Материалдар / Ашық сабақ.Тері ауруларының пайда болу себептері мен салдары (қышыма, теміреткі, безеу, бөртпелері). Белгілері мен алдын алу шарал
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ.Тері ауруларының пайда болу себептері мен салдары (қышыма, теміреткі, безеу, бөртпелері). Белгілері мен алдын алу шарал

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ.Тері ауруларының пайда болу себептері мен салдары (қышыма, теміреткі, безеу, бөртпелері). Белгілері мен алдын алу шаралары. 8 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қырқүйек 2021
597
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.3 А Бөліп шығару

3 сабақ

Мектеп: 47 Жалпы білім беретін мектеп

Күні: 20.01.2020

Мұғалімнің аты-жөні: Шорикова Г.А.

Сынып: 8 «ә»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:


Сабақ тақырыбы

Тері ауруларының пайда болу себептері мен салдары (қышыма, теміреткі, безеу, бөртпелері). Белгілері мен алдын алу шаралары.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.1.5.4.Тері ауруларын және оның алдын алу шараларын түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Бактериялық және саңырауқұлақтық ( қышыма, теміреткі, безеу, бөртпелері) аурулардың түрлерімен таныстыру.

Алдын алу шараларын үйрету және гигиена ережесін түсіндіру

Бағалау критерийлері

Барлығы оқушылар тері ауру түрлері және белгілерімен танысады.

Көпшілік оқушылар тері гигиенасы мен аурудың алдың алу шараларын біледі.

  • Кейбір оқушылар тері ауруларын алдын алу гигиенасына қорытынды жасауды үйренеді.

Тілдік мақсаттар

Дерматолог, Безеу, Қышыма, Теміреткі, Антибиотик


Білім деңгейі

түсіну, талдау, қолдану, жинақтау, қорытындылау

Құндылықтарды дарыту



«Мәңгілік ел » құндылығы:

Зайырлы қоғам және жоғарғы руханият

Мемлекеттік және қоғамдық өмірдің зайырлы сипаты экономикадағы өрлеудің, білім беру, денсаулық сақтау

Пәнаралық байланыстар

Химия, жаратылыстану, медицина

Алдынғы білім

8.1.5.3. Терінің құрлысы мен оның бөліп шығарудағы маңызын сипаттау.











Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу,

Әр түрлі конфет арқылы оқушыларды топқа бөлу арқылы сабаққа қызығушылығын арттыру.

«Миға шабуыл» Сұрақ қою:

  1. 1.Неліктен адам терісі зақымданады?

  2. 2.Адамның терісінде микроорганизмдер тудыратын қандай тері аурулары болуы мүмкін?

  3. Мысал келтіріңіз.Сұрақтарды талдап, қорытынды жасау.

Жаңа сабақты меңгеру.

Бейнефильм көрсетілім. «қышыма, безеу, теміреткі».

Сабақтың мақсаттары мен жетістік критерийлерімен танысады.

Сабақтың мақсатын конверттен шығару, тақтаға ілу.








Тақтаға ілінген суреттер


Видео

Сабақтын ортасы

10-20 мин



















20-25 мин




















25-30 мин










30-35 мин

Тапсырма №1 Топтық жұмыс. INSERT әдісі.

3 топқа бір-бірден конверт таратамын, оқушылар конверттегі мәтінмен танысады берілген мәлімет бойынша сұрақ дайындайды.


1-топ. Безеу туралы ақпаратты айтады

2-топ Қышыма(қотыр) туралы ақпаратты айтады

3- топ Теміреткі туралы ақпаратты айтады


Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек» Әр топ бір –бірін бағалайды.


Дескриптор Білім алушы

- қышыма безеу теміреткі ауруларының түрлерімен танысады;

- Тері ауруларының белгілерін ажыратады ;

- сұрақтар дайындайды.




Тапсырма №2 Постермен жұмыс.Тері ауруларының алдың алу және жеке бас гигиенасы туралы постер дайындайды.

Бағалау: Смайлик арқылы бағалау


ДескрипторБілім алушы

-Бактериялар, саңыруқұлақтар және де басқа микроорганизмдер туғызатын тері ауларының алдын алу көздерін анықтайды ;

- Тері ауруларының пайда болу себептерін және олардың жұғу жолдарын анықтайды;

-Адам терісіне керекті «А»витаминін түсіндіреді ;

- Тері және қосымша түзінділерін (шаш, тырнақ) таза ұстауды түсіндіреді;

-тері тазалығына аяқ киім және басқа да киімдердің таза ұстауды айтады

Жеке бас гигиенасы ережесін сақтауды айтады.

Тапсырма № 3.Әткеншек әдісі. «Жадынама» жасау.

Оқушылар топпен бірге тері ауруларынан алдын алу ережесін құрастырындар. Топтарға ережені үлестіріндер. Ұжымда жариялау.

Бағалау: «Ақылды үкі» жетон арқылы бағалау


Дескриптор Білім алушы

- Терінің ауруларынан сақтанудың ережесін құрастырады ;

- Жадынаманы ұжымда жариялайды.

Тапсырма №4 – «Суреттерді құрастыр»

Оқушылар мәтінді пайдалана отырып глоссарийді жинақтайды және дәптерге жазады.


Дерматолог -

Безеу -

Теміреткі -

Қышыма –

Кері байланыс: «Гүл ұсыну» әдісі арқылы дұрыс жауап берген оқушыға гүл беру.

Дескриптор Білім алушы

- Берілген терминдерге анықтама бере алады.

- Ауру түрлерін ажырата алады.

Таратпа қағаздары





Постер, флипчарт, пломастер






















Мәтін

Сабақтың соңы

35-40 мин

Оқу мақсатына жету үшін қалыптастырушы бағалау

Рефлексия

БББ кестесін толтырту.Білемін бағанын сабақтың басында толтырады. Білгім келеді бағаны ақпараттық дағдыны қалыптастыру барысында өз пікірін ұсыну үшін қолданып, жазады.

Білдім бағанын сабақтың соңында нені меңгергенін жазады.

Білем

Білгім келеді

Білдім





Үйге тапсырма. Дәріханадан және халық медицинасында тері ауруларына қолданылатын дәрілерді және тәсілдерді білу.

Плакат пен

стикерлер және маркерлер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



1.Тақырып бойынша жалпыға сұрақ жауап (бағалауды мұғалім жүргізеді)

2.Глоссарийді толтыру (бағалауды мұғалім жүргізеді)

3.Топтық жұмыс «Тері ауруларының сызбасын құру» (бағалауды мұғалім жүргізеді)



Антибиотиктерді нұсқаулықпен пайдалану

техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау.


Салауатты өмір салтын қалыптастыру.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!