Материалдар / Ашық сынып сағаты Тәуелсіз елім - тірегім 5-сынып

Ашық сынып сағаты Тәуелсіз елім - тірегім 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Республика күні, Тәуелсіздік күніне арналған сынып сағатының жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қазан 2024
425
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру ұйымының атауы

Қосақ негізгі мектебі

Педагогтің аты-жөні:

Абылова М.С.

Күні:

23.10.2024 жыл

Сынып:

5

Сынып сағатының тақырыбы:

Менің Отаным – Қазақстан

Өтілу түрі

Танымдық сағаты

Сабақтың мақсаты

1.ҚР мемлекеттік мерекелері туралы мәлімет беру;

2.Республика күнінің маңыздылығын түсіндіру;

3.Отаншылдық құрмет құндылығын дарыту;


Құндылықтарды дарыту

Білім алушылардың бойына туған еліне деген құрмет пен отаншылдық құндылығын дарыту

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру

5 минут

Бейнежазба «Қазақстан – тәуелсіздік жолында»

Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау

Бейнежазбаны көреді, пікір білдіреді

https://www.youtube.com/watch?v=tOsoiwGQ4fU

Жаңа білім



Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған.

Бұл далаға жылап келіп, уанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін- қаншама қиындықты басынан өткізді. Мыңдаған жылдық тарихы бар,

Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар. Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.

Ендеше егемендік жолындағы тұлғаларды тануға кезек берейік

2-кезең

«Поэзия сағаты» Отан туралы жырлар

Берілген суреттегі тұлғаны табады, тәуелсіздік алуға қосқан үлесі туралы әңгімелейді

Слайд



Бекіту

WordWall платформасы арқылы егемендік туралы сұрақтар қою

ҚР - ның жер көлемі қанша? (2млн 724, 9 мың шақырым)
Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш таныған мемлекет? (Түркия)
ҚР – шекарасының жалпы ұзындығы қанша шақырым? (3000 шақырым)
ҚР - да ұлттық валюта – теңге қашан айналымға енген еді? (1993ж. 15 қараша)
Қазіргі таңда әлемнің қанша мемлекетімен сыртқы сауда байланысы орнатылған? (145)
Қазіргі ҚР ұранының авторлары? (Нажимидинов, Назарбаев, Қалдаяқов)

Қазақ хандығы қашан құрылды? (ХV ғасырда – 1465-1466 жылдары)

Тәуке ханның заңдар жинағы қалай аталады? («Жеті жарғы»)

Абылай ханның өмір сүрген жылдары? (1711-1781 жылдар)

Қазақ жүздерін ата. (Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз)

ҚР –ның астаналары болған қалаларды ата. (Орынбор, Қызылорда-Ақмешіт, Алматы-Верный, Астана-Ақмола)

Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)

ҚР-ның Мемлекеттік Елтаңбасының авторы кім? (Жандарбек Мәлібеков, Шот Аман Уәлиханов)

Н.Ә.Назарбаев қай ғылымның докторы? (экономика)

Жақында өткен Елбасы жолдауының тақырыбы қандай ? (Нұрлы жол – болашаққа бастар жол)

«EXPO – 2017» Халықаралық көрмесінің негізгі тақырыбы қандай? (Болашақ қуаты, энергиясы)

Қазақ хандығын құрған хандар? (Жәнібек пен Керей)

Шыңғыс ханның заңдар жинағы? («Яса»- «Жасақ»)

Абылай ханның билік құрған жылдары? (1771-17814 жылдар)

Қазақтың беделді билерін ата. ( Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)

Астана қаласының бұрынғы атауы қандай? (Целиноград)

Тәуелсіздік үшін күрескен желтоқсан оқиғасының құрбандарын ата. (Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхамеджанова)

ҚР-ның Мемлекеттік Туының авторы? (Шәкен Ниязбеков)

Астана қаласының бейресми символына айналған ғимарат? (Бәйтерек)

«Қазақстан — 2050» бағдарламасы қабылданған жыл? (Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ)

Қазақстанда VII Қысқы Азия ойындары қай жылы өтті, бойтұмары қандай болды? (2011 жылы 30 қаңтар — 7 ақпан, қар барысы)


Ұяшық таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді

Интернет желісі, компьютер, интерактивті тақта

Кері байланыс

Padlet тақтасында кері байланыс

«Егемендік - ол...»

Кері байланыс береді





















Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков (13 наурыз 1966, Мойынқұм ауданы Бірлік ауылы – 21 мамыр 1988, Семей қаласы) – 1986 жылғыЖелтоқсан көтерілісінің қаһарманы.

1973 – 81 жылы Шу ауданы Төле би ауылындағы орналасқан Сәду Шәкіров атындағы мектеп-интернатта оқып, 8 жылдық білім алды. 1981 – 83 жылы Бірлік ауылындағы бұрынғы Киров атындағы орта мектепте оқып, он жылдықты бітірген соң, әскер қатарына шақырылғанға дейін әкесі Ноғайбайға жәрдемші-малшы болып, Көктерек тауарлы-сүт фермасында жұмыс істеді.

1984 – 86 жылы Амур өлкесі Белогор қаласында әскери міндетін абыроймен өтеді. Әскери-саяси қызметтердің үздігі ретінде бірнеше мақтау қағазымен марапатталып, әскери бөлімше командирлері ата-анасына алғыс айтқан құрмет қағаздарын жіберді. 1986 жылы мамырда әскери борышын өтеп ауылға оралды. Тамыз айында әскери бөлімшенің жолдамасымен Алматыдағы Сәулет-құрылыс институтына келіп сынақтан сүрінбей өтіп, оқуға түсті.

Осы жылы16 – 18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты. Бірақ көтеріліс қатыгездікпен жаншылғаннан кейін 1987 жылдың қаңтарында ішкі істер органының қызметкерлері «Алматыда бір төбелеске қатысты» деген желеумен Рысқұлбековті Мойынқұм ауданының орталығында тұратын нағашысы – М.Асанбаевтың үйінде демалып жатқан жерінен ұстап әкетеді. Кейіннен, көпшілікке мәлім болғанындай, тергеушілер зымиян әрекеттерімен Рысқұлбековке неше түрлі айла-шарғылар қолдана отырып, оны С.Савицкийдің өліміне кінәлі етеді.

Қазақ КСР-і Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі коллегиясының төрағасы Е.Грабарниктің 1987 жылы 16 маусымдағы Үкімімен Рысқұлбеков – ең жоғары жаза – өлім жазасы – атуға бұйырылды. Зиялы қауым өкілдері СОКП Бас хатшысы Горбачев пен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының төрағасы Громыконың атына Рысқұлбековтің жазасын жеңілдету туралы өтініштерін жолдады. Кейіннен Рысқұлбековтың ату жазасы амалсыздан 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылды. Бірақ Шу, Қарағанды темір жол бекеттері арқылы Рысқұлбеков белгісіз себептермен Семей түрмесіне жеткізіліп, құпия жағдайда оның өміріне қастандық жасалды.

Желтоқсан көтерілісінің бас құрбаны болған Рысқұлбеков еліміз егемендік алғаннан кейін Қазақстан Жоғарғы Соты Пленумының 1992 жылы 21 ақпандағы шешімімен толықтай ақталды. Оған «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Тараз қаласында Рысқұлбеков есімімен аталатын демалыс паркі бар. Сондай-ақ онда Рысқұлбековке ескерткіш қойылған.


Қазақ хандығының құрылуына 1457 жылдан кейін Керей мен  Жәнібек сұлтандардың Әбілқайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап Шығыс Дешті Қыпшақтан Батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне қоныс аударуы мұрындық болды.

Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434-1462 жж.) қоныс аударған  қазақтарды Әбілқайырға қарсы пайдалану үшін оларды құшақ жая қарсы алып, қоныс берді. Осы оқиға жөнінде тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілқайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң Әбілқайыр хан дүние салды да, Өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан мен Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер «қазақтар» деп атады. Қазақ сұлтандары 870 жылдары  (1465-1466 жж.)  билік жүргізе бастады...».

Жетісу рулар мен тайпалар және мемлекет бірлестігінің орталығына айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы еді. Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.).


XX ғасырдың басында ұлт тәуелсіздігі үшін күрескен Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханұлының саяси қызметі Омбыда «Халық бостандығы» партиясына мүше болған кезден басталды. Әлихан Бөкейханұлы бастаған Алаш қайраткерлерінің ұлы арманы – қазақ мемлекетін құру болды. 1917 жылы шілде айында Орынборда өткен бірінші жалпықазақтық съезінде Алаш ұлттық саяси партиясы заңдастырылды. Бұл Алаш үкіметін құруға жасалған негізгі қадам еді. Совет үкіметі орнағаннан кейін Әлихан Бөкейханов қуғыннан көз ашпады. Ұлтшыл деген айып тағылып, Мәскеуге жер аударылды. Сонда да қазақ мемлекетінің тұтастығын сақтап қалу жолындағы күресін тоқтатпай, мақалалар, баяндамалар жазған Әлихан Бөкейханов ақыры 1937 жылы ату жазасына кесілді. 

Тарихшылар Әлихан Бөкейханов қазақ өміріне зиялылар қозғалысын алып келгенін айтады. Тарихшы Мәмбет Қойгелдиевтің айтуынша, зиялылар қозғалысы бұрын-соңды қазақ өмірінде болған емес. Ол Әлихан Бөкейханов бастаған зиялылар қазақ қоғамын өзгертті, қазақ қоғамын жаңа сапаға көтерді дейді.

«Олар газет-журналдар шығару арқылы 2 млн тиражбен кітап шығарды. Қазақ зиялылары өмірге әкелген осы ағартушылық қызметтің негізгі нәтижесі – азаттық идеологиясын өмірге әкелуінде. Азаттық идеологиясын әкелу арқылы қазақ қоғамын жаңа идеямен қаруландырды. Ал, ағартушылық жүрген жерде ұлтшылдық жүреді. Яғни, Әлихан Бөкейханов бастаған зиялылар тобы өмірге қазақ ұлтшылдығын алып келді. Ұлтшылдық деген қорқатын нәрсе емес, ол сол кездегі әлемдік құбылыс болатын», - дейді тарих ғылымдарының докторы Мәмбет Қойгелдиев.

Тарихшының сөзінше, Әлихан Бөкейханов ұлтсыз халықты жетім халық деп көрген. Мемлекеттілігі жоқ халықты жетекшіл халық деген. Сондықтан, Бөкейханов қазақтың 2-3 ғасырлық отаршыл өмірін қорыта келе, қазақ мемлекеттігін қалыптастырмай, қазақ халқын отаршылдықтан азат ету мүмкін емес деген тұжырым жасады. 


Махамбет жырлары түгелдей Исатай Тайманов бастаған халық көтерілісі (1836-1837) тарихымен тығыз байланысты екені мәлім. Сырт қарағанда, Жәңгір ханның үстемдігіне қарсы ұйымдастырылған сияқты көрінгенімен, бұл көтеріліс, түптеп келгенде, патшаның отарлаушылық саясатына қарсы бағытталған болатын. Оны кезінде Халел Досмұханбетов ашық айтқан: «Қазақтың хандығы ресми түрде ХІХ ғасырдың ортасына дейін созылса да, шынында Әбілхайырдан бастап қазақ хандары патша үкіметінің қолында ойыншық болды. Сондықтан  1731 жылдан бергі Кіші жүздің ханға болсын, сұлтандарға болсын, орысқа болсын көтерілістерінің бәрін патша үкіметіне қарсы көтерілістер деп атау керек» деп жазған ол.

Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 жыл - 10 маусым 1982 жыл) — Кеңес Одағының БатырыжазушыЕкінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.[1]

Батыс майданындағы 16 армияның 316-атқыштар дивизиясындағы (1941 жылдың қарашасынан бастап 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы) 1073 атқыштар полкінің (1941 жылдың қарашасынан 19 Гвардия полкі) және батальон командирі. Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Мәскеу үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. 1941 жылдың 16-18 қараша күндері вермахтың Мәскеу бағытында екінші мәрте жасаған жорығы кезінде аға лейтенант Момышұлы басқарған батальон дивизиядан қашықта, Матронино деревнясының жанында Волоколамск тас жолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізді. Білікті комбаттың басшылығы арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шығады [2].

Бауыржан Момышұлы — әскери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға. Оның атақ, даңқы, батырлығы А.Бектің «Волоколамск тас жолы» атты кітабында суреттелді. Кітап неміс, чех, еврей, ағылшын, француз, т.б. шет ел тілдеріне аударылды. Соғыстан кейін Бауыржан Момышұлы Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери-педагогикалық жұмыспен айналасып, Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді.


Қабанбай ҚожағұлұлыҚаракерей ҚабанбайДарабоз — батыр, талантты қолбасшы. Азан шақырып қойылған есімі — Ерасыл. Ол 1692 ж. қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Барлық тауында өмірге келіп, 1770 ж. сонда дүние салған. Қабанбай Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан. "Қазақта Найман Қабанбайдан асқан батыр жоқ Үйсін Төле биден асқан би жоқ",-деген екен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Жастайынан жаугершілік пен шапқыншылықтың зардабын көріп өскен Ерасыл бүкіл еліне, жұртына төнген зұлматтың қандай екенін, бойына сіңіріп, сезініп өскен қазақ ұлдарының бірі. Кейбір мәліметтерде Арқада туып, Арқадағы Есіл мен Нұра ортасындағы Қабанбайдың Үшбұлағы аталатын жерде дүниеден өткен деседі. Ал сүйегі Үшбұлақтан 3 шақырым жерде «Найман қорым» аталатын қырдың үстінде. Батырдың өмірбаянына қатысты тарихи деректерді Амангелді Төлемісов жинақтап, өз баяндамасында қалың қауымға ұсынды. «Ту көтеріп, ел қорғаған сүйікті батырына халық Ерасыл, Нарбала, Ізбасар, Қабанбай, Хан батыр, Дарабоз, Көкірек әулие деген ат-есімдер берген», – дейді тарихшы.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ