Материалдар / Ашық сабақтар 3 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақтар 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
3 сынып сабақ жоспарлары , жаңа тақырыпта қолданылатын әдіс-тәсілдер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Маусым 2018
853
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

  • Тақырыбы: «Сын есім»

Жалпы мақсаты: Сын есім туралы толық теориялық білім бере отырып, сөйлем ішінен сын есімді тауып, сұрақ қоюға, сұраққа ынта-ықыластарын аудару. Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, ізденімпаздылыққа, шығармашылық белсенділігін , білім, білік дағыдалырн дамыту. Оқушыларды сауаттылыққа баулып, шапшаңдыққа, уақытты ұтымды пайдалануға және , табиғатты сүюге, құрметтеуге, тазалыққа тәрбиелеу бірлікке, зеректілікке,тиянақтылыққа топ ережесін ұстануға тәрбиелеу.

  • Күтілетін нәтиже: Сын есім туралы түсінеді, сыни ой пікірлерін дамытады, өз ойын еркін жеткізуге бейімделеді.

Көрнеліктер: Оқулық, слайд, смайлик, лото, , шығармашылық тапсырма,АКТ



Пән: қазақ тілі


Сынып : 3 «2»

Сабақтың тақырыбы:

Сын есім

Сабақтың жалпы мақсаты:

Сын есім туралы толық теориялық білім бере отырып, сөйлем ішінен сын есімді тауып, сұрақ қоюға, сұраққа ынта-ықыласта рын аудару. Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, ізденімпаздылыққа, шығармашылық белсенділігін , білім, білік дағдыларын арттыру.

Күтілетін нәтиже

Сын есім туралы түсінеді, сыни ой пікірлерін дамыта алады, өз ойын еркін жеткізуге бейімделеді.

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

СТО элементтері, топтық жұмыс, жұптық жұмыс,.диалог әдісін қолдану., «Өрмекшінің торы» әдісі

Пәнаралықбайланыс:

Әдебиеттік оқу,музыка, дүниетану, математика ,бейнелеу өнері

ресурстар:

Слайд, , семантикалық карта, «Менің бағытым», «Адасқан буындар», , постер, бейне ролик

Бағалау түрі:

Формативті бағалау / түрлі гүлдер арқылы/



Уақыты

Жұмыс түрлері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


5мин

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық ахуал.

Өз есімдеріне байланысты сын есімдерді айту.Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Мысалы: Абай ақылды, Жанбота жақсы, Бауыржан батыр т.б.

Мұғалім сабақты бастайды.

.Оқушылар

ды топтарға бөлу.

Оқушылардың зейіні сабаққа

аударылады.

1-топ

Түсі:ала, күрең, қызғылт, сұр.

ІІ-топ

Дәмі:ащы, дәмді, тәтті, тұзды.

ІІІ-топ

Көлемі:кіші, жуан, жіңішке.

үлкен

ІҮ- топ

Сапасы: қатты, мықты,

жұмсақ, әлсіз.

Оқушылар топтарға бөлінеді.

3 мин

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1..Өрмекшінің торы». «әдісі арқылы ережені қайталау.


а/ Сөз таптарын ата.

ә/ Зат есім дегеніміз не?

б/ Етістік дегеніміз не?

в/ Зат есімнің қандай түрлерімен таныстық?

г/Негізгі және туынды етістік дегеніміз не?

ғ/ Болымды және болымсыз етістікке мысал келтір.

д/ Жалқы және жалпы есімге мысал келтір.

ж/ Көпше және жекеше түрдегі зат есімдер қандай ұрақтарға жауап береді?

Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдайды.


Оқушылар сұрақ қояды,

қателерін түзейді.


Тап сырма

2мин

ІІІ. Қызығушылықты ояту.




Мұғалім оқушылардың жауаптарын тексереді.

Оқушылар сыни тұрғыдан ойланады.

25 мин

  1. ІҮ..Мағынаны тану. Сабақтың мақсатымен таныстырылады. «Сын есім»

  1. жаттығу.

Жұмбақты оқып, шешуін тап.

Сырты жасыл қап-қатты, Іші қызыл, тәп-тәтті.

Жұмбақтың шешуін табуға қандай сөздер көмектесті? Олар заттың несін білдіреді.

2-- жаттығу. Суретпен жұмыс. Керекті сөздерді пайдаланып, сұрақтарға жауап бер

3-жаттығу. «Постер»

  1. топ: туралы жұмбақ құрастырады.

  2. -топ: туралы өлең құрастыру.

  3. топ: сипаттайды

  4. топ: суретін салады.



4-жаттығу.

Өлеңді оқып, сын есімдерді тап.

Барқыт тау, жасыл дала ,зеңгір аспан. Күміс көл, ерке өзен алып қашқан, Құмартып келем саған бала жастан, Дариға , жер бар ма екен сенен асқан!



Табиғат туралы бейне ролик көрсету.

  1. Жаттығу.

Әткеншекте жасырылған жидек аттарын тап.




Оқытудағы жаңа тәсілдерді қолдану.

.



Мұғалім сұрақ қояды.

Күн қандай? Аспан қандай? Жапырақтар қандай?



Мұғалім жұмыстарын тексеріп отырады



Өлеңнен сын есімдерді тап.

Олар қай заттың сынын білдіріп тұр.



Мұғалім сұрақ қояды.

Қарақат , бүлдірген, құлпынай, таңқурайдың пайдасы туралы не білесіңдер?



Оқушылар сыни тұрғыдан ойланады.



Оқушылар жауап береді.

Күн жылы. Аспан ашық Жапырақтар жасыл.



Топпен ақылдаса отырып, тапсырманы орындайды.

Әр топтан бір оқушы шығып қорғайды.

Оқушылар сұраққа жауап береді.

/ Барқыт, жасыл, зеңгір, күміс, ерке/

Әр топтан жидек туралы

слайдтан түсіндіреді. 1-топ: «құлпынай»

2-топ: « қарақат»

3-топ: «бүлдірген»

4-топ: «таңқурай»


1 мин

Ү.Сергіту сәті

АКТ-ны пайдалану.

Өлең айтады. «Жау-жау жаңбыр»

5мин

ҮІ.«Ой толғаныс» «Жұптық жұмыс»

1-топ. «Менің бағытым»

тәтті жар тік адам тегіс қант. суық қоян сұр су ақылды жер

2.-топ Семантикалық картамен жұмыс.

3-топ Мағынасы қарама -қарсы сын есімдерді жаз.

Әлсіз - , кең - ….,жомарт -…..,ұзын-….,қатты -…., мейірімді -

4- топ:





Оқушылар бірін-бірі тексереді.

Оқушыларға таратып беру.

. Оқушылар тапсырмалары орындау барысында өздігінен ізденіп оқытудың нәтижесін талқылайды.



Топ басшылары тексеріп,

бағалау.

2 мин

ҮІІ.Рефлексия

-Сонымен балалар, бүгінгі сабақта не білдік? Не ұнады? Не ұнамады?

Оқушылар сабақтан алған әсері туралы туралы жазып, көңіл-күй кестесіне жазады.

1

мин

ҮІІІ.Бағалау Формативті бағалау / топ басшылары гүлдерін санап бағалайды/

. Жиынтық

бағаларын қою

.

1

мин

ІХ.Үйге тапсыма беру.

183- бет

  1. жаттығу.

Сын есімі бар мақал мәтел жаттап келу.

Оқушылар тапсырманы жазып алады.

























Сыныбы: 3

Күні: 25.04.2017ж

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы:

Алтын балта


Мақсаты

Берілген ертегілерді дұрыс түсініп, мәнерлеп оқу арқылы мағынасын меңгерту.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылардың түсінгенін әңгімелеп айтып беру дағдылары жетіледі, ауызша сөйлеу дағдылары артады.

Сабақтың әдісі-тәсілдері:


Сабақтың кезеңдері

Уақыты

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Бағалау

Психологиялық дайындық

-Балалар бәрімізде орнымыздан тұрамыз.Менің айтқан сөздеріме қарай қимыл жасаймыз.
-Егерде білім алғанды қаласаңыз,басымызды изейміз.
-Егер жануарларды жақсы көрсеңіз басымызды сипаймыз.
-Егер тәттіні жақсы көрсеңіз ернімізді жалаймыз.
-Егер сыныпта досыңыз болса, сыныпта тек бір досыңыз болса, тек екі досыңыз болса, сыныпта көп досыңыз болса 
-Егер көңіліңіз көтеріңкі болсын десеңіз,онда жымиыңыз.
-Өте жақсы осы көңіл күйлеріңіздің сабақ соңына дейін сақталуына тілектеспін.


Оқушылар екі қатарға бөлініп, бір - бірлеріне қарама-қарсы тұрып мұғалімнің айтқанын іс-әрекетпен көрсетеді.



Топқа бөліну

3 мин

Суреттер тарату арқылы топқа бөледі.






Балалар шапшаңдықпен топқа бөліну


Суреттер


Үй тапсырмасын

тексеру

«Кім жылдам?» ойыны

1. Ханның шабармандары не іздейді?
2. Олар кімге кездеседі?
3. Олар қойшыдан не сұрайды?
4. Қойшы неліктен сабақ береді?
5. Шабармандар не істейді?
6. Бұл ертегіде хан мен қойшының қайсысы ақылды екен?
7. Қойшының ақылды екінін қалай білуге болады?
8.Ертегі неліктен «Ажалдан құтқарған асыл сөз» деп аталған?



Өзін - өзі бағалау










Қызығушылықты ояту

5 мин

1. «Елу тісті, екі қолды» (ара)
2. Өзі айлакер, өзі қу. 
Жүрген жері айқай - шу. (түлкі)
3. Үй құсы не? (тауық)
4. Мұртын сипап күні бойы, бетін сусыз жуады (мысық)
5. Кіші сөзінің қарсы мағынасы (үлкен)
6. Нан атасы не? (бидай)
7. Көлдің сәні, сымбатты құс,
Атын тауып айқындай түс. (аққу)
8. «Дала» өлеңінің авторы кім? (С.Сейфуллин)
9. Қазақстан Республикасының түңғыш ғарышкері кім? (Ә. Тоқтар)
10. «Жаз» өлеңінің авторы кім? (Абай)
- Енді балалар қандай сөз шықты?
-Алтын балта.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

оқулық

шапалақтау

Ой ашар

Балта сөзін естігенде көз алдарыңа не елестеді?

Балта адамға не үшін қажет?

Балта туралы білетіндерін топтастырады

Суреттер плакат маркер


Жаңа сабақМәтінмен жұмыс


1-топ: Ертегінің бірінші бөлігін оқиды

2-топ: Ертегінің екінші бөлігін оқиды

3-топ: Ертегінің үшінші бөлігін оқиды.



Слайд аркылы көрсетемін

Шапалақтау

Ой болжау

1-топ: Ертегінің жалғасы әрі қарай қалай болуы мүмкін?

2-топ: Ертегі қалай аяқталады деп ойлайсыз?

3-топ: Ертегінің басы қалай басталды деп ойлайсың?


Әр топтан бір оқушы шығып өз ойларын айтады




Карточка

Оқулық


Шапалақтау арқылы

Сергіту сәті

2 мин

Би билеу


Инт тақта


Дәптермен жұмыс

Қарамен жазылған сөздерді теріп жазу, мағынасын түсіндіру

Оқушылар өз бетімен орындайды



Шығармашылық тапсырма

1 - топ: Ертегі кейіпкерлеріне сипаттама беру

2 - топ: Ертегі желісі бойынша сахналық көрініс көрсету

3 - топ: іздену


Балалар топпен бірлесіп әрекеттер жасайды.


Формативті бағалау.

Қорытындылау

«Қызық бейне» рефлексиясы











Оқушыларға суреттер таратылады. Өзіңді қай бейнеге теңейсің, белгілеу тапсырылады.

Мен бәрін түсіндім, маған сабақ қызық болды.

Мен ештеңе түсінбедім, сабақ қызықсыз өтті.

Мен түсінгендеймін, бірақ көмек керек сенімсізбін



Үйге тапсырма






Бағалау

Өзін - өзі бағалау. Өзара бағалау















































Пәні:Дүниетану 3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Жүйке жүйесі.

Сабақтың мақсаты: ми, жүйке жүйесінің құрылымы, оның маңызы мен атқаратын қызметі туралы түсінік қалыптастыруға ықпал ету; жүйке жүйесін нығайту тәртібін талдау; балаларды өз бетінше бақылау, салыстыруға және талдау жасауға үйрету; сезім мүшелерін сақтауды үйрету.

Сабақтың көрнекідігі: «Ми және жүйке жүйесі» кестесі.

Сабақтың барысы:

IҚызығушылықты ояту.

Адамның қандай дене мүшелерін білесің? Олар қандай қызмет атқарады?

Мұғалім сезім мүшелеріне баса назар аударады.

- Барлық органдар жұмысын қандай мүше басқарады деп ойлайсың?

Балалар жауап беруге қиналып жатса, мұғалім көмектеседі.

II. Тақырыпқа кіріспе.

  1. Мұғалім сабақ тақырыбымен таныстырады, оқушыларға тапсырма беріп,

кестеден адам мүшелерін көрсетеді.

Осы сабақ арқылы балалар сезім мүшелерінің адам өміріндеқандай рөл атқаратынымен танысады. Сезім мүшелері - бесеу.Адам сыртқы дүниенің, өз денесінің жай-күйін де осы сезім мүшелерінің көмегімен біліп отырады.

  1. Бабалар даналығынан: «Айналадағы дүниені көретін көз емес, дыбысты

еститін құлақ емес, иісті сезетін мұрын емес, ол ми!»

  • Мұны қалай түсіндіңдер?

  1. Мидың жұмысы. Ол қандай қызмет атқарады? Миға ауырсыну,қарын

ашу сынды және т.б. белгілер келіп түседі.

III. Жаңа сабақ

Біз сезім мүшелері арқылы сыртқы дүниемен байланысамыз. Сезім мүшелері өзара байланыса қызмет етеді. Олар бір-біріне көмектесіп, бір-бірін толықтырып отырады. Барлық сезім мүшелерінің жады (есте сақтау қабілеті) болады. Мәселен,таңқурай жеген адам оның дәмін ешқашан қарақат немесе басқа нәрсенің дәмімен шатастырмайды.

Барлық сезім мүшелерін ми басқарып отырады. Сезім мүшелері өздеріне келіп түскен дабылды миға жеткізеді. Ми келген дабылды қабылдап, мүшелерге бұйрық береді.

Алдымен мұғалім, содан соң балалар тақырыпқа қатысты мысалдар келтіреді.

— Бас миы қай жерде орналасқан? (Бассүйектің ішінде. Омыртқадағы жұлын содан бастау алады). Ми мен омыртқадағы жұлыннан адамның барлық дене мүшелеріне жүйке тамырлары таралады, одан жүйке жүйесі құралады.

1. Оқулық бойынша жұмыс.

Балалар «Жүйке жүйесі» мәтінін оқиды. Содан кейін мұғалім балалармен бірлесіп мәтінді талқылап, маңызды тұстарын белгілейді және сызба құрылады.


Жүйке жүйесі гигиенасы және күн тәртібіне назар аудару.

2. Практикалық жұмыс.

3. Зерттеу жұмысы.

4. Сөздік жұмыс.

IV. Сабақты қорыту. Өзіңді тексер.

  • Адамға сезім мүшелері не үшін қажет?

- Біз қоршаған әлемді қалай танып-білеміз?

- Жүйке жүйесінің негізгі орталығы қай жерде орналасқан?

- Жүйке тамырлары қандай болады?

Негештің сұрағы:

- Жүйкені не үшін сақтау керек?

V. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы мидың, жүйке жүйесінің жұмысы туралы мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беру. Спорт, шынығу туралы мақалдар, өлеңдер дайындау.



2


  Скачать материал



Математика 3 сынып

Тақырыбы: Қайталау. Санды қосындыға көбейту.

Мақсаты: қосындыны санға көбейтудің әр түрлі жағдайлары жайлы оқушылардың білімдерін пысықтау. Олардың логикалық ойлау қабілеттерін, өз бетінше жұмыс істеу, есте сақтау дағдыларын дамыту.

Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, шапшандыққа тәрбиелеу.

Көрнектілігі: слайдтар, флипчарт, интерактивті тақта.

Түрі. ойын

Типі: қайталау

Әдісі: жеке, өзіндік, жұптық, ой қозғау жұмыстары

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Психологиялық дайындық

Әр тапсырмадан кейін өз-өзінді бағалау кезінде белгі алып отырасыңдар.

Қызыл дөңгелек – «5»

Жасыл дөңгелек – «4»

Көк дөңгелек - « 3 »

3. Үй жұмысын тексеру.

4. «Саяхатқа шығайық» ойыны

- Балалар алдымызда не көрініп тұр?

- Иә, орман. Осы орманда қандай аңдар мекендейді, ашып көрейік.

- Тиін. Тиін туралы не білеміз?

Тиіннің тапсырмасын қарайық:

Ауызша есептеу. Слайд Тиімді тәсілмен есептеп мәнін тап

3 * 2 * 10 (4 + 6) * 7 70 39

(8 + 5) * 3 5 * 2 * 9 23 45 90

3 * 4 * 10 (13 + 7) * 4 80 120 60

27 + 13 + 5 12 + 3 + 8

Тақтамен жұмыс. 1 – тапсырма. Есепті әр түрлі тәсілмен шығар.

А)1 сағ – 15 мин және 5 мин

3 сағ - ? мин

1 – тәсіл:

1. Неше мин 1 сағатты жөндйді? 1)15 + 3 = 18(мин) – 1 сағ жөндейді 2.3 сағатты қанша уақыт жөндейді? 2) 3 * 18 = 54(мин) – 3 сағ

2-тәсіл: (15 + 3)*3 = 54(мин) 3 тәсіл: 15 * 3 + 3 * 3 =54()мин

Ә) 1 күні – 4 тағадан – 9 атқа 2 күні – 4 тағадан – 8 атқа Барлығы - ? таға 1 – тәсіл: 9 + 8 = 17(таға) 17 * 4 = 68(таға)

2 – тәсіл : (9 + 8) * 4 = 68 (таға)

3 – тәсіл: 9 * 4 + 8 * 4=68 (таға)

5. Қоян туралы не білесіңдер? Оның баласын қалай атайды?(көжек)

Қоянның тапсырмасы: Карточкамен жұмыс

  1. Жұп: Өсу ретімен орналастыр: 1 1 1 1 1 1

10 , 8 2, 5 3 , 9



2 – жұп: Амалдарды орында: 24 + 6 * 8 – 45 : 5

6 * 4 : 3 : 2 * 6

3 – жұп: Амалдарды орында: 48 : 6 : 2 * 6 : 3 * 2

36 : 4 + 5 * 5 – 12 + 6 * 7

4 – жұп: Амалдарды орында: 78 – 5 * 4 + 7 * 7

9 * 6 – 3 * 6 + 19 – 27 : 9

Сергіту сәті:

6. Түлкі туралы не білесіңдер? Оның баласын қалай атайда? (түлкішек)

Түлкінің тапсырмасы. Ауызша жұмыс

3 – тапсырма . Сұрақтарға жауап бер: Слайд

Тік төртбұрыштың ұзындығы

Тік төртбұрыштың ені

Тік төртбұрыштың ауданы

Тік төртбұрыштың периметрі

?

3 см

24 см2

?

8 см

5 см

?

?

6 см

?

12 см2

?



7. Қасқыр туралы не білесіңдер? Оның баласын қалай атайды?(Бөлтірік)Қасқырдың тапсырмасы: Тақтада жұмыс

2 – тапсырма. а) Өрнектің мәндерін тап:

(10 + 80) * 5 (13 + 27) * 4 (100 + 80) * 5 (100 + 70) * 4

(24 + 6) * 2 (12 + 18) * 3 (400 + 60) * 2 (200 + 80) * 3

ә) Көбейтінділерді қосындылармен алмастыр:

5 * (4 + 2) 6 * (3 + 2) (40 + 20) * 5 (30 + 20) * 6

(7 + 3) * 5 (8 + 2) * 4 5 * (70 + 30) 4 * (80 + 20)



9. Аю туралы не білесіңдер? Оның баласын қалай атайды? (қонжық)


Аюдың тапсырмасы:

5 – тапсырма. Нұсқа бойынша орындау.

1 – нұсқа Салыстыр: 2 – нұсқа

2 тәул.21 сағ * 50 сағ 45 см * 4 дм 5 см 1 мм

2 сағ 30 мин * 90 мин 20 м 5 дм * 205 дм

5тәул. 12 сағ * 6 тәул. 15 см * 5 дм 5 см

3 сағ 50 мин * 186 мин 2 м 5 дм * 248 см

4 сағ 10 мин * 252 мин 31 м 3 дм * 313 дм

19. Логикалық есеп «Қасқыр мен түлкі»

Қасқыр мен түлкі балық аулайды. Екеуі бөліп жемекші болып қасқыр түлкіге «Сен маған қарағанда есепті жақсы шығарасың ғой, балықты сен бөлсейші»,- деді. Сонда қу түлкі қасқырдың аңқаулығын, есеп шығара алмайтынын пайдаланып, былай бөліпті.

1 – еуі саған, 2 – еуі маған

3 – еуі саған, 4 – еуі маған

5 – еуі саған, 6 – еуі маған. Қасқыр-9,түлкі - 12

Сонда олардың әрқайсысына неше балықтан тиген?

11. Бағалау, үй тапсырмасын беру №6 – 40 бет.Қорытындылау.

Енді, балалар аңдарға көмектесіп бәріміз топпен мына есептерді шешейік.

23 :3 25 :6 69 :8 37:9 38 : 4 85 :8 26 : 7 65 : 9 46 : 5 29 :7 60:7

Ж А Р А Й С Ы Ң Д А Р










Сөйлем мүшелері

Қазақ тілі. 3 - сынып
Тақырыбы: Сөйлем мүшелері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сөйлем мүшелері туралы топтастырылған ұғым Сабақтың көрнекіліктері: жеке суреттер, тірек - сызба, ойын құралдары.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

қалыптастыруға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу арқылы теориялық ойлауын, ауызша сөйлеу тілін дамыту; достыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке баулу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: көрнекілік, сұрақ - жауап, индукция, дедукция, талдау, жинақтау, топтау, рефлексия.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 11 - жаттығу. Сұрақтарға жауап жазу. Балалардың сөйлемдерін оқуы, талдауы.

ІІІ. Жан - жақты білімдерін тексеру
- Сөйлем дегеніміз не?
- Оның қандай түрлерін білесіңдер?
- Сөйлемдердің соңына қандай тыныс белгілер қойылады?
- Көрнекіліктерді пайдалана отырып ауызша берілген сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастыру. 1. Ауамен, дем, біз, аламыз. 2. Ауа, денсаулыққа, таза, пайдалы өте. 3. Үйдің, таза, ауасын, әр уақытта, сақтаңдар.

Ү. Жаңа білімді меңгерту.
Грамматикалық тілдік жаттығулар:
14 - жаттығуда С. Торайғыровтың
" Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты іздесең,
Жаттап, тоқы көңілге"
өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу, өлеңдегі әрбір сөзге сұрақтар қойылады

Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу. 15 - жаттығудағы сөйлемдерді көшіріп жазу.
Шекарашылар деп кімдерді айтамыз? Олардың біз үшін қандай маңыздылығы бар? Сендер де шекарашылар болғыларың келеді? Неліктен? Мәтіндегі әрбір сөздің үстіне тиісті сұрағын қою.
"Қане ойланып көрелік " проблемалық сұрағы
- Қалай ойлайсыңдар, сөйлемдегі қандай сөздер нақты сұраққа жауап береді екен?
- "Сөйлемдегі толық мағыналы сөздер ғана нақты сұраққа жауап береді".

Ережемен жұмыс:
" Олай болса, сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді сөйлем мүшелері дейміз." Ережені оқу, талдау, есте сақтау.

Оқулықпен жұмыс.
16 - жаттығудағы екі сөзден құралған сөйлемдерді толықтырып жазу. Асқар атпен келді. Дана доп ойнады. Қойлар өрісте жайылды. Құлын су ішті. Қыздар гүл терді.

17 - жаттығуда "Мәлік Ғабдуллин ғалым. Ұлы Отан соғысына қатысты. Өзінің ерлігімен ерекшеленді. Оған Батыр атағы берілді. Соғыстан соң ол халқына адал қызмет етті." Мәтінді оқу, түсіндіру, көркем етіп көшіріп жазу. Әр сөйлемде неше сөйлем мүшесі бар? Әр сөйлемдегі сөз саны мен сөйлем мүшелерінің саны бірдей болып келмейтінін аңғарту.

" Кел, мақал құрастырайық" ойыны.
Ойынның шарты: үш топқа бөлініп, әр топ өздеріне берілген сөздерден мақал құрастырып жазады. Қай топ бірінші және дұрыс орындаса, сол топ жеңімпаз атанады.
1. Асырайды, тігінші, инесі.
2. Шәкірт, озар, ұстаздан.
3. Жан, жақсы, семірер, сөзге.

Жұмбақпен жұмыс.
18 - жаттығу жұмбақты оқып, мағынасына қарай, суретке қарап жұмбақтың шешуін табу. Алғашқы сөйлемде неше сөйлем мүшесі бар? Екінші сөйлемде ше?

ҮІ. Рефлексия: «Білімді тізбек» ойынын ойнату. Ойынның шарты: Оқушыларға вагондары жоқ тепловоздың суреті көрсетіледі. Осы тепловоздың вагондары сендердің сөйлем мүшелері туралы білетін деректеріңмен сәйкес келеді. Кім сөйлем мүшелері туралы мәліметті көп білсе, соның тіркеу вагондары да көп болады. Әр мәлімет шартты түрде бір вагонға тең деп есептеледі деген сөздермен оқушыларға тапсырма беріліп, ойынды бастау. Белгілі бір уақыттан соң тоқтатылып, вагондағы мәліметтер ортаға салынып, жеңімпазды анықтау.

ҮІІ. Қорытындылау: Толықтыру тесті
Төмендегі ережені толықтыр: - Сөйлем мүшелері дегеніміз не? "Өзін - өзі бағалау " парағы бойынша оқушылар (өз білімдерін әрбір берілген тапсырмаға ұпай қою арқылы) өзін - өзі бағалайды.

ҮІІІ. Үйге тапсырма
ІХ. Оқушыларды бағалау




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!