Материалдар / Ашық сабақ.Мемлекет қорғанысының конституциялық негіздері.10-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ.Мемлекет қорғанысының конституциялық негіздері.10-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Наурыз 2023
617
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Қысқа мерзімді жоспар 2

    

 Мемлекет қорғанысының конституциялық негіздері.

______________________

      (сабақтың тақырыбы)


Бөлім:

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері – мемлекеттік қауіпсіздіктің кепілі

Педагогтің аты-жөні

Надирбаев А

Күні:

11.09.2022

Сынып: 10 А

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мемлекет қорғанысының конституциялық негіздері.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Оқушыларда әскери іс пен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарындағы әскери қызмет негіздерін ой елегінен өткізіп, түсінуді қалыптастыру.Қазақстан Республикасының конституциялық негіздері және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, олардың құрамы және атқаратын қызметтерінің маңыздылығын түсіндіру.

Сабақтың мақсаты

Мемлекет қорғанысының конституциялық негіздерін, Қазақстан Рес публикасы Қарулы Күштерінің тағайындалуы мен құрамын білу.




      Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин.

Ұйымдастыру сәті

Оқушыларды түгендеу, амандасу, сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы

20 мин.

Презентация көрсету. Бұл тақырыпты үйренуді ҚР Конституциясындағы Қа-зақстанды демократиялық, құқықтық, зайырлы және біртұтас мемлекет екенін сипаттайтын қағидадан үзінді келтіруден бастаған дұрыс. Бұдан соң оқушыларға бұл қағидаларға қысқаша түсініктеме беру және өз талқылаулары бойынша қорытынды жасау ұсынылады. «Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар» ұғымына түсінік берген соң, Қарулы Күштер тек Қорғаныс министрлігіне ғана емес, басқа да бірқатар министрліктер мен комитеттерге бағынатындығын түсіндіру қажет. Оларға соғыс уақытында және бейбіт кезде әртүрлі мақсат жүктелетіндігі, сәйкесінше, ұрыс дайындығын жүргізу жүйесінде айырмашылық болатындығы туралы айтылады. Бірақ бұлардың барлығы мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін орындалатындығын жеткізу қажет. Қорғаныс министрлігінің қарамағындағы Қарулы Күштердің құрылымы мен қызметін түсіндіру керек. Әскери іс саласы, әскери ұйымдар, әскери қимылдардың түрлері мен тәсілдеріне енгізілген өзгерістер туралы, жеке құрам дайындығына әскери іспен қойылатын жоғары талаптар туралы айтып өту керек. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамы туралы міселені зерттегенде оқытушы-ұйымдастырушы «Идеялар, түсініктер себеті» тәсілін қолданса болады, яғни оқылатын тақырыпқа қатысты негізгі түсініктерді іріктеп, оқушыларға белгілі бір уақытта осы ұғыммен байланысты бірнеше сөздер мен тіркестерді жазу тапсырылады. Мысалы, «Әскери округ» ұғымын алайық. Біз 2001 жылы Қазақстанда төрт әскери округ болғанын, 2003 жылдан бастап Өңірлік қолбасшылықтар болып қайта құрылғанын білеміз. Мұндай жұмыс барысында келесі дағдылар қалыптасады және дамиды: - сұрақтар қою; - ең бастысын таңдау; - себеп-салдарлық қатынастарды орнату; - түтас алғанда мәселені түсініп, жекеден жалпыға көшу; - салыстыру және талдау; - ұқсастықтар жасау

ҚРК құрылымының негіздері дегеніміз – Қазақстанды демократиялық, құқықтық, зайырлы және біртұтас Мемлекет ретінде сипаттайтын ҚРК-сының негізделген ережелері.

Адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын мойындау, сақтау мен қорғау – мемлекеттің міндеті болып табылады. Мұндай адам мен азаматқа бағытталған нақты мақсат бірінші рет Конституция мәтінінде – ҚР-ның Негізгі Заңында тіркелген.

ҚРК-да демократияның мәні – «халық билігі» деп атап айтқан. Халық өз билігін тікелей өз өкілдері арқылы жүргізеді. ҚРК-да халық атынан сөйлеу құқы Парламент пен Республика Президентіне берілетіндігі бекітілген. Яғни, ҚР Президентін және Парламентті халықтың өзінің сайлауы немесе мемлекет басшыларының тиісті лауазымдарға тағайындалуы ҚРК белгілеген тәртіп пен республика заңдары бойынша іске асырылады.

ҚРК жеке меншікке қол сұқпауға, жеке кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, бәсекелестікті қолдауға кепілдік береді.

ҚРК-да «Діни бірлестіктер мемлекеттен бөлінген. Мемлекет қандай да болсын бір дінге немесе атейзмге артықшылық бере алмайды» делінген, яғни біздің мемлекетіміздің басшыларының қандай да бір діни ағымдарға тәуелсіз екенін білдіреді.

ҚРК мен заңдары өз аумағының бірртұтастығын, бөлінбеуін және қол сұғылмауын қамтамасыз етеді. Өзінің бұл міндетін ҚР шекаралық әскерлер мен ҚК-ді қолдану арқылы жүзеге асыруға құқылы.

ҚРК–ның жоғары заңды күші бар. ҚРК-на сәйкес барлық заңдар ресми түрде жарияланады. Жарияланбаған заңдардың күші болмайды. Кез келген адам мен азаматтың құқығын, бостандығы мен міндеттерін қозғайтын нормативтік актілер ресми түрде жалпы танысу үшін жарияланбаса, қолдануға жатпайды.

ҚР – республикалық басқару нысанындағы мемлекет. Республикалық басқару формасы дегеніміз – халық белгілі бір мерзімде сайлаған үкімет органдарының болуы. ҚР-да Парламент өкілеттілігін 5 жылға, Президент өкілеттілігін 7 жылға халық сайлайды. Өз кезегінде ҚР Президенті мен Парламенті, Конституцияда белгіленген тәртіппен, барлық басқа мемлекеттік органдарды қалыптастырады.

ҚР ҚК-і еліміздің қоғамдық құрылысын, аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігін қарумен қорғау үшін арнайы құрылған мемлекеттік механизмнің құрамдас бөлігі болып табылады. Армия – мемлекеттің жоғары заң шығарушы және атқарушы органдары белгілейтін саясатты жүзеге асыру құралы. Республика Конституциясының 124-ші бабында ҚР-ның егемендігі мен тұтастығын қорғауды ҚК жүзеге асырады деп атап көрсетілген.

Қазіргі кезде ҚР ҚК –не құрлықтағы әскерлер, аэроұтқыр әскерлері, әуе қорғаныс күштері, ұлттық қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметі және Республикалық ұлан мен Ішкі әскерлер кіреді. Өз ретіне қарай, ҚК түрлері әр түрлі әскер бөлімдері мен құрамалардан, арнайы әскер бөлімдері мен бөлімшелерінен тұрады.

Құрлық әскерлерінің құрамында бірнеше арнайы әскер түрлері мен құрамалары болады.

Әскер түрлеріне мотоатқыштар, танк және артиллерия әскерлері жатады.

Арнайы әскерлерге инженерлік, химия, байланыс, радио және радиотехникалық, автомобильдік әскерлер және т. б. жатады.

Мотоатқыштар әскерлеріне мотоатқыштар бөлімшесі, бөлімдер және құрамалар жатады. Олар ұрыс құралдарының әр түрімен қаруланған және моторландырылған. Олардың бөлімшелері мен бөлімдері жаяу әскерлердің ұрыс машиналарымен (ЖҰМ), бронетранспортерлермен және танкілермен жарақталған. Жауынгерлер автоматпен қаруланады және бөлімшелерде танкіге қарсы күрес жүргізетін және басқарылатын реактивтік снарядтар (ПТУРС) болады. Қаруланған мотоатқыштар құрамалары бөлімдерінің құрамына түгелдей моторландырылған артиллериялық инженерлік, химиялық, байланыс, автомобильдік және басқа бөлімшелер енген.

Танк әскерлері – құрлық әскерлерінің басты екпінді күші. Олар ең басты күрделі міндеттерді орындау үшін қолданылады.

ҚР ҚК-нің құрамаларының қару – жарағында орта және жеңіл жүретін танкілері бар.

Құрлық әскерінің артиллериясында зеңбіректер, келте зеңбіректер, реактивтік қондырғылар, танкіге қарсы қолданылатын жойғыш зеңбіректер, минаатарлар және алыс қашықтықта әрекет ететін танкіге қарсы қолданылатын басқармалы реактивтік снарядтар болады. Барлық құралдары моторландырылған.

Құрлық әскерлерінің арнайы бөлімшелері мен бөлімдері құрлық әскерінің тіршілігі мен ұрыс әрекеттерін толық қамтамасыз етуге арналған.

Инженерлік әскерлер. Бірде – бір әскери мәселе инженерлік қамтамасыз етусіз шешілмейді. Олар шабуылда әскерлердің жылжуын қамтамасыз етеді, жолдар мен көпірлер салады, сулы тосқауылдардан өту құралдарын жабдықтайды, қарсыластың бөгеттеріне өткелдер жасайды, минасыздандырады. Қорғаныста қорғаныстық шептерді және позицияларды тұрызыды, бөгеттер жасайды.

Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлері (РХБ қорғау) - әскерлерді ұрыстық қамтамасыз ету түрлерінің бірі ретінде ұрыста радиоактивтік, химиялық, биологиялық зақымдану жағдайында әскерлердің шығынын төмендету және қорғану мақсатында қолданылады.

Байланыс әскерлері бөлімшелер мен бөлімдердің арасында берік және тұрақты байланыстың болуын қамтамасыз етеді.

Техникалық қамтамасыз ету бөлімдері ракеталар мен оқ – дәрілерді күтіп ұстауға, сақтауға, әскерлерді қару – жарақпен , техникамен , оқ – дәрілермен қамтамасыз ету және әскери – техникалық барлау, эвакуациялау, бұзылған қару – жарақ пен техниканы жөндеуді ұйымдастырып, оларды уақытында іске қосуға арналған.

Тыл бөлімшелері, бөлімдері мен құрамалары әскерлердің тылын қамтамасыз етуге арналған. Олар ұрыс жүргізіп жатқан бөлімдерге материалдық құралдарды жеткізу, жаралыларды, бұзылған техникаларды эвакуациялау және басқа да жүктерді тасымалдау міндетін атқарады.

Әуе қорғаныс күштері мемлекеттің әуе шекарасын және қарсыластың соққысынан әскерлерді қорғайды. Олардың құрамына әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері мен әскери әуе күштері кіреді.

Әуе шабуылына қарсы қорғанысәскерлері (ӘШҚӘ) зениттік – ракеталық әскерлерден, ӘШҚӘ авиациясынан, радиотехникалық және арнайы әскерлерден тұрады.

Әскери әуе күштері майдан, армиялық және әскери – тасымалдау авиацияларынан тұрады.

Әскери – теңіз күштері Каспий теңізімен шекараласөзендердегі қазақстандық секторын қорғауға, теңіздегі ұрыс қимылдары мен операцияларын жүргізуге арналған.

Аэроұтқыр әскерлері (десантшылар) әр түрлі ұрыс әрекеттерін жүргізуге, маңызды аудандар мен объектілерді басып алып, шабуыл жасап келе жатқан әскерлер келіп жеткенше ұстап тұруға, қарсыластардың штабтары мен тылдағы бөлімдерін жоюға, қарсыластарды қоршауда және жоюда көмектесуге арналған.

Ракеталық әскерлер және артиллерия қарсыласты атыспен жоюға арналған.

ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметінің құрамында: шекара әскерлері мен шекара қызметінің теңіз дивизиясы болады.

Шекара әскерлері Отанымыздың аумақтық біртұтастығын және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Шекара қызметінің теңіз дивизиясы шекарашылармен бірге ҚР-ның Каспий теңізіндегі сумен шекаралас бөлігін қорғауға арналған.

Республикалық ұлан ҚР Президентіне бағынатын жеке әскери құрылым. Ол аса маңызды объектілерді қорғауға байланысты міндеттерді орындайды. Жоғары мемлекеттік деңгейдегі хаттамалық және салтанатты шерулерді қамтамасыз етуге, сондай – ақ төтенше жағдайлар зардаптарын жоюға қатысады.

Ішкі әскерлер құқықтық тұрақтылықты сақтауға, арнайы мемлекеттік объектілерді қорғауға және басқа да қызметтік - әскери міндеттерді орындауға арналған.




Сабақтың аяғы

5 мин.

Үй тапсырмасы:14- 20 бет

1.Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы негіздері дегенді қалай түсінесіңдер?

2.Армия дегеніміз не?

3.Мемлекеттегі Қарулы Күштердің рөлі мен орны ?






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!