Материалдар / Ашық сабақ:"Қытай, Үндістан" 7 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ:"Қытай, Үндістан" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Керекті материалдар бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
822
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:05.V.2016 жыл

Ашық сабақ тақырыбы: Қытай, ҮндістанМақсаты:  Білімділік: Оқушыларға Қытай мен Үндістанның табиғат жағдайы мен табиғи ресурстары, халқының ұлттық, тілдік, діни құрамы, шаруашылығы жөнінде түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру, қорытынды жасауға теориялық білімдерін қолдануға жағдай жасау. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Жан - жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру, өз елін құрметтеуге, қорғауға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтары: физикалық жартышар картасы, дүние жүзі саяси картасы, кескін карта, суреттер, слайдтар Сабақтың түрі: ашық сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ізденушілік, көрнекілік, қосымша ақпарат жинақтау.Сабақтың формасы: жеке, топпен.Пәнаралық байланыс: тарих, жаратылыстануСабақ барысы:І Ұйымдастыру кезеңі а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру. ә) шаттық шеңберін құру б) топтастыру, Азия, Еуропа және ТМД.ІІ Үй тапсырмасын тексеру. «Меннен сұрақ, сізден жауап» 3 топқа конвертпен сұрақтарды бөліп беремін, топтағы оқушылар бірлесе отырып жауап береді.Азия тобына1. Еуразия қандай дүние бөліктерінен тұрады? Ази және Еуропа 2. Азия мен Еуропа арасындағы табиғи шекара? Орал тауы мен Жайық өзені3. Азия мен Еуропада қанша мемлекет орналасқан? Азияда-47, Еуропада-434. ТМД құрамына қандай мемлекеттер кіреді? 11 мемлекет мүше. Армения, Беларусь, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Молдава, Түркіменстан, Украина, Әзірбайжан5. Ресей федерациясының ауданы қанша? 17,1 млн км²6. Ресей халқының саны, ұлттық құрамы, діні? 142 млн адам, 160 ұлттармен ұлыстардан тұрады, хрестиан дінін ұстанады.



Еуропа тобына1.Ресейде қанша автономиялық республика, қанша облыс бар? 21 республика, 46 облыс 2.Ресейдегі ірі үстірт пен жазықтарды ата? Шығыс Еуропа, Батыс Сібір, Орта Сібір таулы үстірті3.Ресейдегі орналасқан табиғат зоналары? Тундра, орманды тундра, ормандар, орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары.4.Ресейдегі ұзын өзендар мен көлемі үлкен көлдерді ата?Лена, Енесей, Обь, Амур. Байкал, Ладога, Онега5.Қазақстаннның жер көлемі, шекарасының ұзындығы? 2724, 9 мың км², 15 мың км6.Қазақстанның жер көлемі дүние жүзі бойынша нешінші және қай елдерден кейін орналасқан? 9 орын, Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия, Үндістан, Аргентина.

ТМД тобына1.Қазақстан халқының саны, ұлттық құрамы және діні? 16 млн халық, 130 дан аса ұлт өкілдері, мұсылман және хрестиан діндерін ұстанады.2.Қазақстанда қандай ірі көлдер мен ірі өзендерді білесің? Каспий, Арал, Балқаш, Зайсан, Алакөл. Ертіс, Есіл, Тобыл, Сырдария, Шу, Іле, Жайық (48 мың көл, 85 мың өзен бар)3.Қазақстандағы биік және аласа таулар? Алтай, Жетісу Алатауы, Сауыр Тарбағатай, Тянь-Шань жоталары, Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау таулары4.Елімізден қандай табиғат зоналары кесіп өтеді? Орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары.5. Қазақстанда қанша облыс бар, оларды ата? 14 облыс.6. Қазақстанда жауын-шашын аз және көп жауатын жер? Арал маңы және Балқаш қөлі жағалауын аз жауады, Батыс Алтайда көп жауады.

ІІІ.Жаңа сабақты меңгеру.а) Әңгіме-дәріс. Қытай мемлекетіГеографиялық орналасуы.ҚХР шығыс жартышарында, Азияның шығыс бөлігінде, Тынық мұхитының батыс жағалауында орналасқан.жер көлемі 9,6 млн. шаршы км, территориясы жағынан Ресей мен Канададан кейін әлемде 3-орында. 14 мемлекетпен шектеседі:  АуғанстанБутанМяҮндістанҚазақстанҚырғызстанЛаосМоңғолия,НепалҚХДРПәкістанРесейТәжікстан және Вьетнам Социалистік Республикасы .Әкімшілік бөлінісі: 23 провинция, 5 автономилық өлке, тікелей орталыққа бағынатын 4 қала: Пекин, Шанхай, Тяньцзинь, Чунцин Халқы: 2010жылдың мәліметтері бойынша жалпы халық саны 1,370,536,875 адамды құрайды. ҚХР-да 56 ұлт бар. Жалпы саны 1,225 млрд. адамды құрайтын Хань ұлты 13 провинция, автономды аймақтар мен орталыққа бағынышты қалаларды және әскери қызметтегілерді қоса алғанда жалпы халық санының 91,51%-ын құрайды. Қалған 55 ұлт – 113,792  млрд. адам немесе 8,49% халық. Жер бедері: Рельеф биіктігі теңіз деңгейінен шығыстан батысқа қарай көтеріліп жатыр; таулар мемлекеттің жалпы территориясының 33,3%-ын құрайды; Биік таулар – 26%, жазық алқаптар мен ойпаттар – 18,8%, Тегістіктер – 12%, Белесті аймақтар – 9,9%. Аралдар: ҚХР территориялық суларында 5400 арал бар. Олардың арасындағы ең үлкені -Тайвань ( 36 мың шаршы км ), үлкендігі бойынша екінші арал - Хайнань ( 34 мың шаршы км ). Таулы үстірттер Әлемде теңіз биіктігінен 7000 м асатын  жалпы 19 таулы биітіктер бар. Олардың 7-еуі ҚХР территориясында немесе оның мемлекеттік шекарасында орналасқан. «Әлем төбесі» деп аталалытын Цинхай-Тибет таулы қыратта көптеген биік таулы үстірттер бар. Ішкі сулары: 6300 км ұзындығы бар Янцзы өзені әлемде Ніл мен Амазонкадан кейін үшінші ұзын өзен. Хуанхэ Қытайдың екінші ұзын өзені болып табылады. Оның ұзындығы 5464 км. Янцзы өзенінің төменіндегі жазықтықта орналасқан, ауданы 3583 шаршы км болып табылатын Поянху Қытайдағы ең үлкен тұшы көл, ал ауданы 4583 шаршы км Циньхай көлі ең үлкен ащы көл болып табылады.Климаты: Қытай аймақтарының басым бөлігі бірқалыпты субтропиктік климаттық белдеуде, ал оңтүстіктегі аймақтардың бөлігі тропикалық белдеуде орналасса, ал солтүстік аймақтар суық белдеумен шектеседі. Фауна және Флора: Қытайда омыртқалылардың 2070 тен астам түрі бар, ол бүкіл әлемдік омыртқалылардың 9,8% ын құрайды. Соның ішінде 1170 түрден аса құстар, 400 ге тарта аңдар және 184 қос мекенділер бар. Олар жер шарындағы осы тектес жануарлардың 13,5%, 11,3% және 7,3% құрайды. Қытайда солтүстік жартышардың суық, бірқалыпты және тропиктік климаттық белдеулеріне тән өсімдіктердің барлық дерлік түрлерін кездестіруге болады, тек жоғары өсімдіктердің ғана 24600-ден астам түрлері бар.

Үндістан мемлекеті

Географиялық орналасуы.Үндістан - Үнді мұхиты алабында, Гималай тауларынан оңтүстікке қарай Оңтүстік, Оңтүстік-Батыс Азия елдерін Еуропа және Африкамен байланыстыратын маңызды теңіз және әуе жолдарының торабында жатыр. Батыс жағалаулары Араб теңізінің, шығыс жағалаулары Бенгал шығанағының суларымен қоршалған. Аумағы 3,3 млн. км² (Лаккадив, Андаман және Никобар аралдарын қоса есептегенде). Астанасы — Дели (Нью-Дели) қаласы.Халқы: 1 млрд. 33 млн. (2001), оның 72%-ы шығу тегі жағынан үнді-арийлер, 25%-ы дравидтер (негізінен оңтүстікте тұрады), 3%-ы — моңғол тектестер. Халқының 9/10 бөлігін ірі ұлттар: хиндустандықтар(31%-дай), бихарлықтар,бенгалдықтар, телугулар, маратхилер, тамильдер, гуджараттар, малаялилер, каннара, ориялар, пенджабдықтар,раджастхандар, ассамдықтар, кашмирліктер, т.б. құрайды.Діни құрамы:
  •  дініне табынатындар — 80,3%;
  •  — 11%;
  •  дініндегілер — 4%-дай;
  •  — 2,8%, т.б.


Жер бедері: Үндістан негізінен Үндістан түбегін, Гималай мен Қарақорымның бір бөлігін, Инд-Ганг жазығының шығыс бөлігін, Бенгал шығанағы мен Араб теңізінің бірнеше аралдар тобын қамтиды. Ел аумағының 3/4 бөлігі — жазықтар мен үстірттер. Үндістанды түгел дерлік Декан таулы үстірті алып жатыр (шығысқа қарай 900 м-ден 300 м-ге дейін аласарады). Теңіз жағалаулары негізінен аласа, құмдауыт, аз тілімденген. Батысында үстірт биіктеп, Батыс Гаттар тауын құрайды. Оның теңіз жағалауындағы беткейлері тік жарлы, шығыс жағы ірі өзендердегі (Кришна,Годовари, Маханади, т.б.) жазықтармен тілімденген. Батыс Гаттар тауы оңтүстікте Апаймалай, Кардамон тауларымен (ең биік жері — 2633 м) жалғасады. Декан үстіртінің шығыс қиыр шетінде өзендермен жеке массивтерге бөлшектенген Шығыс Гаттар таулары (ең биік жері — 1680 м) орналасқан. Үндістан түбегінің солтүстігіне қарай аллювийлі Инд-Ганг жазығы жатыр. Оның солтүстігінен бастап үш тік құз баспалдақ түрінде дүние жүзіндегі ең биік таулы жүйелер — Гималай таулары мен одан солт-ке қарай Қарақорым көтеріледі (ең биік жері — Гималайдағы Нангарпарбат тауы — 8126 м). Гималайдың бұл баспалдақтары — Сивалик таулары (800 — 1200 м), Кіші Гималай (2500 — 3000 м), Үлкен Гималай (5500 — 6000 м, одан да биік) бір-бірінен тауаралық қазаншұңқырлар тізбегімен бөлінген. Үлкен және Кіші Гималайлардың жер бедері альпілік формада, өзендермен терең бөлшектенген. Тас көмір, темір кентастары, марганец, хромит, боксит, алмас кен орындары бар.Климаты: Климаты негізінен тропиктік, солтүстігінде тропиктік муссондық. Үндістан егіншілігі үшін орасан рөл атқаратын жазғы ылғалды муссон кезінде жауын-шашынның 70 — 90%-ы түседі. Қысы құрғақ әрі салқын, наурыз айынан мамырға дейін құрғақ, ыстық маусым басталады. Қаңтардың орташа температурасы солтүстіктегі 15°С-тан оңт-тегі 27°С-қа, мамыр айында 28°С-тан 35°С-қа дейін жетеді. Инд-Ганг жазығының батысындағы жылдық жауын-шашын мөлшері 100 мм-ден кем болса, Деканның орталық аудандарында 300 — 400 мм, Шығыс Гималай мен Гаттардың сыртқы беткейлерінде 3000 — 6000 мм-ге, Шиллонг таулы жазығындағы (Жер шарындағы құрлықтың ең ылғалды орны) Черапунджиде 12000 мм-ге дейін жетеді. Еріген қар, мұздықтар мен жауын-шашын суымен толығатын Гималайдан басталатын өзендердің суы жыл бойы мол болады. Ішкі сулары: Ганг, Инд, Брахмапутра, Годавари, Кришна, Нарбада, Маханади, Кавери. Олардың көпшілігінің егіншілік үшін маңызы зор. Ірі көлдері аз, олар негізінен шығу тегі мұздық немесе тектоникаллық таулы аудандарда орналасқан. Ең үлкені — Кашмир жазығындағы Вулар көлі. Өзендерінің кейбіреулерінде кеме қатынасы бар.Флора және фауна: Декан үстірті мен Инд-Ганг жазығының табиғи өсімдік жамылғысы күшті өзгерген, саванналар, ксерофитті сирек ормандар басым, кей жерлерде жапырағы түсетін ормандар бар. Солтүстік-батыста бұталар өскен шөлейттер мен шөлдер басым. Батыс Гаттардың желді беткейлерінде, Ганг мен Брахмапутра атырауында, Шығыс Гималайдың тауалды аймақтарында мәңгі жасыл тропиктік ормандар, Гималайдың етегінде — тераилар (батпақтанған джунглилер), одан жоғарырақта - муссондық, аралас және қылқан жапырақты ормандар, тау шалғындары өседі. Ормандар ел аумағының 1/4-іне жуығын алып жатыр. Үндістанның жануарлар дүниесі басқа Азия елдерінен ерекше. Сүтқоректі жануарлардан маймылдар (макакалар, гиббондар), бұғылар (теңбіл, замбар және қара), киіктер, өгіздер (гаур, ергежейлі және үнді буйволдары) тіршілік етеді. Үнді пілі, жолбарыс, қабылан, гималай аюы кездеседі. Арыстан, леопард, Кашмир бұғысы түгелге дерлік жойылған. Үндістанда құстар, қосмекенділер, жыландар мен балықтардың көптеген түрлері тіршілік етеді.в) Топпен жұмыс (постер қорғау)ТМД тобына. Қытай мемлекеті туралы жалпы сипаттамаЕуропа тобына. Үндістан мемлекеті туралы жалпы сипаттама.Азия тобына. Қытай және Үндістан елдерінің ұқсастығы мен айырмашылығы.

с) Сергіту сәті (қытай биі)

ІV. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі1. Ыстық орындық (Әр топтың топ басшысы шығып, әр елдің амандасу белгісін көрсетеді және жаңа өтілген тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береді.)V. Қорытынды.Қытай және Үндістан елдерін кескін картаға белгілеу.Рефлексия.Оқушыларға жапырақ пішінде стикерлер таратылады. Олар сабақтан алған әсерлерін, ұнамды, ұнамсыз тұстарын жазып, тақтадағы ағаш бұтақтарына жапсырып, ағашты жайқалтады. VІ.Бағалау. VІІ.Үйге тапсырма: Қытай,Үндістан туралы қосымша ізденіп оқу, Тәжі-Махал және Ұлы Қытай қорғаны жайында мәліметтер әкелу, кескін картаға екі мемлекетті түсіру.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!