Бөлім:
|
5.1. Қазақстандағы ежелгі
адамдардың өмірі
|
Педагогтің аты-жөні: Сейталиева Лаура
Алтаевна
|
|
Күні:
|
|
Сынып:
5
|
Қатысушылар саны:
25
|
Қатыспағандар
саны:0
|
Сабақтың
тақырыбы
|
Кіріспе
сабақ.
Зерттеу
сұрағы:
Қазақстанның ежелгі тарихында
не оқытылады?
|
Оқу бағдарламасына
сәйкес оқыту
мақсаттары
|
Ежелгі Қазақстан тарихына
жалпы шолу
|
Сабақтың
мақсаты
|
Барлығы:
Көпшілігі:
Кейбірі:
Ежелгі Қазақстан
тарихындағы дәуір ерекшелігін
түсінеді.
|
Бағалау
критерийлері
|
Дағдылар:
түсіну, білімін
қолдану, талдау
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәндік лексика және
терминология:
Ру, алғашқы қауым, тобыр,
аналық және аталық ру, абыздар, терімшілік, аңшылық, балық аулау,
мал шаруашылығы, теселі егіншілік, еңбек бөлінісі, өнімді еңбек,
жеке меншік, өндіруші шаруашылық, қолөнер, кен өндірісі,
тоқымашылық, керамика, көзе т.б.сөздерді еске
түсіреді.
Оқытудың тілдік
мақсаты: Алғашқы адамдардың өмірі
туралы әңгімелейді (айтылым дағдысы) – сабақтың негізгі бөлімі
(«Өзгерістерді анықтаңыз», «Ойлан. Талқыла. Ойыңмен бөліс»). Адам
эволюциясы бейнеленген сурет бойынша шағын әңгіме құрастырады
(жазылым дағдысы) – Диктоглосс әдісі арқылы. Тақырып
бойынша мәтінмен жұмыс жасайды (оқылым
дағдысы) – ДЖИГСО әдісін
арқылы.
Диалог құруға /жазылымға
қажетті сөздер топтамасы: Адамның жануарлар әлемінен
басты ерекшеліктері...
Алғашқы адамдардың тұрмыс
тіршілігінде келесі
өзгерістер орын
алды...
Біздің
анықтағанымыз...
Қорытындысында...
Біздің
тобымыздың ойынша...Келесі
себептер/факторлар....
Ең басты
жетістіктер ...
|
Құндылықтарды
дарыту
|
Өзіне және
айналадағыларға құрметпен қарау, пәнге деген қызығушылығын
арттыру.
|
Пәнаралық
байланыстар
|
География, дүниежүзі
тарихы пәндеріндегі негізгі білім дағдыларын пайдалана отырып,
археологиялық ескерткіштердің орналасуын анықтап, әлем елдеріндегі
табиғи, қоғамдық өзгерістермен салыстыра отырып, тиісті қорытынды
жасайды. Қазақстандағы ежелгі тас, қола дәуіріндегі басты қоғамдық
өзгерістерді анықтайды.
|
Бастапқы
білім
|
Қазақстантерриториясындағы алғашқы
адамдардың антропологиясын,
тұрмысын, археологиялық ескерткіштерімен
дүниетану пәнінде танысты.
|
Сабақтың
кезеңі/
уақыт
|
Педагогтің
әрекеті
|
Оқушының
әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру
кезеңі
|
Қызығушылықты ояту кезеңі.
Бастапқы стимул.
(Т)1-тапсырма.
«Өзгерістерді анықтаңыз».Алдын ала дайындалған кестені
тақтаға іліп, оқушылардың суреттерге назар аударуын
сұраймын. Бастапқы ынталандырушы
материал ретінде тарихи суреттер топтамасын
көрсетемін. Оқушылардан жұптық жұмыста тас
дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірінің кемінде 3 басты өзгерістерін
анықтап, жауаптарын стикерге жазып, кестедегі әр кезеңнің тұсына
ілуі қажет екендігін түсіндіремін. Оқушылар
сабақ мақсатымен,
тапсырмалармен және бағалау критерийлерімен
танысады.
Ықтимал
жауаптары: еңбек құралдарын жасау,
керамикалық ыдыстарды дайындау және малды қолға
үйрету
|
Оқушылар өз ойларын
ортаға салады.
Оқушылар жауаптары арқылы жаңа
тақырыпқа көшу
|
мадақтау
|
Тақырыптық
суреттер
|
Жаңа
сабақ
|
Мағынаны тану
кезеңі. (Д) 2-тапсырма. «Ойлан.
Талқыла. Ойыңмен бөліс».
Тарих дегеніміз не? Ол не
туралы баяндайды?
(Б)Оқушыларға «Қазақстан -
дүниежүзіндегі ең үлкен мемлекеттердің бірі» тақырыбындағы ресурсты
көрсетіп, «Біз ұлан-ғайыр территорияға қалай ие болдық?» деген
сұрағын қоямын.
(М)Қазақстанның ежелгі тас, қола
дәуірі хронологиясын көрсетіп, белгілі бір уақыт аралығы өткеннен
кейінгі өзгеріс пен сабақтастықтардың орын алуын
түсіндіремін
Қосымша
1
(Ф)Оқушылар қалыптастырушы
бағалау жұмысын ұсынамын. Қосымша
2
3-тапсырма. «Диктоглосс» әдісі. Берілген сабақтың
тақырыбына сай мәтін дайындалады. Қосымша
3
(М)Оқушыларға тарихи деректер - ауызша,
жазбаша, археологиялық, этнографиялық және антропологиялық деп
бөлінетінін көрнекіліктер, суреттер қолданып
түсіндіремін.
(Т)4-тапсырма. ДЖИГСО әдісі. Мәтінмен жұмыс. Мақсаты
– жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда
әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген
жауапкершілігі артады.Оқушыларға өз топтарының атауларына сәйкес
шағын мәтін таратылады және тиісті критерийлер бойынша мәтінмен
жұмыс жасайды:
1-топ:
Деректану
2-топ:
Археология
3-топ:
Этнография
4-топ:
Шежіре
5-топ: Антропология
Қосымша 4
|
Төмендегі сұрақтар
аясында оқушыларға ойлануға және
болжам жасауға мүмкіндік
беріледі
оқушылар негізгі
ойларды түртіп отырулары қажет. Алдымен жеке ойланып, содан кейіп
топ болып бұл мәтінді қалпына
келтіреді.
|
ҚБ
Мұғалім оқушылар жауабын
мұқият тыңдап кері байланыс беріп
отырады
«Ең үздік
жауап»
«Алақан-жұдырық»
«Жұлдызшалар»
|
Қазақстан тарихы
(көне
заманнан бүгінге дейін).
Бес
томдық. 1-том. – Алматы, 2010
ж.
Т.С.Садыков,
А.Т.Толеубаев, Г.Халидуллин,
Б.С.Сарсекеев. Ежелгі Қазақстан тарихы, 1-бөлім. Алматы:Атамұра,
2011 ж.
|
Қорытынды
|
Қорытынды
кезеңі.
Кері
байланыс. Сабақ мақсатына оралып,
қаншалықты түсінгендері туралы сұрап,
әңгімелесемін.
«Сұрақтары бар
қорап».Кабинетке қорап қойып, оған
оқушылардың сабақтың соңында өз сұрақтарын қалдыруцын сұраймын. Бұл
сұрақтар келесі сабақтың басында
талқыланады.
Сабақтың негізгі бөлімінде,
тиісті тапсырмаларды орындауда оқушылар білімін тексеру бағытында
қалыптастырушы баағалау жұмысын ұйымдастырамын. Жұптық, топтық
бағалау түрлерін қолдана отырып, тиісті критерийлер
ұсынамын.
|
Тақырып бойынша не
білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін
жазады
|
Оқушылар бағалай
критерийлерімен өз деңгейлерін
бағалайды
|
А4,
конспект
|
Үй
тапсырмасы
|
Ежелгі кезеңнің
маңызды оқиғалары бейнеленген суреттер топтамасы негізінде шағын
әңгіме құрастыру тапсырмасын үй жұмысы ретінде
ұсынамын.
|
|
|
|