы оқушыларға арналған ашық сабақ.Физика пәніне байланысты сценарий.Тест сұрақтарынан бөлек қызықты ойындар кірістірілген
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныптан тыс жұмыс.

«Алғыр физик» іс-шарасы

Алдын-ала дайындық:1 және 2 курс студенттері өзара 2 топқа бөлініп,алдын-ала топтың атын дайындап келеді.

Жюри:Оқытушылар,3-4 курстар

Іс-шараның өту барысы:

Физика – табиғат туралы ғылым, эксперименттік ғылым. Бірақ физиканы оқуда, спорттағы сияқты, көбінесе нәтиже емес, қатысу маңызды. Ал, іс-шарамызды бастаудан бұрын видеоролик тамашаласақ.

1кезең: «Кім тез?» Әр дұрыс жауап үшін 1 баллдан беріледі.

1. Инерция құбылысын ашқан кім? (Галилей Галилей)

2. Дене салмағын өлшейтін құрылғы (таразы)

3. 1 кг судың көлемі? (1 литр)

4. Үш ат шауып бара жатыр. Әр ат 5 шақырымға жүгірді. Ат үстінде отырған адамдар неше километр жол жүрді? (5 км)

5. Күштің негізгі өлшем бірлігі (Ньютон)

6. 1 пұт (16 кг) нешеге тең

7. Сағаттың ¼ бөлігі неге тең? (15 минут)

8. Мензуркамен қандай физикалық шама өлшенеді? (көлемі)

9. Ең үлкен планета ? (Юпитер)

10. Қолда 10 саусақ бар, 10 қолда неше саусақ бар? (елу)

11. Бір килограмм салмақ қай кезде үлкен массаға ие болады: жазда ма, қыста ма? (олардың массалары бірдей)

12. Аз мөлшердегі сұйықтық қалай аталады? (тамшы)

13. Көзе көрнеді,және сонымен қатар көрінбейді? (тұман)

14. Табиғатта көп кездесетін зат қалай аталады? (Су)

2-кезең: «Жол тап»

Әр команда үшін тақтада бір бағанға физикалық шамалар, екіншісіне өлшем бірліктері, үшіншісіне шаманың аты жазылады.Топтағы қатысушылар кестені байланыстыру қажет. Әрбір дұрыс жауап үшін 1 ұпай.

S  с Қысым


Y м  Уақыт


h  м/с Жылдамдық


P  Па Жол


t  м Биіктік

4-кезең «ҮШ КЕҢЕС» ойыны

3 анықтаманы тыңдау арқылы физикалық ұғымды айту керек. Бірінші анықтамадан кейін дұрыс жауап бергендер 3 ұпай, екіншіден кейін 2 ұпай, үшіншіден кейін 1 ұпай алады.

оны өлшеу үшін қайталанатын физикалық процесс қолданылады

негізгі өлшем бірлігі секунд;

Қайтып келмейді(Уақыт).


ыдыстың түбіне және қабырғаларына әсер етеді

тереңдікпен артады:

Молекулалардың жиі қозғалысына әкеледі. (Қысым)

Дене инерциясының өлшемі

негізгі өлшем бірлігі килограмм;

Скаляр шама(Масса).

5-кезең: «Қызықты тест».Әр дұрыс жауапқа 1 баллдан,ал бірінші жауап берген топқа қосымша 2 балл қосылады.Бұл тестті топтағы студенттер бірлесе параққа жазып,комиссияға өткізеді.Комиссия мүшелері өз кезегінде іс-шараның соңында тесттен алған баллдарын хабарлайды.

  1. Керілген арқанның үстімен жүріп келе жатқан гимнаст көрермендерді ықыласқа бөледі. Ал егер арқанның үстімен иығына иінағашқа ілінген шелектегі суды алып өтсе тіпті керемет. Арқанның үстінде
     A) тепе-теңдікті сақтау иінағашпен шелектегі суды алып өткенде жеңілірек
     B) тепе-теңдікті сақтау гимнаст тек өзі жүріп өткенде жеңілірек
     C) тепе-теңдікті сақтау мүмкін емес
     D) гимнасттың салмағы артады
     E) гимнасттың салмағы азаяды
    2. Жабақ пробирканың түбінде маса отыр. Пробирка вертикаль жағдайда еркін құлап келеді. Құлау кезінде маса пробирканың төменгі бөлігінен жоғары бөлігіне ұшып өтсе, пробирканың құлау уақыты:
     A) азаяды
     B) артады
     C) өзгермейді
     D) бірінші артады,сосын азаяды
     E) бірінші азаяды, кейін артады
    3. Құс таразының бір басына орналасқан жәшіктің ішінде отыр. Таразы, екінші басына кір тасы салынып теңгерілген. Егер құс жәшіктің ішінде жоғары көтеріліп ауада қалықтап тұрса, таразының ... .
     A) тепе-теңдігі сақталады
     B) кір тасы жағы басып кетеді
     C) құсы бар жәшік басып кетеді
     D) жалпы салмағы артады
     E) жалпы салмағы кемиді
    4. ν жылдамдықпен келе жатқан автомобиль жүргізушісі, кенет алдында s қашықтықта орналасқан жалпақ қабырғаны көрді. Жүргізушінің іс-әрекеті:
     A) автомобильді тежеп тоқтату қажет
     B) автомобильді бұру қажет
     C) ештеңе істеудің қажеті жоқ
     D) көзін жұмып қалу
     E) жылдамдықты арттыру
    5. Жоғары қозғалып бара жатқан эскалатор баспалдағында тұрған адам, сол эскалатордың бойымен өзі де тұрақты жылдамдықпен қозғалуда. Бұл жағдайда эскалатор моторының жасаған жұмысы мен қуаты:
     A) жұмысы артады, қуаты азаяды
     B) қозғалмай тұрған адамды шығарған кездегіден көп
     C) қозғалмай тұрған адамды шығарған кездегіден аз
     D) жұмыс азаяды, қуаты артады
     E) өзгермейді
    6. «Арқан тарту» ойынында екі топ сайысуда. Бірінші топ арқанды өзіне қарай 400Н күшпен тартады, ал екінші топ 100Н күшпен тартады. Екі топтың тең әрекетті күші:
     A) 500Н
     B) 100Н
     C) 400Н
     D) 300Н
     E) 250Н
    7. Қиярға ұзақ уақыт тұз сіңірмеу үшін, қияр салынған тұздықты суық жерге сақтау керек. Себебі,
     A) конденсация баяу жүреді
     B) компенсация жылдам
     C) конденсация жылдам
     D) диффузия жылдам жүреді
     E) диффузия баяу жүреді
    8. Консерві қалбырларын дайындауға пайдаланылатын қаңылтырлар тоттанбау үшін, ауданы 200 см
    2 қаңылтырға 0,45 грамнан есептелген, қалайының жұқа қабатымен қаптайды. Қаңылтырдағы қалайы қабатының қалыңдығы:
     A) 0,003 мм
     B) 0,005 мм
     C) 3 мм
     D) 5мм
     E) 30 мм
    9. Мыс детальды қыздырса және балқытса оған әсер ететін ауырлық күші:
     A) қыздырса артады, балқытса азаяды
     B) қыздырса азаяды, балқытса артады
     C) қыздырса өзгермейді, балқытса артады
     D) қыздырса азаяды, балқытса өзгермейді
     E) барлық жағдайда өзгермейді
    10. Бөрене оңға қарай жылжытылған болса, сырғанау үйкеліс күші ..... бағытталған.
     A) оңға
     B) солға
     C) солтүстікке
     D) батысқа
     E) оңтүстік шығысқа

6-кезең: «Ұқсастығын тап»

Әр топтан бір студент шығады.Және үстелде тұрған приборларға ,заттарға қарап,оларды не байланыстыратынын айтады.Әр дұрыс жауапқа 1 балл,жауап бере алмаса балл қосылмайды.Топпен ақылдасуға болмайды.

1 заттар топтамасы: мензурка, сызғыш, термометр, динамометр, сағат.

2 заттар топтамасы: шыны бөтелке,стакан,пробирка.

(жауабы: өлшеу құралдары, шыны зат)

Соңғы кезең студенттерге тесттен алған баллдарын айтып,нәтижесін шығарады.

Студенттерге және оқытушыларға сөз беріледі.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
07.04.2022
514
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі