Материалдар / Ашық сабақ:Менің отбасым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ:Менің отбасым

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ.Менің отбасым.Ашық сабақ тәрбиешелерге арналған яғни мектепке дейінгі білім беру топтарына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қазан 2021
430
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы:«Қатынас»

Бөлімі:Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: «Менің отбасым»

Мақсаты: Балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Отбасында үлкендерді сыйлап, кішілерге қамқор болу сияқты әдептілік қағидаларын сақтай білуге тәрбиелеу.

Заттық дамыту ортасы: Отбасы суреттер.

Әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап, жұмбақ, мақал-мәтелдер айту.

Билингвалды компонент: Отбасы – семья , ата - дедушка , әке – отец , ана – мама




Әрекеттер кезеңі


Педагогтің іс әрекеті


Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Қайырлы таң, балалар! Сендермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз шеңбер құрып тұрып, қонақтармен амандасып алайық.

-Сәлеметсіңдер ме?!


Шаттық шеңбер:

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Ата - ананы құрметтеп,

Бас иеміз біз.







Балалар, үш тілде амандасады. Орындарына отырады.


Ұйымдастырушылық ізденістік кезеңі

Қане, балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, шешуін табасындар ма?.

Жұмбақ:

Маған да, саған да,

Жақын, туыс адамдар.

Бәрі де өз жұртың,

Айтыңдаршы, олар кім?

Дұрыс айтасыңдар балалар, Отбасы.

Отбасы– Семья

- Олай болса бәріміз экранға назар аударайықшы.
Бұл суретте кімдердің суретін көріп тұрсыңдар?
Иә, бұл суретте сүйіспеншілігі мол, бір - біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп отырмыз.

Отбасы дегеніміз бір үйде тұратын адамдар тобы. Отбасы мүшелеріне: Ата, апа, әке, ана, аға, апке жатады екен.

Балалар қәнекей орнымыздан тұрып менімен бірге қайталайықшы:

Отбасы - ол бақыт,

Отбасы - ол ата анаң.

Отбасы туысымыз,

Отбасы - ол шаңырақ.


«Менің отбасым» таныстыру.

Шарты: Балалардың отбасымен түскен суреттері арқылы өз жанұясын таныстырады.


Саусақ жаттығуы:

Этот пальчик - папа,

Этот пальчик - мама.

Этот пальчик - брат,

Этот пальчик - сестра,

Этот пальчик - я

Вот и вся семья!

« Отбасы ағашы» құрастыру.

Шарты: Отбасы суреттерін ағашқа кезек кезекпен үш тілде атап құрастырып шығу керек.


Мақал мәтел:

Отбасы туралы мақал-мәтелдер айту.



Луллия шеңбері:

Шарты: Луллия шеңберінде отбасы мүшелерінің суреттері бейнелеген. Үйде қалай еркелетіп, неге теңейтін туралы айту.


Ойын: «Кімге қай зат тиесілі?»

Шарты: суретте көрсетілген отбасы мүшелеріне тиесілі заттарды орналастыру.



Жұмбақтың жауабын табамыз.







Отбасы.

Отбасы– Семья –Дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп отырмыз














Балалар өлеңнің мазмұнына қарай қимылдар жасайды.




Кәусар, Мұхамедсайд, Аңсарбек,Раяна жанұяларымен таныстырады.


Этот пальчик - папа,

Этот пальчик - мама.

Этот пальчик - брат,

Этот пальчик - сестра,

Этот пальчик - я

Вот и вся семья!


Балалар ортаға шығып отбасы мүшелерін үш тілде атап барып құрастырады.



Балалар отбасы туралы білетін мақал-мәтелдерін кезек-кезек тұрып айтып шығады.


Ортаға балалар шығып өздері жайлы айтады.





Балалар қызығушылықпен ойнайды.

Рефлексивтік

түзетушілік кезеңі

Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат отбасымыз туралы әңгімеледік. Біз оларды жақсы көруді, сыйлауды, көмектесуді үйрендік. Отбасы ең жақын адамдардың ошағы екенін білдік. Ойындар ойнадық. Бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатысып. Мына лэпбук кітапшасындағы сұрақтарға жауап беру арқылы бүгінгі оқу қызметімізді аяқтаймыз!









Балалар сұрақтарға жауап береді.

Сау болыңыздар!



Күтілетін нәтиже:

Отбасы мүшелерінің туысқандық қарым-қатынасын түсініп, бір-біріне қамқор болу керектігін біледі;

Отбасы мүшелерінің арасындағы әдептілік дағдыларын және өзіндік тиесілі міндеттерді игереді;

Отбасындағы адамгершілік, әдептілік нормаларын сақтай білуді меңгереді:

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!