Материалдар / Ашық сабақ"Жорғалаушылар класы"7 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ"Жорғалаушылар класы"7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақта көптеген жаңа технология элементтері қолданылған.Оқушылардың жаңа сабақты меңгеруіне тиімді әдістер.Жас мамандарға қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1168
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Жорғалаушылар класы.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларды жорғалаушылар класымен таныстыру.

Олардың көбеюі, ерекшеліктері жайында түсінік беру.

Қауіпсіздік техникалық шараларын орындауда

жалпы қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы

түсінік беру.

а) дамытушылық: Оқушыларға жорғалаушылар класы

жайында ой-өрісін кеңейту, ойлауын,

көз алдына елестету қабілетін дамыту.

б) тәрбиелік:Ойын жүйелі жеткізе білуге, интеллектуалды

белсенділігін арттыру, зеректікке, табиғатты танып білуге,

оны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ, ойын арқылы оқыту.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,тірек-сызба, сұқбат- дәріс, өзіндік жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: Суреттер, сызба нұсқалар, кестелер, ребус.

Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.

-Оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу

-Сынып тазалығын қадағалау

-Құрал- жабдықтарын түгелдеу

-Назарларын сабаққа аудару

II.Үйге берілген тапсырманы пысықтау


"Кім жылдам"(зияткерлік сайысы)

10


10

10

20


20

20

30


30

30









"10"

1) Класс неліктен қосмекенділер деп аталған?

2) Қосмекенділер класы қанша отрятқа бөлінеді?

3) Ересек қосмекенділер қандай мүшелері арқылы тыныс алады?

"20"

4) Қосмекенділердің қаңқа бөлімдерін атаңдар?

5) Қосмекенділердің қан айналым жүйесінің қандай ерекшеліктері бар?

6) Жетісулық бақатістің құрылыс ерекшеліктері?

"30"

7) Қосмекенділер қалай көбейіп дамиды?

8) Қосмекенділердің ауыл шаруашылықтағы, адам өміріндегі маңызы?

9) Қосмекенділердің зәр шығару жүйесі?

Биологиялық диктант.

1) Қосмекенділер .................,төрт .............. жануарлар.

2) Қосмекенділердің ................ және ............. суда болғандықтан,............... суда жүзеге асады.

3) .............. қосмекенділер ...............және .............. топырақта мекендейді.

4) Қосмекенділердің ............ және ............ белдеуі, .........., .............. мүшесі және ................ құлағы жоқ.

5) Құйрықты ............. суда жақсы ................ .

6) Қосмекенділер ............ ................., уылдырығын ............... қорғайды.

7) Қосмекенділердің ........... үш қуысты, ..................... жүйесі ................... .

III.Жаңа сабақ.(Сабақ 3 бағыт бойынша жүргізіледі)

1.Іздену (не білгіміз келеді?)-жаңа сабақты түсіндіру.

2.Ой қорыту (не білдік?) -жаңа сабақты бекіту.

3.Ой дамыту (Танымдық ойындар).



РЕБУС ШЕШУ.(жаңа тақырыпқа байланысты)

1.Іздену (не білгіміз келеді?)- жаңа сабақты түсіндіру.

Жорғалаушылар нағыз құрлықта тіршілік етуге бейімделген. Олардың 8000-ға жуық түрлері бар.Жорғалаушыларға кесірткелер, жыландар, тасбақалар, құбылғылар, крокодилдер және т.б жатады. Суда тіршілік ететін түрлері де бар. Бірақ олар екінші рет оралып, суда тіршілік етуге бейімделген. Өйткені атмосфералық ауамен тек өкпесі арқылы ғана тыныс алады. Жорғалаушылардың дене тұрқы, пішіні әртүрлі. Құрлықта, суда, ағаш басында, топырақ астында тіршілік етеді. Оларды зерттейтін зоология ғылымының саласын герпетология (грекше "герпетон"- жорғалаушылар, "логия"- ғылым) деп атайды.

Shape1

Жорғалаушылардың денесі



1Shape6 Shape4 Shape2 Shape5 Shape3 .

Shape11 Shape10 Shape7 Shape9 Shape8

Тұлға

Бес саусақты аяқтан

Құйрық

Мойын

Бас





Shape12

Жорғалаушылардың қаңқасы 5 бөлімнен тұрады



2Shape18 Shape20 Shape19 Shape15 Shape13 Shape17 Shape16 Shape14

Иық белдеуі

Омыртқа жотасы

Бассүйек

.



Shape21 Shape22

Жанбас белдеуі

Кеуде қуысы









Shape23

Жорғалаушылардың асқорыту жүйесі



3Shape24

Ауыз қуысының түбінде қозғалмалы етті тілі қорегін ұстауға, айналаны сипап- сезуге көмектеседі.

.















4Shape30 Shape29 Shape28 Shape27 Shape26 Shape25

Өкпе

Ауа тамырлар

Кеңірдек

Көмекей

Жұтқыншақ

Жұп танау тесіктері

. Shape31

Жорғалаушылардың тыныс алу мүшесі









Shape32

Жорғалаушылардың жүрегінің құрылысы



Shape35 Shape33 Shape34

2 құлақшадан

1 қарыншадан



5.









6Shape40 Shape37 Shape38 Shape39 Shape36

Клоака арқылы сыртқа шығарылады.

Бүйрекке түзіледі

Несепағар түтігі арқылы

Қуыққа уақытша жиналады

Жорғалаушылардың зәр шығару мүшелері

.











Shape41

Жорғалаушылардың жүйке жүйесіндегі мидың құрылысы



7Shape44 Shape43 Shape42

Күрделі қозғалыс жасайтындықтан мишығыда жақсы дамыған.

Кейбір түрлерінің аралық миында төбе көздері орналасқан.

Алдыңғы ми сыңарларының сыртында жүйке жасушаларының шоғыры орналасқан.

.















8Shape45

Жорғалаушылардың сезім мүшелері

.

Shape48 Shape47 Shape46

Танау тесіктері

Құлақ

Көз







Shape49

Жорғалаушылардың көбеюі



9Shape52 Shape51 Shape50

Кейбір түрлері тірі туады.

Кейбір түрлері жұмыртқа салады.

Дара жынысты іштей ұрықтанады

.











Shape53

Жорғалаушылардың мекен ортасы



1Shape57 Shape55 Shape54 Shape56

Субтропиктік

Ылғалы мол жылы тропиктік

Қоңыржай аймақтарда

0.













Shape58

Жорғалаушылардың пайдасы



1Shape59 Shape62 Shape61 Shape60

Зиянды бунақденелермен қоректеніп, ауылшаруашылығына пайдасын тигізеді.

Жыландардың уынан бағалы қымбат дәрі-дәрмектер алынады.

Терісінен, сауыттарынан әсемдік бұйымдар жасайды.

Адам көпшілігін тағам ретінде пайдаланады.

1.











1Shape76 Shape74 Shape75 Shape68 Shape73 Shape72 Shape71 Shape70 Shape69 Shape66 Shape67 Shape63 Shape65 Shape64

Нағыз крокодилдер тұқымдасы.

Азғы (гавиал) тұқымдасы

Қолтырауын тұқымдасы

Крокодилдер отряды 3 тұқымдасқа бөлінеді

Тасбақалар

Жорғалаушылардың ең жоғары сатыдағы тобы.

Дала тасбақа

Өкілі құбылғылар (хамелеондар), жыландар, кесірткелер

Өкілі

гаттерия

Крокодилдер

Тұмсықбастылар

Қабыршақтылар

Жорғалаушылар класы 4 отрядқа бөлінеді

2.





























Қазақстанда жорғалаушылдардың 50 түрі кездеседі. Оның ішінде тасбақаның -2 түрі, кесірткелердің - 30 түрі , жыландардың - 18 түрі тіршілік етеді. Қазақстанның Қызыл кітабына (2010) кесірткелердің - 6 түрі, жыландардың - 4 түрі тіркелген.

Shape77

Кесірткелердің түрлері

Shape86 Shape85 Shape84 Shape83 Shape82 Shape81 Shape78 Shape79 Shape80

Аяқсыз кесіртке.Еліміздің Солтүстік өңіріндекең таралған.

Еліміздегі ең үлкен кесіртке.Қазақстанның Оңтүстіктегіндегі Қызылқұм өңірінде өте сирек кездеседі.

Үлкен көз кесіртке

Сарлан (сарықұрсақ)

Сұркелес

Зайсандық батпат

Шұбар батпат

Шұбар кесіртке



















1Shape91 Shape90 Shape89 Shape88 Shape87

Төрт жолақты абжылан

Сарыбауыр абжылан

Қызыл жолақ абжылан

Жолақ абжылан

Жыландардың түрлері

4.









Жылан- мүшелік жыл санауға кіргеніне 6 - жыл.Жылан қабырғаларының төменгі ұшы бұлшықеттерді арасында бос жатады.Сондықтан денесін ирелеңдетіп, тез қозғала алады. Жыланның бас бөлігіндегі көптеген сүйектер бірімен- бірі қозғалмалы байланысқандықтан, ірі қоректерді оңай жұтады. Қазақстанда кездесетін жыландардың 18- түрінің төрт түрі улы жыландар. Оған: кәдімгі және дала сұржыландары,қалқантұмсық оқжылан жатады.Улы жыландар қорегін улы тістері арқылы бөлінетін удың көмегімен ұстайды.Жыланның улы бездері үстіңгі жақсүйекте , көздің артқы жағында орналасады.Жылан ұшы екі айыр тілі арқылы айналасын сипап сезеді.Жыланның уы мөлдір, сарғыш түсті, иісі болмайды.Сұржыланның уы көбінесе қанға әсер етеді де, қан жасушалары , қан тамырлары зақымданады.Кейбір улы жыландардың (кеңалқым- кобра) уы адамның жүйке жүйесіне әсер етеді.Сондықтан адам есінен танып, сандырақтайды, қорқыныш, үрей туындайды.

Сұржыланның жонын бойлай орналасқан ирелеңдеген қара жолағы болады.Қалқантұмсықтың басындағы қалқандары ірі.Көзң мен танау тесігінің ортасында ойыс шұңқыры болады.Қалқантұмсық ойыс шұңқыры арқылы айналадағы температураның өзгерісін сезеді.Ол Қазақстанның оңтүстік аумағында кеңінен таралған.

Қазақстанда кездесетін жыланның ерекше түрі-оқжылан.Оның денесі жіңішке , басы шағын, көзі үлкен.Өте жылдам қозғалуына байланысты "оқжылан" деп атаған.Оның ұсақ улы тістері аузының түбіне жақын орналасқан.Оұжылан қорегін аңдып аулайды және көлденеңінен тістеп ұстайды.

Жорғалаушылардың 6000- нан астам түрлері қабыршақтылар отрядына жатады.Әртүрлі орта жағдайларында тіршіләк етуге бейімделген.Қазақстанда жылан мен кесірткелердің түрлері көбірек таралған.





2.Ой қорыту (не білдік?) -жаңа сабақты бекіту.

2.1."Бәйге"(білгірлер сайысы)

"Қосмекенділер мен жорғалаушылар әлемі"

1.Алғаш рет құрлықта тіршілік етуге бейімделген омыртқалы жануарлар

2.Тік ішектің кеңейіп келген соңғы бөлігі

3.Қосмекенділердің дернәсілдерінің тынысалу мүшесі

4.Кіші қанайналым шеңбері екінші сөзбен қалай аталады?

5.Қосмекенділердің дернәсілдерінің аталуы

6.Қосмекенділердің Қазақстанда таралған өңірі

7.Назыз құрлықта тіршілік етуге бейімделген омыртқалы жануарлар

8.Жорғалаушылар жүрегінің құрлысы ерекшелігі

9.Қазақстанда кездесетін тасбақаның түр саны

10.Жорғалаушылардың тынысалу мүшесі

11.Жорғалаушыларды зерттейтін ғылым саласы

12.Арнайы жылан өсіретін тәлімбақ

13.Жорғалаушылардың қаңқасында алғаш рет пайда болған бөлім

14.Жыландардың улы тістері орналасқан сүйек

15.Қазақстанда таралған аяқсыз кесіркенің атауы

16.Жүрегі 4 қуысты жорғалаушылар

17.Жаңа Зеландияда кездесетін <<үшкөзді>>жорғалаушы

18.Қазақстанда таралған улы жыландардың түр саны

19.Қазақстанда кездесетін ең ірі кесіртке

20.Зәр затытүзілетін мүше

21.Жорғалаушылардың алдыңғы ми бөлігінің ерекшелігі

22.Жорғалаушылардың ұрпақтарының дамуы

23.Жорғалаушылар терісінің құрылыс ерекшелігі

24.Батпақ тасбақасының Қазақстанда таралған аумағы

2.2. "Үш тіл тұғырым" - (жұмбақтар сайысы).



1.Бар екен үш қанатты ұшып кетпес,

Егін сап жұрт қатарлы кәсіп етпес.

Өзінің мекенінен шығып кетсе.

Тіршілік көремін деп үміт етпес. (Балық, рыба, fish)



2.Тарпақ- тарпақ тарбиған,

Түрі жаман жарбиған. (Құрбақа, лягушка , frog)



3.Ши түбінде шұбар кездік. (Кесіртке, ящерица , lizard)



4. Жап-жалаңаш мақұлық

Адам көрер түрі жоқ.

Тиіп кетсе қақсатар,

Қабырда міні жоқ. (Жылан , змея , snake )





5. Сауыттан мықты шапаны,

Жәндіктің нағыз шабаны. (Тасбақа , черепаха , fortoise )















2.3. Сөзжұмбақ. "Жорғалаушылар".

Ж

О

Р

Ғ

А

Л Л

Shape141

А



Shape132

У

Ш

Ы

Л

А

Р





























1.Қазақстанда кездесетін жыланның ерекше түрі?

2. Жүрегі толық 4 қуыстан тұратын жорғалаушы?

3. Өлкеміздің Оңтүстік өңірінде ғана таралған аяқсыз кесіртке?

4. Крокодилдер отрядының тұқымдасы?

5. Жорғалаушылардың сезңм мүшелерінің бірі?

6. Еліміздегі кесірткенің ең үлкен түрі?

7. Денесі мүйізді сауытпен қапталған жануарлар қандай отрядқа жатады?

8. Жорғалаушылардың қаңқасында ең алғаш пайда болған қуыс?

9. Жыландар, кесірткелер қандай отрядқа жатады?

10. Халқымыз аллигаторды қалай атаған?

11. Мүшелдік жыл санауға кіргеніне 6- жыл болған жорғалаушылардың бірі?

12. Жорғалаушылардың зәр шығару мүшесі?

13. Тұмсықбастылар отрядының өкілі?



3.Ой дамыту (Танымдық ойындар).

3.1 "Көкпар" ойыны (кестемен жұмыс)


Сүйекті балықтар



Қосмекенділер


Жорғалаушылар















1.Қарыншасының арасында жартылай пердесі бар.

2.Жүрегі 2 құлақшадан, бір қарыншадан тұрады.

3.Терісі құрғақ, мүйізді қабыршақтармен қапталған.

4.Өкпесі арқылы ғана тыныс алады.

5.Өкпесімен де, терісімен де тыныс алады.

6.Таспа тәрізді созылыңқы жұп бүйрегі бар.

7.Жамбасқа жақын орналасқан 2 бүйрегі бар.

8.Ми қыртысының нышаны байқалады.

9.Аналь тесігі бар.

10.Клоакасы бар.

11.Іштей ұрықтанады.

12.Түрленіп дамиды.

13.Кеңірдек, ауатамыр мүшелері пайда болған.

14.Омыртқа жотасы:мойын,тұлға, сегізкөз,құйрық бөлімдеріне бөлінген.

15.Алғаш рет кеуде қуысы пайда болған.

16.Қанайналымы 2 шеңберден тұрады.

17.Саусақтарының ұшында мүйізді тырнақтары болмайды.

18.Саусақтарында мүйізді тырнақтары болады.

19.Денесіне аралас қан тарайды.

20.Сыртай ұрықтанады.


3.2.Венн диаграммасы.


Қосмекенділер. Жорғалаушылар.

Shape168 Shape167

Айырмашылығы



Ұқсастығы



















5. Қорытындылау.

6. Бағалау.

7. Үйге тапсырма: Жорғалаушылар класы.



















"С.Жиренов атындағы негізгі орта мектеп"

мемлекеттік коммуналдық мекемесі.



Shape169

Ынтымақ ауылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!