Материалдар / Ашық тәрбие сағат Ұлы Жеңіс күні
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағат Ұлы Жеңіс күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағат
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Мамыр 2021
512
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сынып: 9

Тәрбие сағаттың тақырыбы: "Ұлы Жеңіске 76 жыл"

Тәрбие сағатының мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру.  «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу және құрметтей білуге , жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге , Отан сүйіспеншілікке және қорғауға, батыл да батыр ержүрек болуға үйрету, елін, жерін жаудан қорғай білуге тәрбиелеу.

Мұғалім: Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі «Ұлы Жеңіске 70 жыл» атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Көрініс: «Соғыс қасіреті» (күй ойнап тұрады)

Немересі:  Әже, әже! Бүгін меннен бақытты адам жоқ. Жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер боп бастағым келеді. (әжесін құшақтап еркелей күледі)

Әжесі:  Талабына нұр жаусын, арманыңа жет балам! (маңдайынан сүйіп, қасына отырғызады, әкесі жымыиып, салмақты киіпте пышағын қайрап отыра береді, келіні ыдыс алып, келе жатып, радиодағы хабарды тыңдап тұрып қалады).

"Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва ! 1941жылы 22 маусым фашистік Германия тұтқиылдан соғыс жариялап , елімізге басып кірді".
1 әйел: "Соғыс, соғыс!-дейді естідіңдерме ? Сұмдық -ай енді қайттық! Күніміз не болар екен?" (барлығы шулап кетеді)

(Ән «Священная война», қолындағы ыдысы түсіп кеткен келіні жылап, бетін жабады).

2 әйел: "Қойыңдар жамандық шақырмай. Ел шетіне жау тисе , арқа сүйер азаматтар бар емеспе ?"

1 азамат: Нұрғазы

Ат басына күн туса,

Ауыздықпен су ішер

Ер басына күн туса ,

Етігімен су кешер - деген бар емес пе , жыламаңдар , жастарыңды тиыңдар?

Немересі: Қадыржан
— Аттан! — деді,
Ол қазір аттанады.
Жауынгердің ролін атқарады.
Неге бізге үмітсіз тесілесің?
Аттан, әке,
Жолыңнан кешігесің.
Кудесінде жаны бар пақырларың,
Тауып жейді сенсіз де несібесін. (әкесін келіп құшақтайды)

Әкесі: Ануар
— (әкесі қолындағы бір жасар баласын баласына беріп тұрып)
Тыңда балам, тыңда күнім,
Болуға жара қолқанат.
Кәрі анам, сәби інің,
Барлығы саған аманат

Әже: Сымбат
— Оралсын аман жеріне,
Көріссін туған елімен.
Келің-ау көздей қалтаға
Топырақ салып беріп

Келін:Бегайым
— (қалтаға салынған топырақты берген келін)
Кебін киген өледі,
Кебенк киген келеді.
Үлкен үйден дәм татса,
Кешікпей дейді келеді. (жарының соңынан жылап қалады)

2 азамат: Бақберген

Уа, халқым!
Күн туды сенің басыңа
Жау кірді сенің жеріңе
Сұм фашистен қорғауға
Аттан , халқым, майданға!

Бәрі: Отан үшін аттанайық!


1-ІІ Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар мен оқушылар!

І жүргізуші:
Ұлы кешке сенген күн,
Фашистерді женген күн.
Ағаларға ерген күн,
Бақыт гүлін терген күн — деп ақын Қадыр Мырза Али жырлағандай Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

ІІ-жүргізуші: Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің , мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына , бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналады.

І жүргізуші: Мәскеуге шабуыл жасаумен бірге фашистер Ленинградты да басып алуға ұмтылды. Ленинградты қорғаушылар он алты ай аштық пен азапқа шыдап қаланы жау езгісінен сақтап қалды.1941жылғы қыркүйектің ауыр күндерінде қазақтың халық ақыны Жамбылдың «Ленинградтық өренім!» деген жырын арнап, қорғаушыларға да, қоршаудың ішінде қалғандарға да күш-қуат берді.

1-оқушы: Бегайым
Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің
Нева өзенін сүйкімді
Бұлағымдай көремін.
Көпіріне қарасам,
Көмкерген су көремін.
Өркеш-өркеш жарасқан
Шоқылардай дер едім.

Сапырылған көк теңіз,
Шомылдырған кемерін!
Шамы күндей жайнаған
Аспанға үйлер бойлаған...
Арқа тұтып алыста
Айбыным деп ойлағам!
Жабықпағын Ленинград!
Отан әмір берген шақ.
Сап-сап қол барар
Қорғап сені ол қалар.
Жанышталар айдаһар!
Жата алмаймын төсекте,
Жаным қалай жайланар? Құс ұйқылы көнемін,
Қайтып ұйқы көремін,

Өркеш-өркеш жарасқан
Шоқылардай дер едім.
Сапырылған көк теңіз,
Шомылдырған кемерін!
Шамы күндей жайнаған
Аспанға үйлер бойлаған...
Арқа тұтып алыста
Айбыным деп ойлағам!
Жетсін деймін сендерге,
Жыл құсындай өлеңім,
Қаласында Лениннің,
Сайып қыран өренім.

2- оқушы: Бекзат

Ленинградцы, дети мои!
Ленинградцы, гордость моя!
Мне в струе степного ручья
Виден отблеск невской струи.
Если вдоль снеговых хребтов
Взором старческим я скользну, -
Вижу своды ваших мостов,
Зорь балтийских голубизну,
Фонарей вечерних рой,
Золоченых крыш острия…
Ленинградцы, дети мои!
Ленинградцы, гордость моя!

3-оқушы: Сымбат

"Сталинград үшін шайқас!"

Отан үшін! Жеңіс үшін!

деп солдаттар салып ұран

Көтерілді атакаға

Оққа қарсы жау тұрған

Сол мезгілде бір жауынгер

Шойырылдыма , сүріндіме

Көкірегін қолмен басып

Құлады сәл жүгірді де

Жығылды ол, жығыпты оқ,

Ақты қаны ердің жерге

Жеткені ме арсыз ажал

"Тағы бір жеңдім"дер ме?

Жоқ,жоқ! Ажал , қателестің,

Әлі бойда қайратым бар

Әлі де мен соғысамын!

Қайратым бар, айбатым бар!



ІІ жүргізуші: Кеңес халқы үшін бұл Ұлы Отан соғысы болды. Бұл соғыста ол өз Отанының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін бүкіл дүниені фашистік тепкіден құтқару үшін қасық қаны қалғанша шайқасты. Тарихи деректерге қарағанда 1941-1945 соғыс жылдарында 1 миллион 200 адам соғысқа алынған екен. 500 ден астам Қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды.Оның ішінде Оңтүстік Қазақстаннан 47- сі , ал Сайрам ауданынан төртеуі КОБ атағын алды.

І жүргізуші: ХХ ғасырдағы ең бір қанды қасірет соғыс еді. Себебі, оған әлем халықтарының 80 пайызы қатысты. Сондай-ақ, майдан баталиясына 61 мемлекет тартылды, 40 елдің жерін соғыс өрті шарпыды, 100 миллион адам қолына қару алды. Олардың арасында көп ұлтты Кеңес Одағы деген алып ел бар еді. Көптеген жауынгерлер теңдесі жоқ ерліктер жасады.

(КОБ сыр шертеді)

4- оқушы: Балжан

Бауыржан Момышұлы (1910-1982) – жазушы, қазақ халқының аты аңызға айналған атақты Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері, гвардия полковнигі.Ұлы Отан соғысы басталысымен жерлесіміз генерал Панфиловпен бірге 316-атқыштар дивизиясын жасақтап майданға аттанды. 1941 жылдың күзінен бастап , соғыс аяқталғанға дейінгі барлық шайқастарға қатысқан. Б.Момышұлы 207 рет ұрысқа қатысқан , 27 рет сәтті шайқас жүргізген, 5 рет қоршауда жүріп шайқасқан , 2 рет ауыр жараланған.Мәскеу үшін шайқаста Б.Момышұлы былай деп жазды:"Біздің жүрегіміз темір емес.Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп , күйдіріп жібере алады... біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол- Отанға деген сүйіспеншілік". Сонымен қатар Б.Момышұлы соғыстан кейін 1946 жылы Москвадағы әскери академияны бітірген тұңғыш қазақ. 1990 жылы 11-ші желтоқсанда Бауыржан Момышұлына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

5- оқушы: Бауыржан.

Бауыржан Момышұлы – қара басы
Халқының болған адам садағасы.
Бауыржан Момышұлы –қазақ деген,
Ғаламат, Ұлы елдің баламасы.
Кешіп өтіп кешегі от жалыннан
Дүниеге ерлігімен танылған,
Кең жауырынды, Талғардай тік иықты
Бөрі кеуде, бүркіт қабақ Бауыржан.
Қалтыраған атынан жау ордасы,
Панфиловтың жорықтағы жолдасы
Даңқ туын майдандағы көтерген
Гвардия бөлімінің қолбасы.
Мол тартқан қан майданның ғаламатын,
Жаттатқан сұм жауға да қазақ атын.
Жан аға, жақсы аға жетпес баға,
Кім сүймес Бауыржандай азаматын

ІІ жүргізуші: Еркін далада еркін өскен қазақ қызының ғұмыры сонау алапат соғыс жылдарында қыршындай үзіліп кете барды. Бірақ ұлы даласы үшін асқан ерлік көрсетті, ұмытылмас батырлық танытып Кеңес Одағының Батыр атағын алды.

6 - оқушы: Ұлдархан

Ленинград үшін шайқасқа шығыстың қос жұлдызының бірі Әлия Молдағұлова да қатысты. Әлия (1925-1944) Ақтөбе облысы Қобда ауданында дүниеге келген. Әке-шешесінен жастайынан айырылған ол Әубәкір ағасының тәрбиесінде болып, олармен бірге Ленинградқа көшіп келеді. Кейіннен Ленинградтағы балалар үйінде тәрбие алады. Әлия сол қалада оқиды. Ол ерекше ұстамды , зерек , жаңалыққа бой ұрғыш болып өсті. Соғыс басталар алдында небәрі 18 жаста еді. 1942 жылы Әлия өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді. Бірақ біраз уақытқа дейін оның алғы шептегі атыс-шабыс алаңында білім-білігін іс жүзінде көрсетуіне рұқсат етпеді. Бірақ жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға қарсы оқ жаудыруға асықты. Бір хатында ол өз құрбылары мен достары үшін фашистерден кек алуды қалайтынын жазады. Өзі оқыған қаласының құрсауда қалғаны оны қатты алаңдатып. «Отан үшін алға!»-деп, барлық жауынгерлерді соңынан ертіп,жауға қарсы ұмтылды.1943 жылы Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 жылдан бастап, 54 атқыштар бригадасы 4-батальонының мергені болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбазы мен офицерінің көзін жойған. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.


1-жүргізуші:Жасжанын пида етіп қасық қаны қалғанша жаумен шайқасқан Мәншүк апамыздың есімі тарихта өшпес із қалдырды. Мәншүк - мәңгі маздақ! Ол бізбен бірге біздің жүрегімізде. Ол әр таң атқан сайын, әр ай туған сайын бізбен қауышпақ. Өлімге қиятын жан ба еді ол? Ер мінезді , ерлік иесі Батыр еді.

7- оқушы: Аяжан
Жас жанын пида етіп, қасық қаны қалғанша жаумен шайқасқан Мәншүк апамыздың есімі мәңгі есте. Ол бізбен бірге, біздің жүрегімізде. Осынау сұрапыл жылдарда майдан даласында жанкешті ғұмыр кешкен шығыстың қос жұлдызының бірі батыр жүректі қазақ қызы , небәрі 20 жасар
Мәншүк Мәметова болды. 1922 жылы дүниеге келген, шын аты Мәнсия анасы еркелетіп Моншақ деп атаған. Әкесі дәрігер еді. Ол да әкесіне еліктеп дәрігер болғысы келген. Мәншүк соғысқа өз еркімен аттанғанда 19-ға жаңа толған пысық , жігерлі қыз болатын.1942 жылдың 13-тамызында Алматыдан 100-шы атқыштар бригадасы майданға аттанды.Оның құрамында 4890 жауынгер, оның ішінде 2 қазақ қызы -дәрігер Мәриәм Сарлыбаева және Мәншүк Маметова болған екен. Мәншүк тәртіпті , тапсырманы дәл орындайтын, қауіптен сескенбейтін, батыл жауынгер, пулеметші болатын. Жолдастары біздің Мәншүк деп еркелететін. Қасындағы жолдастарынан айырылған Мәншүк үш пулеметті қатарынан қойып, жауды 3 сағат бойы жалғыз бөгеп тұрған. 1943ж. 15 қазанда Мәншүк қаза тапты.Каһарман қызға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Өзі қорғаған Невель қаласында батыр қызға арнап ескерткіш қойылған.

8- оқушы: Қадыржан

Көк мұнар, көк түтін боп майдан үсті,
Сұрапыл соғыс сонша болды күшті.
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын,
Қолында пулеметі “Максим” онын.
Қиратып жаудың шебін алға шықты,
Жаралы жатқан жанға көзім түсті.

І-жүргізуші: Ән Мәншүк.

ІІ-жүргізуші: ІІ-көрініс: "Отан үшін от кешкендер!"     

1.Мәншүктің арызы (Бейнетаспа қойылады)

Мені өзге аға-апкелермен бірге қарақшы жау көзін жермен -жексен етуге жіберуіңізді сұраймын. Майданға жіберуге ағам , әпкем болмағандықтан сұранып отырмын.

2.Мәншүктің хаты.  

Әпкетай , маған ренжи көрмеңіз , Сізді қалдырып барамын. Апашым менің ! қамығып уайым шекпеңіз , мен майданға аттандым. Батылдық танытып, кісілік танытып, келбетімді көрсеткім келеді , егер қажет болса , Отан үшін жаным да пида. Қабілет - қарымымды іспен көрсетпекшімін. Хош , анашым!

3.Соғыс алаңындағы Мәншүктің хаты

Қымбаттым мама. Көптен күткен пасылканы , тура алғы шепке жүргелі тұрған да алдым. Ол 1943 жылдың 10-шы қыркүйегі еді. Өзіме бірақ алма тиседе , мен қатты қуандым.Кішкене сыйлықты сарыла күткен жауынгерлермен командирлер талап кетті. Үлкен рахмет. Жолымыз сәтті болуы, ал қазір алғы шепте , қолында пулеметым , жауды аңдудамын. Түнде мүлдем дерлік ұйтамаймыз , ал күндіз тынығамыз, қолым қалт еткен осындай сәтті пайдаланып , өзіңізге хат жазып отырмын.

Қымбатты мама. Бүгін күндіз сәл тынығайын деп жатып едім, бірден ұйықтап кетіппін. Сізді түсімде көрдім. Жалпы қазіргі жеріміз көңілді.Фашистермен қару түрінде келіссөз жүргізіп жатырмыз. Жалпы жеңіспен оралған соң айтатын нәрсе көп-ақ.Қолыңды қатты құшақтап сүйдім. Менің майдандағы жолдастарым сәлем айтып жатыр.Мама егер қаза болсам , Отан үшін , әкем үшін ж/е сіз үшін...

  Би: Катюша 

9-оқушы: Ануар

Мәскеу түбіндегі шайқаста ротаның саяси жетекшісі Мәлік Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы жау танкілерін жойып , өз бөлімшелерін қоршаудан алып шықты. Фашистерге қарсы ұрыстарда көрсеткен жауынгерлік ерлігі үшін Мәлік Ғабдуллинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

10-оқушы: Нұрғазы

Қабиденұлы Төлеген Тоқтаров – қатардағы жауынгер. 1942 жылдан бастап 1943 жылға дейін Сталинград майданында соғысқан. Бородина селосында жау штабына басып кіріп , 5 офицердің көзін жойған Төлеген Тоқтаровқа асқан батылдығы мен ерлігі үшін қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыр атағы берілді және «Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған.

11-оқушы: Сымбат

Ленинград үшін шайқастың ауыр күндерінде Сұлтан Баймағамбетов жаудың арнайы салынған қорғаныс ұясының оқ жаудырып тұрған аузын кеудесімен жауып , қаза тапты. Сол үшін оған қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыр атағы берілді.

12-оқушы:Бақберген

Сталинград қорғанысының батыры , екі Даңқ орденінің иегері І.Айтықовқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Қойгелді Аухадиев те Кеңес Одағының Батыры атанды.Ол ұрыс кезінде фашистердің 5 танкісін , өздігінен жүретін "Фердинанд" зеңбірегін, оқ-дәрі тиеген 3 автомашинасын жойды. Днепрден алғашқылардың бірі болып өтіп , қарсы шабуылға шыққан дұшпанның жолын бөгеді. Днепр үшін ұрыстарда 18 жасар Жәнібек Елеусізов қазақтар арасындағы ең жас Кеңес Одағының Батыры атанды.

13-оқушы:Ерқанат

Берлин үшін ұрыста Сағадат Нұрмағамбетовке Кеңес Одағының Батыры , кейіннен оған ҚР-ның Халық Қаһарманы атағы берілді.

ІІ-жүргізуші: Әрқайсысы 200-ден астам жауынгерлік ұшу сапарына шығып , әуе мен жерде оннан астам ұшақтарды , көптеген танкілерді , ұрыс техникасының басқа да түрлерін және жүздеген фашистерді жойған шабуылшы ұшқыштар Талғат Бигелдиновке, Леонид Бедаға және Иван Павловқа , жеке өзі 37 ұшақты атып түсірген Сергей Луганскийге екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.


14- оқушы: Алишер

Талғат Бигелдинов ұшқыш болуды жастайынан армандап аэроклубта оқыды , кейін авиация училищесінде білім алып шығады. 1943-1945 жылдар аралығында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Жаумен 305 рет әуе шайқасына түсіп, 800-ден астам техникасы істен шығарып , 7 ұшағын атып түсірді. Жаудың жүздеген танкілерін, зеңбіректері мен солдаттарын жойды. 1944 жылы Кеңес Одағының Батыры атағын алса , соғыстан кейін екінші рет Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Оны – «дала сермеңдесі», «көк тәңірісі», «аспан перісі», «қанаттылар ханы» деп құрмет тұтты. Дәл осындай текті құстың болмысы қазақтың арда ұлы, Кеңес Одағының батыры атағын екі рет алған қыран текті Талғат Бигелдинов еді. Дүниежүзілік екінші соғыстың ажал қорғасындары аспан көгін осқылап жатқан тұста, қазақтың сайын даласынан, Қараөткелден түлеп ұшқан сарша қыран көкке темір тегеурінді әскери ұшақты 305 рет көтерген екен.

15-оқушы: Айдана

Ұлы Отан соғы­сының ержүрек батыры , халқымыздың біртуар перзенті – Қасым Қайсенов (1918ж.23 сәуір – 2006ж.30желтоқсан) 1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында дүниеге келген.1941 жылдың қараша айында Оңтүстік-Батыс майданның штабына аттандырылып, бас­қыншылар қолында қалған Украина жерін азат ету үшін жау тылына түсіріледі. Қайсенов атамыз сол жерде Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядының басқарушысы болады. Бұдан кейін, 1944 жылдың соңына дейін Чехославакия (қазіргі Чехия), Румыния, Молдавия елдеріндегі партизан қозғалыстарына қатысты. Соғыс аяқталған жылдардан соң бейбіт еңбекке араласып, Қазақстан Жазушылар одағында, баспа мекемелерінде қызмет атқарған. Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезеңін, жауынгерлердің ерлігін суреттейтін «Жас партизандар» (1954), «Ажал аузында» (1959), «Жау тылындағы бала» (1961), «Жау тылында» (1973) секілді көптеген шығармалардың авторы. Соғысқа 1941 жылы шақырылды. Смоленск түбінде соғысты.   «Отан соғысы» орденімен , «Маршал Жуков» медалімен марапатталған.

16- оқушы: Дархан

Жеңіс күні өмірді сүйер адамзаттың есінен мәңгі кете ме? Жерімізге басып кірген жау әскерінің жалпы саны 5,5 миллион адамға жетті. Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде де өлімге бастарын тікті. Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинге шабуыл жасады, Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын 1945 жылдың 30 сәуірде тікті. 2 мамырда соғыс қимылдарын тоқтату жөнінде бұйрық берілді. Өйткені 30-шы сәуірде Гитлер өзін-өзі өлтіргені туралы мәлімет келді. 9 мамырда Германияның сөзсіз тізе бүккендігі жөніндегі шартқа қол қойылды. Бұл көптен күткен Ұлы Жеңіс еді. Кейіннен Р.Қошқарбаевқа Халық Қаһарманы атағы берілді.

І -жүргізуші: ІІІ- көрініс: Жеңіс ! Жеңіс!

Радио: "Тыңдаңыздар , тыңдаңыздар!" Сөйлеп тұрған Москва! 1945жылы 8 мамырда Германияның жоғарғы командованиесі жеңілгендігін мойындап Актіге қол қойды , 9 мамыр Жеңіс күні! Ұлы  Жеңіс!

Халық қуанысып , бір-бірінен сүйінші сұрасып жатады.

1-әйел:"Сүйінші! Халқым , жұртым , сүйінші!

2-әйел:Неміс фашистері кеше тізе бүгіп , жеңіліпті!"

Әжесі:О , жасаған , шынымен қарғыс атқыр соғыстың аяқталғаны ма?

Қадыржан:

Жеңіс келді далама,

Жеңіс келді қалама,

Жеңіс келді әке боп

Ендігі бар балаға

Жеңіс келді ән болып,

Келді ауылға сән көрік

Жеңіс келді алақай!

Тойып жейтін нан болып

(соғыстан оралған азамат бір-бірімен қауышады , әкесін іздеп , сұрастырады)

Әкем қайда , әкем қайда!

Бақберген: Балам сенің әкең Отан үшін жанын қиды, осы шаңырақтың иесі өзіңсің , әже-анаңды және бауырларыңды қамқор болсын деп әкең аманат етті.


І жүргізуші:-Бәрі де майдан үшін!Бәрі де Отан үшін!Жеңіс үшін! -деген ұранмен тылда да еңбек қайнап жатты, ауылдағы тіршіліктің қиындығы майдандағыдан кем болған жоқ. Аналар мен балалар, ақсақалды аталар бәріне төзді.Соғыс жылдары Қазақстан еңбекшілері майданға екі жарым миллион дан жылы киім , тамақтарын , таңның атысынан күннің батысына дейін ферманың жұмысымен әскерлерге арнап шұлық тоқыды.Отан қорғау қорына төрт миллиард сомнан астам қаржы берді. Елдің қаржысынан «Қазақстан Комсомолы» , «Қазақстан колхозшысы» атымен танк калонналары «Советтік Қазақстан» атты әуе эскадрильясы жасалып майданға жіберілді.

Ән: "Қазақ елі" Амангелді Д.

ІI жүргізуші: 1945 жылдың 9 мамыр күні бұрын соңды болмаған мың зеңбіректен 30 дүркін салют атылды. Германия астанасын шабуылдау кезінде Кеңес әскерлері өлгені , жараланғаны бар 300 мыңдай адамынан айырылды. Бұл жеңіс оңайлықпен келмеді. КСРО-ның 1710 қаласы күл талқан болды. 70 мыңнан астам село мен деревня өртеліп кетті. Қаншама ана баласыз, қаншама бала әкесіз қалды. Соғыс даласынан 20 миллионнан астам адам қайтқан жоқ , ал оның ішінде 350 мыңы қазақ болатын.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!