Авторы: Махметова Нургуль
Мутапкызы
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы «Ақ ниет» мектеп
–интернатының педагог-тәрбиешісі
Ашық тәрбие сағатының
тақырыбы: «Теңге - төл валютамыз»
Тәрбие сағатының мақсаты:
-
Оқушыларды тәуелсіз еліміздің
ең бірінші айрықша белгісі теңгемен таныстыру,төл теңгеміздің шығу
тарихы, айналымға ену кезі туралы мағлұматтар
беру.
-
Қазіргі нарықтық экономика
жағдайындағы іс- әрекеттерді реттеуге үйрету; экономикалық
терминдермен таныстыру,өз бетімен жұмыс істеуге
дағдыландыру.
-
Оқушылардың бойына елімізге
ыстық сүйіспеншілікті, мақтанышты сіңірту, үнемділікке, барды
қадірлеуге баулу, ақпараттық жүйелерді пайдалануды
үйрету.
Көрнекілігі: Компьютер, сөзжұмбақ
,тапсырмалар,тақта,банкноттар суреті.
Сабақтың
барысы:
1.Ұйымдастыру
кезі:
2. Сөзжұмбақ
шештіру.
3.Сөзжұмбақ арқылы тәрбие
сағатының тақырыбын ашу.
4.Теңгенің шығу тарихы туралы
видеоролик көрсету.
5.Видеороликті
талқылау.
6.Слайдпен
жұмыс
7.Тапсырмалар
орындату
8.Сергіту
сәті
9.Ойын
ойнату
10.Қорытынды
кезең.
Ұйымдастыру
кезі:-Сәлеметсіздер балалар және
келген қонақтар!
Сөзжұмбақ
шештіру:
Т-абыс(пайда сөзінің
синонимі)
Е-л(халық сөзін қандай сөзбен
алмастыруға болады)
еҢ-бек(етсең ерібей,тояды қарның
тіленбей)
Г-имн(әнұран сөзінің орысша
атауы)
Е-ртіс(Шығыс Қазақстан облысындағы
өзен)
Сөзжұмбақ арқылы тәрбие
сағатының тақырыбын ашу.
Видеоролик
көрсету:«Теңге қалай пайда болды?»
және оны талқылау.
Теңгенің қысқаша
тарихы:
Қазақстан Республикасы -
егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өз Ата заңы,
мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы
бар.
Тәуелсіздік алған елдің ең
бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан
Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша –
асыл қазына, халық байлығы.
Халқымыз теңгені бұрын да
пайдаланған. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз
қалаларындағы арнаулы шеберханаларда
жасаған.
1993ж. 12 қарашасында
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан
Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы» жарлық шығарды. Ұлттық
валютаны «теңге», ал оның жүзден бір бөлігін «тиын» деп атауды сол
кездегі ҚР Жоғары кеңесі комитетінің төрағасы Сауық Тәкежанов
ұсынған еді.
Теңгенің де өз шығу тарихы
бар. Ұлттық теңгені жасауға екі жыл уақыт қажет болды. Теңгенің
16-ға жуық құпия қорғанысы, белгісі бар. Ұлттық валютамыздың
дизайнын жасаушы авторлық топтың жетекшісі Тимур Сүлейменов
болды. Қазақстан өз төл ақшасын шығару үшін 1990жыл теңгенің
алғашқы үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Тәуелсіз елдің
ұлттық валютасын жасап шығарған Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсалы Дүзелханов,
Хайролла Ғабжәлеловтер еді.
Ең алғашқы теңге партиясы
Англияның ең көне әрі әйгілі «Харрисон және
ұлдары» фабрикасында басылып
шықты. Теңгенің алғашқы партияларын сақтау үшін арнайы жер асты
қоймалары дайындалған. Оларды төрт ИЛ-86 ұшақтары тасыды. Бір
аптаның ішінде олар Лондонға 18 рет ұшып барып-қайтып келген. 1993
жылы қазан-қараша айларында Қазақстан рубль аймағынан толықтай
шықты. Қарашаның 12-сіндегі Президент Жарлығынан 3 күннен кейін,
яғни 15-қарашада теңге айналымға
енді.
1993 жылы Алматыда құрылысы
басталған банкнот фабрикасы 1995 жылы толық аяқталды. 19 мамыр 1995
жылы ресми ашылу рәсімі өтті. Нұрсұлтан Назарбаев осында басылып
шыққан алғашқы миллион теңгені бүкіл Қазақстанға көрсетеді. Қазір
Тәуелсіз Қазақстан төл валютасын өз елімізде басып
шығарады.
Ұлттық теңгеміздің шеттері
қазақтың ою-өрнектерімен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ
халқының әйгілі ұлы тұлғалары бейнеленген. Екінші бетінде
ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз
салынған.
1992 жылы теңге
дизайнындағы бейнелер бекітілді. Ең алғашқы теңгемізде белгілі
тарихи тұлғалардың портреттері, Алатау мен Көкшетау көріністері,
Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің бейнесі, Маңғыстаудан табылған
тастағы таңбалар пайдаланылды. Бір теңгелік банкнотқа Әбу Насыр әл
Фараби, үш теңгелікте Сүйінбай, бес теңгелікте Құрманғазы, он
теңгелікте Шоқан, жиырма теңгелікте – Абай, елу теңгелікте –
Әбілқайыр хан, жүз теңгелікте Абылайхан бейнесі
салынған.
Ұлттық валюта – теңге банкноты
және монета түрінде айналысқа енгізілді. Банкнота – Ұлттық Банктің
Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета Өскемендегі
монета сарайында дайындалынып
шығарылады.
Қазақстанның ақша сарайы
металл тиындарды шығаруға дайын болмағандықтан жедел түрде қағаз
түрінде шығарды, бірақ 1 жылдан соң оларды металл тиындарға
ауыстырды. 1994 жылы қағаз тиындар жезден жасалған монеталармен
алмасты.
2007 жылы теңге символы
енгізілді.
2007 жылы Халықаралық валюта
қауымдастығы 10 000 теңгені «Әлемдегі ең үздік банкнот» деп
таныды.
Қазіргі таңда мынадай
купюралардағы теңге, тиындар айналыста жүр: 200, 500, 1000, 2000,
5000, 10000, 20000 теңге, тиыннан 1, 2, 5, 10, 20, 50, 100
теңге.
Мақал – сөз
мәйегі.-слайдтан
оқыту.
1. Теңге тиыннан өсер, Жылқы
құлыннан өсер.
2. Ақша кетуге тырысады, Есеп ұстауға тырысады.
3. Ақша болса – алақанда сорпа қайнайды.
4. Ақша ашпайтын құлып жоқ.
5. Ақшада көз жоқ.
6. Ар-намысы таза адамның ақшасы аз
болады.
Нумизматика - ақша, теңгені, оның тарихын
зерттейтін ғылым.
Осы жерде оқушыларға әлемнің
біраз мемлекетінің қазіргі кезде қолданыста жүрген валюталарымен
таныстыру.
Сергіту
сәті: «Қаражорға» биімен
бас, қол жаттығуларын
жасату.
«Ханталапай » ойыны
. Ойын шарты :Балаларды
екі топқа бөледі. Жүргізуші әр ұлт валюталарын оқып шығады.
Қатысушылар естеріне сақтау керек. Асықты шашып жиберіп ,балалар
әрбір асықты көтерген сайын валютаның атын атау
керек.
Қырғызстанда-/сом/
Ресейде
-/рубль/
Германияда — /марка/
Америкада — / доллар/
Ұлыбританияда-/фунт/ Украинада —
/гривна/
Қытайда — /
юань/
Тәжікстанда — /манат/ Өзбекстанда —
/сум/
Түркияда -/ лира
/
Латвияда - / лат /
Кореяда — /
йена /
«Сиқырлы
сандықша» ойынын ойнату: Ойынның шарты: Сандықшада сұрқтар жазылған
теңгелер болады. Әрбір топ өзінің қоржынына дұрыс жауап үшін
берілген ақшаны жинайды. Кімнің ақшасы көп болса, сол топтың
жеңгені.
Сұрақтар:
1.Ұлттық валюта қай жылы
шығарылды? (1993ж 15 қараша)
2.Қазақ теңгесі қайда басылды?
(Ұлыбританияда Харрисон және оның ұлдары атты банкноталық
фабрикада)
3. Теңгенің дизаин авторларын
ата?
4. Теңгенің неше құпия
қорғанысы бар? (16 құпия қорғанысы
бар)
5. Теңгеге байланысты қандай
мақал-мәтелдерді білесіздер?
6.
Банкнота мен монета ҚР қай қалаларында шығарылады? (банкнота Алматы
қаласында, монета Өскемен қаласында)
7.20000 теңгелік банкнотта
неше нөл бар?
8.Американың валютасы қалай
аталады?
9.Ресейдің валютасы қалай
аталады?
10.Өзбекстан валютасы қалай
аталады?
11.Ақшаны зерттейтін ғылымды
қалай атайды?
Тапсырма: Теңге туралы ақпараттық қағазды толтыру.Балаларға арнайы бланк
беріледі.Сабақ соңында сол анықтаманы өздеріне таратып
беру.
Ұлттық валюта атауы –
теңге
Туған жері:
Қазақстан
Туған айы, күні, жылы:
15.11.1993
Жасы: 26
жыл
Авторлар тобы: М.Әлин, Х.Ғабжәлелов,
Т.Сүлейменов.
Алғашқы шығарылған орны: Англиядағы «Харрисон энд
санс»
Номиналдары:
1,2,5,10,20,50,100,200,500,1000,2000,5000,10000,20000
Қорытынды кезең
:
«Тиыннан
теңге құралады»,- демекші, ақшаны үнемді пайдаланып, ақшаның
қызығына түсіп кетпей жан - жағымыздағы адамдарды
ойлайық.
«Ақша – уақыт
тынысы», бірақ ақшаға достықты,туыстықты сатпа,
ақшаны көріп жолдан тайып кетіп жүрме, 100 сомың болғанша, 100
досың болсын...
Қазіргі кезеңде Мемлекетіміз көтеріліп келеді,
болашақта білімді, саналы азамат болып өсуімізге барлық жағдай
жасалуда. Осы мүмкіндікті дұрыс пайдаланып еліміздің ертеңі жарқын
болуына сіздер де ертең еңбек етесіздер, соған лайықты ұлан болып
өсіңіздер. Мың жаса, тәуелсіз Қазақ елі! - дей
келе ашық тәрбие сағатымызды
аяқтаймыз.