Материалдар / Ашық тәрбие сабағы " Менің бақытты отбасым" 3- сынып

Ашық тәрбие сабағы " Менің бақытты отбасым" 3- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығайту үшін өткізілген іс-шара жоспары ұсынылып отыр.Ашық тәрбие сабағына ата-аналар оқушылармен бірге қатыстырылды. Сабақ барысында " Білімпаз отбасы" сайысы өткізілді. Жарыс 3 тақырып төңірегінде жүргізілді.Екінші бөлімінде әуеніне қарай әнді таңып, балалар ата-аналарымен бірге орындады. Үшінші бөлімінде спорттық ойын ойналды.Оқушылар өнерлерін көрсетті.Бұл материал бастауыш сынып мұғалімдеріне, ата-аналарға , студенттерге көмегі тиеді деген ойдамын. Сабақта жаңартылған білім берудің әдіс- тәсілдері қолданылды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Ақпан 2019
1313
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы : Менің бақытты отбасым.Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға отбасы, отбасы құндылықтары туралы білім беру.2.Отбасы мен мектептің байланысын дамыта отырып, отбасындағы адамгершілік, салауаттылық,эстетикалық тәрбиенің ықпалын арттыру.3. Оқушыларды үлкенді сыйлауға, отбасын құрметтеуге баулу.Әдіс- тәсілдер: АКТ қолдану, интеллектуалдық ойын, постер жасау,сұрақ- жауап.

Құрал – жабдықтар : презентациялар, Отбасының шежіре ағашы, жұмбақтар І. Ұйымдастыру : Шаттық шеңбері. ән: Әке – ана.ІІ.Ұйымдастырылған ұжымдық жұмыс.- Қымбатты оқушылар, сендер бұл әнді өте жақсы орындадыңдар, сендердің кішкентай ғана лүпілдеген жүректеріңмен айтылған әннен әке мен ананы қаншалықты жақсы көретіндерің сезіліп тұр.Нұрәлі: иә, біз әнді нақышына келтіре орындауға тырыстық.- Ал, достарым енді жұмбақ шешіп көрейік. Жұмбақтың шешуі болатын сөздердің бірінші әрпінен сөз құрастырамыз. Қане, қандай сөз шығады екен?1. Жылт- жылт еткен, жылғадан өткен. / су/ 2. Сауыттан мықты шапаны, жәндіктің нағыз шабаны./ тасбақа/3. Ұзын-ұзын , қзын жол, ұшына жеткен бар ма екен,Түбі терең қара су, түбіне жеткен бар ма екен.Түбіне жетіп бұл судың, қанып ішкен бар ма екен?/ оқу/4.Қанаты жоқ ұшады, аяғы жоқ желеді, аузы жоқ ұлиды. / боран/5.Ұзақ күнге талмайды, шартарапты шарлайды,Гүлдің нәрін жияды, бір ыдысқа құяды. / ара / 6.Дастарқанға шуылдап, күніне үш жиылар,Жарты сағат қимылдап, жарты сағат жуылар./ ыдыс-аяқ/

- Қане, енді осы әріптерден сөз құрастырайық, қандай сөз шығады екен?- Дұрыс, отбасы.

- Сонымен, бүгінгі сабағымызда не туралы айтады екенбіз?/ сабақтың мақсатын балалар өздері қортып айтады/иә, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы. « Менің бақытты отбасым » /презентацияны көрсету/- Отбасы деген не ? Отбасы деп кімдерді айтамыз?/ постер жасау/ Отбасындағы ата-ана орны, оларды құрметтеу, адам бойындағы жақсы қасиеттер жайлы пікірлесейік. /Оқушылар сөздері/.Ақниет- Отбасының қос шынары- алатаудай атам бар, аналардың анасы ақ жаулықты әжем бар. Атам - береке, мейірім, өнеге. Даналықтың қайнар көзі, қасиетті ісімен сый-құрметке бөленген қария.Әжем балалары мен немерелерінің қамқоры, отбасымыздың ұйытқысы.Кәусар- Түн ұйқысын төрт бөліп, түнде бесік таянған анам бар, тірегіміз, қамқоршымыз, асыраушымыз асқар таудай әкем бар.

Нұрәлі- Ағасы бардың жағасы бар. Аға- әкеден кейінгі отбасының иесі. Ол әрі көмекші, отбасындағы барлық тірлікті басқарушы. Аға- ініге, қарындасқа үлгі көрсетіп, оларға қамқоршы болуға міндетті. Менің де қайырымды, қамқор аға болғым келеді. .

Ернұр- менің- қызыл гүлдей жайнаған қарындасым бар. Оны мәпелеп өсіру жақсы ағаның абыройлы парызы.Ермұқан- Соңымнан ерген, сүйеніш болатын, інішегім бар менің. Інісі бардың, тынысы бар. Ағасынан үлгі алатын, інісі бар балалар әдепсіз сөз сөйлеп, жаман қылық көрсетіп жүрмеу керек, Ағалық беделді жоғалтпай, кішіге мейірімді бол, өтірік айтпа, мақтаншақ болма!Ақниет - Әпке- екінші ана. Бауырларына мейірімді, жылы шуақты, анаға көмекші, адал жүректі, ақ ниетті әпкелер бар. Әпкені сыйламау әдепсіздік.

-Бақытты отбасы болу үшін тағы не керек? / сыйластық, мейірім, махаббат, ұйымшылдық, денсаулық т.б/ - балалар қағазға жазып іледі.

-Және де өз отбасымыздың тарихын, өткен шежіресін білуіміз қажет. Елбасының Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар бағдарламасында әр қазақстандық өзінің ұлттық болмысын жоғалтпай, өзінің өткен тарихы мен мәдениетін білу крек деген еді.Өздерің дайындаған Отбасы шежіресі ағашын әкеп іле қойыңдар.Ермұхан : Желкілдеген тұлымым, Дейтін олар құлыным, Мен әкем мен шешемнің Ардақ тұтар ұлымын.Айтқандарын екі етпей, Еңбектерін еш етпей,Өсіп келем түп-түзу. Сымға тартқан көшетей.

Ернұр: Ағама мен інімін, Іні деген күнімін,Лүпіл қағып жүрегім, Артында еріп жүремін.Тынысымын ағамның. Артығы сол бағамның.

Ақниет: Жақсы ісіне баланың Қуанбақ бар ата-ана,Әкеме мен баламын, Немеремін атама.Қайда барса тастамай, Жанына ертіп жүреді,Мен дегенде әжемнің Даладай кең жүрегі.

Кәусар:Болғаннан соң затым қыз, Сіңлі, ініме әпкемін.Сый-құрметке келгенде, Орны биік әпкенің.Әкем, шешем, ата, әжем Аумайтұғын сая- бақ.Төрден орын береді, Бәрі мені аялап.



- Сонымен отбасы деген не ? Ақниет : Отбасы – тәлім-тәрбие мектебі.Кәусар: адам отбасымен бақытты.Ернұр: Отбасы- алтын ұя.Нұрәлі: Отбасы- татулық мекені. Ермұхан: Отбасы- сүйіспеншілік пен шаттықтың ордасы.

ІІІ. Ата-аналармен жұмыс.Иә, дұрыс айтасыңдар, балалар, сондықтан міне бүгін сендерді отбасыларыңмен бірге шақырып отырмыз.Шыр етіп дүние есігін ашқан әр сәбидің ең жақыны, қамқоршысы әке мен ана, алтын ұясы – отбасы.Ең алғашқы үлгі –өнегені, тәлім – тәрбиені бала отбасында қалыптастырады. Халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын отбасынан үйренеді.Үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болу, адалдық , әдептілік, еңбексүйгіштік отбасының өнеге – үлгісі болып табылады.Ең алғашқы білімнің де қалыптасуы отбасындағы тәлім – тәрбиеге байланысты.Білім – адамды бақытқа жетелейтін бірден – бір құндылық. Сондықтан сабағымыздың ең алғашқы бөлімі білімге байланысты « Білімпаз отбасы» Ата-аналар балаларыңызбен бірге сұрақтарға жауап беріп көріңіздер.

Нұрәлі: -Ең алдымен менің сиқырлы дорбамнан асықтар алып, отбасылар өздерінің реттік номерін анықтап алсын.- Орындарыңызға жайғасуларыңызға болады. / слайдтты қосу/

Нұрәлі - Әр отбасының өнерін бағалайтын сарапшыларды тағайындап алайық.Мектеп директоры Салтанат Молдағалиқызы, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Асқар Қадылбекұлы, бастауыш сынып мұғалімі Риза Жеңісқанқызы сіздерді бүгінгі ойынға баға беретін сарапшы болуға шақырамын.-« Білімпаз отбасы » жарысы 3 тақырып төңірегінде жүргізіледі.1/ Салт-дәстүр 2/ Алдымызда Президент күні, Тәуелсіздік мейрамы келе жатқандықтан Менің елім – Қазақстан деп алдық, 3 Жалғасын тап деп аталады.

-Қазір экраннан бірнеше тақырып бойынша сұрақтар шығады.Күрделілігіне қарай 10-нан 50- ге дейін ұпай алуға болады. - Ал , бастайық. Сіздерге сәттілік тілеймін.

Мақалдардың жалғасы.Ата көрген оқ жонар .... / шеше көрген тон пішер.Балалы үй базар.../ баласыз үй қу мазар.Күтсең ата-анаңды..../ кешірер атаң қатаңды.Ақылды қария ... / ағып жатқан дария.Талабы жоқ жас ұлың.../ .жалыны жоқ шоқпен тең.- Білімді бәрінен жоғары қойған отбасының , онда тәрбиеленген балардың бақытты болуы сөзсіз. - Ән айту адамның көңіл-күйін көтереді, қуаныш сыйлайды. Психолог ғалымдар ата-анасымен балалардың бірге ән айтуы кезінде олардың арасында бірін- бірі түсіну, сүйіспеншілік сияқты бір ерекше нәзік сезім орнайтынын анықтаған екен. Үйде баламен бірге ән айтуға қалай қарайсыздар ?

- Қазір бірнеше әуен ойналады. Сіздер ол қай әннің әуені екенін табуларыңыз қажет. Осы сыннан да сүрінбей өтетіндіктеріңізге тілектеспін.

- Тауып қана қоймай сол әнді балалармен бірге орындап та беріңіздер.1,4,8,16 сандарының біреуін таңдаңыздар.Соған сәйкес әуен ойнайды.1. Арыс жағасында. 4.Ана туралы жыр.8. Қайықта 16. Теріскей

- Ал, енді мықтылар мен күштілердің жарысын бастайық. бұл жарыста сіздерге шапшаңдықпен қатар, ептілік те қажет.

- Спорттық ойынға кезек берейік.- Салауатты өмір салтын ұстанатын отбасының да шын бақытқа жететіні - Ендігі сөзді сарапшыларға берейік.

Қорытынды: « Өрмекші торы »Балалар жіпті бір-біріне лақтыра отырып, бүгінгі сабақтан алған әсерлерін айтады. Кері қарай лақтырғанда алдағы уақытта не үйренгісі келетінін айтады.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ