Материалдар / Ашық сынып сағаты. "Тілім - менің тірегім" 4 сынып

Ашық сынып сағаты. "Тілім - менің тірегім" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сыныпқа арналған "Тілім - менің тірегім" атты тақырыптағы ашық тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
1542
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы облысы

Сарқан ауданы

Екіаша ауылы

Екіаша орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі

Косаева Бота Серикжановна


Тілім - менің тірегім


Мақсаты: Оқушыларға ана тілінің маңыздылығын түсіндіру арқылы «Сүйіспеншілік» құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

  • Ана тіліне деген құштарлықтарын арттыру;

  • Ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, қатты қағаздан жасалған «Таным», «Ғұламалар», «Қазына» атты үш үлкен қақпа.

Шаттық шеңбері

Мұғалім сабақ тақырыбымен таныстырады және С.Кәттебайұлының өлеңінің бірге айтуды ұсынады:

Ана тілім – ұраным, Ана тілім – елдігім,

Ана тілім – құралым Ана тілім – ерлігім.

Ана тілім болмаса, Ана тілім болмаса,

Болмас еді жыр-әнім. Бүтінделмес кемдігім...

Сахналау

Ана тілінің маңыздылығын түсіндіру мен оқушылардың туған тілін жете білуге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақ сахналау түрінде ұймдастырылады.

Үнтаспадан Құрманғазының «Көңіл толқыны» күйі орындалып тұрады.

Сәнді безендірілген сарайдың үш қақпасының алдыңғы көрінісінің нобайы қойылады. Бірінші қақпаға «Таным», екіншісіне «Ғұламалар», үшіншісіне «Қазына» деп жазылады.

Ортаға патша рөліндегі

Бала шығады. Қасындағы уәзірлері бар (мұғалім кейіпкерлерді алдын-ала дайындап қояды).

Патша: - Тілдер патшалығына саяхат жасауды көптен көңіліме түйіп жүр едім. Соның сәті бүгін түскен сияқты. Мен қазақ тілі туралы білсем деймін. (уәзір иіліп, қақапаның есігін ашады).

Мұғалім: - Тілдің шығуы туралы сөз еткенде, ең алдымен, екі тұрлі мәселені бір-бірімен ажыратып алу керек. Бірі — жалпы адам баласы тілінің шығуы, екіншісі — жеке, нақтылы тілдердің (мысалы, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің) шығуы туралы мәселе. Бұл екі мәселені бір-бірімен шатастырмаған жөн.

Адамзат тілінің шығуы сонау көне заманға, яғни алғашқы адамдардың пайда болу заманына барып тірелсе, жеке тілдердің шығуы кейінгі дәуірлерде болған нәрсе.

Тілдің шығуы туралы мәселе әр түрлі ойшылдардың назарын баяғыда-ақ өзіне аударып келген. Олар бұл мәселе туралы түрлі-түрлі пікірлер мен жорамалдар айтып, сан қилы пайымдаулар жасады.

Алғашқы адамдар жануарлардың дауыстарын, құстың сайрауын, судын сылдырын, желдің гуілін естіп соларға еліктеуден әр түрлі дыбыстарды шығарған. Сол дыбыстардан алғашқы сөздер жасалып, олар заттардың атауына айналды, — дейді.

Соның ішінде біздің қазақ тілі сонау 5-6 ғасырлардан бастап уақыт сынына төтеп беріп, бүгінгі күнге дейін жеткен Орхон-Енисей, Талас сына жазулары қазақ тілінің кезінде өркендеп, гүлденген дәуренін айғақтайды.

Патша уәзірлерімен «Ғұламалар» қақпасына келеді. Бұл жерде қазақтың маңдайына біткен ғұламалардың портреттерінен жасалған топтамалар көрсетіледі.

Мұғалім: - Қазақ тілі – Әйтеке, Төле, Қазыбек билер сынды шешендердің, Абай, Жамбыл, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов сияқты алып ақын-жазушылардың, Қажымұқан, Бауыржан Момышұлындай атақты батырлардың тілі. Қазақ тілі - қазақтың жоғын жоқтап өткен Шоқан Уәлиханов пен Тұрар Рысқұловтай арыстардың тілі.

Патша: - Туған тілім туралы өлең тыңдасам деймін.

Оқушылар: Дихан Әбіловтің «Туған тілім» өлеңі мен Ғафу Қайырбековтың «Ана тілім» өлеңін жатқа айтады.

Мұғалім: Туған тілім өлеңіне байланысты сұрақтарға жауап алды.

  • Неліктен тілді анамен байланыстырып айтамыз?

  • Қандай адам өз тілін өте құрметтейді деп ойлайсыңдар?

  • Неліктен өз тілінде сөйлейтін адам сыйлы болды?

Патша ақырындап «Қазына» қақпасына жақындайды).

Патша: - Бұл қандай керемет болды екен, а?!

Нөкерлері қақпаны итереді. Қақпа ашылмайды.

Патша ашуланып:

  • Менің кім екенімді білмейді-ау, шамасы, - деп қақпаны өзі итереді. Бәрібір ашылмайды. Ол қақпа есігін қағып-қағып жібереді. Сонда арғы жағынан тілдей қағаз түседі.

Нөкері ашып оқиды.

  • О, Хан ием, бұл қақпаның ашылмау себебі бар екен. Қақпа ашылуы үшін мында берілген тапсырмаларды орындау керек екенбіз.

Патша:

  • Балалар, маған сендердің көмектерің керек. Маған көмектесесіңдер ме? (оқушылар біз ауыздан «Иә» деп жауап беріп, тапсырмаларды орындайды).

1-тапсырма. Ребустар шешеді.

2-тапсырма. Жұмбақ оқып, жауабын табады.

3-тапсырма.

Тыйым сөздерді оқиды.

Құр бекерден ермекке

Бос бесікті тербетпе.

Тұзды баспа,

Шоқты шашпа.

Дастарханға емінбе,

Көп алдында керілме.

Етістіктер: тербетпе, баспа, шашпа, емінбе, керілме.

4-тапсырма. Дүниеде не тәтті? Дүниеде не ащы? – сұрағына жауап іздейді. (оқушылар өз ойларын айтады). Соңында мұғалім оқушылар жауаптарын толықтырады.

Мұғалім: О, хан, ием! Дұрыс сөйлей білу де өнер, жүйесін тауып сөйлеген сөз жүрекке жетіп, жүйені босатады. Сондықтан да тіт-тәтті. Жебе салған жара жазылар, балтамен оталған орман қайта өсер, бірақ тілдің жарасы жазылмас. Сондықтан да тіл-ащы.

Сол уақытта қақпа ашылады. Жасанды гүлдермен безендіріп жасаған бақтағы бұлақ басынан «Ана тілім-қазынам» деген жазуы бар кітапты патша қолына алады, парақтап қарай бстайды.

Патша:

  • Маған көмек қажет болды, кім көмектесер екен? Мына кітапта берілген мақал-мәтелдерді аяқтау керек. (Патша мақал-мәтелдерді оқиды, балалар әрі қарай жалғастырады).

Мақалдар:

  1. Өз білмегеніңді кісіден сұра,

Үлкен болмаса, (кішіден сұра)

  1. Өнер алды – (қызыл тіл)

  2. Жіптің ұзыны, сөздің () жақсы

  3. Піл күшті,

Піл күшті емес, (тіл) күшті.

  1. Отыз тістен шыққан (сөз)

Отыз рулы (тіл) тарайды.

  1. Жүйелі (сөз)-жүйесін табар,

Жүйесіз (сөз)-иесін табар.

Патша:

  • Ойпырмай-а! Тілдің құдіреті осы де. Балалар сендерге үлкен рахмет. Мен барып үш ұлымды сынап көрейін. (Патша нөкерлерімен шығып кетеді).

Мұғалім оқушыларға әкесінің балаларын қалай сынағанын айтып береді:

Мұғалім: Әкесі бірінші ұлына қонаққа келеді.Тамақ салынып, ет асылады.

Әкесі: - Қарағым, ана етіңнің жақсы жерінен бір кесіп берші, - деді. Баласы кесіп береді.

  • Әрине, санның еті дәмді. Енді жаман жерінен кесіп берші,-деді. Баласы кесіп берді.

  • Тіс өтпейтін сіңір ғой.

Әкесі екінші ұлынан да осындай сый-сияпат көреді.

  • Содан соң үшінші ұлына келгенде де: (оқушылар сахналайды).

Патша (әкесі):

  • Балам, етіңнің жаман жерінен кесіп берші, - деді. Баласы тілден кесіп береді.

  • Енді жаман жерінен кесіп берші,-деді. Тағы да баласы тілден кесіп береді.

Әкесі:

  • Мұның қалай балам, жақсы жерінен десем де, жаман жерінен десем де тілінен кесіп бердің. Баласы:

  • Ой, әке-ай, жақсы да, жаман да, ұрыс та, керіс е, өсек те, бәрі де осы тілден шығады. Екі елі ауызға төрт елі қақпақ дегендей, әр адам өз тіліне сақ болса, еш уақытта ұрыс-керіс болмас еді. «Басқа пәле-тілден».

Әкесі: Дұрыс екен, балам. Бүгін көп нәрсені ұққандаймын. Жақсы, балам, қайтайын. Айтарым, ақылыңнан ажырама,-деген екен.

Қорытындылау. Дәйексөз. (мұғалім дәйексөзбен таныстырады).

  • Балалар, сахналау арқылы және өзіміздің өмірден түйгенімізден ұққанымыздай тіл балаға ананың ақ сүтімен туылған сәтінен-ақ беріледі. Тіл адамды жақсы да, жағымсыз да көрсетеді. Тіл адамды өсіреді де, өшіреді де. Олай дейтіміз тек қана жанға жайлы жақсы сөздерді жиі айтсаң, адамдар арасында сыйлы боласың. Өз тіліңді жетік біліп, оны дамыта алсаң, сондай-ақ басқа елге барғанда өз туған тіліңде сөйлесең олар сондай халық бар екендігін біледі. Демек, халқыңды басқа ұлттарға танытасың, халқыңды өсіресің. Егер сенің анаң тіліңде ешкімде сөйлемесе халқың өшеді деген – осы. Сондықтан да ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың:

«Сүйемін туған тілді, анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім» деген өлең жолдарын ұмытпағандарың жөн.













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ