Материалдар / Ашық сабақ.Жол тәртібін жадыңда ұста.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ.Жол тәртібін жадыңда ұста.

Материал туралы қысқаша түсінік
Шардара аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің Оқушылар үйінің Ашық сабақ.Жол тәртібін жадыңда ұста тақырыбында .
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қырқүйек 2021
487
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтыңтақырыбы:«Жол тәртібін жадыңда ұста» 


Сабақтың мақсаты:

 1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру .
2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің  белгілерімен жүре білуге үйрету.
3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.



Көрнекілігі: бағдаршам, суреттер,сөз жұмбақ,жол белгілері, плакатқа жазылған ескерту сөздер, оқушылардың салған суреттері.



Жаңа сабақ.



«Жол тәртібін жаныңда ұста» атты ашық сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Мен сөзімді Шөмішбай Сариев ағамыздың мына өлең жолдарымен бастағым келеді. 


Арманға алдан күткен асығамыз, 
Біз қалай толқын атпай басылармыз. 
Жол жүру ережесін жақсы біліп, 
Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз 
Жалғайтын достастырып бар елменен, 
Жолдардан тұрады ғой әлем деген. 
Бүгінгі бізге келген қонақтарға, 
Алдымен беріледі сәлем деген. 



 Мұғалім: Біздің еліміздің барлық қала,ауылдарына ортақ  көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да,үлкендер де,көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек. Көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережесін жете білмейді. Ал кейбіреулері біле тұра жаяу жүргіншілерге арналған міндеттерді орындағысы келмейді. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып,кейбіреулер жарақат алады. Сондықтан әрбір оқушы  мектепте оқытылатын жолда жүру ережесін  мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруы керек. Үлгілі,тәртіпті оқушы көшеде жолда жүру ережесін,заңын бұзбайды.



1.(Бағдаршамның шығу тарихы жайлы баяндайды.)


Мұғалім:Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапқанын білесіңдер ме? Ал ендеше тыңдап көрелік.



Оқушы:Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Оны көше қиылысына ыңғайлап, кайта жасаған ағылшын инженер — механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатылды.



Оқушы : Алдымен түрлі түсті сигнал қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды. Өкінішке орай бірде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады да, содан жарты ғасыр бойы ұмыт болады.



Оқушы:Тек 1914 жылыАмериканың Кливленд қаласына, сосын Нью - Йорк, т. б. қалаларындапайда бола бастайды. Бұлжолыоларэлектрліболды. Тек екітүстіғана: қызылжәнежасыл. 


1918 жылданбастапқанаүштүсқолданылабастады. Кеңесодағыбойыншаалғашретбағдаршам 1924 жылыМәскеуқаласының Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерініңқиылысындаорыналды. 


Оқушы:Бағдаршам-өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек. Оның беретін сиқырлы әмір сөздері бар.


Менің үш көзім бар,
Бір көзім «кідір» дейді
Бір көзім «жүгір» дейді.
Бір көзім «абайла» дейді
Қарап қалма маңайға дейді.



2.Тақпақтар



Оқушы:

Көреген дәу қырағы,
Көшемізде тұрады.
Олбергенде команда,
Бағынамызәманда!
Ашсакезекүшкөзін,
Айттыдепұқүшсөзін.
Тоқта!Сақтан!Жолашық!

 Оқушы:

Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді


Арманға сапар тарту мүмкін емес
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
Оқушы:

Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне да.
Жол жүру ережесі заңды тәртіп -
Ол ортақ
Үлкен кіші баршамызға!
Оқушы:
Жолдар қиылысында
Қалтарысып қысылма.
Көлденеңнен жол болса,
Кібіртіктеп тоспа оны.
Оқушы:

Бос болмаса алайда
Сақтық жаса абайла.
Қалмас үшін соқтығып,
Ол өткенше тос тұрып

Оқушы:

Үйрен таппай тыным бір.
Белгілердің тілін біл.
Егер оны білмесең.
Тартар жолың бұлыңғыр.


Оқушы: Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,
Хабарлайтын бар қауіпті оң сапарға жолдаған.
Маған қарап жүрер болса жүргізуші, жаяу да,
Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған.

Оқушы:

Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын,
Қайда болса алда тұрып жібермеймін бір адым.
Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,
Осы жолы үндемейін бар ма тағы сұрағың.

Оқушы:

Белгімін көрсетер жылдамдық бағытын,
Ой, шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.
Барлығын анықтап, көрсетіп жіберем,

Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.



3.«Көше тәртібі»тақырыбында сурет салу, әңгімелеу.

4.Сұрақ жауап.



Мұғалім:Балалар, көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?



Оқушы: Әр оқушы көшеде жүру тәртібін өте жақсы білу керек.Көшеде жүре білу машина астына түсуден, апаттан сақтайды.

Оқушы: Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктің жүріп-тұруына кедергі келтіреді.Мысалы: Жолаушылар жұмысқа, сабаққа, 
дәрігерге баруға кешігуі, фабрика, зауыттарға, дүкенге, жүк мезгілінде апарылмауы, вокзалдарға басқа қалаларға дер кезінде жете алмауы мүмкін.

Мұғалім: Жаяу адам қай жермен жүруге болмайды?

Оқушы: Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.

Мұғалім: Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
Бір оқушы көшеде жүру тәртібін көрсететін бағдаршам суретін көрсетеді.

Мұғалім: Көшенің екінші көшемен қиылысқан жерінде немесе «Өтетін жер» деп жазылған тұста немесе асфальтта көлденеңнен сызылған жалпақ ақ жолақтары бар жерінде және бет алдындағы бағдаршамның жасыл жарығы жанған кезде өтуге болады.
Көрнекілік көрсетіледі.


Мұғалім:Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз?

Оқушы: Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса, көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз.Көшенің орта тұсына жеткенде, оң жағымызға көз саламыз.Егер ол жақтан машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орында күте тұрамыз.


Мұғалім: Жиек жолда қалай жүру керек?

Оқушы: Жиек жолдың оң жағымен жүру керек, сол жағымен жүруге болмайды.


Мұғалім: Аялдамада тұрған көлікті яғни машина, автобусты қалай айналып өту керек?

Оқушы: Аялдамада тұрған автомобиль, автобус немесе троллейбусті тек сырт жағынан айналып өту керек.Сонда біз оның соңында келе жатқан машинаны дер кезінде көреміз.







Викториналық сұрақтар.
1 — сұрақ.Жолаушылар дегеніміз кімдер?
Жауап: Кез — келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.
2 — сұрақ. Бағдаршам дегеніміз не?
Жауап: Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қоғалысын реттейді.
3 — сұрақ. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады?
Жауап:
жол бойына 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат.
4 — сұрақ. Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек?
Жауап:
Ауылдық жерлерде жиекжол болмауы мүмкін, ондай жағдайда жолдың бір шетімен келе жатқан көлікке қарама — қарсы бағытта жүрген жөн.



Мұғалім: Жарайды, оқушылар сендер көптеген көше қиылысында кездесетін қауіп-қатерлерден аман-сау құтылып шығады деген сенімдемін.



5.«Үйренейік, білейік».

            Әр топқа түрлі-түсті қағаз, қайшы,желім таратылып береді. Олардың өздері білетін жол белгілерін жасауларын талап етеді



   Мысалы: 

 а) жаяулар өтетін жер, жаяулар өтуге болмайтын жер.

ә) Велосипедпен өтуге болмайтын жер,өтуге болатын жер.

б) Жолдар «Бір жақты қозғалысты жол» белгісі,жол жұмыстары белгісі.

в) «Тайғақ жол» белгісі т.б.с.

Оқушылар өздері қиып әзірлеген белгілерін көрсетіп, сол туралы түсінік береді



6.Жұмбақтар.

Мұғалім: Жол белгілерін, міндеттеріңізді жақсы біледі екенсіңдер. Сендерге көп рахмет. Ал енді, балалар, олай болса, қазір жұмбақ шешіп, жауап беріп көрелік.


1 — жұмбақ:

Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.
Ақылға салып ойланып,
Тапшы мұны пысығым. ( жол)
2 — жұмбақ:

Бір тұлпар, су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Шылбырын сымға байлап тез жөндейді. (трамвай)
3 — жұмбақ:

Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)

4— жұмбақ:

Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өмііңді күзеткен,
Ысқырығы түзеткен. (жол сақшысы)
5
— жұмбақ:

Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялдайды. (Автобус)
6
— жұмбақ:

Жоқ өзінде бас та,ауыз да,құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)
7
— жұмбақ:

Төрт аяғы дөңгелек,
Адамсыз ол жүрмейді (машина)

8— жұмбақ:

Көзін ашып жұмады.

Бағыт сілтеп тұрады. (Бағдаршам)

9— жұмбақ:

Сөйлегенде білмейді

Бірақ «Тоқта,жүр»-дейді.(Бағдаршам)



7.Жарайсындар балалар, енді мен сендермен ойын ойнағым келеді, ойынға дайынсындарма? Олай болса оқушылар бағдаршам ойынын ойнап көрейік. 

Ойын шарты: 


1) Бағдаршамның жасыл көзін көрсеткенде балалар жүрген сияқты бір орында аяқтарын қозғалысқа келтіреді. 
2) Сары көзін көрсеткенде ду қол шапалақтайды. 
3) Қызыл көзін көрсеткенде бір орында қозғалмай тұрып қалады. 


8.Сөз жұмбақ

«Жол тәртібі»



9.Сергіту жаттығуы.

 Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Біздер жолға шығайық.
Ұзын, қысқа жолдарды,
Біліп біздер алайық.
Оң аяқ, сол аяқ,
Жолдан өту оңай – ақ.



10.«Көше ережелерін білейік» кезеңіне тоқталайық.?Ескертулер
1.Жүріп келе жатқан машинаның алдынан өтіп кетемін деуші болма,ол тоқтағанша,не өтіп кеткенше күте тұр.
2.Мектепке келе жатып үлкен жолдың шетімен жүр.Алдыңнан машина шықса, жол бер. Тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт.
3.Көше тәртібін орындамау көліктің жүріп тұруына кедергі келтіреді.
4.Көшеден өтерде әуелі сол жағыңа,көшенің орта тұсына жеткенде оң жағыңа қара. Егер машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орныңда  ақ жолақ сызылған тұста күте тұр.
5.Аялдамада тұрған автобустың артқы жағынан айналып өт. Сонда сен келе жатқан машинаны дер кезінде көресің.
6.Жол үстінде ойнама,сырғанақ теппе. Жер тайғақ болса,жолда абайла.
Көше тәртібін сақтау- сенің міндетің! Егер жол ережесін бұзсаң, тек өзіңе қауіп төндіріп қоймай, басқа адамдарға да зияныңды тигізесің. Сондықтан, жолда сақ бол! Көше тәртібін есіңнен шығарма!



11. Дәптермен жұмыс .Жол туралы қандай Мақал – мәтелдер,білеміз дәптерімізге жазайық.



Мақал мәтел.

1.Жолың болмайын десе

Алдыңнан өр кездеседі.

Атың құлап,

Арылмас сор кездеседі.

2.Желді қуған жоғалар,

Жолды қуған оңалар.

3.Жолы болар жігіттің

Желі оңынан тұрады.

4.Жол жаман болса,

Атаң да сүрінеді,

Атан да сүрінеді.

5.Жалғыз жүрсең, жолмен жүр,

Жолдан жолдас қосылар.

Жолдан жолдас қосылса

Жолың болмас несі бар?!

6.Алыс жүрсең де, жолмен жүр.
7.Әңгіме жол қысқартады
8.Жортуылшының басы жолда қалады.

9.Жүрместен бұрын,

Жолыңды байқа,
Киместен бұрын,

Тоныңды байқа.

10.Жолаушының ақысы — жүрсе өнеді.
11.Жолаушыны сусындатпай тұрып,

Бұйымтайын сұрама.

Алыс сапар,

Алғашқы адымнан басталады.

12.Жол сұраған кісі адаспайды,

Жөн сұраған кісі жаңылыспайды.

13.Жолаушыны жол сынайды.
14.Асыққанның жолы .

Алыстан кетеді.

15.Жол жолға жалғасады,

Ел елге жалғасады.

16.Жолға шыққан жолаушы

Жол амалын сұрайды.

Артта қалған ауылда

Ел аманын сұрайды

17.Жолда жүрген май ішер,

Үйде қалған қан ішер.


18.Барар жол ұзақ болса да,

Қайтар жол қысқа болар.

19.Жол мақсаты — жету.

20.Бір күндік жолға шықсаң

Үш күндік жол азық ал.

21.Жақсы жол

Ұзақ та болса — жақын.

22.Жаман жол

Жақын да болса — алыс.
23.Қолы кеңнің — жолы кең



Қорытынды:
Мұғалім: Қымбатты оқушылар! Оқушылар жолда жүру ережесімен таныстыңдар. Олай болса, оқушылар жолда жүру ережесін әрқашан есте сақтап, бұлжытпай орындап, сақ жүріңдер демекпін.
— Балалар, жол ережесін сақтаңдар! Аман жүріңдер!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!