Материалдар / Ашық тәрбие сағаты 7 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық тәрбие сағаты 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағаты 7 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1402
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Елін сүйген, елі сүйген Елбасы.Мақсаты: 1.Қазақ халқының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы, туып – өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;2.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу;3.Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.Көрнекіліктер: слайдтар, баспасөз материалдары, кітап көрмесі, даналық сөздер, оқушылар шығармасы.

Сабақтың барысы:1. Кіріспе. « Елбасына»Ауыр күнді артымызға тастауы-Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,Елбасымыз Нұрағаңның бастауыТуды ұстап тура жолға түсіріп,Жас Отанның өмірін де түсініп,«Елім, жерім » деп ұрандап тайсалмай,Бір керемет жасады- ау кісілік!Елбасымыз саған мәңгі разымыз,Үлкен- кіші ағайындар – бәріміз.«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,Сіз біздердің піріміз де, әніміз.1- жүргізуші: Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Мемлекет басқару ісі- машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.2- жүргізуші: Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымызды әділеттің ақ жолын ту етіп, елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген,ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған тәрбие сағатын бастаймыз.1- жүргізуші: Тәуелсідігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен біздің Отанымыз әлемге танылды. Еліміз елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар- намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.2- жүргізуші: Бүгінгі күн бізге оңайлықпен келген жоқ. Тәуелсіз ел атану үшін, қаншама аға- апаларымыз, ата- бабаларымыз тер төкті. Соның арқасында бүгін де біз Тәуелсіз, дербес әлем таныған Қазақстан атанып отырмыз.1- жүргізуші: Әлем таныған дарынды тұлға, іскер- саясатшы, ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев сол күннен бері 24 жыл ел басқарып келеді. Ол Қазақстанды бүгінде әлемге әйгілі мемлекет етіп, атын шығарды. Ел экономикасын түзеп, болашақта көш бастаушы елдердің қатарына қосу үшін аянбай еңбек етуде.2- жүргізуші: Елі құрмет тұтқан Елағамыз, ел үшін еңбек еткен Елбасымыз – Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына шолу жасайық.1- оқушы: Н.Ә.Назарбаев 6 шілде 1940 жылы Алматы облысы, Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алңандай, өсірген аз- мәз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата- анасын қатты құрмет тұтты.2- оқушы: Ол ерте есейді. Орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург жұмысшы - мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі қызыметін атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.3- оқушы: Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургия комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды. Ол Қазақстан үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.4- оқушы: 1991 жылы 1- желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты ҚР тұңғыш Президенті етіп сайлады. Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады. 5- оқушы: 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.6- оқушы: Астана ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы- Н.Ә.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы бұрынғы астанамыз Алматыдан республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді. Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады. 1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды. Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан. Бүгінгі таңда Астана ең әсем, жас, әдемі, көрікті қалаға айналды. 7- оқушы: 2006 жылы 7 қаңтарда әнұран қабылданды.Егемен елі әнұраны жаңарды,«Менің Қазақстаным» жер жүзіне таралды. (әнұран айтылады). 8- оқушы: Н.Назарбаев бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам. Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу- бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы.1- жүргізуші: Әлем елдерінің басшылары мен саясаткерлерінің Президент Н.Ә.Назарбаев туралы айқан лебіздеріне құлақ түрейік.9- оқушы: Джордж Буш АҚШ-тың бұрынғы президенті: Құрметті Н.Назарбаев сіздің басшылығыңызбен Қазақстан жаппай қырып жоятын қаруды таратпау ісінде әлемнің жетекші елдерінің біріне айналды. АҚШ сонымен қатар Қазақстанға терроризмге қарсы жаhандық күресте достығы мен ынтымақтастығы үшін ризашылығымды білдіремін!10-оқушы: Ким Дэ Чжун –Корея Республикасының президенті: Оның демократиялық, саяси және экономикалық өзгерістерді ойдағыдай іске асырып жатуының айғағы оларды әлемдік қоғамдастықтың кеңінен тануы болып отыр. Президент Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан жан-жақты дамып келеді. 11- оқушы: Кофи Аннан – БҰҰ – ның Бас хатшысы : Қазақстанның ТМД-ның басқа елдерінен айырмасы сонда- бұл елде бейбіт өмір мен тұрақтылық орнап, экономикалық өрлеу байқалады. Қазақстан түрлі ұлттар бейбіт қатар өмір сүріп жатқан этникалық, саналуандық тартыстың емес, қайта татулық нышанына айналған мемлекеттің үлгісі бола алады. 12- оқушы: Осы орайда өркендеп өскен Қазақстанның әлемдегі бүгінгі орны мен беделін мақтанышпен айтуға болады. «Ел – Елбасына тірек, Елбасы- елге қалқан». Бұл – бүгінгінің шындығы. Н.Назарбаев десе – Қазақстан, Қазақстан десе – Назарбаев оралады деп, халықаралық қауымдастықтың мойындағанынан аңғаруға болады.13- оқушы: Халқым айқан жер көтерер ел даңқын,Елім айқан ер көтерер жер даңқын,Президентім, Елбасы, аман болғай,Мәңгі жаса жас қазағым, өр халқым!

Ән «Елім менің».14-оқушы: Елбасы үлкен саясаткер болумен қатар, жан-жақты дамыған тұлға. Барлық қазақ азаматтары сияқты жылқыны жақсы көреді. Сондай- ақ өнерге де көп көніл бөлетін адам. Оған дәлел «Елім менің», «Үш қоңыр» әндері. 2- жүргізуші: Қазақстан Республикасында тұратын әрбір адам, әсіресе жастар ертеңі үшін алаңдамайды. Елбасының «Қазақстан - 2030» жолдауында көрсетілген : «Қорытынды сөзімді жас ұрпаққа , Қазақстан жастарына арнасам деймін. Сіздер Егемен Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтардың бірінші ұрпағысыздар. Сондықтан да сіздердің алдарыңызда іске асырудың біз қол жеткізбек болған болашақты өздеріңіз бен балаларыңыз үшін өз қолдарыңызбен орнатудың шексіз мүмкіндіктері ашылып тұр. Ендеше Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда. » 1- жүргізуші: «Қазақстан- бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға- елдің тұғыры, Тұлға – елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай тұлға!»

















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!