Материалдар / Ашық сабақ.Зат есімнің жекеше және көпше түрі.2 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ.Зат есімнің жекеше және көпше түрі.2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Зат есімнің жекеше және көпше түрін ажыратып , көптік жалғауын дұрыс қолдануды уйрену.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қараша 2020
725
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Авторы : Нашуова Жулдыз Шахаровна

Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, С.Сейфуллин ауылы №137 орта мектебі КММ бастауыш сынып мұғалімі

Сынып: 2 «Б»

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:

Зат есімнің жекеше және көпше түрі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.4.2.2 Көптік жалғауларын дұрыс қолдану;

2.1.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау;

Сабақтың мақсаты

Зат есімнің жекеше және көпше түрін ажыратып , көптік жалғауын дұрыс қолдануды уйрену.

Сабақтың нәижесі

Барлығы: Зат есімнің жекеше және көпше түрлерін біледі.

Көбі: Зат есімнің жекеше және көпше түрін ажыратады.

Кейбірі: Көптік жалғауларын дұрыс қолдана алады

Пәнаралық байланыс

«Әдебиеттік оқу», «Жаратылыстану»

Дағды

Тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым

Бастапқы білім

Жалқы есім және жалпы есім

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру







Психологиялық ахуал.

Шаттық шеңбері.

Жарқырып күнде ашылды,

Айналаға гүл шашылды.

Қайырлы күн!

Біз нәзік қыздармыз!

Қайырлы күн!

Біз ержүрек ұлдармыз!

Сәлеметсіздер ме , қонақтар?

Топқа бөлу.

Балаларды гүлдер арқылы топқа бөлу.

Көктемде ең алғаш жайқалып өсетін гүлдердің атын топтарға беру.

1-топ күлгін түс- «Бәйшешек» тобы

2-топ ақ түс –«Түймедақ» тобы

3-топ қызыл түс – «Қызғалдақ» тобы

Балаларды гүлдер, смайлик арқылы бағалау.

Топ ережесі

  • Сыныпта тыныштық сақтау.

  • Уақытты үнемді пайдалану.

  • Ұйымшыл болу.















Гүлдер


Сабақтың басы


Өткенді пысықтау.

«Блум түймедағы»әдісі

Әр күлтеге сұрақтар жазылады.

  1. Сөз таптарын ата

  2. Зат есім дегеніміз не? Сұрақтары қандай?

  3. Жалқы , есім дегеніміз не? Жалпы есім дегеніміз

не?Мысал келтір.

  1. Етістік дегеніміз не?

  2. Сын есім дегеніміз не?

  3. Сан есім дегеніміз не?


Сабақтың ортасы


Жаңа сабақ.

Бөлімді еске түсіру.Салт –дәстүр және ауыз әдебиеті туралы айтып өту. Жаңа сабаққа қысқаша шолу жасау.

Бейнежазба көрсету.

Оқулықпен жұмыс.

55 бет 44 жаттығу. Сурет астындағы сөздерді салыстыру, осы сөздерге өлең құрастыру.

Бағалау. « Гүлдермен»

Дескриптор:

1.Суреттердің астындағы сөздерді оқиды, салыстырады;

2. Зат есімнің жекеше және көпше түрін ажыратады;

3.Сөздерге өлең құрастыра алады.

Ережені оқу

Зат есімнің жекеше, көпше түрі болады.Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі деп атайды: әке,үй, құс.

Кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі деп атайды: әкелер,үйлер, құстар.

Ұжымдық жұмыс.

Мәнерлеп оқу. Зат есімнің жекеше және көпше түрін табу.

Қарға,қарға,қарғалар,

Қар үстінде жорғалар.

Екі шоқып, бір қарар,

Деп "жолымды оңғарар"

Дескриптор:

1. Өлеңді мәнерлеп оқиды;
2.Өлеңнен зат есімнің жекеше, көпше түрлерін табады;
3. Бір-бірін тыңдап толықтырады;

Әр топ бір- бірін "Басбармақ" арқылы бағалайды


АКТ


Жұптық жұмыс.

Дөңгелекте жасырынған құс атауларын тап. Оларды жекеше, көпше түрде жаз.

Дескриптор:

1.Дөңгелекке жасырылған құс атауларын табады;
2. Жекеше және көпше түрде жазады;

3. Бір-бірін тексеріп , толықтырады;

«Смайликтер» арқылы бағалау


Сергіту сәті


Тест сұрақтары

«АӘБВ» әдісімен

1.Зат есім дегеніміз не?

а)Заттың сынын білдіретін сөздер.

ә) Заттың қимылын білдіретін сөздер.

б) Заттың атын білдіретін сөздер.

в) Заттың санын білдіретін сөздер.


2.Зат есімнің сұрақтары?

а)Қандай?Қай?

ә)Кім?Не?Кімдер?Нелер?

б) Не істеді? Қайтты?

в) Қанша?Неше?

3.Зат есімді тап.

а)Үлкен,ақ,тәтті.

ә)Бес,алпыс,жүз

б)Келді,жылады,оқыды.

в) Әпке,алмалар,қасқыр.

4.Жалқы есімді тап.

а)Алматы,қала,арыстан

ә)балық,Тараз,шөп

б)Ақтау,Құлагер,Талас.

в)Талас,өзен,су.

5.Жекеше түрдегі зат есімді тап.

а)Шаш,құс,тары,ұстаз.

ә)Шаш,тарылар,оқушы

б)Бала,дәптерлер,тақта

в)Шымшықтар,алшалар,кітап

6.Көпше түрдегі зат есімді тап.

а) Шымшықтар,алшалар,кітап

ә)Әжелер,торғайлар,мектептер

б)Сиырлар,жануар,өсімдік

в) Ұстаздар,телефон,қалам.


Сабақтың аяқталуы









Дәптермен жұмыс.

47-жаттығу. Жаңылтпашты жатқа жазу. Зат есімнің көпше түрін табу.

Жұмыртқалар деген тауықтар,

Жұмыртқаламас деген қауіп бар.


Дескрипторы:

Жаңылтпашты жатқа жазады;

Зат есімнің көпше түрін табады;

Бағалау: Мадақтау

Топтық жұмыс.

1 – топ: Суретшінің қатесін табады.Аспан денелеріне нелер жататынын айтады.

2- топ : Өлеңнің ұйқасын тауып жазу.

3- топ: Сурет бойынша әңгіме құрау. Ішінде зат есімнің жекеше , көпше түрлерін қолдану.

Дескриптор:

Суретшінің қатесін таба алады;

Аспан денелерін атай алады.

Үйге тапсырма: Ереже жаттау. Зат есімнің жекеше және көпше түріне 5 сөз жазу.







Бағалау


Рефлексия

Сабақты түсінген балалар гүлдерді құмыраға салады.

Түсінбеген оқушы гүлддерін жәшікке салады.



Қолдарындағы гүл шоқтарын салу



Қосымша мәліметтер


Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы

қалай түрлендіресіз? Қабілетті оқушыға қосымша карточкалар беремін.

Барлық оқушылар орындай алады: Мәтіннің негізгі ойын табады;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Зат есімнің жекеше және көпше түрін ажыратады;

Кейбір оқушылар орындай алады: Берілген тақырып бойынша тұжырым жасайды;

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Жұптық, топтық, өздік жұмыста жұлдызша,житондар арқылы бағалаймын. Мадақтау, марапаттау арқылы бағалауды жүзеге асырамын.

Пәнаралық байланыс-өмір қауіпсіздік негізі. Музыка. АКТ мен байланыс
Құндылықтармен байланыс: Рухани-жаңғыру бағдарламасы: «Бәсекеге қабілеттілік» , «Сананың ашықтығы »

(тәрбие элементі)


Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!