Ашық сабақ.Тіліктер туралы жалпы түсінік

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ.Тіліктер туралы жалпы түсінік

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың тіліктер туралы жалпы түсінігін қалыптастыру.Тілік пен қима арасындағы айырмашылықтарды көрсету.Көрністерде тілікті орынды қолдана білуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тіліктер туралы жалпы түсінік

Тақырыбы: Тіліктер туралы жалпы түсінік . 
Сыныбы: 9 сынып
Сабақ тақырыбы: Тіліктер туралы жалпы түсінік.
Сабақтың мақсаты:

1. Білмділігі : Оқушылардың тіліктер туралы жалпы түсінігін қалыптастыру.Тілік пен қима арасындағы айырмашылықтарды көрсету.Көрністерде тілікті орынды қолдана білуге үйрету.
2.Дамытушылығы:Логикалық ойлау ,нәрсенің кеңістіктегі пішінін көз алдына елестету қабілеттерін дамыту және сызба сызуға қолдарының икемділігін қалыптастыру.
3.Тәрбиелігі :Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және сызу мәдениетіне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Көрнекті құралдар : Итерактивті тақта, сызбалар,сызу аспаптары.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрсету,ізденушілік әрекеті.
Сабақтың жоспары:


1.Ұйымдастыру кезеңі .
2.Үй тапсырмасын тексеру.
3.Жаңа сабақты түсіндіру.
4.Сабақты бекіту.
А) Сұрақтар .

Б) Өзіндік жұмыстар сызу.
5.Сабақты қортындылау .

Сабақтың барысы: Нәрсенің ішкі кіөрінбейтін беттерін сыбада үзілме сызықпен көрсетеміз.Көрінбейтін сызықтардың проекциялары көрінетін сызықтардың проекцияларымен бірігіп түсуі мүмкін .Ішкі құрлысы күрделі тетік бөлшектердің көрністеріне қарап ,оның пішіні түсіну қиынға соғады.
Сондықтан сызбада қимамен қатар тілік деп аталатын бір шарты кескінді қолданамыз.
Тілік нәрсенің ішкі құрлысын сызбада анық және түсінікті етіп көрсетуге мүмкіндік береді.
Берілген сызбада ішкі пішінін көрсету үшін тілікті қажет ететін тетік бөлшектің көрністері берілген .Беріген тетік бөлшекті фронтал орналасқан альфа жазықтығы бойынша ойша қиып, тең екіге бөлеміз.Екіге бөлінген тетікбөлшектің аксонометриясы сызып көрсетіген. Тетік бөлшектің оң жақтағы бөлігін ,яғни қиюшы жазықтықпен қарашының арсындағы бөлігін ойша алып тастайық.
Оның қалған бөлігін фронтал жазықтыққа тікбұрыштап проекциялайық.Осылайша алынған кескін тілік деп аталады.
Бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша қиылғаннан шықан тетік бөлшектің к ескінін тілік деп атайды.













Біздер қарастырып отырған тетік бөлшек сызбасынан үш кескін көріп отырмыз.Олардың екеуі үстінен қарағандағы және сол жақтан қарағандағы көрністер, ал үшіншісі – тілік.
1.Сызбада тілікті сызықтап көрсетеді.Сызықтау тұтас жіңішке сызықпен 45 градус көлбеулікте жүргізіледі .Арақашықтығы 2мм болады.
2. Қиюшы жазықтықтың орны жуан үзік сызықпен көрсетіледі де оған перпендикуляр екі нұсқама сызылады.Нұсқамалар қима сызығының сыртықы шетінен 2-3 мм қашықтықта орналасуы тиіс және нұсқамалардың сырт жағына орыс алфавитінің бас әрпі жазылады.Нұсқамалар сызбада қарау бағытын көрсетеді.
3.Тіліктің жоғарғы жағына бұл әріптер сызықша арқылы жазылады.
4.Нәрсе симметриялы болса онда сызбада қиюшы жазықтықтың орнын көрсетпейді, тілікті белгілемейді.
5.Сызбада тілік пен қиманы шатастырмау керек.
А) Тілікті салғанда қиюшы жазықтықтың ар жағында жатқан бөлігін қоса көрсетеді.
Б)Қимада тек қиюшы жазықтықтың тікелей өзінде жатқан бөлігі ғана көрсетіледі.
Сабақты бекіту :
Қосымша сұрақтар :
 
1.Тілік деп нені айтамыз?
2.Тілік пен қима арасындағы айырмашылық қандай ?
3.Сызбада қиюшы жазықтықтың орны қалай белгіленеді?
4.Тіліктті сызбада қандай сызықтармен көрсетеді.
5.Сызбада нұсқамалар нені білдіреді. 

Өзіндік жұмыс :
№1 жаттығу 
1.Берілген денелердің готизонталь проекциялары мен тіліктері бойынша өзіне сәйкес денелердің көріністерін тап.
Сәйкес әріптерді тауып, кестені сызып,соған жаз.

2. Денелердіңтіліктері мен горизонталь проекциясы бойынша үшінші проекциясын тауып дәптерге сыз. Өлшемдерін қалауыңша ал.









2 жаттығу
Берілген денелердің горизанталь проекциясы мен тілігі бойынша көрнекті көріністерін анықта және горизонталь проекциясы тілікпен ауыстырылған ,сәйкес тілікті тап.Сызбасын сызба парағына сыз.












Сабақты қортындылау:
1.Сызылған жұмыстарды бағалау.
2.Үйге тапсырма 135 сурет

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.11.2018
1479
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі