400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ:Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер.

Материал туралы қысқаша түсінік
• Қалыпты және стандартты жағдайда «молярлық концентрация», «молярлық көлем» ұғымдарын білу,түсіну • «Молярлық концентрация», «молярлық көлем» ұғымдарына берілген есептерді шығару,түсіндіре алу Өмірде қолдану жолдарын түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық сабақ.10-сынып.ҚМЖ.

Бөлім:

10.1 D Стехиометрия

Педагогтің аты-жөні:

Оңғарбай С

Күні:


Сыныбы:10

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Реакция теңдеулері бойынша есептеулер.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

10.2.2.1 қалыпты және стандартты жағдайда «молярлық концентрация», «молярлық көлем» ұғымдарын қолданып есептеулер жүргізу;

Сабақтың мақсаты:




  • Қалыпты және стандартты жағдайда «молярлық концентрация», «молярлық көлем» ұғымдарын білу,түсіну

  • «Молярлық концентрация», «молярлық көлем» ұғымдарына берілген есептерді шығару,түсіндіре алу

  • Өмірде қолдану жолдарын түсіндіру

Бағалау критерийлері

  • қалыпты және стандартты жағдайда «молярлық концентрация», «молярлық көлем» ұғымдарын біледі,түсінеді

  • қалыпты және стандартты жағдайда «молярлық концентрация», «молярлық көлем» ұғымдарын қолданып есептер шығара алады,түсіндіреді

  • өмірде қолданылу аясын түсінеді



Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

5 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу.

б). Топтастыру.








Топқа тақырыпқа сәйкес өлшем бірліктер мен ғалым аттарымен бірігеді.

І-топ:Авогадро

ІІ-топ:Гей-Люссак

Топтың ережесі:

  1. ТҚЕ сақтау.

  2. Топ басшысына бағыну.

  3. Белсенді болу.

  4. Бір-бірін тыңдау, өз пікірімен ашық бөлісу, басқалардың пікіріне құрметпен қарау.

  5. Уақыт шегінде жұмыс жасау.

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.


Стикерлер,пер.жүйе,

интерактивті тақта, А 4 парақтары, кеспе қағаздары




Жаңа сабаққа кіріспе

10 мин




(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Өзгенің пікірін толықтырады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Бейнекөрсетілім.

1. Заттардың үш агрегаттық күйін атаңдар?

2.Авогадро заңының тұжырымдамасы қандай?

2.Зат мөлшерінің өлшем бірлігі қандай?

3.Моль деген не?

4.Көлем қалай өлшенеді?


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.


Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың! Жақсы» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

https://bilimclass.kz/schedule/17.10.2023/lesson/27301c74-ad88-4b1d-9e9b-de2cb412b8c3/lesson

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

10 мин.




Білімкласс платформасы бойынша тапсырмалар орындау.



Білімкласс платформасы бойынша тапсырмалар орындайды,есептерді шығарады.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1. Бастапқы заттардың белгiлi зат мөлшерлері бойынша есептер шығарады,түсіндіреді.

Әр есепке 1 балл.


https://bilimclass.kz/schedule/17.10.2023/lesson/27301c74-ad88-4b1d-9e9b-de2cb412b8c3/lesson


Функ. сауаттылыққа байланысты тапсырмалар.

10 мин.

Мәнмәтін.

Адам ағзасының 65%  судан тұрады. Судың 

адамның денсаулығына тигізетін пайдасы мен маңызы өте үлкен. Мидан бастап асқазанға дейін денедегі бүкіл мүшелердің су қажеттілігі бар. Сондықтан мол су ішіп,денедегі су жетіспеушілігінің алдын алу керек.Орта есеппен әр адамның 2л жуық су ішкені ағзаға пайдалы. Салмағы 55кг жасөспірім 1,65л су ішу қажет деп есептелінді.Егер спортпен айналысқан жағдайда судың көлемі көбірек болатыны сөзсіз.

Тапсырма:

1. Өз салмағыңа сай қанша литр су ішу қажеттілігін есепте.

2. 9 сынып оқушысы 1л су ішсе қанша моль және қанша молекула су ішеді?

1л де 1000мл бар.Судың тығыздығы 1г/мл.

Зат мөлшерін табу үшін 1000/18 =56 моль су.

56*6,02*1023=334*1023




Дескриптор: Жалпы - 4 балл

1.Өз салмағына сай қанша су ішетінін дұрыс есептейді.1 балл

2.Қанша моль және молекула су ішетінін дұрыс есептейді. 3 балл.




10-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Стикерлер,пер.жүйе,

интерактивті тақта, А 4 парақтары, кеспе қағаздары

Сабақты қорытындылау

8 мин

Берілген суретті талдай отырып,есеп құрастырады.


Берілген суретті талдай отырып,есеп құрастырады.


Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1.Суретті талдайды, түсіндіреді.1 балл

2.Есепті құрастырады, шығарады.2 балл


10-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Стикерлер,пер.жүйе,

интерактивті тақта, А 4 парақтары, кеспе қағаздары

Сергіту сәті

2 мин


Оқушылар суретте көрсетілген молекулаларды жасап көрсетеді.

«Жарайсың» қалыптастырушы бағалау.


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

5 мин

«Бір ауыз сөз» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Жеке жұмыс:

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. Сонымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
06.05.2024
256
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі