"ЖЫР ЖҮЙРІГІ – МҰҚАҒАЛИ
МАҚАТАЕВ"
Мақсаты: Жыр жүйрігі Мұқағалидің
ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны
бағалай білуге ұғындыру.Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз
өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін,
поэзиясын сүйе білуге үйрету. Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық
сезімін оятып, адамгершілікке, елінінің өнерін сүюге
тәбиелеу.
Толқын
-
Армысың ардақты поэзия сүйер қауым! Саф өлеңнің жүйрігі, ақиық
ақын, қазақ поэзиясының мұзбалағы, Мұқағали Мақатаевтың
86
жасқа толуына орай ұйымдастырылған "ЖЫР ЖҮЙРІГІ –
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ" атты әдеби-сазды поэзиялық кешімізге қош
келдіңіздер! Өмірбаяны:
Балжан:
-
Қара саз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр
жазсам оған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали
Мақатаев
Өлтіре алмас алайда өлеңді
ешкім,-
деп
ақынның өзі жырлағандай Мұқағали өлгенімен жез қылыштай жырлары
өлгені жоқ. Осы райда ақиық ақан Мұкалм
Мақатаевтің өзеңдерін жаттап , естіп өскен балаларымыздың ішінде
мәнерлеп оқу жарысы өтпекші . Ескерте өтсем бұл жарыста орын
беріліп үздіктер марапатталады.. Олай болса
ортаға
-
Үсен
Нұртас
-
Серік
Меруерт
-
Ғалымжан
Дулат
-
Ерікбай
Рабианна
-
Ізбасар
Әділ
-
Байболат Балаусаны
шақырайық.
Толқын:
-
Ақын өнерпаз халық үшін туады. Ал, оның жазған шығармалары жұрттың
рухани мәдинетіне қызмет етеді. Мұқағали поэзиясы сырлы да мұңды
әлем. Ал, оның сөзінде жазылған әндер жүректі тербететін,
тыңдаушының жан дүниесін әлдилейтін ғажайып әуендер
галериясы.
Балжан:
3 «а» сынып оқушысы Данияның
орындауында Ақбұлақ әнін тамашалаңыздар!
Балжан:
-
Мұқағали – ғажайып, ақиық, сыршыл, гумнист ақын. Ол бізге
көрінбейтін сиқыр боялардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан
тоят алатын жұмбақ ақын. Кезекті ақын туралы
айтылғанпікірлерге
береміз.
Толқын
-
Поэзия, менімен егіз бе едің?
Сен
мені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені
іздедім,
Қарауытқан таулардан сені
іздедім,-
деп
жырлап, саф алтындай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра
білген ақынның өлеңдері өз айтқандай талай болашақтарға
көшеді.
Балжан.
Ендеше, сол бір мәңгілік көштің сырлы әуеніне,
жадымызды жаңғырған жыр жолдарына
тағы бір мәрте құлақ
түрелік.
-
Дәулет
Еркебұлан
-
Абруаманова
Карина
-
Абжалел
Ерасыл
-
Қуантай
Мадина
-
Сапарқұл
Нұржас
-
Бетжан
Жанна
-
Жұмағали
Арслан
Толқын:
-
Ақынның аз ғұмырында артына қалдырған жалынды жырлары оқырмандарды
тәнті етті. Оның «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек», «Моцарт» сынды
поэма-дастандары бар. Соның ішінде «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
оқыған жанның жүрегін тербетіп, ерекше күйге
бөлейді.
Балжан:
Ақынның бұл поэмасында аққулардың сұлу да пәк,
киелі құс екенін айқын суреттеп, егерде қоныстанған жерінен жәбір
көрсе қайта оралмайтындығын басты назарда ұстап, шебер кескіндеп
жырлай білген. Ендеше осы поэмадан шағын көрініс
тамашалайық.
Көрініс
Шымылдық ашылады.
Еденде бала ауырып, қасында әке мен ана тілеуін
тілеп отырады. Бақсы болса қамшысымен аластап, дұға ғып
дауыстайды.
Автор:
Бала жатыр төсекте, албыраған,
Әке
жатыр еденде, қалжыраған.
Түн
күзетіп ана отыр, қос жанары
Шарасыздан шаршаған,
жаудыраған.
Түні мынау – тамыздың
маужыраған,
Тауың анау – шымылдық
салбыраған.
Бала жатыр төсекте күйіп –
жанып,
Баласының ана отыр күйін бағып.
Қайдағы бір қатыгез, сұрқай
ойлар,
Миын қарып барады, миын қарып.
«Сарқытындай өлімнің қалған
қарға,
Екеу болса, дүние – ай, арман бар
ма!...»
Арагідік назарын аударады,
Төрт бүктеліп еденде қалған
жарға.
Қауіптеніп түндерге, таңдарға
да,
Үн
шығармай іш құса, зарлауда ана.
«Мана, күндіз, тәуіп шал не деп
кетті?!
Әлде өтірік, әлде шын демеп
кетті...
Бақсы:
Аққумен баланы аластаңдар,
Автор:
Деді – дағы жәйімен жөнеп
кетті...»
Ана:
Тұрсаңшы, таяу қалды таң атуға,
Неткен жансың санасыз
жаратылған?!
Манағы тәуіп шалдың айтқан
сөзі,
Ұмытылып кетті ме санатыңнан?
...Айналайын аққудың қанатынан,
Қайтеміз, ол да адамға бола
туған.
«Жетім көлге» барып қайт таң
жамылып,
Таң
атқанша қалайда тауға ілік.
Біреулердің көзіне түсіп қалып,
Дүрліктірме жұртыңды, салма
бүлік!
Кім
білсін, мүмкін, бәрі жалған үміт...-деп жерде жатқан әкені
жұлқылайды.
Әке:
Апыр – ай, қалай барам, қалай
барам?!
Атармын аққу құсты қалай ғана?!
Айдынның аққулары ұйықтағанда,
Өрген мал, өскен шырша
абайлаған,
Барлығы қасиетке қарайлаған,
Оқ
атам қасиетке қалай ғана?...
Бармаймын, бара алмаймын, қалай барам?! – деп
зарланады.
Амалы таусылған ана не істерін
білмей:
Ана:
Жалғыз ұлдан артық па, жалған
бәрі!
Балам өлсе, бақыттың керегі
не?!
Топан су басып кетсін
қалғандарын.
Перзент сұрап несіне
армандадың?!
Құрысын онсыз сенің жанған
бағың!
Мылтықты әкел!
Атты ертте!
Жалған бәрі! – деп мылтықты қолына алып сахынадан
шығып кетеді.
Шымылдық.
Видео проектордан көл бетінде жүзіп жүрген
аққулардың бейнесі көрсетіліп, автор дауысы
естіледі.
Автор:
...
Аққулар....
Аққу мойын, сүмбе қанат,
Алаңсыз тарануда күнге қарап.
Айдынның еркелері, білмей
тұрмын,
Етермін тағдырыңды кімге
аманат?!
Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу!
Бір
мамығы майысса ауырсынып,
Тарақ етіп тұмсығын, тарайды
кеп,
Тарайды кеп, тарайды
қауырсынын,
Құм
тұрса да бір түйір ауырсынып,
Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу!
Ақ
қанатын сабалап, асыр салып,
Бірде суға сүңгиді басын малып.
...Ойнасыншы, ойнасын ерке
құстар,
Тыныштығын олардың қашырмалық.
Ана
отыр,
Озбыр ойлар қамалауда,
Қамалауда, әлдекім табалауда.
...аққулар ақ айдынды қалдырды
да,
Тартты кеп, ана отырған
жағалауға.
Шошымай шолжаң өскен
батырларың,
Ана
отырған шыршаға жақындады.
Көзі тұнған бейбағың, топ
аққуға,
Білмей қалды мылтықтың
атылғанын.
Шымылдық ашылып, аққуды атқалы отырған ана
көрініп, тарс еткен мылтық дауысы естіледі.
Көздің алды көк түтін, ақыл
жарым...
Ию
– қию көл маңы, астан кестен,
Жер
айналып, тау құлап, аспан көшкен.
Жаңғырығып, жар салып, жартастар
тұр,
«Жетім көлдің» қайғысын бастан
кешкен.
Сахынада мылтық дауысын естіп үрейлене шыққан шал
көрінеді.
Шал:
«... Апыр – ай, бұл кім болды, таң
сәріде,
Көргенсіз, көл басында мылтық
атқан?!
Құстардың зәре құтын
шырқыратқан,
Неғылған қаныпезер құлқы
қатқан?!
«Бұл маңның адамы емес, сірә –
дағы,
Білейін, табайын да бір амалын.
Қаруы бар кәззапқа құрықпенен
Ұмтылса, қалай қайрат қыла
аламын?!
Жөн
болар алыс тұрып сұрағаным...»
Ей
!
Кімсің?
Тірісің бе?
Жаның бар ма?
Аққуды неге атасың , арың бар
ма?!
Тастағың қаруыңды, келгін бері,
Келгің бері, кеуденде жаның
барда!
Әй,
балам!..
Болмады ғой, болмады ғой...
Қасиет кетті көлден, сорлады
ғой...
Ана
болған жайды шалға баяндап зарланады. Шал әйел азабын түсініп,
құшақтап тұрып:
Тәуіптің айтқанының бәрі
өтірік,
Атқа мін, ауылға қайт, олжаны
қой!..
...
Білмеймін, сор аттың ба, бақ аттың ба?!
Аққуға кезенерде, ырым жасап,
Тым
құрыса саусағынды қанаттың ба?
Ана:
Жоқ, ата, жасамадым ондайды
мен...
Жасымнан естігенім бар – тын
еді,
«Әтеуір аққу атқан оңбайды
деп...
Шал:
Солай, солай...
Аманат бір құдайға...
Шымылдық.
Автор:
Өмір емес өмірі, қораштанған,
Байғұс ана тірліктен қалас
қалған.
Келеді ана, қарабет қарақшыдай,
Ел
мен жерден бір жола аласталған.
Аппақ нұрды көре алмай ақ
аспаннан,
Түн
– түнекте бейне бір адасқан жан.
Ақ
төсек – аппақ айдын, аққу - бала,
Жаралы аққу секілді жаттың ба,
ана?...
Шымылдық ашылып, сахынада бала жанында отырған
әке көрініп, қастарына еш амалы қалмаған ана
келеді.
Ана:
«... Мына жатқан «Жетім көл», мына
аққуды,
Өз
қолыммен өлтірдім, аттым жаңа...
Жоқ!
Мен
емес...
Мен
атпадым...
Кеше гөр, кешіре гөр,
жаратқаным?!»
Қазір, ботам...
Мінеки, таң атады...
Қазір, ботам, аққумен
ұшықтаймын...
Жазыласың құлыным...
балапаным!
Қасиет!..
О,
қасірет!
Осындай ма ең?!
Сорымның қалындығы шашымдай ма
ең!..
Қасиет!..
Шымылдық.
-
Артық едің аға, сен асылдардан,
Өзің жайлы шертеді сыр ғасыр
маған.
Астыңа ат мінгізе
алмасамда
Өлеңіммен жасай алам бір той
саған.
Олай болса, кезекті бүгінгі толқындардың Мұқандай
заңғар аталарына аталарына арнаған жыр-шумақтарына
береміз!
-
Момынхан
Балнұр
-
Раматуллаева
Назерке
-
Абдуманап
Ақаділ
-
Сая
-
Қадралиева
Дания
-
Алтай
Асылкеней
Толқын
-Алтын хорда ақынның өз даусымен айтылған біраз
өлеңдері сақталып қалыпты. Бұл оның радиода жұмыс жасап жүрген кезі
болса керек. Кезекті Мұқаңның өз даусымен айтқан өлеңдеріне
береміз. Өлеңдер.
Балжан
-
Найзағайдай жасымда жарқылдайын,
Сөз
сөйлеуден шаршы алаңда тартынбайын.
Ақындарың көбейе берсін орақ
ауыз
Қазақтың мұңын айтқан
Мұқандайын.
Толқын
Күнді көрем қашанда алып
таңнан,
Сәуле туар тулаған
жарықтардан.
Еске алып ұрпағы
ақындарын
Биігіне көтеріп,
ұлықтаған.
Балжан
Мұқағали поэзиясы
шырқалып
Қыран құстай қалықтасын
асқарда.
Өлеңі оның еш өлмесін,
ұрпағы
Тойласын тойын
Шығарып атын аспаңға!
Толқын
«Батырды-батыр жеңер
белдескенде»,
Шешенді шешен жеңер дау
шешкенде.
Марапаттау:
Ән Беу-
айдай
Осымен тәмамдалды кешіміз
бұл
Бақытты күндерде
кездескенше.