Материалдар / Ашық тәрбие сағаты "Абай мұрасы-тәрбиенің қайнар көзі" 9 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағаты "Абай мұрасы-тәрбиенің қайнар көзі" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕРГЕ КӨМЕК
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қазан 2018
1297
10 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ОҚО,Мақтарал ауданы

Қазақ тіңлі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қосқараева Гүлнар

«Н. Төреқұлов атындығы №121 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Абай мұрасы –тәрбиенің қайнар көзі

(Ашық өнеге сағаты)

10-сынып











Өнеге сағаттың мақсаты:

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздері халыққа ерекше тәрбие береді, адамгершілікке үндейді. Абай қара сөздері арқылы баларды адамгершілікке жақсы қасиеттерге тәрбиелеу

1-жүргізуші

«... Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!...»

Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Бұл өткеннің құлазыған ғасыр-ларынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жар-қын болашаққа сенімді жол салған ақын-ның айтқан сөзі еді. Даланы торлаған надандық түнегіне ол шамшырықтай сәуле төкті және таңы атып, күні шығатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті...

2-жүргізуші Абайға деген бетбұрыс жаңа жаңғырып келе жатқан кезең халқымыз тәуелсіздік алған заманға тұспа-тұс келіп отыр. Дүние жүзі халықтары Абайды тану арқылы оны туып, өсірген халқын, елін тани бастады.

Абай ұлы ғұлама ақын, моралист – ойшыл, қазақ елінің, бүкіл түркі тектес халықтарының ортасынан шыққан әлемдік тұлға. Абайдың өмірі, істеген ісі, жазған өлеңдері мен сөздері өз халқының тағды-рымен тығыз байланысып, оның болмыс-бітімінің айнасындай болып жатыр.

1-жүргізуші: Абай шығармасының сая бағында өсу, тәрбие алу – қазақ халқының бүгінгі ұрпақтарының алдағы тұрған міндеттерінің бірі.

2-жүргізуші :

Назарларыңызды слайдқа аударыңыздар.Абайдың дүниеге келуі.

1-жүргізуші: Абайға әр оралған сайын «көкірек көзің ашылады», азаматтық ірілік пен адамдық ұғымдардың жаңа қырларына, сырларына жолыққандай боласың. Қазақ халқының алдында енді қазақтың Абайын әлемге таныту, оны Адамзаттың Абайын айналдыру тұр.Келесі кезекті сыныптастарыма берейік.

Мәнерлеп Абай өлеңдерін оқиды.

2-жүргізуші: Абай – құбылыс, ғасырларда біртуар ғұлама. Туысы бөлек, бесігі өлең, өсуі еркін. Оқуды өмірден алған. Оқуға зерек, ұғымға ұшқыр, талан, мектебі орта болған. Сондықтан да оның түрлі айтыстар мен даулардағы, мәжілістер мен кеңестегі айтқан пікірлері – дара өнеге, нақыл. Ойла-нып жазғандары өлең өнер болған. Абай дүниеге өз көзімен қарап, көргені мен сезгенін жалтақтамай айтқан. Құдай берген даналық оны даралық жолына, даныш-пандық шыңына бастады. Өмір мен қоғамды барлап, болашақты болжап жазған әр шығармасы – осы шыңға шығар жолындағы баспалдақ.

Көрініс: 17-қара сөзі

1-жүргізуші: Нағыз ақын, әрі патриот Абай халыққа оның неге қасірет шегетінін түсіндіруге тырысты.. өзінің шығарма-шылығында ол феодалдық-рулық билеп-төстеушілерді аяусыз әшкерелеп, халықты өнер-білімге шақырады.

Абайдың 1-қара сөзі.Аудиотыңдалым.

2-жүргізуші

Ел бағу? Мал бағу? Ғылым бағу? Софылық қылып дін бағу? Балаларды бағу? Осындай бес түпрлі қоғамдық, эконо-микалық, ғылыми, діни маңызы бар және бала тәрбиелеу ісіне қалған өмірін жұмсаудан бас тартқан Абай «... ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде кім ішінен керекті сөз тапса жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ», - деп ойын тұжырымдайды.

1-жүргізуші:

Келесі кезекті қара сөздерге берейік.

Айнұр

Жанар

Айна

Меруерт

Арайлым

Асқар

2-жүргізуші: Абай тірелген тығырық тек қана өз басының мәселелері ме, жоқ болмаса, ол қазақ халқына тән құбылыс па? Абайдың соншама пессимистік ойға шомуының себептері неде?

Өскен орта, көрген үлгі, тоңмойын надандық толқыны ағызып, ақын көзін ақиқатқа ашқызбай, заман тонын кигізіп, 35 жасқа шейін ықтиярсыз айдап келді. Бұл жасқа келгенде маңайындағы жұрттың кір, бұзық мінездері бар қалпымен кезінде айқын суреттеледі. Өкінді, өксіді, жирен-ді... осы өкініш, өксіктің уыты бойын керней, ызалы, кекті, улы көп әсері көп із қалдырды.

1-жүргізуші:Осы өткен өкініш, жалған өмірден «өксіктің уыты керней ызалы.

Абайдың 37-қара сөзі.Нақыл сөздер.

1. Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық .......... (Аздырар адам баласын)
2. Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті ... (Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек)
 
3. Талап, еңбек, терең ой ... (Қанағат, рахым, ойлап қой, Бес асыл іс, көнсеңіз)
4. Білімдіден шыққан сөз...............(талаптыға болсын кез)
5. Еңбек етсең ерінбей, ..............(Тояды қарның тіленбей)
6. Ұстаздық еткен жалықпас, ............(Үйретуден балаға)
 
7. Пайда ойлама, ар ойла, ..........(Талап қыл артық білуге)
 
8. Атымды адам қойған соң, ............(Қайтіп надан болайын)
 
9. Досы жоқпен сырлас, .................. (Досы көппен сыйлас)
 
10. Сен де бір кірпіш дүниеге, ..............(Кетігін тап та, бар қалан)
11. Жаман дос - көлеңке, ..............
(Басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың,
Басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың)
12. Толғауы тоқсан қызыл тіл ......................(Сөйлеймін десең өзің біл)
13. Ойын – арзан, ...............(күлкі қымбат)
14. Қайратсыз ашу - тұл, ...........
Тұрлаусыз ғашық - тұл,
 
Шәкіртсіз ғалым - тұл.
 

1-жүргізуші: Абайдың адамгершілік туралы, Адам деген атқа лайық сілтеген бағыттары, көрсеткен жолдары ақынды бізге жақындата түседі. Абай өткеннің ғана Абайы емес, біздің қасымызда жүрген, қазақ халқының басына қиыншылық түс-кенде дем беруші, рух беруші пайхам-барымыз, рухани көсеміміз. Абай 19 ғасырдың ортасында дүниеге келіп, 20 ғасырдың басында бұл дүниеден кетіп қалған жоқ. Абай заттың адамы емес, рухтың адамы. Абайдың адамгершілік туралы этикалық ойлары, пікірлері өз халқының ұрпақтарына әрқашан қуат бере бермек.

2- жүгізуші: Абайдың әні «Желсіз түнде жарық ай»

 

2-ЖҮРГІЗУШІ:

Сабағымызды Абайдың өлеңімен аяқтаймыз

Әсемпаз болма әрнеге ,

Өнерпаз болсаң әрқалан .

Сенде бір кірпәш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан!

Осымен біздің өнеге сағатымыз аяқталды ,қош сау болыңыздар.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!