«Әдептілік - тәрбие
бастауы»
Сабақтың
тақырыбы: Әдептілік
-
тәрбие
бастауы
Cабақтың
мақсаты: Әдептілік туралы түсініктерін
кеңейту. Үлкендерді сыйлауға,
көмек беруге үйрету. Балаларды
әдептілікке, сыпайылыққа, сыйластыққа
тәрбиелеу.
Әдісі: Ойын,
сұрақ -
жауап
Көрнекіліктер: Тақырып жазылған
плакат,мақал-мәтелдер, тыйым сөздер, әдептілік ережелері, әдепті
және әдепсіз балалар суреттері.
Сабақтың
барысы:
Мұғалім: Халқымыз әдептілік де,
сыйластық қарым -
қатынастарға ежелден
көңіл
бөліп келеді.
Ұрпақтан -
ұрпаққа ауысқан бұл өнегені
біз қазақтың мақал -
мәтелдерінен, нақыл сөздерінен
мол ұшырастырамыз.
«Әдепті бала өсірсең,
ауылдың абыройы» демекші берілген
тәлім -
тәрбиенің жүйелі бағдарын
меңзейді. Әр адамның бойында жақсы -
жаман қасиеттер болады.
Соның
ішінде барлық жақсы
қасиеттерді үйреніп, жаман әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ
болуға тырысуымыз керек.
Бүгінгі тақырыбымыз да
әдептілікке байланысты болғандықтан әдептілік
туралы
түсініп алғанымыз жөн.
Әдептілік адам бойындағы ең асыл қасиет. Әдептілікті бізге
үлкендер, ата -
аналарымыз, ұстаздарымыз
үйретеді.
Әдепті бала таза, еңбекқор, адал, тілалғыш, ұқыпты
болады.
Ал әдепсіздік адам бойындағы
ең жаман қасиет.
Әдепсіз бала лас, жалқау, айтқан тілді алмайды, ұқыпсыз
болады.
«Қайсысы дұрыс, қайсысы
бұрыс?» ойыны
Шарты: Қайсы баланың әрекеті дұрыс,
қайсы баланың әрекеті бұрыс екенін
айырып
айтайық:
Балалар мына суреттерге қарап
әңгімелейік:
Бұл суретте жол көлігінде яғни
автобуста үлкен адамға орын беріп жатқан
Асанды көріп тұрмыз. Дұрыс
па?
Балалар: Дұрыс, орын беру
қажет.
Мұғалім: Келесі суретке қарайық,
мұнда әдепті және әдепсіз балаларды салыстыру. Мектеп айналасындағы
гүлдерге су құйып жатырған Марат, ал мында Асқар сынып ішінде
сіріңке жағып тұр. Қайсы баланың әрекеті дұрыс, қайсысы
бұрыс?
Балалар: Мараттың әрекеті дұрыс,
Асқардың әрекеті бұрыс, сіріңке ұстауға болмайды, өрт болуы
мүмкін.
Мұғалім: Серік оқулығын жыртып
отыр, ал Айдана оқулықты оқып отыр.
Балалар: Серіктің әрекеті бұрыс,
Айдананың әрекеті дұрыс.
Мұғалім: Берік ағашты кесіп
жатыр, Ербол ағашқа су құйып жатыр.
Балалар: Беріктің әрекеті бұрыс, себебі
ағашты кесуге болмайды, ал Ерболдың әрекеті дұрыс деп айтуға болады
екен.
Біз ағаштарға қамқор болып,
елімізді көркейте
білгеніміз
жөн.
Мұғалім: Сондай-ақ әдептілік ең
алдымен амандасудан басталады екен. Біз адамдарды көргенде олармен
алдын сәлемдесуіміз керек.
Үлкен адамдарға не деп
амандасатынымызды білеміз бе?
Біз оларға
«Ассалаумағалейкум!» деп амандасамыз.
Бұл сөз «Алланың нұры жаусын»
дегені, ал олар «Уағалейкумассалам» деп сәлемімізді алады, ол
«Саған да алланың нұры жаусын» деп жақсылық тілеген
жауабы.
Және де «Сәлем бердік»,
«Сәлеметсіз бе?» деп амандасады екенбіз. Бұл
біздің
әдептіліктің бастауы болып
есептеледі.
қонаққа келді. Кезекті
әдептілік елшісіне берейік.
Әдептілік елшісі Сейлханова
Асель: Сәлеметсіздер ме, қонақтар
және де балалар!
Мен сыпайылар елінен сіздерге
қонаққа келген «Әдептілік елшісімін».
Мен әдептілік елшісі
болғандықтан сендердің әдептілікке, сыпайылыққа, сыйластыққа болған
әрекеттеріңізді білгім келіп тұр, сондықтан мен сендерге бүгін
сұрақтар дайындап келдім. Олай болса дайынбыз
ба?
Балалар: Иә
Әдептілік
елшісі: Жарайсыңдар,
балалар!
Мен
сендерге «Не деу
керек?» деп аталатын тақырыпта сұрақ
қоямын, сендер
маған жауабын
айтасыңдар:
1.
Тамақ ішіп болғаннан кейін не
деу керек?
Рахмет!
2.
Байқаусызда біреуді қағып
кетсең не деу керек?
Кешіріңіз!
3.
Сыныпқа кешігіп келсең не деу
керек?
Кешіріңіз, кіруге бола ма
екен?
4.
Үлкен кісі ауыр сөмкесін
көтере алмай келе жатса не деу керек?
Сөмкеңізді мен
көтерейін.
Әдептілік
елшісі: Жарайсыңдар. Ал қәне кім
әдептілік, сыпайылық
жөнінде тақпақтар
біледі.
Тақпақтар:
Еламан: Сәлем сөздің
анасы,
-
Сәлеметсіз бе,
ағай! - деп,
-
Сәлеметсіз бе,
апай! - деп,
-
Есенсіз бе,
әжей! - деп
-
Амансыз ба,
атай! - деп
Ұл
- қыз сәлем
береміз,
Өнегелі
өренбіз.
Ақылбек: Әдепті бала
кездессе,
Сәлем берер бас
иіп.
Әдепсіз бала
кездессе,
Өте шығар
кекиіп.
Ақерке: Әдептілік
дегенің,
Әрқашанда
керегің.
Әсемпаздық
дегенің,
Әуре сарсаң
әлегің.
Қанат: Ата
-
ананың
тілегі
Адам болып
өскенің
Адамдықтың
тірегі
Адал болып
өскенің.
Азамат: Мен әдепті
баламын,
Айтқан тілді
аламын.
Үлкен - кіші
демеймін,
Жалқауларды
сүймеймін.
Сырым: Мен әдепті
баламын,
Табиғатты
қорғаймын.
Әр сайысқа
қатысып,
Мен жүлдені
аламын.
Әдептілік
елшісі: Жарайсыңдар,
балалар!
Сендер көп нәрселерді үйренген
екенсіңдер, алдағы уақыттары да және де көп нәрселерді ұғынып
алыңдар. Маған сендер бүгін ұнадыңдар!
Балалар сендер әдептілікке
байланысты мақал-мәтел айта аласыңдар ма, қарсы болмасаңдар маған
айтып берсеңдер.
Мақал -
мәтелдер:
Т.
Кәусар: Әдепті
бала -
арлы
бала,
Әдепсіз
бала -
сорлы
бала.
Айбек: Жақсы
бала -
сүйініш,
Жаман
бала -
күйініш.
Арай: Әдептілік
белгісі -
иіліп сәлем
бергені.
Балнұр: Мейірімділікті анадан
үйрен,
Әдептілікті данадан
үйрен.
Лейла: Әдепті бала
ата -
анасын
мақтатар,
Әдепсіз бала
ата -
анасын
қақсатар.
Хор әні: «Мен әдепті
баламын»
Әдептілік
елшісі: Балалар мен сендерден және бір
нәрсе естігім келіп тұр.
Ол тыйым
сөздер. Қәне
айтайықшы:
Нұршат: Босағада
керілме.
Бауыржан: Үйге қарай
жүгірме.
Ү.
Айнура: Бетіңді
баспа.
А.
Кәусар: Бас киімді аяқ астына
тастама.
Д.
Айнура: Бос бесікті
тербетпе.
Әдептілік
елшісі: Жарайсыңдар,
балалар!
Ән:
«Балалық»
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар, міне
сендерге қонаққа әдептілік елшісі келіп, сендердің білімдеріңді
көріп, көңілді болып тұр. Біздің балалардың
әдепті,
білімді екендігін көрді. Қәне,
балалар олай болса әдептілік елшісімен
қоштасайық.
Балалар: Сау
болыңыз!
Мұғалім: Балалар, сонымен
қатар әдептілік ережелері де бар
екен.
Әдептілік
ережелер:
Әдепті бала қашанда
сәлемдеседі.
Әрқашан сыпайы болуы
керек.
Әдепті бала көлікте отырғанда
үлкендерге орын береді.
Ескертусіз үйден, мектептен
кетіп қалмайды.
Сабақтан жауапсыз
қалмайды.
Тәрбиелі бала болуы
керек.
Қорытынды: Балалар әдептілік туралы
түсініп алған боларсыздар. Бүгін сол
әдептілікке байланысты
тақпақтар, мақал-мәтелдер, әндер, әдептілік
туралы
тыйым сөздер және де
ережелерін біліп алдыңдар. Олай болса бүгінгі
ашық
тәрбие сағатымызды
аяқтаймыз.