Материалдар / Ашық сабаққа қмж “Сұйытылған қышқылдардың металдармен әрекеттесуі” 7сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабаққа қмж “Сұйытылған қышқылдардың металдармен әрекеттесуі” 7сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Әртүрлі әдістер ұсынылған ашық сабаққа арналған қмж
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Тамыз 2024
226
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітілді: _______________________________

Қысқамерзімді жоспар

Бөлім:

7.3А Химиялық реакциялар

Педагогтің аты-жөні:


Күні:

19.01.2023ж

Сыныбы: 7 «Г»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Сұйытылған қышқылдардың металдармен әрекеттесуі. №9 Зертханалық тәжірибе «Мырыштың сұйытылған тұз қышқылымен әрекеттесуі»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.2.2.1 -сұйытылған қышқылдардың қолдану аяларын және олардың жұмыс жасау ережелерін атау

7.2.2.2 - сұйытылған қышқылдардың әртүрлі металдармен реакцияларын зерттеу және сутек газының сапалық реакциясын жүзеге асыру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

- Қышқылдардың бейтараптану реакциясын анықтайды

Көптеген оқушылар білу керек:

- Сұйытылған қышқылдардың әртүрлі металдармен әрекеттесуін анықтайды

Кейбір оқушылар білу керек:

- Сутек газының сапалық реакциясын жүзеге асырады

Сабақ барысы

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы Қызығушылықты ояту. 5 мин

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен амандасу, түгендеу. Оқушылардың көңіл күйін сұрау мақсатында дөңгелектен сөздер шығып, жылы лебіздерін білдіру


ә) «Түрлі түсті карандаш» әдісі арқылы топқа бөлу.


б) Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, яғни топ ішінде жағымды атмосфера қалыптастыра отырып, бірін-бірі бағалауға дағдыландыру.


Оқушылар мұғалімнің үстеліндегі әр түсті карандаштарды таңдау (топтын аты жазылады) арқылы 4 топқа бөлініп отырады.

1 топ. Тұз қышқылы

2 топ. Күкірт қышқылы

3 топ. Фосфор қышқылы

4 топ. Бромсутек қышқылы


Оқушылар кері байланыс ретінде барабаннан шыққан сөздермен байланыстыра тілектерін айтады.


Түрлі түсті карандаш әдісі







Барабан әдісі






Оқушыларды мадақтау сөздері арқылы ынталандыру

ДК экраны, көңіл – күйді білдіретін барабан әдісі көрсетіледі










Жаңа сабаққа кіріспе

10 мин

«Реставрация» әдісі арқылы өткен тақырып бойынша алған білімдерін тексереді.

Оқушылар тапсырманы орындап болғаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Оқушылар «Реставрация» әдісі арқылы алдыңғы білімді қорытады, яғни оқушылар 3түрлі вагонға отыратын жолаушыларды анықтап, отыру себебін түсіндіреді.

Дұрыс жауаппен салыстыру арқылы бағалау. Белсенділікпен қатысқан оқушыны «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

ДК экранындағы көрсетілген вагондар және жолаушылар.


Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

мин

1. Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлайды және тақырыптық слайд бойынша қысқаша мәліметтер береді. Оқушыларға ребус беріледі.


Жаңа сабақтың тақырыбымен танысып, дәптерлеріне жазады.



«Мадақтау» әдісі


ДК экраны, ребус




«Джигсо» әдісі бойнша әр топқа мәтін береді.

1-тапсырма. (Топтық жұмыс).

«Джигсо» әдісі арқылы берілген мәтінді топ ішінде талқылап түсіндіреді.

Қошеметтеу” әдісі


Таратпа материал

Тақырып бойынша видео көрсетіліп, соған сай оқушыларға жекелей тапсырма береді.

2-тапсырма. (Жеке жұмыс)

«Күкірттің аллотропиялық түрөзгерістерінің физикалық салыстыру кестені толтырыңыздар».


Түрөзгерісі

ромбты

моноклинді

пластикалық

Тұрақтылығы

тұрақты



формасы


параллелепипед


t, балқу






Дескриптор

Ұпай саны


а)Моноклинді түрөзгерісін сипаттап жазды б) Ромбты түрөзгерісін сипаттап жазды в) Пластикалық түрөзгерісін сипаттап жазды

1



1



1


Жалпы – 3 балл


ДК экраны,

9-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.



3-тапсырма. (Жұптық жұмыс)

«Ойлан - жұптас - бөліс» әдісі.

Менделеев көшесінде көп қабатты үйдің ,3-қабатында,

6- подъезде, 16 -пәтерде тұратын элемент.

Ол басқа көршілермен араласады.

Бір күні ерігіп отырып «мен күштімін бе,әлде әлсізбін бе?» деп өзін сынамақ болып,төменгі қабаттан бастап, жоғарғы қабатқа дейін көтеріліп, аралап шықпақшы болады. Ол өзінің көршілері 13 -пәтермен,15- пәтермен және 17- пәтермен жақсы араласады екен. Ол 2- қабаттағы үйдің, №8 пәтерде тұратын элементпен танысқысы келіп оған қонаққа барады.Осы екі элемент қосылып оксид түзеді.

Бір күні екеуі далада серуендеп жүргенде, жауын жауып кетеді.Олар содан бері қышқыл түзетін болған екен.

Бұл қай элемент, тиісті реакция теңдеуін жазыңдар.

3-қабатында,6- подъезде, 16 -пәтерде тұратын элемент.

Бұл элемент бейметалл екенін біле отырып, осы көршілермен танысайыншы деп, №30 пәтердегі элементке барады.Ол екеуі қосылыс тұз түзеді екен.Ол ауамен әрекеттесіп оксид, хлормен әрекеттесіп тұз түзеді. Ал өз бойынан электр тоғын нашар өткіз

еді екен,бірақ жылуда, жарықта бере алады. Шаруашылықта көп қолданылады.

Бұл қай элемент,тиісті реакция теңдеуін жазыңдар

Бұл элемент 3-қабата, 6-подъезде №16 пәтерде тұрады. Үйінен шығып, 4-қабаттағы 8 подездегі №26 пәтерге қонаққа барады .Осы пәтерге енген бойда найзағай ойнап, шатыр-күтір аспан айналып жерге түскендей болады.

Одан шығып №17 пәтердің есігін қағады.Ол осы пәтердің иесімен қосылып тұз түзеді.Олар шөлдеп кетіп су ішеді. Сол кезде бұл элемент оксид пен қышқыл түзеді екен.

Бұл қай элемент,тиісті реакция теңдеуін жазыңдар



«Басбармақ» әдісі


Таратпа материал ,

9-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.



4-тапсырма. (Жеке жұмыс)

Мына металдарды екі бағанға бөліп жазыңыздар: K, Hg, Ni, Al, Fe, Pt, Pb, Na, Cu, Sn, Ag, Mg, Au


Қышқыл ерітіндісінен сутекті ығыстыратын металдар

Қышқыл ерітіндісінен сутекті ығыстырмайтын металдар





Дескриптор

Ұпай саны

1. Қышқыл ерітіндісінен сутекті ығыстыра алатын металдарды жазады.

1. Қышқыл

ерітіндісінен сутекті ығыстырмайтын металдарды жазады.

2





2

Жалпы – 4 балл


7-сынып Оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Білім қоржыны» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.



«Білім қоржыны» әдісі.

1. Өте жақсы түсіндім, мен үшін қызықты болған …

2. Менің сабақта түсінген тұстарым …

3. Тақырып бойынша әлі де ізденуім керек ақпараттар …

Оқушыларға стикерлер таратылып беріледі, өз ойларын жазып қоржынға салады. .

«Білім қоржыны» әдісі. арқылы кері байланыс орнатылады




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!