Ашық сабақ.Дүниежүзі халқының тілдік әулеттері мен топтары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ.Дүниежүзі халқының тілдік әулеттері мен топтары

Материал туралы қысқаша түсінік
Дүниежүзі халқының тілдік әулеттері мен топтары туралы түсінік қалыптастыру.Картадан халықтардың таралу аймақтары,әулеттері жайлы оқушы таба білуге жетелейді.Сабақ барысында халықтың этникалық құрамын ұғымын айтып,картаны пайдаланып тіл әулеттерін кестеге топтастыру жұмыстары жүргізіледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы : Дүниежүзі халқының тілдік әулеттері мен топтары

Бөлім

4.1Халық географиясы

Педагогтың аты-жөні

Н.Пірімжарова

Күні

Сынып

7 Қатысушылар саны:16

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Дүниежүзі халқының тілдік әулеттері мен топтары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.4.1.1 -дүниежүзі халқықтарының этнолингвистикалық жіктелінуін түсіндіреді

Сабақтың мақсаты


Барлық оқушылар: Халықтың этникалық құрамы ұғымын айтады.

Оқушылардың басым бөлігі: Картаны пайдаланып, халықтардың таралу аймақтарын кескін картаға түсіреді

Кейбір оқушылар: Дүние жүзілік халықтардың әулеттерін зерттейді графика сызба жұмыстарын орындайды.

Бағалау критерииі

Дүние жүзі халықтарының тілдік әулеттері мен топтары туралы түсініктері қалыптасады.

Картадан халықтардың таралу аймақтарын біледі, әулеттері туралы сипаттайды.

Халықтың этникалық құрамы ұғымын айтып, картадан пайдаланып тіл әулеттерін кестеде топтастырады.

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

5мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу

Үй тапсырмасын сұрау. «Бинго» әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді

1.Аса ірі табиғи кешен. Ланшафт

2.Табиғат компоненттерге нелер жатады. (тау жыныстар,су,ауа,организмдер,географиялық қабықтың құрамдас бөліктері)

3.Географиялық қабық ең ірі бөліктері(материктер мен мұхиттар)

4.Георафиялық заңдылықтар (тұтастығы,зат айналымы,ырғақтық және зоналылық)

5.Табиғат зоналары туралы ілімнің негізін салушы кім? (В.В.Докучаев)

6.Қызылорда облысы қай жылы құрылды? (1938ж15 қаңтарда)

7.Жер аумағы? (248,996 мың км)

8.Қызылорда облысы түсті металдар бойынша Қазақстанда нешінші орында? (3орында)

9.Облыста қанша аудан бар? (7. Қазалы,Арал,Қармақшы,Жаңақорған,Шиелі,Жалағаш,Сырдария)

10.Мұнай кен орындары? (құмкөл,Арысқұм,Майбұлақ,Ақша-бұлақ,Бектас)

«Бинго» әдіс арқылы қайталау

Сұрақ -жауап орындайды


Қол шапалақ

.


Интерактив

ті тақта

Ортасы

5мин










5мин





5мин











5мин

















10мин




























5мин

Оқушылар үйге түрлі тілде амандасуға дайындалып келу тапсырғанмын.Сол бойынша әр түрлі тілде амандасайық.

Жаңа тақырып бойынша

Дүние жүзі тілдері — Жер шары халықтары тілдерінің жиынтық атауы. “Халықаралық лингвистикалық энциклопедияның” (“The Іnternatіonal Encіclopedіa of Lіnguіstіcs”, 1992) дерегі бойынша, дүние жүзінде 1970 — 80 жылы 6604 тіл (оның ішінде 300 өлі тіл) болса, ал “Әлем тілдерінің атласы” (“Atlas of the World’s Languages”, 1994) әлемде 6796 тіл бар деп мәлімдеген. 20 ғасырдың 90-жылдарында дүние жүзінде 6 мыңдай тіл бар деу шындыққа неғұрлым сай келеді. Дегенмен, ғылымда Дүние жүзі тілдердінің ұзын саны 3000-нан 10000-ға дейінгі аралықта деген тұжырым да жоқ емес.

«Бейне сабақ» көрсету

1-тапсырма. Төмендегі тіл топтарын ретімен орналастырып, сәйкестендіру.

Роман болгарлар, чехтар,поляктар

Иран молдавандар, француздар,румындер

Славян норвегтер, америкалықтар,шведтер

Герман якуттер,хакастар,татарлар

Түркі парсылар,тәжіктер,хазарлар

2-тапсырма Берілген кестедегі бос орындарды кестелерді пайдаланып халықтардың этнолингвистикалық жіктелуі бойынша толықтыр.

Тіл әулеттері

Тіл тобы

Халықтар

алтайлық

түркі

қазақтар

үндіеуропалық

роман

исландықтар

Қытай-тибет

Тибет-бирмалық

тибеттіктер

үндіеуропалық

словян

орыс

Дескриптор:

-Қазақ халқының тіл әулеті мен тіл тобын табады;

-Роман тіл тобының тіл әулеті мен сөйлейтін халқын табады;

-Тибеттіктердің тіл әулеті мен тіл тобын табады;

-Үндіеуропалық тіл әулетіне жататын тіл тобы мен халқын табады;

3-тапсырма \Оқулықпен жұмыс.\ Қазақстан аумағында тұратын этностар кестесін толтыру және оның пайыздық есебін шығару.


Ұлттар

Ұлттар саны

Пайыздық көрсеткіші %

орыстар

3 869 мың

21,5

түріктер

89мың

0,5

татарлар

226мың

1,3

поляктар

39мың

0,21

немістер

220мың

1,2

ұйғырлар

241мың

1,33

өзбектер

463мың

2,57

кәрістер

103мың

0,57

Пропорция құру арқылы шығарылады Жауабы: Х=3700000*100:18000000=370:18=20,5

Жеке жұмыс 1. «Глоссарий – жаңа терминдер»: Бүгінгі сабақта кездескен жаңа ұғымдар мен терминдерді анықтайды.

2. Тақырып мәліметтер пайдаланып диаграмма жасау

Жұптық жұмыс. Картамен жұмыс.«Дүние жүзі халқының тілдік әулеттері мен топтары».








Дескриптор:

  1. Дүние жүзі халықтарының көп ұлттылығын біледі.

  2. Дүние жүзі халықтарының ұлттық құрамын түсінеді жіктейді.

  3. Дүние жүзі халықтарыкартасынан ұлттардың таралу аймағын картадан анықтайды


1. Үндіевропа тілдеріне қазіргі үнді (француз, испан, португал, итальян, румын), славян (орсы, поляк, чех, словак, украин, белорус т.б.Сонымен бірге өлі тіл жанұялары анатлия, тохар, иллирия, скиф, кушан т.б. енгізіледі.

2. Афразиат тілдері: семит (араб, иврит), египет, омот, кушит, чад  және бербер тілдері.

3) Дравид тілдері Үндістан түбегіне таралған (телугу, тамиль, каннада, малаялам).

4) Орал тілдеріне фин-пермь (фин, эстон, мордва), угор (венгр, ханты, мансы), тіл жанұялары жатады.

5) Алтай тілдеріне түркі (түрік, татар, азербайжан, қазақ, өзбек, ұйғыр, монғол т.б.тілдері жатқызылады.

6) Чукот-камчатск тілдеріне чукот және камчат тіл жанұялары жатады.

Дескриптор:

  • Негізгі «Этникалық құрам» ұғымын айтады;

  • Картада берілген тіл әулеттерін шартты белгілер бойынша тауып көрсете алады;

  • Кестеде топтастыра біледі;

Bilim land kz – тегі тақырып бойынша тапсырмаларын орындау




Арнайы ресурстар арқылы жаңа тақырыпты талдайды

Жұп бойынша

Жеке, өзара тақырыпты түсінгендерін мұғалімге қол көтеру арқылы білдіреді





Слайдта көрсетілген ресурстарды талқылайды



Видеороликтан тақырыпқа сай берілген түсініктерді дамыту арқылы, мәтіндегі тапсырмаларды орындау барысында ой өрісін жетілдіру арқылы бәсекелеседі













Слайдта берілген сұрақ жауапты орындайды

Сұрақ жауап арқылы сұраққа жауап береді, логикалық ойлай білуі мен сыни көзқарасы таныта білу дағдылары қалыптасады

Смаликтер арқылы

ҚБ өзін өзі бағалау








ҚБ «Басбармақ»










ҚБ 

Дескриптормен бағалау



Бағалау парақшасын толтырады.



ҚБ Қол шапалақ









Сабақтың соңы

5мин

Білімді бекіту:

«Қарлы кесек» әдісі Тақырып бойынша сұрақтарды жазып оқушылар бір-біріне лақтырады.

Кері байланыс:

Оқушыларға рефлексия парағын ұсынамын.Сабақ барысында алған білімдері туралы кері байланыс жазады.

Instagram - Сабақта маған не пайдалы болды?
Facebook - Сабақта маған не қызықты болды?

Whats App -Сабақта маған не қиын болды?

Үйге тапсырма: «ІІІ деңгейлік тапсырма» әдісі арқылы беріледі.


1) А деңгей: §39 Тақырыпты оқып келу;

2) В деңгей: Көпұлтты елдерге мысал келтіріңіз.

3) С деңгей: Өздерің тұрған жердің қандай ұлттық, нәсілдік, тілдік құрылысдағы халықтарды білесіңдер, айырмашылығын анықтау.



.

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.


Рефлексия парағы






















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.12.2023
571
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі