Материалдар / Ашық тәрбие сағаттың тақырыбы: Кітап – білімнің күн шуағы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық тәрбие сағаттың тақырыбы: Кітап – білімнің күн шуағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Көрнекілігі: кітап туралы қанатты сөздер жазылған плакаттар, слайд арқылы ұлы адамдардың кітап, ғылым - білім туралы айтып кеткен даналық ой - пікірлері, кітап көрмесі. Оқу - білім туралы айтылған сөздер жазылған плакаттар.. Кітап көрмесі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2021
479
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық тәрбие сағаттың тақырыбы:

Кітап – білімнің күн шуағы


Мақсаты:

Кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, оқулықты күтіп ұстауға үйрету.


Көрнекілігі: кітап туралы қанатты сөздер жазылған плакаттар, слайд арқылы ұлы адамдардың кітап, ғылым - білім туралы айтып кеткен даналық ой - пікірлері, кітап көрмесі.
Оқу - білім туралы айтылған сөздер жазылған плакаттар.. Кітап көрмесі.


Мұғалім сөзі: Тұрмаханова Гулмира
Бүгін мейрам, бізге үлкен мереке,
Тойлайықшы кітабыңды жыр ете.
Әрі ақылшың – рухани қазынаң,
Құнды байлық баға жетпес бұл өте, - деп ақын жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз, өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым кереметтері де, талай оқиғалардың куәсі, талай жаңалықтардың көзі – осы кітаптар. Рухани білімнің, мәдениеттің ауадай қажеттілігі, маңыздылығы ешқашан мәнін жойған емес.


І жүргізуші: Сымбат Қуан кітап, қуанатын күн бүгін
Серпіп таста мұңды жүрек түндігін.
Кел, оқырман тойын тойла кітаптың,
Шаттанатын мерекелі күн бүгін.

Құрметті, ұстаздар және оқушылар! Бүгін сіздерді 6 «А» - сынып оқушыларының «Кітап – білімнің күн шуағы » атты ашық тәрбие сағатымызды көріп тамашалаңыздар.


ІІ жүргізуші Дамир О, кітап бас иемін мәртебеңе,
Игілік - қазынасың бар адамға.
Сен берер жақсылықтың есебі жоқ,
Жеткізіп жолын тауып айта алам ба?


Азимбек. Орманшы: Ормандар, жап-жасыл ормандар...

Орманды отаушы болмаңдар!

Отан мен орман жұп, бір ұғым,

Орманды Отандай қорғаңдар.

Ағаштың бізге көп пайдасы бар екенін білеміз. Сол үшін ата-бабамыз «Бір тал кессең, он тал ек» деген. Ағаштар адамдарға, жан-жануарларға да өз пайдасын тигізеді. Ормандағы жануарлар да ағаштарсыз, өсімдіктерсіз өмір сүре алмайды. Аңдардың сөзін тыңдайықшы.

(Сахнаға аю, түлкі, қасқыр, қоян, маймыл шығады)


Ернұр. Аю: Орман біздің үйіміз.

Ақерке. Қоян: Орман бізді асырайды.

Жандос. Қасқыр: Ормадағы ағаштардан ең бастысы кітап шығарылады.

Сабыржан. Маймыл: Мен ертегі кітаптарды өте жақсы көремін.

Мақсат. Түлкі: Жануарларды, өсімдіктерді қорғайтын қызыл кітапты білесіңдер ме?

Бәрі: Әрине білеміз.


Лаура. Қызыл кітап: Қашқан кезде адамнан ізін қандап,

Тау ешкісі өтеді құзыңды аңдап.

Қызыл кітап

Тірі жан тимесін деп

Хайуанатқа берілген қызыл мандат.

Көбелектер әндетіп, билейді.

Табиғат ол – анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Құшағында ойнаймыз,

Шаттық әнге саламыз.

Азимбек. Орманшы: Жануарлардың ағаштар туралы ойын білдік. Балалар, енді біз «Білім» еліне саяхатқа шығамыз.


Сара: Кітап қой болашаққа жетелейтін

Білім нәрін біздерге себелейтін.

Көзді ашып, үйретіп, біріктіріп,

Өмірдің тақтасына шегелейтін.

Біз жетеміз кітаппен болашаққа,

Көп нәрсе бар алдыңдағы бұл ошақта.

Білім, білік, ақыл мен күш-құдірет,

Қолыңа сыйғанынша сен құшақта.

Рауан: Алып жүріп әрқашан қасымызда,

Көп оқиық қарамастан жасымызға.

Біздерді биіктерге жетелейтін,

Кітапты көтерейік басымызға.

Көп оқып, білім алып ең басында,

Жүргендер бар жұлдыздың ең қасында.

Жерін сүйіп, ел басқарған адамдар көп,

Барлығы бір кітаптың арқасында!


Мұғалімнің сөзі:

Кітаптарды таза етіп сақтаған,
Оқырманға бар білгенін ақтарған.
Аянбайды әрқашанда ел үшін,
Кітапханашы ел үмітін ақтаған.
«Кітап – рухани қазынамыз», - деп жатамыз. Сол қазынамызды қорғап, қастерлеп, оқушыларды кітаппен қамтамасыз етіп, сол кітаптардың сақталып, күтіп ұсталуына бар күштерін салып жүрген мектеп кітапханашылары Гүлнар апай мен Халида апайға сөз береміз.(Кітапханашы сөз сөйлейді)


Ән: «Мектебім» Ерубай Дамир


1-жүргізуші : Жыр келеді өмірге, жыр келеді,
Тоқсан толқын сөз тасқын түрленеді.
Құшырланып қағазға төне берсем,
Кеудемнің бақшасы тұр гүлдегелі.

ІІ жүргізуші: Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым кереметтерін де кітапханадан табамыз. Талай оқиғалардың куәсі, талай жаңалықтың көзі – осы кітаптар.

Сабыржан: Адамның досы – кітап, өмір кілті,

Тең келмес оған жиған дүние – мүлкі,

Ақылшы жанға серік жол бастаушы.

Асыл ой қазынасы, өмір көркі.

Тұрады басын құрап әріп неден,

Басталған білім басы әліппеден.

Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит,

Оқысақ кітап сырын ашып терең.

Дастан: Кітап та алма ағашы,

Жемісі біздің теретін.

Тәті алмаға балашы,

Кітабыңның әр бетін.

Саған білім жемісін,

Оқулығың береді.

Оқулықты құрметте,

Күтіп ұста кірлетпе.

Кішілерге табыс ет,

Дақ түсірмей бір бетке.

Нұрлыбек: Кітапты оқымайды сыйламаған,

Білімге жанын жанып қинамаған.

Өсірген кімнің болсын ой өрісін,

Сол кітап бек ақылшы күнде маған.

Түлекті тәрбиелер кітап - мектеп,

Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп,

Молайтып ақылыңды сан еселеп,

Береді білім нәрін кітап көктеп


І жүргізуші: Кітап басып шығару үшін талай адам тер төгеді. Аялап өсірген сансыз ағаштар сол үшін кесіледі. Сол қағазға әріптерді қатесіз, әрі көркем етіп шығару үшін көп күш жұмсалады.


ІІ жүргізуші: Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. 1800 жылы тұңғыш қазақша кітаптар шығарыла бастады.Қазақ тілінде кітап басып шығару ісіне Татарстан, Өзбекстан басшылары едәуір ат салысқан.


Сая: Кітап (арабша ‎ – жазба) — мерзімсіз баспасөз басылымы; көркем - әдеби, қоғамдық - саяси, ғылыми - практикалық мазмұндағы туынды. Кітаптың алғашқы түрлері ежелгі Шығыс елдерінде, Грекияда, Римде қыш текшелеріне, тақта тастарға сына жазуымен жазылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 25 - ғасырда Мысырда қыш текшелердің орнына қамыс (папирус) қолданылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 7 - ғасырда қамысқа кітап жазу ісі Грекия мен Римде кең өріс алды. Осыған байланысты кітапты көшіріп жазуға машықтанған көшірушілер мен қолжазбаны көркемдеуші суретшілер пайда болды.


Айерке: 105 ж. қытай шебері Цай Лунь қағазды ойлап тауып, 13 - ғасырда қағаз жасау өнері Шығыстан Батысқа тарай бастады. Осыған орай, Еуропада қолжазба кітап қауырт өркендеп, түрліше әріптер, бас тақырыптар (айдарлар) қолданыла бастады. Кітап мұқабалары алтын, күміс, т. б. металмен өрнектелді.


Рауан: 15 - ғасырдың ортасында неміс өнертапқышы Иоганн Гутенбергтің баспа қалыбын ойлап табуына байланысты, жылжымалы құйма қаріппен құйылатын баспа кітап пайда болды. Осы заманғы кітап — мұқабаға дәптерлер түрінде өзара тіркестіріліп бекітілген кітап блогі үлгісінде жасалады.


Әлпия: Кітап - әлем мөлдірлік тұнығында,

Нәзіктік пен кітаптан ұлы ұғым бар.

Кітап тарих, шежіре сан ғасырдан

Келер күннің кітапта ұрығы бар.

1972 жыл – ЮНЕСКА - ның шешімімен «Халықаралық кітап жылы» деп аталса, ал 1995 жылдан бастап, «23 сәуір – Халықаралық кітап күні» деп жарияланды. Міне, содан бері бұл күн Ресейде, Германияда, Америкада шет елдерде өте жоғары деңгейде аталып өтілуде. Жаңа ақпараттар көзінің қарыштап дамыған жаһандану заманында да кітап оқу, кітапты пайдалану, көркем шығармаларға деген құштарлығымыз кемімеу керек.

Гүлнұр: Кітаптар бейне жапырақ,

Жырлайтын сырын өмірдің.

Оқисың кейде жатып ап,

Көтеріп күйін көңілдің

Айдынды шалқар кейде бір,

Кітапты тұнған көл дерсің,

Ауадай қажет бұл кітап,

Татпасаң нәрін шөлдерсің.

Әлемде шығарылған ең кішкентай 12 кітаптың басын қосқанда, барлығы бір ас қасыққа сыйып кетеді екен. Олардың ішінде «Құранның» кішкентай басылым, ағылшын тілінің сөздігі, Францияның ата заңы бар.


Сая: Сөйлесер сөзді шеберлеп,

Өзіңнің ана тіліңмен.

Байыптап жақсы оқысақ

Негізі менде білімнің.

«Кітап» сөзін құраушы бес бала

Оқы талмай, түй санаңа жас бөбек.

Сыр құямын, нұр құямын бойыңа

Таза ұста, оқы мені қастерлеп

Бар білімді мен егемін миыңа.

Кіші Азияда Пергам патшалығының шеберлері жануарлар терісінен жазатын жаңа материал әзірледі. Патшалықтың атымен “Пергамент” деп аталды. Осылайша біздің заманымыз - дан бұрынғы 2 - ғасырда қамыстың орнына тері жарғақ қолданыла бастады. Ежелгі Рим мәдениеті мен ғылымы өкілдерінің туындылары жарғақ кітаптарға жазылып таралды.


Іжүргізуші: . Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі - өнеге мен тәрбие аламыз. Оқыған - тоқығаның көп болса, жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ.


ІІ жүргізуші: Дана халқымыз «Батыр бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек.Ал, енді балалар өздеріңді білім нәрімен сусындап жүрген оқулықтарды ортаға шығарайық.


Ақерке. Ана тілі: Ақыл – ойын дананың,

Ана тілден аламын.

Ана тілің ардақты,

Ақ сүтіндей ананың.


Гүлнұр. Математика: Математика кітабы,

Төрт амалды үйретіп.

Логикалық есепті

Шығартуды үйретті.


Сабыржан. Дүниетану: Мен болмасам егер де

Табиғаттың тылсым күшін

Білмес еді ешкім де

Сондықтан да балалар

Мені оқып қызығар.


Дастан. Еңбек: Мен болмасам егер де

Еңбек сырын түсінбес

Қызықтырып тігіске,

Аспаздықта өнерде.

Егін егіп далада

Бұның бәрі еңбекте

Еңбек ете білмесең

Қор боласың өмірде.

Шұғыла. Ән-күй: Мен болмасам егер де

Ән айта алмас ешкім де

Ән көңілдің ажары

Ноталарды үйретіп,

Шаттық сыйлар өмірге.


................. Елімізде атақты,
Ғалым ата не тапты?
Бәрін, бәрін білесің?
Оқи берсең кітапты.

Бөбектерім оқы, ойна,
Оқу - білім саған пайда.
Кітабыңның шетін жыртып,
Сияменен бояп қойма.


Рауан: Біздің сүйікті де , сүйкімді оқулықтарымыз. Сіздер бізге көп еңбек етіп келе жатырсыздар. Сол үшін сіздерге көп-көп алғысымызды білдіреміз.


Ернұр: Кітап жинай берген мұрат емес, оқыған мұрат.

Азимбек: Кітап керемет дос. Өміріңнің қиын сәттерінде сенімді сырласың болады. Ешқашан өкіндірмейді.

Жандос: Кітап – ұжымдық тәжірибе. Ұлы кітаптардың жиырмасын оқыған кісі ұлы өмірлердің жиырмасын бастан кешті деген сөз.

Мақсат: Адамгершілігі жағынан мәдениетті адамдар, саналы еңбеккерлер кітапқа деген сүйіспеншілікке бөленген жанұялардан өсіп шығады.


Іжүргізуші: Достар, кітапхана көптеген ғасырлар бойы адам тіжірибесі көрінетін кітаптарға толы. Сондықтан кітапханадағы ережені есте сақтауымыз керек.

ІІ жүргізуші: Сендерге мынадай міндеттерді ұсынар едім.1-міндет – оқыған материалды өзі түсініп меңгеру. 2-міндет – оқығанына ой жүгірту.

Іжүргізуші: 3-міндет- оқығаннан жадына сақтауға, қажетті жерлерін жазып алып отыру.

ІІ жүргізуші: 4-міндет – оқып шыққан кітаптың неге үйреткені, қандай да бір ерекше көңіл күйлері мен тілектерге қозғау салғаны жөнінде өзіне есеп беріп отыруы.

Іжүргізуші: Кітап - шебер ұстаз, тілсіз мұғалім.
Кітап - адал пейіл, асыл дос.

ІІ жүргізуші: Кітап - мұхит, сол мұхиттан не терең?
Мен біліммен ылғи дос боп өтер ем!

Шұғыла: Тұмсықтының тамағы,

Шоқуменен табылар,

Өнер білім дегенің,

Оқуменен табылар,

Кітап – нәзік те, тұнық әлем.Кітап – білімнің түпсіз аспаны, терең баастауы. Ұлтымыздың мерейі мен деңгейі, қоғам мен мемлекетіміздің өркенін өсіруде қыруар пайда келтіретін осынау рухани қазынамыз –Кітап.


Ақерке: Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы,

Білімнің сарқылмайтын бал бұлағы.

Ашқанда – ақ өткен күннен беттеріңді,

Келер күн көз алдыма кеп тұрады.

-Ия, достар, кітаптардың да арманы бар, ол – лас, ұқыпсыз оқушылардың қолына түспеу. Шынында кітап қадірін білетін жақсы балалар саны көбейе берсін.

Лаура: Кітап – ел мен жкерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, төзімділікке баулиды.Кітаптан әр кім ақыл – кеңес, тәлім – тәрбие, үлгі - өнеге алады.. Кітап - біздің рухани жан азығымыз.

Айерке: Саған білім жемісін,
Оқулығың береді.
Талай адам сол үшін,
Маңдай терін төгеді.
Орманшының аялы,
Алақаны өсірген.
Сонау ағаш саялы,
Қағаз үшін кесілген.

Мұғалім: - Қыркүйек айында өзінің әдемі суреттерімен, небір төгілген асыл сөздерімен, қиын да қызықты есептерімен күлімдеп кеткен оқулықтарымыз мамырдың аяғында ренішпен, мұңды болып кітапханаға қайтатын оқулықтарымыз да бар. Енді сол оқулықтардан көріністер көрейік.

Көрініс. «Науқас кітап» (Бір оқушының кітабы ауырып қалып, дәрігерге алып келеді)

Дамир оқушы: - Сәлеметсіз бе, дәрігер?

Әлпия - дәрігер: - Сәлеметсіз бе?

Дамир оқушы: Дәрігер, мен сізге кітабымды алып келдім. Ол өте науқас.

Әлпия - дәрігер:- Жарайды, алдымен не болғанын білейік?!

Дамир оқушы: - Мен үйде жоқта кішкентай балалар алып, осындай күйге жеткізіпті.

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!