Материалдар / Ашық тәрбие сағаты 2-3 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық тәрбие сағаты 2-3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту.Өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қазан 2020
329
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

А шық тәрбие сағатының тақырыбы: «ОТБАСЫ-БАҚЫТ ҰЯСЫ»

Сулейменова Салтанат Акановна

ШҚО Тарбағатай ауданы . Шолақорда ауылы

Майлин атындағы мектеп-балабақша кешені КММ

Бастауыш сынып мұғалімі


Ашық тәрбие сағаты

Сынып: 2-3

Мектеп: Майлин атындағы мектеп-балабақша кешені

Мұғалімнің аты-жөні: Сулейменова С А

Сабақ тақырыбы

Отбасы-бақыт ұясы

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту.Өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың   мақсаты:  балалардың  бойында отбасы жөнінде түсініктері арқылы жан- жақты  дамыған р рухани адамгершілігі  мол  тұлғаны қалыптастыру

Бағалау критерийлері

Отбасы жайлы, отбасы құндылықтары жайлы біледі

Отбасының өмірдегі орнын біледі.

Отбасының бала тәрбиесіне тигізетін әсерін біледі.

Құндылықтарды дарыту

Өзіне деген, отбасына деген сыйластық, махаббат, құрмет, достық, қайырымдылық, мейірімділік, қамқорлық сезімдерін  ояту;


Пәнаралық байланыстар

Дүниетану,музыка

АКТ қолдану дағдылары

Слайд, бейнебаян

Бастапқы білім


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы









Ұйымдастыру.

Психологиялық ахуал туғызу.

Үй тапсырмасы. Денсаулық –зор байлық.

Сөзжұмбақ. Шешуіндегі басқы әріптерін қоса отырып сөз құрастырамыз
1. Түсі нарттай,
Тілін тартпай,
Жолға шықса,
Қоймайды құртпай. (От)
2. Мемлекеттік рәміздің бірі. (Ту)
3. Еңбек құралы. (Балға)
4. Ең жақын адам. (Ана)
5. Уақыт өлшемі. (Сағат)
6. Ырыс алды – …. (Ынтымақ)

«Отбасы» деген сөз шығады

Жұмбақ жасыру.
Маған да, саған да,
Жақын туыс – бес адам.
Үш әріптен тұратын.
Оңға оқы, солға оқы.
Өзгермейді еш одан.
Бәрі де өз жұратың,
Айтады, қане, кім атын? 
/апа, ата, ана, іні, аға./
Жұмбақ отбасы туралы
1. Балдан тәтті не? ( бала)
2. Қара шаңырак иесі кім? ( кенже ұл)
3. Балаға кім сыншы? (ата)
4. Үйдегі алтын адам кім? ( ана)
5. Ұлдардың кішісі (іні)

2. Кіріспе сөз
— Балалар, байқадыңдар ма, сөзжұмбағымыз да, жұмбағымыз да отбасы, туыс туралы тақырыпта болды. Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Менің отбасым» деп аталады.
— Отбасы дегеніміз не? (Оқушылар коллаж жасайды.)
— Ата, әже, әке, ана, қарындас, іні, әпке – отбасы болып есептеледі.

Слайд, сөзжұмбақ

Суреттер,

Қанатты сөздер

Сабақтың ортасы









« Менің отбасым» атты фотосуреттер көрсету, өз отбасы жайлы айтады.

-Бақытты отбасы бейнебаянын көрсету.

-Бейнебаяннан не ұқтыңдар?

-Отбасы туралы не айтуға болады?

«Отбасы портреті»Тренинг қорытындысы туралы айту.

2- бейнебаян көру.

1.Бейнебаяннан не байқадыңыз?

2.Қандай тұжырымға келдіңіздер?

3. Бір сөйлеммен түйіндеңіз?

Оқушыларға сұрақ.

-Қай баланың әрекеттері дұрыс?


Слайд







бейнебаян

Сабақтың соңы








Оқушылар шығармашылық жұмыстарын оқиды.

Қорытынды

Мақал -мәтелдің жалғасын табу. 

1топ.

1.Атаға қарап - ...............,

Анаға қарап - ..................

2. Ананың көңілі балада, ..........................

3. Ата-ананың қадірін - ................................

4. Ұяда не көрсең , ....................................( ұшқанда соны ілерсің)

2 топ.

5. Балалы үй базар, ..................................( баласыз үй қу мазар)

6. Ата көрген оқ жонар, ..........................( ана көрген тон пішер)

7. Ананың сүті – бал, ................................( баланың тілі – бал)

8............. – ананың бауыр еті, көз нұры. ( бала)

3-топ.

9. Әке – асқар тау, .............................( ана- шалқар көл)

10.«Жеті атасын білмеген: ................(жетесіз»),

11.Ата көрген оқ жонар, ..........................( ана көрген тон пішер)

12.Әке тұрып ұл сөйлегеннен без,…(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без)

«Тілек шамы» тренинг

Тілек шамы,

киіз үй


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!