Материалдар / Ашық шара "Талаптанған тау асар" 2 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық шара "Талаптанған тау асар" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Талаптанған тау асар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Наурыз 2021
1233
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ашық шара 2 А сынып

Тақырыбы: Талаптанған тау асар


Мақсаты:Ойлау қабілеттерін дамытып, еркін сөйлеуге, ойын толық жеткізуге, өз бетінше жұмыс жасау қабілеттері артады.
Ұқыптылыққа, жинақылыққа, өзін-өзі көпшілік арасында ұстай біледі және жауапкершілікке тәрбиеленеді.

Құрал-жабдығы:Интерактивті тақта және үлестірмелер


Барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Үлкенге иман керек

Кішіге иба керек.

Адамдар бірін-бірі

Құрметтеп,сыйлау керек.

Жастарға білім керек,

Бәрінде білу керек.

Сол үшін талмау керек,

Биікке самғау керек.

Бойыңда бар жақсыны

Халқыңа арнау керек

Мұғалімнің сөзі:

Көрермен жиналған бұл тамашаға

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс, досқа , сыныптас, танысқа емес

Соқ қолыңды білімді жас талантқа.

Ашық шараның тақырыбы,мақсатымен таныстыру

Кезеңдермен таныстыру

  1. Таныстыру

  2. Кім зерек

  3. Көкпар

  4. Ойлы болсаң, озып көр

  5. Шебер қолдар»

  6. Тапқыр болсаң, тауып көр

Негізгі бөлім

Қазылар алқасын сайлау (бағалау парағын беру)

1-айналым

1)Топтардың өздерін таныстыруы:

Ұлдар тобы : Қыран

Қыздар тобы: Болашақ




2-айналым. «Кім зерек»

Жұмбақтың шешуін табу.
Бұл ойынның шарты жұмбақтың шешуін тауып үш тілде жауап береді.Қазақша және орыс,ағылшын тілінде.Үш тілде тілде жауап берсе 3 ұпай береміз.Қазақша жауап беріп орысша немесе ағылшын тілінде жауап бере алмаса ұпай саны есептелмейді.


1.Бiлiмнiң жол басшысы,
Шәкiрттiң қолбасшысы. (Мұғалiм.Учитель.Teacher)


2. Ортасында шегесі ,
Жіп-жіңішке денесі ( қалам ,ручка,pen)


3. Ілулі тұр кең алаң,
Керегімді мен одан 
Көшіріп жазып аламын. (тақта,доска bIack bord)


4. Тұмсығымен қозғалар 
Соңында аппақ із қалар. (бор,мель,cholk)


5. Сөзі-дана,сүні жоқ.
Сөйлемейді .тілі жоқ.
Қолына алсаң,шешен 
Ақылы асқан көсем. (кітап, книга,book


6.Бір нәрсе ала шұбар,қара тұмсық,
Қарасаң басқан ізі қисық-қисық.
Өзі жансыз, жандының күшіменен
Борайды ат үстінде желдей есіп. (Қарындаш Карандаш pencil)


7.Ұшымен қазық
Тор көздi жазық.
Үстiне өттiм,
Асыл сөз жазып. (Дәптер,Тетрадь.Соpy book)
8.
Үстiнде есiгi,
Өзi,орындық, әрi,үстел,
Оқушылар бесiгi.    (Парта.парта.деск)


9.Бiр санға өсiредi,
Өзi,қалып,орнында,
Бiздi алға көшiрдi.   (Сынып,Класс Сlass)


10. Өшірді ,сүртті , 
Өзгені құртты , 
Өзін де құртты . / өшіргіш,стерка,раббе\


3-айналым

«Көкпар»

Әр топқа пәндер бойынша зымыран сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі.

Әдебиеттік оқу

1-топ
1. 18 ғасырдың қазақ ханы кім? ( Абылай хан )
2. Атақты қазақ күйшісі кім? ( Құрманғазы )
3. Қабанбайдың шын аты кім? (Ерасыл )
4 Бай баласымен жарлы баласы мәтінінің авторы кім

5. Абай қай қалада дүниеге келген? (Семей)
2-топ

1. Тоқтар Әубәкіров кім? (қазақ ғарышкері)

2. Алпамыстың тұлпарының есім (Байшұбар)
3. Бөгенбай атын кімге сыйға тартты (Абылайханға)
4. Абылайдың Төлеби қойған есімі (Сабалақ)
5. Сатылған көлеңке қай халықтың ертегісі (Ұйғыр)

Қазақ тілі

1-топ

1. Сан есімнің сұрақтары? (қанша? Неше? т.б.)

2. құрмалас сөйлем дегеніміз не? (Екі немесе оданда көп жай сөйлемнен құралған сөйлем құрмалас сөйлем деп атаймыз)

3. Тұрлаулы мүшелерді ата (Бастауыш Баяндауыш.)

4. Зат есімдердің септіктерін атаңдар?

5. Мәтіннің түрлерін ата Сипаттау,Пайымдау,Әңгімелеу)

2-топ

1. Зат есім дегеніміз не?

2.Жай сөйлем дегеніміз не? бір ғана тиянақты ойды білдіретін дара сөйлемді жай сөйлем дейміз)

3.Сын есімнің сұрақтары. (қандай? қай?)

4.Тұрлаусыз мүшелерді ата? (Анықтауыш,толықтауыш,пысықтауыш)

5. Етістік дегеніміз не?

Дүниетану

1-топ

  1. Құстар қалай көбейеді? (жұмыртқа салу арқылы)

  2. Жеміс неден пайда болады? (гүлден)

  3. Есту мүшесі (Құлақ

  4. Физикалық картада жазықтар қандай түспен боялады? (Жасыл)

  5. 5. Мыс қандай металл (Қызғылт түсті жұмсақ металл)

2-топ

1.Жер бетінің кішірейтіліп түсірілген көрінісін не дейміз (Карта)

2. Сезу мүшесі (Қол)

3. кенге жатпайтын пайдалы қазбалар (Асбестт әктас,құм гранит)

4. Мырыш қандай металл? ( көкшіл сұр түсті)

5.Қазақстан аумағы неше облысқа бөлінеді? (14)

Математика
1-топ

1. 4250+6+40+100=4396

2. 58мин+42 мин= 1 сағ 40 мин

3. 252668: 2=126334

4. Ұзындығы 12 см,ені 7 см,биіктігі 4 см болатын қораптың көлемін тап

12*7*4=336 см кв

5. х+120=45*6

2-топ

1. 5641+5+50+200=5896

2. 2 сағ 24 мин-57 мин= 1 сағ 27 мин

3. 428644:2=214322

4. Ұзындығы 13 см,ені 6 см,биіктігі 3 см болатын қораптың көлемін тап

13*6*3=234см кв

5. 450+х=570+430


4-айналым.  

«Ойлы болсаң, озып көр» 

Мақалды жалғастыру керек, әр топ бір-біріне мақал айтадыкелесі топ жалғастырады.

Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі

5-айналым. 

«Шебер қолдар» - сайысы. Жұппен жұмыс

Бірінің оң қолына қайшы, екіншісінің сол қолына бетіне өрнек түсірілген қағаз берілген. Осы қағаздан өрнекті әдемілеп қиып шығу керек. Басқа қолдарыңмен көмек берілмейді. Ең жоғары ұпай – 5, уақыттарына 2 минут қарай ұпай саны кеміп отырады.


6 айналым
«Тапқыр болсаң, тауып көр». 
Әріптердің біреуін  таңдап алу қажет.
(Әріптер таңдап алынады). 
Айналымның шарты –берілген сұраққа таңдап алған әріптен басталатын сөздермен ғана жауап беру керек. Ол нақты және тапқырлықпен берілген жауап болу керек
(А Ә Б С Т Ш Р М)


Хор: Мектепте


Қорытынды бөлім: Сөз әділқазы алқасына беріледі. Жеңген топ марапатталады. Мақтау қағазы табысталады.


Кері байланыс

-Көңіл-күйлеріңіз қалай?

-Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің?

-Ашық шарамыз қалай өтті?

Бағалау От шашумен



6 айналым
«Тапқыр болсаң, тауып көр». 

1-топ
1. Пырылдап ұйықтайтын не?

2. Қиындықты қалай жеңесіз?

3. Ұстазкім?

4. Тіл не үшінкерек?

5. Сізкімсіз?

6. Ананыңкөңілібалада, баланыңкөңілі .....

7. Ұялғанда не істейсіз?

8. Күнішінде не бар?

9. Суды неменішесің?

10. Сеніңдосыңкім?

11. Бүгінсенденешесабақ?

12. Қандай тағамды ұнатасың?

13. Қай көшеде тұрасың?

14. Жасыңнешеде?



ІІ-топ

1.Көршің кім?

2.Ағаңның есімі?

3.Сенің көршің кім?

4.Қай жануар ұнайды?

5.Зат есімге мысал айт

6.Көйлекті неден тіккен?

7.Сүйікті пәнің?

8.Сен үшін ең құрметті кім?

9.Мектеп саған не береді?

10.Қазақстан қандай?

11.Қай ертегініұнатасың?

12.Қарлығаштың құйрығы неге айыр?

13.Шығарма жазуданеденбастайсың?

14.Мұқағали кім?












Математика 1-топ


1. 4250+6+40+100=

2. 58мин+42 мин= сағ мин

3. 252668: 2=

4. Ұзындығы 12 см,ені 7 см,биіктігі 4 см болатын қораптың көлемін тап


  1. х+120=45*6




2-топ

1. 5641+5+50+200=

2. 2 сағ 24 мин-57 мин = сағ мин

3. 428644:2=

4. Ұзындығы 13 см,ені 6 см,биіктігі 3 см болатын қораптың көлемін тап



5. 450+х=570+430








А Ә Б С Т Ш Р М





Бағалау парақшасы



Кезеңдер

Қыран

Болашақ

Қорытынды ұпайы

1

Таныстыру





2

Кім зерек




3

Көкпар




4

Ойлы болсаң, озып көр





5

Шебер қолдар




6

Мен әншімін





7

Тапқыр болсаң, тауып көр







Шебер қолдар» - сайысы. Жұппен жұмыс

Бірінің оң қолына қайшы, екіншісінің сол қолына бетіне өрнек түсірілген қағаз берілген. Осы қағаздан өрнекті әдемілеп қиып шығу керек. Басқа қолдарыңмен көмек берілмейді. Ең жоғары ұпай – 5, уақыттарына 2 минут қарай ұпай саны кеміп отырады.






















Бағалау парақшасы



Кезеңдер

Қыран тобы

Болашақ

Қорытынды ұпайы

1

Таныстыру





2

Кім зерек




3

Көкпар




4

Ойлы болсаң, озып көр





5

Шебер қолдар




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!